«2013 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық туралы» тақырыбына арналған брифингтегі Ауыл шаруашылығы министрі



жүктеу 105.05 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі105.05 Kb.


«2013 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық туралы»

тақырыбына арналған брифингтегі Ауыл шаруашылығы министрі

А.С. Мамытбековтың баяндамасының тезистері


Егін себу болжамы

Облыс әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармаларының дерегі бойынша 2013 жылы ауыл шаруашылғы дақылдарының алқабы 21,3 млн. гектарды құрайды, бұл 2012 жылдың дегейімен шамалас. Көктемгі егін себу алқабы 18,5 млн. гектар деңгейінде болжануда.

2012 жылмен салыстырғанда бидайдың алқабы 329 мың гектарға (2%) азайады, жүгерінің алқабы 5 мың гектарға көбейеді, басқа дәнді дақылдардың алқабы 22 мың гектар көбейеді деп күтілуде. 2013 жылы майлы дақылдарды 1,8 млн. гектарға, жемазықтық дақылдарды 3,0 млн. гектарға орналастыру (124 мың гектарға артық) жоспарлануда

Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру

Көктемгі егіс жұмыстарын өткізуді қаматамсыз ету үшін АШТӨ қаржыландыру және материалдық техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында бірқатар шаралар қабылданды.

«КазАгро» Холдингіне бюджеттік кредит арқылы республикалық бюджеттен 2013 жылғы 20 желтоқсанға дейін 60 млрд. теңге бөлінді, бұл қаражат мындай мақсаттарға бағытталады:

- көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ АШТӨ ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу үшін міндеттемелерді орындаудың қамтамасыз етілуіне байланысты жылдық 5-8% төлембәсімен АӨК субъектілерін несиелендіру;

- АШТӨ одан әрі қаржыландыру мақсатында шағын несиелік ұйымдарды жылдық 4% төлембәсімен несиелендіру (ШНҰ соңғы қарыз алушыларды жылдық 8% аспайтын төлембәсімен несиелендіреді);

- АӨК субъектілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ӘКК қамтамасыз етуімен жылдық 3% төлембәсімен, сатып алу.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген схемаларды қолдану арқасында 2013 жылғы егін себу науқанына қатысатын АШТӨ көпшілігіне несие ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады.

Көктемгі егіс жұмыстарын өткізуді «КазАгро» Холдингінің қаржы иниституттарымен несиелендіру шарттары Қазақстан Республикасы Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының ағымдағы жылдың 15 ақпанында өткен отырысында мақұлданды.



ӘКК кепілдігімен аманатсыз несие беру

Агроөнеркәсіп өндірісінде өтімді және қолжетімді несиенің жетіспеушілігі едәуір қиындық келтіретінін есере отырып, «КазАгро» Холдингімен бюджеттік несие қаражатының есебінен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдігімен 2011-2012 жылдары жүргізілген АШТӨ қаржыландыру бағарламасы өзінің өміршеңдігін көрсетті.

Осыған байланысты өткен жылдардың тәжірибесі бойынша 2013 жылы «КазАгро» Холдингі ӘКК корпорациялардың кепілдігімен бюджеттік несиенің есебінен 13 млрд. теңге соммаға 1 га егістік алқапқа 6 теңге есебінен бидай мен арпаны форвардты сатып алуды іске асыратын болады.

Сол сияқты, АШТӨ қаржыландыруға «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ көктемгі-жазғы қаржыландырумен мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу бағдарламасы бойынша форварды сатып алуға бөлінген 6875,0 млн. тенге бюджет қаржаты пайдаланылатын болады.






АШТӨ несиелерінің қайтару мерзімін ұзерту

2012 жылғы құрғақшылықтың зардаптарын жеңілдету мақсатында КазАгроның еншілес ұйымдарымен бюджеттік несиенің есебінен көкетмгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге берілген берілген несиелер бойынша АШТӨ (Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары) 21,2 млрд. теңге міндеттемелерінің қайтару мерзімі ұзартылды.






Субсидиялау

Бұдан бетер, барлық бағыттар бойынша өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 31,4 млрд. теңге бөлініп отыр.



Анықтама ретінде:

1) басым дақылдарды өндіруді субсидиялауға – 18,6 млрд. теңге;

2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді отырғызуға және өсіруге – 1,9 млрд.теңге;

3) минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуға – 6,4 млрд. теңге;

4) суармалы суды жеткізуге – 1,6 млрд. теңге;

5) мақтаның сапасын сараптауға – 0,4 млрд. теңге;

6) тұқым шаруашылығын дамытуға – 2,5 млрд. теңге.




ЖЖМ қамтамасыз ету

Көктемгі дала жұмыстарына кепілдендірілген 360 мың тонна арзандатылған дизель отынын жеткізуге үшін келісімге қол жеткізілді.

Қазіргі кезде облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту туралы Кестенің жобасы Мұнай және газ министрлігімен келісу рәсімі жүргізілуде.

Мұнай министрлігімен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін АШТӨ-не мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынының бағасы 1 тоннасына 94,8 мың теңге деңгейінде белгіленді, ол тұтынушыға – АШТӨ жеткенше кеткен шығындарды есептегенде шамамен 1 литріне 90 теңге, немесе бөлшек саудадағы наурыз айына (102 теңге/литр) болжамдалған 10% төмен.

Бұл ретте АШТӨ-не дизель отынының белгіленген бағасы нарықтағы бағаның ауытқуына қарамай көктемгі дала жұмыстары (ақпан-мамыр) кезінде сол қалпында сақталады.

Облыстарға арзандатылған дизель отынын жеткізу Кестесі бекітілгеннен кейін былтырғы жылға ұқсас схема бойынша жүзеге асырылады.







Техниканың дайындығы

Ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша республикадағы қолда бар техника: 154,1 мың тракторлар, 89,4 мың сепкіштер, 334,2 мың топырақ өңдеу құралы, 5,0 мың бүріккіштер, 2,8 мың жоғарыөнімді егіс кешендері.

Республика бойынша ауыл шаруашылығы техникасы дайындығының қарқыны былтырғы жылғы деңгейде. 2013 жылғы 15 ақпанға тракторлардың дайындығы 74%, сепкіштер 72%, қопсытқыштар - 75%, соқалар - 77% құрайды.

Кейінгі 8 жылда (2005-2012) АШТӨ-мен 10,0 мың бірлік тракторлар, 10,1 мың бірлік комбайндар, 1,9 мың бірлік дестелегіштер, 5,7 мың бірлік сепкіштер сатып алынды.

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникасы дайындығының қарқыны өткен жылғы деңгейде. 2013 жылғы 15 ақпанға 111,5 мың тракторлар (74%), 19,2 мың соқалар (77%), 204,2 мың тырмалар (75%), 64,7 мың сепкіштер (72%) дайындалды.

Ағымдағы жылы егіс жұмыстарына 3,0 мың бірлік жоғарыөнімді егіс кешендері қатысады, ол агротехникалық мерзімде дәнді дақылдардың егіс алқабының жартысын көбін себуге мүмкіншілік жасайды.

Бұл жерде айтып кету керек, ағымдағы жылы ауыл щаруащылығы техникасын сатып алу ынталандыру және қаржылық көрсету мақсатында Министрлікпен ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша пайыздық ставкасын арзандатудың жаңа бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылады. Субсидиялаудың ережесі әзірленіп мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімі жүргізілуде.

Осыған байланысты, республикалық бюджеттен 2013-2015 жылдарға бөлінген 3 млрд. теңге қаржыландыру көлемі, ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңартуға (негізгі ауыл шаруашылығы техникасының 87% тозуы) және қажетті қолдау деңгейін қамтамасыз етпейді, сондықтан Агробизнес – 2020 бағдарлама шеңберңнде шамамен 212 млрд. теңге (орташа есеппен 26,5 млрд. теңге 1 жылда) бөлу көзделген, ол 2018 жылы ауыл шаруашылығы техникасының паркін жаңартуды 100% қамтамасыз етеді.






Тұқыммен қамтамасыз ету

Облыстардың ақпараттары бойынша тұқыммен қамтамасыз ету қажеттіліктің 96 %-ын құрайды (2094,2 мың тонна қажеттілігінде 2024,8 мың тонна бар).

Тұқым тапшылығы 79,4 мың тоннаны құрайды (Ақтөбе облысында – 12,2 мың тонна, Батыс Қазақстан ө 7,0 мың тонна және Қостанай облысында – 60,2 мың тонна, олардың 55,4 мың тоннасы облыстардың ресурстары есебінен толықтырылады, ал 24,0 мың тоннасы – мемлекеттік тұқым ресурстарынан, осының 21,3 мың тоннасы Корпорацияда бар (соның ішінде Ақмола облысының АҚК-де – 10,7 мың тонна, Батыс Қазақстан облысының – 0,4 мың тонна, Қостанай облысының - 10,2,).

Корпорацияда тұқым ресурстарын пайдаланудан түскен 1,7 млрд. теңге ақшалай қаражат бар, бұл 26,0 мың тонна (ағымдағы бағамен) көлемінде тұқым сатып алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тұқымқордан бидайдың сорттық тұқымдарын беру басталуы туралы хабарлаудан бастап Корпорацияға республиканың АШТӨ-дене 21,8 мың тонна көлеміне 18 өтініш келіп түсті, соның ішінде Ақмола облысында (3 өітініш – 10702,4 тонна, Батыс Қазақстан (1 өтініш – 100 тонна), Қостанай (13 өтініш – 10183,0 тонна), Солтүстік Қазақстан (1 өтініш – 856,7 тонн).

Корпорация тұқымды АШТӨ-не беруді тұқымдық несие ретінде екінші дәрежелі банктарының кепілдігі болған жағдайда немесе алдын ала төлеу тәртібі бойынша жүзеге асыра алады. Осыған байланысты АӨШТ-де үстінде көрсетілген тұқым сатып алуға несиелеу түрлерімен қолдануға мүмкіндіктер бар.

Аталаған облыстардың әкімдіктерге батыс аймағында астық дақылдарының өнімсіздігі және тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі жылдан жылға пайда болатын жағдайын ескертіп, аймақтағы етті мал шаруашылығын өсіру мен жайылым мал шаруашылығы үшін жемшөп дақылдары алқабтарын кеңейтуімен өсімдік шараушылығын әртараптандыру жұмыстарын белсендіру қажет.

Элиталық тұқым шаруашылығын субсидиялау механизмі жаңа нормаларды қоспағанда былтырғы механизмге ұқсас, сонымен 2013 жылдан бастап элиталық тұқым шаруашылықтарының шет елдерден нақты сатып алған жүгері, қант қызылшасы, рапс, қытайбұршақ, көкөніс және жемшөп дақылдарының бірегей тұқымдарының шығындарын ішінара өтеу қарастырылған. «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында элиталық тұқым шаруашылығын субсидиялау мөлшерін 4,6 млрд. теңгеге дейін көбейту, субсидияланатын элиталық тұқымдар көлемін 168,3 мың тоннаға дейін жеткізуге ұсынылуда (қазіргі 75,0 мың. тонна көлемінде), бұл ғылыми-негізделген 8-10% кем емес элиталық тұқымдармен себілетін алқабтарының көлемінің көбеюіне әкеледі, сонымен қатар тұқымның және көшеттердің сорттық және себу сапасын анықтауға 570 млн. теңге қарастырылған.






ЖЖМ және басқа да тауарылық материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау

Ағымдағы жылы көкметгі дала және егін ору жұмыстарын жүргізу үшін ЖЖМ және басқа да тауарлық құндылықтардың құнын субсидиялауға 18,6 млрд. теңге көзделген. 2012 жылы осы бағдарлама бойынша 18,9 млрд теңге бөлінген.



Анықтама: Көкметгі дала және егін ору жұмыстарын жүргізу үшін ЖЖМ және басқа да тауарлық құндылықтардың құнын субсидиялау бюджеттік бағдарлама бойынша 2012 жылы 18,6 млрд. теңге қарастырылған. Облыстардың ЖАО 18,9 млрд. теңге бөлген (қаралған көлемнен 332,6 млн. теңгеге артық).Бұл ретте бірқатар облыстар қосымша қаражат бөлген: Атырау – 5,3 млн. теңге, Қызылорда – 141,4 млн. теңге, Маңғыстау – 5,8 млн. теңге, Оңтүстік Қазақстан – 1013,7 млн. теңге және Астана – 2,8 млн. теңге, кейбір облыстар қаралған қаржының көлемін қысқартқан: Ақмола – 25,5 млн. теңге, Ақтөбе – 137,2 млн. теңге, Алматы – 89,9 млн. теңге, Шығыс Қазақстан – 15,2 млн. теңге, Жамбыл – 155,9 млн. теңге, Батыс Қазақстан – 48,0 млн. теңге, Қарағанды – 7,4 млн. теңге, Қостанай – 201,7 млн. теңге, Павлодар – 156,4 млн теңге. Агробизнес 2020 бағдарламасы аясында субсидия көлемін 30-31 млрд. теңгеге көбейту қарастырылған.




Тыңайтқыштарды субсидиялау

Минералдық тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы аясында 2012 жылы АШТӨ 200 мың тонна шамасында тыңайтқыш сатып алды, төленген субсидия сомасы 5,0 млрд. теңгені құрады. 2013 бұл мақсатқа облыстық бюджеттерде 5,4 млрд. теңге көзделген.

АШТӨ-ні тыңайтқыштарды көбірек қолдануға одан әрі ынталандыру мақсатында биылғы жылы Ауылшармині АШТӨ тыңайтқышты отандық зауыттан сатып алса субсидияны зауытқа төлеу, шетелдік өндіріс тыңайтқышын еркін нарықта сатып алса субсидияны АШТӨ-ге төлеу бөлігінде тыңайтқыштарды субсидиялау механизміне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Бұл ретте сатып алынған тыңайтқыштар саралап субсидияланатын болады: отандық өнім сатып алған кезде субсидия нормасы оның құнының 50 %, шетелдік боласа – 30 % құрайтын болады. Ұқсас норма гербицидтерге де жүретін болады. Өз кезегінде механизмді өзгерту жергілікті жерлерде өтінімдер жинау, тізімдер құру, субсидия нормаларын есептеу және т.б. бойынша көп жұмыс атқаруды талап етеді. Осыған орай шаруаларды тиісті тыңайтқыш көлемдерімен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдіктері жақын арада қажетті рәсімдерді жедел өткізулері, шұғыл түрде тыңайтқыш түрлері мен субсидия нормаларын бізбен келісіп, бекітулері, сондай-ақ субсидия алуға арналған АШТӨ тізімдерін құрау жөніндегі жұмысты тездетулері тиіс. Агробизнес-2020 бағдарламасы аясында тыңайтқыштарға арналған субсидия көлемін 20-25 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Анықтама ретінде: Жалпы сипаттағы трансферттер аясында 2012 жылы республикалық бюджеттен 6253,8 млн. теңге көзделген болатын. Алайда жергілікті атқарушы органдар шешімдерінің нәтижелері бойынша бұл бағытқа 7036,5 млн. теңге бөлінді (көзделген көлемнен 782,7 млн. теңге артық). Бұл ретте бірқатар облыстар қосымша қаражат бөлсе: Оңтүстік Қазақстан – 252,9 млн. теңге, Жамбыл – 211,5 млн. теңге, Қостанай – 201,8 млн. теңге, Павлодар – 146,4 млн. теңге,Қызылорда – 67,4 млн. теңге, кейбір облыстар көзделген қаражат көлемін қысқартқан: Ақтөбе – 60,3 млн. теңгеге, Ақмола – 42,4 млн. теңгеге.





Гербицидтерді субсидиялау

Қазіргі кезге дейін дәнді дақылдарды өсіру кезінде қолданылатын және отандық өндіріс гербицидтерін ғана субсидиялау жүзеге асырылып келді, бұл ретте жыл сайын қаражат тапшылығы байқалады, бұл осы қолдау шарасының тиімділігі бойынша АШТӨ-нің наразылығын тудырады.

Көрсетілген проблемаларды шешу мақсатында АШТӨ-де бағасы мен сапасы бойынша таңдау мүмкіндігі болу үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіп кешенін дамыту және қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңға өндіру еліне қарамастан гербицидтердің барлық түрін субсидиялауды көздейтін нормалар енгізілді.

Осыған орай Агробизнес-2020 бағдарламасын іске асыру аясында 2013 жылғы бюджетті нақтылау кезінде 19,1 млрд. теңге сомасына «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне гербицидтерді субсидиялауға арналған қаражатты ұлғайтуға бағытталған ағымдағы нысаналы трансферттер» атты бюджеттiк өтінім енгізу жоспарланып отыр.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, гербицидтерді субсидиялауға қосымша қаражат бөлінгеннен кейін жергілікті атқарушы органдар «Өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды мемлекеттік қолдау» бюджеттік бағдарламасы аясында гербицидтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асырулары тиіс.

Агробизнес-2020 бағдарламасы аясында гербицидтерге арналған субсидия көлемін 28 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.






Алынатын өнімнің болжамы және экспорт әлеуеті

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында дәнді жемазықтық, майлы, бұршақты және жемазықтық дақылдардың алқаптарын ұлғайтуды көздейтін Ауылшармині,облыс әкімдіктері, «КазАгро» Холдингі және «Казагроинновация» АҚ арасында 2012-2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдар қабылданыды.

Еліміздің гидрометеорология қызметінің дерегі бойынша 2012 жылдың күзі республика аумағында жеткілікті ылғалды салыстырмалы жылы ауа райымен сипатталды. Қысқы кезеңде қар түрінде түскен мол ылғал болашақ өнім үшін топырақта ылғалдың жақсы қорын жинақтау үшін тиісті алғы шарт жасайды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының дерегі бойынша кәзіргі кезде қардың қалыңдығы таза парда 5-50 см, ықтырмалы парда – 23-77 см, сүдігер жыртылған жерде - 10-60 см, өсімдік сабағы сақталған жерде – 13-60 см болуда.



Ауыл шаруашылығы дақылдарын ылғалмен қамтамасыз етудің қолайлы жағдайы 2013 жылы жақсы өнім жинау туралы болжам жасауға мүмкіндік береді (Анықтама ретінде: стратегиялық жоспар бойынша 2013 жылға 16,9 млн. тонна, 2008-2012 жылдары – орта есеппен 17,7 млн. тонна, 2003-2012 жылдары – орта есеппен – 16,6 млн. тонна).







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет