2014 жыл ішінде мемлекетік қызмет көрсету мәселелері бойынша



жүктеу 73.48 Kb.
Дата27.02.2016
өлшемі73.48 Kb.
2014 жыл ішінде мемлекетік қызмет көрсету мәселелері бойынша

Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есеп


  1. Жалпы ережелер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімдемесі бекітілген. Тізімдемеге сәйкес Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары 52 қызмет түрін көрсетеді.



           

№ р/с

Мекеменің атауы

Мемлекеттік қызметтердің саны

Тегін негізде көрсетілетін қызметтердің түрі

Қағаз нысанда көрсетілетін қызметтер саны

Электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер саны

1     

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ

14

14

14

8

2     

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

18

18

18

6

3      

«Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ

4

4

4

3

4       

«Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

9

6

9

5

5    

«Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

4

4

4

2

6     

«Қарағанды қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ

1

1

1

0

7     

«Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ

2

2

2

1

 

Барлығы

52

49

52

25

     

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «бір терезе» принципі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімді болуы үшін жергілікті атқарушы органдар 14 қызмет көрсетеді, соның ішінде 1 қызмет баламасыз негізде тек қана ХҚО арқылы көрсетіледі.

2014 жыл ішінде Қарағанды қаласының атқарушы органдары жеке және заңды тұлғаларға 117591 мемлекеттік қызмет көрсетті, ол 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (103439 қызмет) 14152 қызметке немесе 12% артық.

Соның ішінде: ХҚО арқылы 13461 қызмет көрсетілді (2013 жылы – 15911 қызмет), 2450 қызметке немесе 15% төмендеді.

Электрондық үкімет порталы арқылы 8624 қызмет көрсетіледі.

«Е-әкімдік» және «Е-лицензиялау» автоматтандырылған жұмыс орны арқылы мемлекеттік органдарда 131 қызмет көрсетілді, қағаз түрінде мемлекеттік органдар 95375 мемлекеттік қызмет көрсетті (2013 жылы - 87528 қызмет) 7847 қызметке немесе 8% артық.

Есептік кезең ішінде неғұрлым көп талап етілген мемлекеттік қызметтер - «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» (16872 қызмет көрсетілді), «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу» (11165 қызмет көрсетілді), «Жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне қатысу үшін тұлғаларға жолдаулар беру» (10930 қызмет көрсетілді), «Балаларға арналған қосымша білім ұсыну» (9140 қызмет көрсетілді), «Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою» (8589 қызмет көрсетілді).


  1. Қызмет алушылармен жұмыс

Мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қажетті ақпарат орналастырылған.

Қарағанды қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тарауында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімдемесі, Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің тізбесі (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сілтемемен), электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің тізбесі және олардың нұсқаулықтары, «Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің порталы» және «Қарағанды облысының электрондық қызметтерінің порталы» баннерлері орналастырылған.

Тиісті тарауда қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.

Жыл ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламентері талаптарының бұзылуын алдын алу бойынша шаралар қабылданған.

2014 жылғы 16 қазанда «НИТ» АҚ және ХҚО өкілдері, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бойынша семинар өткізілді. Барлық қатысушыларға «Мемлекеттік қызметті табысты көрсетудің 7 принципі» буклеттері таратылды. Мамандарға кеңес беру көмегі көрсетілді.

Қарағанды қаласының мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 34 дөңгелек үстел өткізілді, БАҚ – мемлекеттік органдардың (ведомстволық бағынысты ұйымдардың) қызметкерлері 59 баяндама жасады.


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыруға және оларды электронды түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте назар аударылады.

Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарындағы автоматтандыру және оңтайландыруға тиесілі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесіне сәйкес 39 мемлекеттік көрсетілетін қызметті автоматтандыру қажет.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17 электрондық қызмет автоматтандырылған және электрондық үкімет порталына шығарылған. Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.

«Бір терезе» принципі бойынша ХҚО үлгісімен Қарағанды қаласының әкімдігінде 4 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді (Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі және Қарағанды қаласы әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі).

Осы шаралардың барлығы шенеуліктермен тікелей байланысты шектеуге, ол өз кезегінде билік құрылымдарында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы себептерін төмендетеді.




  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылу фактілеріне жол бермеу мақсатында Қарағанды қаласының әкімі 2014 жылғы 25 шілдеде Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдарының «Мемлекеттік қызметтерді көрсету» бағыты бойынша көрсеткіштерді жақсарту жөнінде шаралар жоспарын бекітті.

2014 жылғы 15 және 16 қазанда бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсетуді бақылау бөлімі мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары және тұрғын үй қатынастары бөлімдеріне тексеріс жүргізген.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыздар келіп түскен жоқ.

Есептік кезең ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан (117591) белгіленген мерзімдері бұзылып орындалғандары 406 қызмет (0,34 %).

Оның ішінде ХҚО арқылы - 385 қызмет (2013 жыл - 2), мемлекеттік орган арқылы 21 қызметтің (2013 жылы - 140) мерзімі бұзылып орындалды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылып орындалуы келесі мекемелерде орын алды:

- «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ – 328 қызмет (318 - ХҚО, 10 - мемлекеттік орган арқылы),

- «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ – 66 қызмет (барлығы ХҚО арқылы),

- «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ – 12 қызмет (1 - ХҚО, 11 - мемлекеттік орган арқылы).

Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімін бұзу себептерін жою бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.


  1. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыру және одан арғы тиімділік перспективалары

Қазақстан Республикасының Президенті алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында 2015 жылы электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нұсқаға ауыстыру бойынша жұмыс жалғастырылады. Ішкі бақылау және семинарларды жүргізген кезде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін зерттеу бойынша, сонымен қатар ХҚО қызметіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін енгізу бойынша бірлескен жұмыс жалғасын табады.



Жалпы алғанда 2015 жылғы жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын арттыруға бағытталады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет