2013 жылғы 26 ақпан №73-Ө-м астана қаласы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (44-шығарылым) бекіту туралы



бет10/17
Дата09.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#124311
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

5-бөлім. Жүн өндірісі

134. Сепараторлау және флотация аппаратшысы

Параграф 1. Сепараторлау және флотация аппаратшысы, 2- разряд

638. Жұмыс сипаттамасы:

сепараторлық және флотациялық қондырғыларда жүн жуғышта өңделген суларды сепараттау және флотациялау процесін жүргізу;

қызмет ететін қондырғыға өңделген суды жіберу;

майды бөлудің, көбіктің пайда болу және өңдеу, қондырғының жұмысы мен оны реттеудің технологиялық процесінің барысын бақылау;

қажет болған жағдайда өңделген суды қайта сепараттау;

қызмет көрсететін жабдықты күту.

639. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы мен жұмыс жасау принципі, оны күту ережелері;

жүндестік майының қасиеті;

өңделген су сипаттамасы, жүндестік майының технологиялық шарттары.
Параграф 2. Сепараторлау және флотация аппаратшысы, 3- разряд

640. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі сепараторлық қондырғыларда жүн жуғышта өңделген суларды сепараттау процесін жүргізу;

сепараторларды жұмысқа дайындау, эмульсияны беруді реттеу;

бақылап өлшегіш аспаптарды пайдалана отырып сепараттау, дайын өнім сапасы мен шығарылатын суды көзбен шолу және лабораториялық талдаудың технологиялық процесінің барысын бақылау;

технологиялық журналда жазбаларды жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден соң қабылдап, күту.

641. Білуге тиіс:

түрлі жүйелердегі, насостағы, қатынастағы сепараторлық қондырғылардың құрылысы мен жұмысы, оларды күту ережелері;

сепараторлаудың технологиялық процесі мен сепараторлық қондырғыға келетін өңделген сулардың қасиеті, сынама алу ережелері;

өңделген суларға талдау жасау әдісі;

жүндестік майының қасиеті мен оған қойылатын талаптар.


135. Хлорлау және станнирлеу аппаратшысы

Параграф 1. Хлорлау және станнирлеу аппаратшысы, 3- разряд

642. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі хлорлау және станнирлеу аппаратшысының басшылығымен хлорлы-қышқылды немесе станнатты-қышқылды агрегатта матаны хлорлау мен станнирлеу процесін жүргізу;

агрегатқа матаны салу;

белгіленген параметрлерге сәйкес ерітіндінің деңгейі мен қосылымын қадағалау;

матаны сығу дәрежесін тексеру және үзілулерді алдын алу және болдырмау;

матаны жазу және оның салынуын бақылау;

химиялық ерітінділерді дайындауға қатысу;

матаның соңын лентаға байлау;

матаны белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін агрегатты күту.

643. Білуге тиіс:

қызмет ететін агрегат құрылысы, реттейтін құрылғылардың қызметі, қызмет көрсететін жабдықты пайдалану және күту ережелері;

матаның түрлері, оларды өңдеудің технологиялық тәртібі;

ерітінділерді дайындау рецептурасы, олардың сапасына қойылатын талаптар.


Параграф 2. Хлорлау және станнирлеу аппаратшысы, 4- разряд

644. Жұмыс сипаттамасы:

хлорлы-қышқылды немесе станнатты-қышқылды агрегатта матаны хлорлау мен станнирлеу процесін технологиялық тәртіпке сәйкес жүргізу;

науада ерітіндінің модулі мен қосылымын белгілеу;

химиялық ерітіндіні құю;

матаны салу;

белгіленген параметрлерге сәйкес ерітіндінің деңгейі мен қосылымын қадағалау;

сығатын толқын, жгутты жазушы, реттеу құралдарының жұмысын тексеру;

қызмет ететін агрегатты күту.

645. Білуге тиіс:

қызмет ететін агрегат құрылысы, реттейтін құрылғылардың қызметі мен әрекеті;

қызмет көрсететін жабдықты пайдалану және күту ережелері;

матаның түрлері, оларды өңдеудің технологиялық тәртібі;

қолданылатын химиялық ерітінділерінің қасиеті мен қызметі;

матаға әсер етуі, ерітінділерді дайындау рецептурасы.
136. Пісіруші

Параграф 1. Пісіруші, 2-разряд

646. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті пісірушінің басшылығымен пісіру агрегаттарында, пісіріп өткізетін аппараттарда, түрлі маркалы пісіру және шаю бағыттарында матаны пісіру процесін жүргізу;

матаны белгіленген орынға тасымалдау;

мата артикулын ілеспе құжатқа сәйкестігін тексеру;

мата қалдықтарының соңдарын тігу;

науаға су толтыру және қажетті температураға дейін қыздыру;

қызмет ететін машинаға матаны салуға қатысу;

науадағы судың деңгейін ауыстыру және қадағалау;

арбаға матаны өздігінен салу, тегістеу құралының және роликке тегістеу матасының жұмысын бақылау;

матаны белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

647. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережелері;

механизмдерінің өзара әрекеті;

қызмет көрсететін жабдықты пайдалану және күту ережелері;

матаның түрлері;

пісірудің технологиялық тәртібі;

қызмет көрсететін машиналарда матаны пісіру ережелері.


Параграф 2. Пісіруші, 3- разряд

648. Жұмыс сипаттамасы:

пісіретін роликті машиналарда, пісіру агрегаттарында, пісіріп өткізетін аппараттарда, түрлі маркалы пісіру және шаю бағыттарында матаны пісіру процесін технологиялық тәртіпке сәйкес жүргізу;

науаның қажетті модулін орнату;

қызмет көрсететін машинаға матаны салу және талап етілетін созуды қамту;

қажетті қосылымды химиялық ерітіндіні дайындау және құю;

белгіленген шектеулерге сәйкес науаны толтыру деңгейі мен матаны пісіру температурасын қадағалау;

ерітінділерді дайындау үшін химиялық материалдарды тасымалдау;

роликті машиналарда жұмыс істеу кезінде матаны пісіру ұзақтығын реттеу және оның роликке оралуын бақылау;

матаны пісірудің сапасын бақылау;

бу жүргізу және су жүргізу жүйелерінің күйін бақылау;

бақылап өлшегіш, реттеуші құралдардың дұрыстығын тексеру.

649. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережелері;

реттеуіш құралдар мен бақылап өлшегіш аспаптардың қызметі;

химиялық ерітінділердің рецептурасы мен дайындау ережелері.


Параграф 3. Пісіруші, 4-разряд

650. Жұмыс сипаттамасы:

матаның жоғары жылдамдықта пісірілу және технологиялық тәртіпке сәйкес матаны шаю процесін жүргізу;

электронды бақылау пульты арқылы технологиялық процесс параметрлерін қадағалау;

қызмет көрсететін машинаға матаны салу және талап етілетін созуды қамту;

өңдеу тәртібі ауысқанда су беру шүмектерін ауыстыру қосу;

шаю кезеңінде насосты қосу және жұмысын бақылау;

сүзгіш камераларын тазарту;

матаны пісіру сапасын бақылау;

матаны белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

651. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережелері;

қызмет ететін машинаға матаны салу сызбасы мен ережелері;

электронды басқару пультының жұмыс жасау принципі;

матаны пісірудің технологиялық тәртібі.

137. Сабындаушы

Параграф 1. Сабындаушы, 3-разряд

652. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес маталарды, көрпе маталарын, плед орамалдарды қызмет ететін машинада сабындау;

науаны құрамында керосин, сумс, жуу заттары бар сабынды ерітіндімен, ылғалдау ерітіндісімен толтыру;

түрлі маталарды қызмет ететін машиналарға салу және олардың бірқалыпты ылғалдануын қамту;

науадағы ерітіндінің деңгейі мен қосылымына тиісті параметрлерді сақтау, басқа түсті матаны салар алдында ауыстыру;

матаны сығу;

белгіленген орынға матаны іріктеп, тасымалдау;

қызмет ететін жабдықты күту.

653. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылысы мен механизмдерінің өзара әрекеті;

қызмет ететін жабдықты күту ережелері;

мата түрлері;

сабындаудың технологиялық тәртібі;

қызмет ететін машинаға матаны салу ережелері;

сабындау сапасына қойылатын талаптар.
138. Жүн бұйымдарын булаушы

Параграф 1. Жүн бұйымдарын булаушы, 3- разряд

654. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес иірілген жіптерді, орамалдарды және тығыздалған маталарды булау камераларында булау процесін жүргізу;

булау камерасын дайындау, оны белгіленген температураға дейін қыздыру;

манометр, термометр, су және бу жүргізу жүйелерін тексеру, жүн бұйымдары бар торларды орнату немесе иірілген жіптерді булау камерасына салу;

бу қысымы мен оның булау камерасына бірқалыпты таралуын бақылап өлшегіш аспаптардың көмегімен қадағалау;

булау камераларын желдету;

булаудың технологиялық тәртібін сақтау;

конденсатты уақытылы жою;

булау сапасын тексеру;

булау камераларынан жүн бұйымдары бар торлар мен иірілген жіптерді шығару, бұйымдарды орнықтыру;

жүн бұйымдарын, иірілген жіптерді, торларды белгіленген орынға тасымалдау;

булау камераларын күту.

655. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың, басқару механизмдері мен бақылап өлщейтін аспаптардың құрылысы, қызмет ететін жабдықты күту ережелері;

орамалдар, тығыз маталар, иірілген жіптердің түрлері мен булаудың қызметі мен технологиялық тәртібі;

булаудан кейін иірілген жіптердің, орамалдар, маталардың сапасына қойылатын талаптар;

бу және су жүргізу жүйелері мен желдету қондырғыларын пайдалана білу ережелері.
139. Ине тесуші агрегатты салушы

Параграф 1. Ине тесуші агрегатты салушы, 5- разряд

656. Жұмыс сипаттамасы:

ине тесуші агрегатқа инелі тақталарды салу және оларды бекіту, талшықты негізге қаңқа мен орамды салу, өлщеуіш сызғышқа сәйкес ине тесуші агрегатқа қаңқаны орнату, инелі тақталарды, төменгі инелі қырлы бөрененің көтерілу биіктігі, инемен тесу тереңдігі мен қысымы, қаңқаны созу күші, әрекет жылдамдығын реттеу;

талшықты негіз бен қаңқаны тиістіру;

мауыттың жасалу, компенсатордан шығарылу және бүктеудің технологиялық процесінің барысын бақылау;

қалдықтарды жинақтау және өткізу;

ине тесетін аймақты тығыз ауамен үрлеу;

қызмет ететін жабдықты күту.

657. Білуге тиіс:

ине тесуші агрегаттың құрылысы, мезанизмдерінің өзара әрекеті, қызмет ететін жабдықты күту ережелері;

қаңқа мен талшықты негізді салу және реттеу ережелері;

мауыттың түріне байланысты инелі тақталарды орналастыру және реттеу ережелері;

мауыттың түрлері;

мауыттың сапасына қойылатын талаптар;

иненің түрлері мен нөмірі.


140. Карбонизаторшы

Параграф 1. Карбонизаторшы, 3- разряд

658. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәрежелі карбондаушының басшылығымен мерзімді және үзіліссіз қызмет ететін карбондау құрылғыларында жүн, мата, құрақтарды карбондау процесін жүргізу;

науаға су толтыру;

науаға күкірт қышқылды ерітіндіні құю;

карбондау қондырғысына мата, жүн, құрақты салу, олардың бірқалыпты сіңірілуін бақылау;

маталарға тігілген нөмірлерді бейтараптау;

науадағы ерітіндінің деңгейі мен қосылымның белгіленген параметрлерін қадағалау;

центрифугада жүн мен құрақты сығу;

жүн мен құрақты салу, кептіру камералары немесе машиналарына маталарды салу;

кептіру температурасын бақылау;

кептіру процесі кезінде жүн мен құрақтарды араластыру;

карбондау қондырғыларына жүн, құрақ, маталарды тасымалдау;

бумаларды шешу;

жүн, құрақтарды шығару және тығыздау;

келіп түскен шикізаттардың сапасын бақылау, түсті талшықтарды, жат заттарды, қалдықтарды, жіптерді сұрыптау;

қызмет ететін жабдықтарды күту.

659. Білуге тиіс:

карбондау қондырғысының құрылысы, жұмыс принципі, қызмет ететін жабдықты күту ережелері;

жүн, құрақ, мата түрлері, карбондаудың технологиялық тәртібі;

қышқыл ерітінді қосылымын анықтау әдісі;

күкірт қышқылын пайдалану ережелері.
Параграф 2. Карбонизаторшы, 4-разряд

660. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес мерзімді және үзіліссіз қызмет ететін карбондау құрылғыларында жүн, мата, құрақтарды карбондау процесін жүргізу;

науаның қажетті модулін орнату;

карбондау қондырғысына мата, құрақ, жүнді салуға қатысу, ерітіндінің сіңірілуін қамту;

науадағы ерітіндінің белгіленген деңгейі мен қосылымын және кептіру камералары мен машиналарының бөлімдеріндегі температураны, карбондау сапасын қадағалау;

матаның әрекет ету жылдамдығын реттеу;

реттейтін құрылғылар, уатқыш немесе сығатын толқындардың дұрыстығын тексеру.

661. Білуге тиіс:

карбондау қондырғысының құрылысы мен пайдалану ережелері;

реттеу құрылғыларының мен бақылап өлшегіш аспаптардың қызметі, қызмет ететін жабдықты күту ережелері;

жүн, құрақ, мата түрлері, карбондаудың технологиялық тәртібі;

қышқыл ерітінді қосылымын анықтау әдісі;

күкірт қышқылын пайдалану ережелері.


141. Кілемші

Параграф 1. Кілемші, 4- разряд

662. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жүйедегі тоқыма, тігу, тоқып тігу машиналарында кілем бұйымдарын жасау;

келіп түсетін иірілген жіп пен каркасты маталардың сапасын бақылау;

кілемнің суретіне сәйкес қызмет ететін машиналарға боялған, түкті, жұқартылған иірілген жіп пен каркасты матаны салу;

қызмет ететін машиналардың механизмдерінің, ламельді және бақылап өлшегіш аспаптардың күйі мен жұмысын, жіптер мен каркасты маталар қозғалысын бақылау;

жіп пен каркасты мата созылуын және түктің биіктігі мен тығыздығын реттеу;

шпулярникке тығырықты орнату және алмастыру, резервті және жұмыс тығырықтарының соңдарын байлап, резервті тығырықтарды қою;

навойды өңдеуді аяқтағанда тігілетін негізді байлау;

үзілулерді болдырмау, мұржа немесе құлақша тәріздес инелерге жіптерді өткізу, инелерді, қырқа жүйелерін, кесетін механизмі бар пышақтарды ауыстыру;

шығарылатын өнімнің сапасын бақылау;

өңделген орамды шығару;

қызмет ететін машиналарды жөндеуден соң қабылдауға қатысу;

қызмет ететін жабдықтарды күту.

663. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылысы мен механизмдерінің өзара әрекеті;

кілем бұйымдарының түрлері, салу есебі мен суреттері, кілем бұйымдарына;

келіп түсетін иірілген жіп пен каркасты маталардың сапасына қойылатын талаптар;

қалдықтардың түрлері мен нормасы, оларды азайту әдістері, кілем және кілем бұйымдарын жасау кезінде технологилық операциялардың орындалу тәртібін сақтау.


Параграф 2. Кілемші, 5-разряд

664. Жұмыс сипаттамасы:

әр талшық түрлерінен кілем тоқитын машиналарда жаккардты кілемдер мен екі кенепті кілем бұйымдарын жасау;

түрлі жүйедегі тоқыма, тігу, тоқып тігу машиналарында кілем бұйымдарын жасау;

келіп түсетін иірілген жіптердің сапасын бақылау, иірілген жіптің ақауларын жою;

шикізатты рационалды шығындаған кезде технологиялық процестің қалыпты барысын қамту;

қызмет ететін машиналардың механизмдерінің, ламельді және бақылап өлшегіш аспаптардың, жаккардты машинаның күйі мен жұмысын бақылау;

басқару пультімен кілемдео мен кілем бұйымдарының жасалуының технологиялық процесін басқару;

шпулярникке тығырықты, бос тығырық ұстағышқа резервтегі тығырықты орнату, резервті және жұмыс тығырықтарының соңдарын байлау;

тасымалдайтын толқындар, ламельді аспаптар, бердо, қырқа жүйелері арқылы келетін түкті және жұқартылған негіздерді бақылау, карталардың алмасуын, жіптердің созылуын, жасалатын кілем және кілем бұйымдарының сапасын бақылау;

үзілулер мен жіптердің оралып қалуын, аркаттың үзілуін болдырмау;

навойды өңдеуді аяқтағанда тігілетін негізді (тігілетін, жұқартылған) байлау;

өңделген орамды шығару;

қызмет ететін машиналарды жөндеуден соң қабылдауға қатысу;

қызмет ететін жабдықтарды күту.

665. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың құрылысы мен механизмдерінің өзара әрекеті, оларды пайдалану және күту ережелері;

иірілген жіптердің жасалатын кілем түрлері, кілемнің технологиялық есебі, түптеу және проборка түрлері, келіп түсетін иірілген жіп пен кілемдердің сапасына қойылатын талаптар, аркатты бауларды салу;

жаккардты машинада карталарды тігу және алмастыру тәртібі;

шпулярникке тығырықтарды түстері бойынша орнату, қалдықтардың түрлері мен нормасы;

оларды азайту әдістері;

кілем және кілем бұйымдарын жасау кезінде технологилық операциялардың орындалу тәртібін сақтау.


142. Ратинирлеу машинаның машинисі

Параграф 1. Ратинирлеу машинаның машинисі, 2- разряд

666. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес ратинирлеуші машинада маталарды ратинирлеу;

қызмет ететін машинаға матаны салу;

асулардыі, тербелулердің саны мен тақтаның қозғалыс бағытын және матаға қысым шамасын өзгерту арқылы ратинирование процесін реттеу;

маталарды жинақтау және белгіленген орынға тасымалдау;

ратинирлеу машиналарын желпу және тазарту.

667. Білуге тиіс:

ратинирлеу машинасының құрылысы, оны пайдалану және күту ережелері;

маталардың түрлері;

ратинирлеудің технологиялық тәртібі.


143. Жүнді жуушы

Параграф 1. Жүнді жуушы, 3- разряд

668. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес жүн жуу агрегаттары мен шаю машиналарында жүнді түрлі әдістермен жуу процесін жүргізу.

барканы белгілі деңгейге дейін толтыру.

жуу ерітіндісін дайындап, баркаға құю.

баркадағы ерітінді мен су қосылымын, температурасын, будың берілуін реттеу, жүннің ластану және майлану дәрежесіне байланысты судың алдыңғы баркадан кейінгі баркаға өтуін қамту.

жүн жуатын агрегаттың реттеу құрылымы мен механизмдерінің дұрыстығын тексеру.

зертханалық сараптамалардың негізінде жуу сапасын қадағалау.

индикаторлардың көмегімен жуу ерітінділерін талдау.

өңделген суды шығару.

сығу біліктерін тарту.

барка мен байланыстарды тазарту және шаю.

669. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтың, бақылап өлшейтін аспаптардың жұмыс принципі, оларды күту ережелері;

жүн түрлері;

әр түрлі жүндерді жуудың технологиялық тәртібі;

жуу ерітіндісінің рецептурасы мен дайындау ережелері;

қолданылатын химиялық заттардың шығындалу қасиеті мен мөлшері;

индикаторларды пайдалана отырып, жуу ерітіндісінің сараптамасын жасау әдістері;

жүннің майлану нормативі;

температураны реттеу әдістері, сығу біліктерінің қысымы, жүнді шаю сапасын бақылау.


Параграф 2. Жүнді жуушы, 4- разряд

670. Жұмыс сипаттамасы:

су мен әр түрлі ерітінділерді қолдана отырып, технологиялық тәртіпке сәйкес жуып кептіретін агрегаттарда жүнді бір уақытта жуып кептіру процесін жүргізу;

жуып кептіретін агрегат науасына су толтыру және жуу заттарын құю;

қызмет ететін агрегатқа жүнді жіберуді бақылау және реттеу, минералды және органикалық қоспаларды жою;

жуу заттарының температурасы мен үзіліссіз қайтуын, мөлшері мен қосылымын реттеу;

жүнді шайып кептірудің технологиялық процесін бақылау және талдау жасауға сынама дайындау;

жуып кептіретін агрегат пен байланыстарды тексеріп шаю, ағымдағы жөндеуді өткізу, жұмыс параметрлерінің және қызмет ететін жабдықтың босқа тұрып қалуының технологиялық есебін жүргізу.

671. Білуге тиіс:

жуып кептіретін агрегат пен бақылап өлшейтін аспаптардың құрылысы мен пайдалану ережелері;

қызмет ететін жабдықтарды күту ережелері;

ағымдағы жөндеуді жүргізу мерзімі, жүнді шаю және кептірудің технологиялық тәртібі;

жүннің физикалық-химиялық қасиеттері, талдау жасау әдістері;

қолданылатын химиялық заттардың шығындалу нормасы және олардың қасиеттері.


Параграф 3. Жүнді жуушы, 5- разряд

672. Жұмыс сипаттамасы:

су, гексан, изопропилді спирт, басқа органикалық еріткіштерді пайдалана отырып, технологиялық тәртіпке сәйкес жуып сығатын агрегатта жүнді жуу процесін, фосфор қышқылын пайдалана отырып, ланолин алу және қалдықтарды өңдеудің үзіліссіз көп сатылы процесі мен кептіру процесін бір уақытта жүргізу;

қызмет ететін агрегаттың декантаторын су мен еріткіштермен толтыру, үйлесімді жіберу мен агрегат қалдықтары;

қызмет ететін агрегатқа жүнді жіберудің технологиялық параметрлерін бақылау және реттеу, минералды және органикалық қоспаларды жою, еріткіштерді қалпына келтіру, бақылап өлшегіш аспаптар, жылу алмастыру аппараттары мен жүн аулағыштың көмегімен ланолинді шығару және қалдықтарды өңдеу;

талдау жасауға сынама дайындау;

жуып сығатын агрегат пен байланыстарды үрлеп тазарту және шаю, агрегат жабдығының күйін тексеру, ағымдағы жөндеуді өткізу.

673. Білуге тиіс:

жуып сығатын агрегат пен бақылап өлшейтін аспаптардың құрылысы мен пайдалану ережелері;

қызмет ететін жабдықты іске қосу және тоқтату ережелері;

жабдықтарды күту және ағымдағы жөндеуді жүргізу мерзімі, жүннің физикалық-химиялық қасиеттері, жүнді сорттары бойынша өңдеудің технологиялық тәртібі;

ланолин алу, еріткіштерді қалпына келтіру, қалдықтарды өңдеудің технологиялық тәртібі;

жүнді жуудың технологиялық процесін реттеу ережелері;

жуу заттарының мөлшерін есептеу тәсілдері;

дайындалған ерітінділерге талдау жасау әдістері;

шикізат пен қосымша материалдарды шығындау нормасы.


144. Суреттерге үлгілерді салушы

Параграф 1. Суреттерге үлгілерді салушы, 4- разряд

674. Жұмыс сипаттамасы:

гүлдің көмегімен матаға қолдан гүлді және оюлы үлкен пішінді суреттерді жетіге дейін өткізіп тігу;

суреттің салынуына байланысты түстерді дайындау және бояуларды таңдау;

матаны суда жібіту және рамаға бірқалыпты тарту;

матаға суреттің орналасу жерін белгілеу;

бояуды араластыру;

бояуларды жағу, өңдеу тәртібін сақтау;

суреттің ақауларын жою;

келесі бояуды жағудан бұрын бұйымды кептіру;

түстерді шаю;

рамкадан бұйымдарды шығару, оларды бүктеп тапсыру;

гүлдің жұмыс бетін кноппен толтыру;

рамканы клеенкамен қаптап тігу;

мауытты ауыстыру;

тігу мүлкін күту.

675. Білуге тиіс:

матлар мен бұйымдар түрлері, суреттердің түрлері;

басып шығару бояуларының сапасы, матаға бояуды жағу ережесі мен кезегі;

матада суреттің орналасу тәртібі.
Параграф 2. Суреттерге үлгілерді салушы, 5- разряд

676. Жұмыс сипаттамасы:

гүлдің көмегімен матаға қолдан гүлді және оюлы орта пішінді суреттерді тоғызға дейін өткізіп тігу;

суреттің салынуына байланысты түстерді дайындау және бояуларды таңдау;

матаны суда жібіту және рамаға бірқалыпты тарту;

матаға суреттің орналасу жерін белгілеу;

бояуды араластыру;

бояуларды жағу, өңдеу тәртібін сақтау;

суреттің ақауларын жою;

келесі бояуды жағудан бұрын бұйымды кептіру;

түстерді шаю;

рамкадан бұйымдарды шығару, оларды бүктеп тапсыру;

гүлдің жұмыс бетін кноппен толтыру;

рамканы клеенкамен қаптап тігу;

мауытты ауыстыру;

тігу мүлкін күту.

677. Білуге тиіс:

матлар мен бұйымдар түрлері, суреттердің түрлері;

басып шығару бояуларының сапасы;

матаға бояуды жағу ережесі мен кезегі;

матада суреттің орналасу тәртібі.
Параграф 3. Суреттерге үлгілерді салушы, 6- разряд

678. Жұмыс сипаттамасы:

гүлдің көмегімен матаға қолдан гүлді және оюлы кішкентай пішінді (вендік, түркі, азиялық, бесарабты) суреттерді тоғызға дейін және одан да көп өткізіп тігу;

суреттің салынуына байланысты түстерді дайындау және бояуларды таңдау;

матаны суда жібіту және рамаға бірқалыпты тарту;

матаға суреттің орналасу жерін белгілеу;

бояуды араластыру;

бояуларды жағу, өңдеу тәртібін сақтау;

суреттің ақауларын жою;

келесі бояуды жағудан бұрын бұйымды кептіру;

түстерді шаю;

рамкадан бұйымдарды шығару, оларды бүктеп тапсыру;

гүлдің жұмыс бетін кноппен толтыру;

рамканы клеенкамен қаптап тігу;

мауытты ауыстыру;

тігу мүлкін күту.

679. Білуге тиіс:

маталар мен бұйымдар түрлері, суреттердің түрлері;

басып шығару бояуларының сапасы;

матаға бояуды жағу ережесі мен кезегі;

матада суреттің орналасу тәртібі.
145. Түктеу рамаларын салушы

Параграф 1. Түктеу рамаларын салушы, 2- разряд

680. Жұмыс сипаттамасы:

түктеу рамаларын қолдан табиғи және жасанды түйіндермен толтыру;

рамаларды жұмыс орнына тасымалдау;

түйіндерді сапасы мен өлшемі бойынша таңдау;

алынған рамаларды кептіру, сапасын бақылау;

қажет жағдайда түктеуден кейін түйіндерді тазалау; ескі түйіндерді рамкадан жою немесе алмастыру.

681. Білуге тиіс:

түктеу түйіндерінің түрлері;

өлшемдері мен оларға қойылатын талаптар;

түйіндерді таңдау ережесі мен түктеу рамаларын салу әдістері;

түктеу рамаларының сапасына қойылатын талаптар.
146. Инемен тесу агрегатының операторы

Параграф 1. Инемен тесу агрегатының операторы, 5- разряд

682. Жұмыс сипаттамасы:

бір ретті немесе көп ретті инемен тесу арқылы техникалық мауыттар мен кілемдерді өңдеу кезінде түрлі жүйедегі инемен тесу агрегаттарында инемен тесу әдісі арқылы тоқылмайтын кенепті дайындау процесін жүргізу;

инемен тесу агрегатының дұрыстығын тексеру;

түткіш машинаны талшық қоспасымен толтыру;

талшықты қабаттың құрылуының технологиялық процесі, оның инемен тесу машинасына жіберілу жылдамдығын реттеу, инемен тесу тереңдігін бақылау;

үзіліп кету мен кенептің қайырылып қалуын болдырмау;

ине пластинасының күйін тексеру, ине платаларын ауыстыру, саңылау инелерді туралау;

түтуді жүргізетін тығыздайтын білікшелерді тазалау;

қызмет ететін жабдықтарды тазарту.

683. Білуге тиіс:

инемен тесу агрегатының құрылысы мен механизмдерінің өзара әрекеті, қызмет ететін жабдықтарды пайдалану және күту ережелері;

кенептерді жасау сапасына қойылатын талаптар, қолданылатын талшықтардың түрлері мен қасиеті;

инемен тесу кенептерін өңдеудің технологиялық тәртібі;

инемен тесу машинасына тлшықты негізді салу ережелері;

қалдықтардың түрлері мен нормасы, оларды кеміту әдістері.
147. Қоспаны механикалы түрде жіберу операторы

Параграф 1. Қоспаны механикалы түрде жіберу операторы, 3- разряд

684. Жұмыс сипаттамасы:

түту жабдығының өзін өлшегішін қоспамен қамту, автоматтандырылған ағын тізбекке қызмет көрсету (механикаланған лабаздар, қысымды трасса, авто қоректендіргіштер);

жіберу процесін басқару пультынан жүргізу;

тасымалдағыш, бункер (шанап), лабаз, авто қоректендіргіштердің күйі мен жұмысын бақылау;

сәйкес түрдегі қоспаны бункерге салу толассыздығын қамту;

авто қоректендіргіштердің қалқалағышын ауыстырып қосу;

қоспа партиясын өңдеуді аяқтаған соң тасымалдағыш, бункер (шанап), лабаз, авто қоректендіргіштерді тазарту;

қоспадағы бөтен заттарды жою және бақылау;

қоспа партиясының нөмірлерін салыстырып тексеру.

685. Білуге тиіс:

механикаланған тасымалдағыш, бункер (шанап), лабаз, авто қоректендіргіштер, басқару пульті, дабылдардың құрылысы мен пайдалану ережелері;

бункерлерге немесе механикаланған лабаздарға қоспаны салу және шығару ережелері;

қоспаның түрлері.
Параграф 2. Қоспаны механикалы түрде жіберу операторы, 4- разряд

686. Жұмыс сипаттамасы:

түту жабдығының өзі өлшегішін қоспамен қамту, автоматтандырылған ағын тізбекке қызмет көрсету (механикаланған лабаздар, қысымды трасса, авто қоректендіргіштер);

қоспаны жіберу үшін механикаланған лабаздарды дайындау;

лабаздарға қоспаның дұрыс салынуын бақылау;

сәйкес түрдегі қоспаны түту жабдығының өзі өлшегіш бункерге салу толассыздығын және мерзімін қамту;

тасымалдағыш, бункер (шанап), өзі өлшегіш, лабаз, клапан (қақпақ), авто қоректендіргіштердің күйі мен жұмысын бақылау;

механикаланған лабаздардың алдын алу және ағымдағы жөндетілуі, редукторда майдың болуын бақылау, жеке тораптар мен механизмдерді майлау, тозған текстропты қайыстарды ауыстыру;

қызмет ететін тасымалдағыш, бункер (шанап), лабаз, авто қоректендіргіштерді тазарту.

687. Білуге тиіс:

механикаланған тасымалдағыш, бункер (шанап), лабаз, авто қоректендіргіштер, басқару пульті, автоматтандырылған торап пультінің құрылысы мен пайдалану ережелері;

бункерлерге немесе механикаланған лабаздарға қоспаны салу және шығару ережелері;

қоспаның түрлері.
148. Қайта ширату машинасының операторы

Параграф 1. Қайта ширату машинасының операторы, 3- разряд

688. Жұмыс сипаттамасы:

қайта ширату машинасында арқаушыбық кернейден тоқыма навойға негізді қайта ширату;

қайта ширату машинасына навойды тасымалдау және орнату, оны қайта ширатуға дайындау;

тоқыма станогына маталарды салу нормативіне сәйкес фланецтерді ажыратып қою;

қайта ширату кезінде жіптердің жиналуын бақылау;

жіптердің үзілуін болдырмау;

дайын негізді қайта ширату машинасынан шығару, өлшеу және тасымалдау;

қайта ширату машинасын күту.

689. Білуге тиіс:

қайта ширату машинасының құрылысы, пайдалану және күту ережелері;

маталардың салыну еніне сәйкес навойдың фланецтердің арасындағы ажыратып қойғыштардың өлшемдері мен шегі;

иірілген жіптің негізгі қасиеттері мен сызықтық тығыздығы, маталардың түрлері;

негізді қайта ширату ережелері.
149. Жарамсыз орау тораптарының операторы

Параграф 1. Жарамсыз орау тораптарының операторы, 3-разряд

690. Жұмыс сипаттамасы:

автоматтық қашықтықтан басқару арқылы жарамсыз орау немесе орау тораптарында кілем бұйымдарын өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;

илеу жабдығын белгілі қалыпта орналастыру;

тиістіре тігу және кеттель машиналарының жұмысын реттеу;

тиістіре тігу машиналарында орамдарды біріктіріп тігу, автоматты кеттель машиналарында кілем бұйымдарының қаптала тігілуін қадағалау;

технологиялық процестің барысын бақылау, кілем бұйымдарының сапасын қадағалау, олардың жіберілу жылдамдығын бақылау;

тиістіре тігу және кеттель машиналарында жұмыс істеу кезінде жіптердің үзілуін болдырмау;

қызмет ететін машиналарды тазарту және күту.

691. Білуге тиіс:

қызмет ететін тораптың негізгі механизмдерінің құрылысы мен өзара әрекеті, оны пайдалану және күту ережелері;

кілем бұйымдарының түрлері, кілем бұйымдарының сапасына қойылатын талаптар.
150. Шөгеру жабдығының операторы

Параграф 1. Шөгеру жабдығының операторы, 3- разряд

692. Жұмыс сипаттамасы:

шөгеру процесін жүргізу, технологиялық процеске сәйкес шөгеру машиналары, түрлі жүйедегі аппараттарындағы мата талшықтарының шиеленісуін болдырмау;

матаны тасымалдағышқа еркін күйде салу;

матаны машинамен немесе қолдан үздіксіз кенеп түрінде тігу, тігістерді ағыту;

матаның жіберілу жылдамдығын реттеу, технологиялық процестің барысын бақылау;

реттеу құрылғыларының дұрыстығын, бу жүргізу процесінің күйін тексеру;

ауа мен бу қысымын реттеу;

матаның енін өлшеу;

өңделетін матаны белгіленген орынға тасымалдау;

қызмет ететін жабдықтарды күту, өңделген матаның сапасын қадағалау.

693. Білуге тиіс:

қызмет ететін машинаның, қолданылатын бақылау өлшеу аспаптарының құрылысы мен жұмыс принципі;

қызмет ететін машиналарды пайдалану және күту ережелері;

матаны шөгерудің технологиялық тәртібінің нормасы;

маталардың түрлері.
151. Ленталарды қайта ораушы

Параграф 1. Ленталарды қайта ораушы, 2- разряд

694. Жұмыс сипаттамасы:

бұдақ машинасында ленталарды қайта орау.

лентаны бұдақ машинасына салу, сапаны және ақаулы бөліктерді жоюды бақылау.

лента бұдақтарын шығару.

бұдақ машинасының өзі тоқтайтын механизмінің жұмысы мен күйін бақылау.

бұдақ машинасына лентасы бар шылыпшын мен бұдақ ленталарды тасымалдау, босаған шылыпшындарды белгіленген орынға тасымалдау.

бұдақ машинасын тазарту және желдету.

695. Білуге тиіс:

бұдақ машинасының құрылысы, пайдалану және күту ережелері;

өңделетін лентаның түрлері;

бұдақ машинасына лентаны салу ережелері.
152. Матаны престеуші

Параграф 1. Матаны престеуші, 2- разряд

696. Жұмыс сипаттамасы:

маталар мен бұйымдарды пресстеуге дайындау жұмыстарын жүргізу;

маталар мен бұйымдарының қабаттарының арасына қатырғы қағаздарды салу;

маталар мен қатырғы қағаздарды пресске тасымалдау;

мата қалдықтарының соңдарын тігу;

белгіленген нормаларды сақтай отырып, дайындалған маталар мен бұйымдарды пресске салу;

пресстен маталар мен бұйымдарды шығару;

пресстеуден кейін қатырғы қағаздарды іріктеу.

697. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтардың құрылысы, пайдалану және күту ережелері;

маталар мен бұйымдардың түрлері;

қатырма қағаздың сапасы мен өлшемі;

матаны және төсемді тігу, қатырма қағазды іріктеу;

прессті қосу ережелері.


Параграф 2. Матаны престеуші, 3-разряд

698. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық режимге сәйкес маталар мен бұйымдарды механикалық, гидравликалық, түрлі жүйедегі пресстерде пресстеу;

прессті реттеу құрылғыларын, бу және су жүргізу жүйелерін тексеру;

пресстің жұмыс бетінің қызу температурасын реттеу;

өзіндік прессте жұмыс істеу кезінде үтіктің барабанға қыспасын реттеу;

пресстеудің технологиялық процесінің барысын, бу қысымының реттелуін бақылау;

мата қалдықтарының соңдарын тігу, тігістерді ағыту;

дайын өнімдер есебін жүргізу;

қызмет ететін жабдықты күту, прессті тазарту.

699. Білуге тиіс:

қызмет ететін жабдықтардың құрылысы, пайдалану және күту ережелері;

маталар мен бұйымдардың түрлері;

пресстеудің технологиялық тәртібі;

мата қалдықтарын тігу ережелері;

маталар мен бұйымдардың пресстелу сапасына қойылатын талаптар;

су және бу жүргізу жүйелерін пайдалану ережелері;

дайын өнімдерді есептеу ережелері.


153. Техникалық шұғаларды тазартушы

Параграф 1. Техникалық шұғаларды тазартушы, 4- разряд

700. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес техникалық шұғаларды шаю машиналарында, агрегаттарда, түрлі жүйедегі аспаптарда тазарту процесін жүргізу;

рецептураға сәйкес шаю ерітінділерін әзірлеу;

жуатын ерітіндіні құю және шаю процесі кезінде ерітінділердің деңгейі, температурасы мен қосылымын қадағалау;

қызмет ететін жабдықтардың, реттеу құрылғыларының, сығу біліктерінің, қолданылатын бақылауөлшеу аспаптарының жұмысын, технологиялық тәртіптің сақталуы мен техникалық мауыттарды тазарту сапасын бақылау;

қызмет ететін жабдықты күту, жөндеуден соң оны қабылдап алуға қатысу.

701. Білуге тиіс:

түрлі жүйедегі шаю жабдықтарының құрылысы мен пайдалану ережелері;

тазаланатын техникалық шұғалардың түрлері;

шаюдың технологиялық тәртібі;

шаю процесін жүргізу және реттеу ережелері;

жуатын ерітінділердің түрлері мен қасиеттері, рецептураға сәйкес олардың әзірлену ережелері;

техникалық шұғалардың шайылу сапасына қойылатын талаптар.
154. Жуылмаған жүнді сұрыптаушы

Параграф 1. Жуылмаған жүнді сұрыптаушы, 3- разряд

702. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті жуылмаған жүнді сұрыптаушының басшылығымен органолептикалық баға сапасы бойынша сұрыптау үстелінде немесе конвейерде жуылмаған жүнді сұрыптау;

жүннің түрін, жұқалығын, ұзындығын, күйін анықтау;

жабағыны босату және жұмыс орнына тасымалдау;

дайындау стандарты бойынша сұрыптағанда жабағыдағы жүннің қалыңдығына сәйкес жабағыларды топтарға бөлу;

өнеркәсіп стандарты бойынша сұрыптағанда жабағылы жүнді, сұрыптауларды және төмен сорттарды жабағыдан бөлу;

белгіленген қасиеттері бойынша сұрыптаулар мен төмен сұрыптарды іріктеу;

сұрыпталған жүнді ыдыстарға салу және тексеруге тапсыру;

ыдысты тазарту, белгіленген орынға тасымалдау;

жұмыс орнын тазарту.

703. Білуге тиіс:

жуылмаған жүнді сұрыптауға дайындау және өнеркәсіп стандарттары;

жүннің түрлеі мен оның техникалық шаралары, жүннің түрін, жұқалығын, ұзындығын;

күйін және түсін анықтау қасиеттері;

сәйкес жүн сапасына жұқалығы бойынша талшықтардың таратуының үлгі сызығы.
Параграф 2. Жуылмаған жүнді сұрыптаушы, 4- разряд

704. Жұмыс сипаттамасы:

дайындау немесе өнеркәсіп стандарты бойынша сұрыптау үстелінде немесе конвейерде жуылмаған жүнді сұрыптау (сыныптау);

жүннің түрін, жұқалығын, ұзындығын, күйін анықтау;

дайындау стандарты бойынша сұрыптағанда жабағыдағы жүннің қалыңдығына (сапасына) сәйкес жабағыларды топтарға бөлу;

өнеркәсіп стандарты бойынша сұрыптағанда жабағылы жүнді, сұрыптауларды және төмен сорттарды жабағыдан бөлу;

белгіленген қасиеттері бойынша сұрыптаулар мен төмен сұрыптарды іріктеу;

сұрыпталған жуылмаған жүннің алғашқы есебін жүргізу.

705. Білуге тиіс:

жуылмаған жүнді сұрыптауға дайындау және өнеркәсіп стандарттары, жүннің техникалық шаралары;

келіп түсетін жүннің түрлері, жүннің түрін, жұқалығын, ұзындығын, күйін және түсін анықтау қасиеттері;

жүнді қабылдау және бақылау ережелері;

жүннің сұрыптау сапасы анықталатын қасиеттер, тобына сәйкес жабағыны сорттарға бқлу принцнпі;

сәйкес жүн сапасына жұқалығы бойынша талшықтардың таратуының үлгі сызығы;

түрлі тұқымды қойлардың жүнінің сипаттамасы, сұрыпталған жуылған жүннің алғашқы есебін жүргізу ережелері.
Параграф 3. Жуылмаған жүнді сұрыптаушы, 5- разряд

706. Жұмыс сипаттамасы:

дайындау немесе өнеркәсіп стандарты бойынша сұрыптау үстелінде немесе конвейерде жуылмаған жүнді сұрыптау (сыныптау);

жүнді сұрыптауға қабылдау, оның қызметі;

стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес жүннің сұрыпталуын бақылау, жабағыны топқа жатқызу, түсі, сапасы, ұзындығы, күйі бойынша сұрыптау;

сұрыпталған жуылмаған жүннің есебін жүргізу.

707. Білуге тиіс:

жуылмаған жүнді сұрыптауға дайындау және өнеркәсіп стандарттары;

жүннің түрлері мен техникалық шаралары;

сәйкес жүн сапасына жұқалығы бойынша талшықтардың таратуының үлгі сызығы, жүннің түрін, жұқалығын, ұзындығын, күйін және түсін анықтау қасиеттері;

жуылмаған жүнді сұрыптау бойынша ішінара бақылау әдістері;

жүнді органолептикалық және аспаптық бағалау әдістері;

жуылмаған жүнді сұрыптау нәтижелері бойынша есеп жүргізу ережелері.
155. Шұғашы

Параграф 1. Шұғашы, 3- разряд

708. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті шұғашының басшылығымен белгіленген технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі маркалы шұға машиналарда шұғалы, ауыр камвольді маталарды аудару.

шұға машиналарынаа маталарды салу.

белгіленген температурадағы ерітіндіні құю және онымен маталарды бірқалыпты сіңдіру.

аудару процесі кезінде маталардың ұзындығы мен енін өлшеу.

мата қалдықтарының соңдарын тігу.

қызмет ететін машиналардан маталарды шығару және белгіленген орынға тасымалдау.

шұға машиналарын майлау және тазалау.

709. Білуге тиіс:

сукновалды машинаның құрылысы мен жеке механизмдерінің өзара әрекеті;

оларды пайдалану және күту ережелері;

маталардың түрлері;

валканың технологиялық тәртібі;

қызмет ететін машиналарға маталарды салу ережелері.


Параграф 2. Шұғашы, 4- разряд

710. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті шұғашының басшылығымен технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі маркалы шұға машиналарында шұғалы, ауыр камвольді маталарды, техникалық шұғаларды валка;

шұға машиналарына маталарды салу;

белгіленген температурадағы ерітіндіні құю;

ерітіндімен маталарды бірқалыпты сіңдіруді қамту;

өлшеу арқылы матаны ұзындығы мен ені бойынша орналастыруды бақылау;

мата соңдарын тігу;

қызмет ететін машиналардан маталарды немесе шұғаларды шығару;

шұғалы және ауыр камвольді маталарды аудару кезінде аудару процесін бақылау;

аударудың қарқындылығы мен ұзақтығын реттеу;

аудару процесі кезінде матаның берілген ылғалдылығын сақтау;

шұға машиналарының механизмдердің дұрыстығын тексеру;

қызмет ететін машиналарды тазалау және майлау.

711. Білуге тиіс:

шұға машиналарының құрылысы мен жеке механизмдерінің өзара әрекеті, оларды пайдалану және күту ережелері;

маталардың және техникалық шұғалардың түрлері, аударудың технологиялық тәртібі;

ылғалдату ерітіндісінің құрамы және оның сапасына қойылатын талаптар, шұғаларды аудару қарқындылығын реттеу әдістері;

шұғаны аударудың аяқталуын анықтайтын белгілері, шұға машиналарына маталарды салу ережелері.
Параграф 3. Шұғашы, 5- разряд

712. Жұмыс сипаттамасы:

технологиялық тәртіпке сәйкес түрлі маркалы шұға машиналарына техникалық шұғаларды аудару.

автоматиканы пайдалану арқылы отандық және шетелдік фирмалардың түрлі маркалы шұға және басып шаю машиналарында шұғалы маталарды аудару және аударып шаю процесін жүргізу.

қызмет ететін машиналарға шұғаларды салуға қатысу.

белгіленген температурадағы валовый ерітіндіні құю және ерітіндімен шұғалардың бірқалыпты сіңдіруді қамту.

аудару процесін бақылау.

өлшеу арқылы матаны ұзындығы мен ені бойынша орналастыруды бақылау, аударудың қарқындылығы мен ұзақтығын реттеу.

қызмет ететін машиналардан маталарды немесе шұғаларды шығару.

шұғалы және ауыр камвольді маталарды валкалау кезінде аудару процесін бақылау.

валкалау процесі кезінде матаның берілген ылғалдылығын сақтау.

қызмет ететін машиналардың жеке механизмдерінің дұрыстығын тексеру, оларды тазалау және майлау.

713. Білуге тиіс:

қызмет ететін машинаның құрылысы мен жеке механизмдерінің өзара әрекеті;

оларды пайдалану және күту ережелері;

техникалық шұғалардың түрлері;

аударудың технологиялық тәртібі;

ылғалдату ерітіндісінің құрамы және оның сапасына қойылатын талаптар;

шұғаларды аудару қарқындылығын реттеу әдістері;

шұғаны аударудың аяқталуын анықтайтын белгілері;

қызмет ететін машиналарға шұғаларды салу ережелері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет