2013 жылғы 7 маусымдағы №584 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы»



Дата27.02.2016
өлшемі39.07 Kb.
2013 жылғы 7 маусымдағы № 584 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 және «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулыларына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 521-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және балаларды асырап алуға тілек білдірген туыстары бала тұратын жердегі органға:

1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

3) жақын туыстарының баланы асырап алуға жазбаша келісімін;

4) жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманы;

5) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;

6) азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;

7) сотталмағандығы туралы анықтаманы;

8) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжатты ұсынады.»;

9-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын туыстары баланың тұратын жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына одан әрі жөнелту үшін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган):»;

13-тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«асырап алынған баланың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тіркелуі;»;

19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Бала асырап алушылар болу мүмкіндігі туралы қорытындының және бала асырап алуға үміткерлерді тіркеу жері бойынша органның сұрау салуы негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес баланы таңдап алуға жолдама дайындайды, оны орган бала асырап алуға үміткерлерге береді.»;

26-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Шетелдіктерге асырап алуға берілген балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде есепке қойылуы тиіс.»;

27-тармақтың 13-тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«асырап алынған баланың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тіркелуі;»;

41-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде есепке қою мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайды.»;

2) «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 527-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша органға бала асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш береді, оған мынадай құжаттар:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;

3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама;

4) отбасы жағдайы туралы анықтама;

5) азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтама;

6) соттылығының болмауы туралы анықтама;

7) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.»;

4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Тексеру қорытындысы бойынша орган бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тиісті акті жасайды және 2-қосымшаға сәйкес азаматтардың бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.»;

8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісі, бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі туралы оң қорытынды қоса беріледі.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 102 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> «Балаға мейірімді қала» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі өткізілетін іс-шаралар
files -> 103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> Бағалық ұсыныстар сұраныс әдісі арқылы принтерлердің техникалық күту және олардың картридждеріне бояу құю бойынша қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
files -> Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет