2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп



жүктеу 86.89 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі86.89 Kb.
2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
Алматы қаласында жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу бойынша іс-шаралар Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мен Басқарманың Стратегиялық жоспарының аясында іске асырылады.

Табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар төленеді.

18 жасқа дейінгі балалары бар, адам басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленеді (1731 теңге). Азық-түлік себетінің ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын немесе 12455 теңгені құрайды (4 тоқсандағы мөлшер). 2013 жылы балалар жәрдемақысы 18,55 млн. теңгеге 806 отбасына (1914 балаға) төленді.

Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды (4 тоқсандағы мөлшері 8304 теңге).

2013 жылы атаулы әлеуметтік көмек 27,16 млн. теңгеге 360 отбасыға (1214 адамға) тағайындалды. АӘК –тің отбасының 1 мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 2033,75 теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмекті негізгі алушылар- балалар, жұмыссыздар, балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, студенттер, сондай-ақ мүгедектер мен басқа да азаматтар болып табылады.

Зейнеткерлер, еңбек майданының қатысушылары, бірінші топтағы мүгедектер, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруынан жапа шеккендер, жасы бойынша мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алушылар, арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдар 1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнайы қалалық жәрдемақы алады (1731 теңге). Жыл басынан бері аталған жәрдемақы 3170,8 млн. теңгеге 163 131 адамға тағайындалды.

Табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. 2013 жылы тұрғын үй көмегі 77,6 млн.теңге сомасында 3892 адамға тағайындалды.

Мүгедек балаларды үй жағдайында оқытып тәрбиелейтін отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан тоқсан сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 11252 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. 2013 жылы аталған жәрдемақы 29,8 млн. теңге сомасында, 796 адамға төленді.

Өмірлік қиын жағдайға кез болған 3985 адамға 26,4 млн. теңге сомасында бір жолдық материалдық көмек көрсетілді.

Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін 2013 жылға 368,0 млн. теңге бөлінген. 2013 жылы 4362 адам денсаулықтарын түзеуге мүмкіндік алды.

ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте жүрулері үшін тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілуде. 2013 жылы 7,7 млн. теңге сомаға 568 адамға жол жүру билеттері берілді.

Ыстық және суық суды есептейтін құралдарды сатып алу, түгендеу және орнату, сондай-ақ орнатуға кететін шығынды өтеу мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін немесе тұрғын үй көмегін алушы табысы аз азаматтарға, жасы бойынша зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек белгіленген. Аталған көмек бір құралға төрт айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде азаматтың екінші деңгейлі банктегі жеке шотына аудару жолымен көрсетілді. Есептік кезеңде 90,0 млн. теңге сомаға 7227 адамға көмек көрсетілді.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 68 – жыл толуына орай жалпы сомасы 230,4 млн. теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек төленді, оның ішінде:

-1249 ҰОС-ның ардагерлері мен қатысушыларына 75 000 теңге көлемінде 93,7 млн. теңге жалпы сомаға;

- ҰОС-ның ардагерлері мен қатысушыларына теңестірілген 4464 тұлғаларға 30 000 теңге көлемінде 133,9 млн. теңге жалпы сомаға;

- 42 ҰОС-да қаза тапқан жесірлерге 30 000 теңге көлемінде 1,3 млн. теңге жалпы сомаға;

- 38 Ауғанстандағы қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен қайта некеге тұрмаған жұбайларына 30 000 теңге көлемінде 1,1 млн. теңге жалпы сомаға.

Ленинград қоршауында болған 4 адамға Санкт-Петербург қаласына бару және қайта оралу үшін жалпы сомасы 217,5 мың. теңге төленді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 2013 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпте ақталған 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына 25000 теңге көлемінде 2825,0 млн. теңге жалпы сомаға бірреттік материалдық көмек көрсетілді.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының аясында жүзеге асырылады.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Алматы қаласында мүгедектер арнайы жүріп-тұру құралдарымен, тифло-сурдоқұралдармен, есту-протездеу көмегімен, протездеу және ортездеу қызметтерімен, арнайы гигиеналық құралдармен және жеке көмекшінің қызметімен, сондай-ақ ыммен сөйлесу тілінің аудармашысымен қамтамасыз етілуде. 2013 жылы осынау көмектер мен қызметтердің түрімен 750,6 млн. теңге сомаға 8638 мүгедек қамтамасыз етілді.

Жүрдекше-арбашамен жүретін 375 бірінші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға инватакси кызметі көрсетілді.

Сонымен қатар, 5 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 15 бөлімшеде және екі мүгедектерді оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) 100 адамға жартылай стационар жағдайында, ал үй жағдайында 1110 мүгедек балаға қызмет көрсетілуде, соның ішінде 156 адам 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар болып табылады.

Күндізгі уақытта болу бөлімшелерінде үкіметтік емес ұйымдар (АРДИ» мүгедек балалар ата-аналарының Қауымдастығы, «Рух» ҚБ, «Мархабат» ҚҚ) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Аталған ұйымдарда 180 мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдарға қызмет көрсетіледі. 2013 жылға 85,7 млн. теңге бөлінген.

2012 жылдан бастап жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін психоневрологиялық патологиясы бар 50 балаға арналған күндізгі уақытта болу орталығы жұмыс істей бастады.

Есептік кезеңде Алматы қалалық ардагерлер үйінде 336 адам, Психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге арналған Алматы интернат үйінде – 630 адам, Психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған Алматы интернат үйінде – 153 адам, Әлеуметтік тұрғын үйінде – 43 адам, күндізгі болу орталығында – 50 адам тұрады.

Қаланың еңбек нарығындағы хал-ахуал тұрақты күйінде сақталуда, жұмыссыздар санының өсуі байқалмады. Статистиканың мәліметі бойынша еңбек нарығында экономикалық белсенді халыққа шаққанда 789,1 мың адамды, жұмыссыздардың саны 43,9 мың адамды, ал жұмыссыздықтың деңгейі 5,6 пайызды құрайды (2013 жылдың 3тоқсанындағы мәлімет).

Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш білдіргендердің саны – 6375 адам. Соның ішінен 1509 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушылары атанды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы 2877 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, соның ішінде 622 адам нысаналы топқа жататын жұмыссыздар болып табылады. Қоғамдық жұмыстарға -3054 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына 373 жұмыссыз, ал кәсіби даярлау курстарына- 1020 жұмыссыз жіберілді.

Желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша есепке алынған жұмыссыздардың деңгейі 0,1 пайызды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,2 пайызға төмен.

2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздардың саны – 815 адам (2013 жылдың 1 қаңтарында - 1073 адам болған).

Бұрынғысынша, жұмыссыздар құрамының басым бөлігін жас балалары бар және үлкен және зейнеталды жастағы әйелдер құрайды. 68 % астам жұмыссыз әйелдердің жоғары және арнаулы орта білімі бар. Әйелдердің орташа жұмыссыздық кезеңінің ұзақтағы ерлерге қарағанда жоғары. Жұмыссыздар құрамының басым бөлігін 21 жасқа дейінгі жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, зейнеталды жастағы тұлғалар, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген адамдар, сондай-ақ жалғызбасты көп балалы аналар, мүгедектер, табысы аз азаматтар мен басқа да нысаналы топқа жататын адамдар құрайды.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне еңбек делдалдығы үшін өтініш білдіргендердің саны 23033 адамды құрады, оның ішінде 1838 адам ауылдық жерде тұратындар, 2816 адам- жұмыссыздар, оның 301-і ауылдық жерде тұратындар. Жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің делдалдылығымен жұмыспен қамтылғандардың саны 463 құрады, оның 146 жұмыссыздар. Жақын және алыстағы шетелге кеткен азаматтардың саны 294 адамды құрады.

Жұмыссыздарға жұмысқа орналасу көмегін көрсету үшін 8 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 11 мыңнан астам жұмыс іздеген азаматтар қатысып, 404 адам жұмысқа орналасты, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар іс-тәжірибесіне 145 адам жіберілді, 3 мыңнан астам жұмыссыздар түйіндемесін жұмыс берушілерге берді.

Қаланың еңбек нарығын қорғау және шетелдік жұмыс күшін кіргізу жұмыстары шетелдік жұмыс күштерін тартуға белгіленген квота шегінде жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2013 жылға Алматы қаласына 9315 бірлік квота белгілеген. Биылғы жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2729 шетелдік жұмыскерлерді тартуға рұқсат берілді. Алматы қаласында 1294 мекеме шетелдік мамандарды тартқан, аталған мекемелерде 76,9 мың Қазақстан азаматтары және 3129 шетел азаматтары жұмыс істейді. Шетелдік жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілер Қазақстан азаматтарына арнап қосымша 2252 жұмыс орындарын құрды, отандық 548 маман кәсіби даярлау және қайта даярлаудан және 1428 маман біліктілігін арттыру курстарынан өтті, сондай-ақ 15 шетелдік мамандар қазақстандық мамандармен ауыстырылды.

Жұмыскерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 106,4 мың адам жұмыс істейтін 430 мекемеге сұрау салынды. Ондағы жұмыстан босатылғандардың саны – 2066 адам. Мәжбүрлі еңбек демалысына жіберілгендердің саны – 1064 адам.

Әлеуметтік әріптестік саласында «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілік конкурсына төрт номинация бойынша қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу жұмысы атқарылды. Конкурс Астана қаласында 2013 жылдың 20 желтоқсанында өтті. Оған Алматы қаласының 36 кәсіпорыны қатысып, оның ішінде «Ең жақсы әлеуметтік жауапкерші кәсіпорын» номинациясы бойынша «Атакент» АҚ-мы жеңімпаз болып есептелді.

2013 жылға арналған «Алматытеплокоммунэнерго» ЖШС, «Бастау» ҚКМ, «Тоспа Су» ҚКМ, «Су желісі» ҚКМ, «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-нда еңбегіне ақы төлеу жүйесінің параметрлері қарастырылды және келісілді.

Елбасының Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Дәлірек айтсақ қалада бағдарламаның «жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты іске асырылуда.

2014 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 2835 адамды құрады, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орынында істегендер – 698 адам, жастар іс-тәжiрибесiне жіберілгендер - 797 адам, оқу орындарында 2011 жылдан ауысқан контингенттен 741 адам кәсіби оқыту курстарынан өтуде.

2013 жылға бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі түзетілгеннен кейін 192,8 млн. теңгені құрады, түзетілгеннен жоспардан 189,5 млн теңге немесе 98,3% игерілді.

Бағдарлама қатысушылар сантехник, газоэлектросварщик, темір ұстасы, шаштараз, кондитер, жүргізуші, есепші және басқа да мамандықтар бойынша жұмыс істеді. Жастар практикасында бітірушілер заңгер, экономист, программист, есепші сияқты мамандықтар бойынша жұмыс істеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету мақсатында халықты әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік шараларға түсінік беру, жұмыс орындарын құруға, жастар іс-тәжірибесіне қатысу және еңбекке қабілетті халықты еліміздің экономикасына тартуға бағытталған Жұмыспен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.



Жыл басынан қаланың еңбек ұжымдарында 78 кездесулер өткізілді, оған 3,1 мыңнан астам адам қатысты. 68 семинарларға және дөңгелек столдарға қатысқан. Халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша газеттер мен журналдарда 93 мақала және сұхбаттар басылымға шықты, телеарналарда 64 баяндамалар, сюжеттер ұйымдастырылды. «Алматы қаласының Еңбек нарығы» газеті ай сайын шығарылды, онда кез келген қалаушы бос жұмыс орындары мәліметтерімен танысып, өзінің түйіндемесін орналастыруға болады. Жыл басынан бастап газеттің 10 номері шықты.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу аясында телеарналарда 32 телебағдарламалар, баяндамалар, сұхбаттар ұйымдастырылып, БАҚ-та 82 мақалалар мен ақпараттық хабарламалар жарияланды. KZ сайттарында 16 репортаждар орналастырылған. Қалалық меншіктік көліктерде, оқу орындарында, ірі сауда орталықтарында, қала нарықтарында, вокзал ғимараттарында, 8 электрондық билбордтарда, 15 электрондық баннерлерде және 1 стендте хабарландырулар орналастырылған. Метрополитен станцияларының медия тасымалдау-шыларында, қоғамдық көліктерінің мониторларында бейне жарнама орналастырылған. 20 қарашадан 31 желтоқсанға дейін «Алматы» телеарнасында жарнамалық ролик көрсетілді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет