2013 жылы Қайсым Қайсенов кенті әкімінің тұрғындардың алдындағы есебі



Дата26.02.2016
өлшемі83.1 Kb.
#27188
2013 жылы Қайсым Қайсенов кенті әкімінің тұрғындардың алдындағы есебі
Құрметті Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары, құрметті шақырылғандар!
Тұрғындардың алдында әкімнің есеп беру жиынын ашуға рұхсат етіңіздер.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуірдегі «Тұрғындармен есептік кездесу өткізу туралы» тапсырмасын орындау барысында Ұлан ауданында жыл сайын халық алдында есеп беру кездесулері өткізіліп тұрады. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан 2050 Стратегиясы» қалыптасқан Мемлекеттілікті одан ары нығайту және қазақстандық демократияны дамыту ауыл әкімдерін сайлау болып табылады.

Бұл жұмыс халықты елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы және Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары еліміздің экономикалық дамуына қосып жатқан үлестері туралы хабардар ету үшін бағытталған.


1. Әлеуметтік қорғау
Кен тұрғындарының саны – 4185 адам, соның ішінде тұрғындардың белсенді экономикалық саны 2234 адам, жұмыссыз есебінде тұрғандар 25 алам. Жұмыс сұрап келген 110 адамның 88-і жұмысқа орналасты. 69 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

- Жыл басынан 16 адамға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

- 44 адамға балаларға арналған жәрдемақ төленді.

- 42 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді.

- «2020» бағдарламасы аясында 9 адам қайта даярлау курсына барып аспазшы, есепші, дәнекерлеуші мамандықтарын алды.

- 82 жаңа жұмыс орындары және 2 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды.

- 7 адам жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасады.

- Кентте 7 Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 95 тыл ардагерлері, Ауған соғысына қатысқан 12 адам, Чернобыль апатын жөндеуге қатысқан 6-адам, 1 топ мүгедек 13-адам, 2 топ мүгедек 42-адам, 35-адам 3 топ мүгедек және 21 бала кезінен мүгедек адамдар есепте бар.

- 2012 жылы 95 бала туса, 2013 жылы 9 ай ішінде 104 бала туды.

- Қайтыс болғандар саны 2012 жылы 14 адам қайтыс болса, 2013 жылы 9 ай ішінде 19 адам қайтыс болды.

- ҰОС 68 жылдық мерекесіне арналып соғыс ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне әлеуметтік пакеттер тапсырылып, мерекелік шеру өткізілді. 9 мамыр күні ҰОС ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне арналып мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Мерекені өткізуге демеушілік көмек Аскабылова Куляра, Акмолова Сауле, Захан Минар көрсетті.

- 1 маусым балаларды қорғау күніне мүмкіндіктері шектелген балаларға арналып мереке өткізілді, бұл мерекегі ЖК Қосайұлы Ербол, Жұмағалиев Азамат демеушілік жасап, балаларға шағын сый-сыяпат көрсетілді.

Бұгін қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара «Белеу» дәмханасында өтті. Қартарға сый-сияпат көрсетіліп, мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлерін ұсынды. Бұл шара Сабитов Жалынды, Бигалиев Азамат, Калиева Айнур, Захан Минар атты азаматтардың демеушілік көмегімен өткізілді.

- «Туған жерге тағзым» акциясының аясында кент кәсіпкерлерімен және 334 000 тг. меморандум жасалды. Оның 239 000 теңге орындалды.

- Мемлекет басшысының және аудан әкімінің негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларын реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жәрмеңкелер өткізілуде, бұл жәрмеңкелерде ауыл шаруашылық өнімдері төмен бағамен сатылады. 14 жеке кәсіпкерлермен негізгі азық-түлік тағамдарының бағаларын реттеу мақсатында меморандумдарға қол қойыдлған.


    1. Азық-түлік бағаларына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг жүргізу үшін жауапты маман тағайындалған. Дүкендердегі толайым базардың тауар-көлік құжаттамалары тексеріліп, келіссөздер жүргізіліп отырады.

Кентте «Ардагер» атты әлеуметтік бөлім тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне арнап жұмыс жасайды. Ол зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылары, 1-3 топ мүгедектер. Бұл бөлімде базар бағаларынан төмен бағамен азық-түлік сатылады.

3. «Сыбаға» атты ет сататын дүңгіршектье үнемі сиыр еті, қой еті белгіленген бағамен сатылады.

4. Кентте 472 бау-бақша бар. Жаз бойы және күзде кент тұрғындары осы бау-бақшада өсірген көкеністерін кенттің дүкендерінде төмендетілген бағамен сатты; кенттегі 5 дүкен арқылы 4 тонна картоп, 350 килограмм сәбіз және 250 килограмм қызылша сатылды.

5. «Өскемен» құс фабрикасының өнімдерін кенттің дүкендерінде арзан бағамен сату туралы келіссөз жүргізіліп, бүгінгі күні 20,7,11 үйдегі дүкендерде және «Темірбанк» ғимаратында орналасқан дүкенде салқындатылған құс өнімдері сатылады.



2. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ
Кәсіптік қызмет нысандарының 112 тіркелді. Соның ішінде: ЖШС – 5, 18 дүкендер, 3-дүнгіршек, 3-шаштараз, 5-кафе, 2-дәріхана, 2-жанар-жағар май станциясы, 1-техникалық қызмет көрсету станциясы, 2-аяқ киім жөндеу шеберхана.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін кенттің қолдаухаты бойынша 34 отбасыға 84,750 мың. тенгеге несие бөлінді, соның ішінде: мал шаруашылығын дамыуға, омарташылыққа, техникаларды жөндеу станциясын кенейтіп және дамыту үшін, телевидеостудияны дамытуға. Кәсіпкерлік қызметті ашу есебінде жаңа жұмыс орындарының құрылуы мен салық базасының толықтырылуы күтіледі.
2. Тұрғын-үй коммуналдық қызмет бойынша
1) 6,7,8,9 үйлер ауласында 8 миллион 407 мың теңгеге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді

2) Заводская көшесіндегі жолға қиыршық тастар төселді

3) Көктемгі-күзгі су тасқынын болдырмау мақсатында кент айналасында су қайтарғы арықтарды қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр

4) № 6,7,8,9,10,11,12, үйлердің алдарында қураған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді.

5) № 6,7,7,9,10 үйлер термомодернизация бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өткізіліді.

№ 14, 17,24, 21,22,23 үйлердің ауласындағы балалар алаңын жөндеу жұмыстары жоспарланған. Кондоминиум нысандарын Айтыкова 7 үйді, № 14, 18, 22 күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда

Кентте 40, 100 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы басталады.


3. Бюджет
- Кенттегі әлеуметтік сұрақтарды шешу үшін және кент әкімдігіне 2013 жылы Республика деңгейінен 8 миллион 407 мың теңге (6,7,8,9 үйлер ауласында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді) , аудан деңгейінен 9 миллион 978 мың теңге бөлінді оның ішінде кентті көріктендіру және аббаттандыру жұмыстарына 5 миллион 900 мың теңге, контейнерлер алуға 2 миллион 778 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға 1 миллион 300 мың теңге, көшелер бойына гүл егуге 170 мың теңге.
4. Кентті көркейту, көгалдандыру, санитарлық тазалау
1) Кентті абаттандыру және көркейтуде әкімдік тарапынан көп көңіл бөлінуде. Кенттегі қоқыс төгетін алаңдарға 20 қоқыс салатын Европалық стандарт бойынша жасалған қораптар алынды, тұрмыстық қатты қалдықтар жұмасына 4 рет шығарылып отыр.

2) - 20 қарағай,

- 20 қайың,

- 50 бұталар мен ағаштар отырғызылды,

ЖК К. Калиевамен арнайы құрылған 7 адамнан тұратын бригада кент бойынша елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсетіп, аймақтарды экологиялық сауықтыру, көгалдандыру және көркейту, қардан тазарту жұмыстарын атқаруда. Күнделікті бригада жұмысшыларының күшімен 3 км. көлемінде жол жиектері қоқыстан тазартылады, көше аралығы, жол бойындағы теректердің ұзындығы қысқартылып аббатандыру жұмыстары жүргізілді. Скверлердің аумағында жол жиектерінде өскен шөптер шабылып шығарылды.

- Кентті көгалдандыру мақсатында 5 000 түп гүл отырғызылды. Сонымен қатар кентті таза ұстау мақсатында мемлекеттік кызметшілердің және кент тұрғындарының қатысуымен кент аумағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізілді. 410 тонна қоқыс шығарылып, 3 км жол жиектері әктелді.

Қазіргі уақытта 14,18, уйлердің алдынағы жолдарды демеушілердің көмегімен қиыршық тастар әкеліп тегістеп төселуде.

№23,24 үйлердің ауласындағы жол грейдермен тегістеледі.

3)- Кенттің 50 қаңғыбас иті жойылды.

-Кенттің жеке қосалқы шаруашылық иелеріне кент аймағында мал жаймау туралы ескертулер берілді.


5. Ауылшаруашылық туралы
-2013 жылдың 1 қазанына:

-318 бас ірі қара,

-788 бас ұсақ мал,

-40 бас жылқы,

-3 бас шошқа бар.

- 700 бас ұсақ мал бурцеллезге тексеріліп, теріс нәтиже алынды.

- 150 бас ірі қара лейкоз аруына тексерілді.

- 300 бас ірі қара эмкор ауруына тексерілді.

- 700 бас ұсақ мал сарып ауруына тексеріліп, теріс нәтиже аланды.

2013 жылы аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Жоспарға сәйкес ірі қараның 250 басы жаңа үлгідегі ветеринарлық төлқұжат беріліп және екі құлағынан сырғаланып компьютерлік қорға енгізілді.


6. Білім беру, спорт
- Кентте бір мектеп жұмыс жасайды. Мектепте барлығы 581 оқушы оқиды.

Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда Р.Марсеков атындағы мектептің оқушыларының саны 41 оқушыға өсті.(Р.Марсеков атындағы мектепте 2011-2012 оқу жылында 581 оқушы болса, 2012-2013 оқу ж.ж. 622 оқушы болған)

- «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында бойынша бұрынғы бала-бақша орналасқан ғимараттарды босату туралы Президенттің Жарлығы бойынша Кент әкімшілігі мен зейнетақы төлеу орталығы №5 ғимаратқа көшіп «Аленушка» бала-бақшасына мектептен шағын орталық көшірілді. Бүгінгі күнде балабақшада 8 топ бар, 180 бала келеді.

- Мектептерде және бала-бақшада жасалған жоспарға байланысты іс-шаралардың барлығы түгелдей өткізілді.

- Кентте балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс жасайды. Спорт модульде орналасқан спорттық тренажерлармен кент тұрғындары арнайы жасалған кесте бойынша спортпен айналыса алады және бокс, күрес секциялары жұмыс жасайды. Жұмыстан кейін волейбол, баскетбол ойнауға мүмкіншілік жасалған.

- «Ұлан ауданы бойынша ШҚО балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесінде спорттың 4 түрі бойынша: бокс, дзюдо, еркін күрес, волейбол оқу-жаттықтыру сабақтары жүргізіледі. Спорт модулінде бокстан жолдастық кездесулер, аудандаралық, облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
7. Денсаулық сақтау
Кенттегі дәрігерлік отбасылық амбулаторияда 4 дәрігер, 9 медбике халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар кентте кардиолог, травматолог және эндокринолог дәрігерлері тұрғындарды қабылдап оларға қызмет көрсетеді.

1 стомотология, 2- дәріхана, оның біреуі тәулік бойы жұмыс істейді, және жедел жәрдем көрсететін орталық жұмыс жасайды, онда 5 фельдшер, 4 фельдшер-диспетчер тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Кенттегі соғыс ардагерлері мен мүгедек адамдар есепке алынып, үнемі дәрігерлердің қадағалуына алынған.
8. Қоғамдық ұйымдар туралы
- Кентте 3 қоғамдық ұйым жұмыс жасайды. Олар ардагерлер, ақсақалдар кеңесі, және әйелдер кеңесі. Бұл отырыстарда ЖМПИ «Жемчужина», КММ «Молодежный», бөлімінің бастығының және учаскелік инспекторлардың есептері тыңдалды.

- Кентте құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 21 жасқа толмаған азаматтарға ішімдік сатпауды тексеру үшін учаскелік инспектордың қатысуымен дүкендерді аралап рейдтер жүргізілді. Кенттің ішімдікке салынған адамдары есепке алынып, әңгімелесулер үнемі өткізіледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен ерікті халықтық топ құрылмақ. Бұл топ мүшелері кестеге сәйкес аптасына 3 рет кешкі уақытта бақылауға шығатын болады.

- Кентте 11 адамнан тұратын Қоғамдық ұйым құрылған, бұл ұйымның жасалған жұмыс жоспары бойынша, айына екі рет отырысы өткізіледі. Бұл ұйымда ІІБ түскен өтініштер қаралады.


2013-2017 жылдарға арналған міндеттер:
2013-2017 жылдарға арналған міндеттердің бірі халыққа сапалы қызмет көрсету, мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды орындау, алдағы жылдарға тапсырмалар қойылды және де:

  1. «Балапан» бағдарламасын орындау мақсатында 2014 жылы балабақша ғимаратында орналасқан мемлекеттік мекемелерден толық босату.

  2. 4 құрылыс жайғасымында жеке тұрғын үй салу үшін рұқсат беру.

  3. Жалға берілетін 80 пәтерлік үйдің құрылысын аяқтау.

  4. «Тұрғын үй» бағдарламасы бойынша тұрғындардың үйге мұқтаждығын азайту

  5. «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы бойынша жобаларды жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет