2014 жылдың 1 тоқсандығы бойынша Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің іске асырған жұмыстары туралы ақпарат



жүктеу 106.27 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі106.27 Kb.
2014 жылдың 1 тоқсандығы бойынша Көкпекті аудандық білім беру бөлімінің іске асырған жұмыстары туралы ақпарат

2014 ж І тоқсанында білім беру бөлімімен ауданның білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылды.

Аудандық білім беру жүйесінде 45 мемлекеттік білім беру мекемелері кіреді,оның ішінде 41 жалпы білім беретін мектептер, 3 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемелері, 1-мектептен тыс (қосымша білім беру мекемесі). Сонымен қатар 2 мектеп жанындағы интернат. Көкпекті ауданының 4 мектебі толықкомплектілі ,37 мектеп шағын комплектілі болып табылады: 23 мектеп жалпы орта білім бағдарламасын және 12 мектеп негізгі мектеп бағдарламасын, 6 мектеп бастауыш білім бағдарламаларын жүзеге асырады. Оның ішінде 15 мектеп қазақ тілінде, 2 мектеп орыс тілінде, 24 мектеп аралас тілде жүргізіледі.

2014 жылдың 1 қаңтарында барлығы 4247 балалар мен жеткіншектер ұйымдастырылған білім беру мен тәрбиемен қамтамасыз етілген. Ауданның мектептері жоқ 18 ауылдық жерлерінде 430 оқушы тұрады, оның ішінде 396 (100 пайыз) оқушы күнделікті мектепке тасымалданумен қамтылған, 36 оқушы мектеп жанындағы интернаттарға орналастырылған. Мектепке оқушыларды тасымалдау 19 автобус және 2 микроавтобустар арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 2077 оқушы 14 мектептерге, оның ішінде 3 мектеп жанындағы интернаттарға жеткізіледі.

Көкпекті ауданының білім беру мекемелерінде 909 педагогикалық ұызметкерлер, оның ішінде жоғары біліммен-746 мұғалім, 82% құрайды, арнаулы орта біліммен 163 мұғалім, 18% құрайды. Жоғары санатты мұғалімдер -75, бірінші санатты-279, екінші санатты-280, санатсыз-275 мұғалім бар.

Осы саладағы ең маңызды мәселелердің бірі мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету болып отыр. Ауданда «Балапан» бағдарламасы сәтті іске асырылып жатыр. «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2010 жылмен салыстырғанда әр жыл сайын мектепке дейін білім беру мекемелері желісі өсуде.

Ұйымдастырылған жұмыстар балаларды мектепке дейін оқыту және тәрбиелеумен толық қамтуға қол жеткізді: 2010 жылы 5 бала бақшада 233 баланы қамтитын қосымша 5 топ және шағын орталықтарды 277 баланы қамтитын 10 топ ашылды. 2011 жылы 90 орынға арналған Көкпекті ауылындағы бала бақша ашылды; «Дәншік» бала бақшасында 75 балаға арналған қосымша топтар ашылды; 2012 жылы Мариногорка орта мектебінің шағын орталығында 17 орынға арналған қосымша топ жұмыс істей бастады; 2013жылы Жұмба негізгі мектебінің шағын орталығында 22 орындық топ ашылды. Аудан бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына 47 мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет жасайды, оларда 2190 бала мектепке дейінгі біліммен қамтылған. (2010 ж.- 1016 бала), воның ішінде - 3 бала бақша (568 бала), 3 бала бақша кешені( 228 бала) және 40 шағын орталықтар (1394 бала). Мектепке дейінгі білім берумен қамтудың жалпы саны - 1810 бала (100% 2-ден 6 жас аралығындағы балалар ), 2190 бала (100% 1-ден 6 жас аралығындағы балалар). Мектепалды даярлықпен қамтылуы- 100%.

Аудан оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жағдай жасау жұмысы әлі де жалғасуда. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған аудандық білім беру бөлімінің2013-2014 оқу жылына арналған іс-шаралары жоспары, ҰБТ дайындық және білім сапасын көтерудің кезеңдік жоспары құрылған. Аудандық білім беру мекемелерінің 2014 жылы ОЖСБ және ҰБТ қатысушы 9 және 11 сынып түлектерінің жинақтық базасы құрылған. ҰБТ форматында 1-тоқсан бойынша 10 байқау сынақтары алынған. Көкпекті орта мектебінің базасында наурыз айында Ұлттық тестілеу орталығының филиалы ашылды. Аманжолов атындағы ШҚМУ бірлескен жұмыс түрлері ұйымдастырылды.қосымша сабақтар мен кеңестер беру үшін «Шығыстың алтын қоры» жоғары оқу орындарына дайындау кафедрасының 8 оқытушысы шақырылды. 1-тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 56%.

Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша білім сапасы орта есеппен 56%, бұл 100% үлгерімі бойынша. Ауданда пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар; Көкпекті орта мектебінде 21 оқушы контингентіменфизика пәні сыныбы бар. 9-сынып оқушыларымен ОЖСБ-ға дайындық ретінде байқау сынақтарын тапсыру өткізілді. 2015 жылы PIZA халықаралық зерттеуге қатысатын мектеп (Преображенка ом) анықталды. Ауданның 7 мектебінде білім беру жүйесінің кешенді мониторинг сараптамасы жүргізілді; Новотимофеевка, Әуезов атындағы ом, Ұзынбұлақ, Преображенка, Абай атындағы ом (Ү), Мариногорка, Московка.

Білім беру мекемелерінде жұмыстар оқу жоспары және оқу кестесіне сай жүргізіледі.

Жыл бойы мектептер жанында «Дарын» орталығы филиалы жұмыс істейді. Республикалық сайыстарға, пән олимпиадаларына барлығы 3 оқушы қатысқан; Көкпекті ом, Әуезов атындағы ом, Преображенка ом. Оның ішінде 1 оқушы 1-орын, 1 оқушы - 2-орын, 1оқушы -3орындар алған. Облыстық қашықтықтан оқыту әдісімен зияткерлік сайыстар мен олимпиадаларға 550 оқушы қатысқан, оның ішінде 3-орында -6 оқушы, 2- орында -4 оқушы 1-орында 4 оқушы иеленген. 20 наурызда 118 бастауыш сыныптары оқушыларына аудандық пәндер олимпиадасы өткізілді. 1-орын алған 12 оқушы облыстық олимпиадаларына қатысуға жолдама алды.

«Тәрбие жұмысы орталығы» қосымша білім беру мекемелерінде 412 оқушы білім мен тәрбие алуда. «Тәрбие жұмысы орталығы» құрамына 2 саз мектебі және 2 шығармашылық үйлері кіреді. «Тәрбие жұмысы орталығында » көркемдік–эстетикалық бағыттағы 15 үйірмелер жұмыс жасайды.

Аудан мектептерінде 136 спорттық секциялар ұйымдастырылып, онда 1944 оқушы жаттықтырылады. 464 оқушы екі балалар және жасөспірімдер спорттық мектептерінде оқу –жаттықтырылады. Балалардың секциялық жұмыстармен қамтылуы спорт мектебін оқушыларын есепке алғанда 53,8% құрайды. Қысқы спорт түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінеді.Ауданда 20 хоккей қорабы бар, оларды мектеп балансына өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Қысқы спорт түрлерін дамыту үшін 2014 жылдың бюджетінен 28620,0 мың теңге қарастырылған. Волейболдан облыстық сайыстарда ауданның топтары 2-орын алды. Сонымен қатар облыстық армрестлинг бойынша оқушылар 3 және 4 орындарды иемденді, Республика чемпионатына ,одан әрі Азия чемпионатына қатысуға іріктеу турынан өтті. Семей қаласында бокстан өткен сайыстарда 2 оқушы 2-3- орындарды жеңіп алды. Қарағанды қаласында жеңіл атлетикадан өткен Республикалық сайыста 7-орынға табан тіреді. 12 ақпанда Казнаковка ом, 14 ақпанда Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептері базасында Кеңес әскерлерінің Ауған аумағынан шығарылуына 25 жыл толуына орай өткен қысқы-әскери сайыстарға ауданның 19 мектебі қатыстырылды.

Көкпеті орта мектебінде «Қазақстан жолы» білім беру-тәрбие орталығы құрылған және жұмыс істейді, оның материалды- техникалық базасының нығайтылуына 2641,168 мың теңге бөлінген.

Ауданда 323 оқушыны қамтитын «Жас ұлан» жасөспірімдер ұйымы бар. Әр ай сайын 8-11 сынып оқушылары үшін «Жас Отан» жастар қанаты көшбасшыларымен «Жастар салауатты өмір салты үшін» кеңжолақты акциясын өткізеді. Мұнда барлығы 172- ден астам оқушы қамтылған. 15 қаңтарда Көкпекті орта мектебі базасында ҰОС еске алу Авдеевтің 95 жылдығын атап өту аудандық шарасы ұйымдастырылды.

26 ақпанда облыстық «Алтай жұлдыздары» сайысына 17 мектеп қатысып, 5 қатысушы Республикалық турға өтті.

«Жасөспірім», «Дети в ночном городе», «Назар аударыңыз бағдаршам!» құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы бойынша 4 акция өтті.19-20 наурызда Көкжота орта мектебінің оқушылары«Қазақстан- менің елім» форумына қатысып, 3-орынға ие болды.

Ауданның орта білім беру мекемелерінде электрондық оқыту жүйесі e-Learning бағдарламасы аясында 5 мектепке енгізілді; №1 Самар орта мектебінде және Самар бастауыш мектебінде. Көкпекті ауданының барлық мектептерінде Интернет желісі ақпараттық ресурстары белсенді қолданыста. (в 7 мектепте Megaline технологиясы арқылы , 13мектепте спутниктік интернет, 23 мектепте Dial-upтәсілімен қосылған).

Мектеп кабинеттерін материалды-техникалық толықтыру, пән кабинеттерімен және құрылғылармен жабдықтау бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ауданның барлық орта мектептерінде нитерактивтік құрылғылар, арнаулы кабинеттер; 25 лингафондық және мультимедиялық кабинеттер және 50 жаңа модификациялық; химия-12, биология-17, физика-21 кабинеттері бар

Ауданның барлық мектептерінде ыстық тамақ ұйымдастырылған. Мектептерде барлық оқушыны ыстық тамақпен қамту демеушілер көмегі тарапынан, жалпыға міндетті білім беру қорынан және мектеп жанындағы тәжірибе учаскеелері өнімдері есебінен қарастырылған. Тегін ыстық тамақпен қамту бастауыш сынып оқушылары үшін ұйымдастырылған. 1789 (100%) оқушы және 869 (100%)оқушы аз қамтылған отбасы балалары, ауданның 38 мектебінде оқушылар сүтпен және балмен тамақтандыру қамтамасыз етіледі. 2014жылы қаңтар айында аудан мектептері мен кәсіпкерлері арасында келімім мемарандумын жүргізу бойынша жұмыстар атқарылды. Сүт және баллды жеткізу бойынша 47 шаруа қожалықтары басшылары және жеке кәсіпкерлермен аз қамтылған отбасы балалары санатына жатпайтын 5-11 сыныптың 1654 оқушыларын тамақтандыру үшін меморандумдар келісілді. 2014 жылдың 11 қаңтарында Үлкенбөкен «мектеп-балабакша» кешені базасында «Жалпы білім беретін мектептеріндегі жеке категориялы оқушылар мен тәрбиеленушілердің тегін тамақтануына ұсыныс бойынша құжаттарын қабылдау » мемлекеттік қызмет бойынша мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының семинары өтті.

23 қаңтар 5 ақпан аралығында аудан мектептерінде ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша жұмыстары тексерілді. Ауданның экономика және қаржыны жоспарлау бөлімі және білім беру бөлімімен ақпан-наурыз айларында 2014-2018 жылдарға арналған тірек ауылдық пункттер және аудан орталығын дамыту, 2014-2018 жылдарға арналған ауданның орталығын көгалдандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін қаржы бекітілді. Сонымен қатар қаңтар айында тізімдемеге сәйкес «Романовка негізгі мектебінің ғимаратында ағымдық жөндеу жұмысы» жобалық-сметалық құжаты өткізілді. Қаңтар айында аудан мектептері мен балабақшаларға ауцкион арқылы мемлекеттік сатып алу бойынша тас көмір сатып алу үшін шаралар жүзеге асырылды. Наурыз айында облыстық білім беру басқармасына Үлкенбөкен «мектеп балабақша» кешенінің төбесіне күрделі жөндеу жұмысы және Пантелеймоновка негізгі мектебінің ғимаратына ағымдық жөндеу жұмысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар өткізілді.

Ақпан айында ҚР білім және ғылым министрлігінің Д8 түріндегі және төлқұжат формасы жылдық есебі берілді. Мектептердің салынған уақыты, қолдануға берілген жылдары бойынша есеп құрастырылды. Мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы туралы есеп берілді. 2014 жылдың 1 тоқсаны бойынша педагогтың беделін, жағымды сипатын қалыптастыру үшін, педагог мамандығын насихаттау бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Наурыз айында аудандық пәндік әдістемелік бірлестіктердің кезекті отырысы, қаңтар педагогикалық оқулар өткізілді. Онда білім сапасын арттыру мәселелері бойынша жоғары санатты мұғалімдер іс-тәжірибелерімен бөлісті. Наурыз айында облыстық білім беру бөлімінің «Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі» атты сайысқа Болғанбаев атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі О. Рахымғалиев қатысып, 3-орын жеңіп алды.

Барлық категориялы педагогтар үшін барлығы 7 сайыс өткізілді. Наурыз айында «Жыл мұғалімі-2014» педагогикалық шеберлік сайысының аудандық кезеңі өткізілді. Аудандық семинарларға жалпы саны 82 мұғалім қатысып, 28 мұғалім шеберлік-класстар, баяндамалар, ашық сабақтар көрсеткен. «ШКМ басқарудың үздік моделі» атты аудандық сайыс өткізіліп, 2 мектеп облыстық сайысқа қатысып, Мариногорка орта мектебі 3-орын, ал Көкжота орта мектебінің тәрбие моделі алғыс хатпен марапатталды.

Қаңтар айынан бастап Кембридждік сындарлы тәсілмен оқыту бағдарламасы бойынша үшінші деңгей (базалық) бойынша ауданның жалпы білім беру мектептерінің 19 мұғалімі, екінші(негізгі) деңгей бойынша-5 мұғалім, бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша 6 мұғалімі оқытылып жатыр. Біліктілікті арттыру курстарында 53 мұғалім, басшы кадрларды дайындау курсынан 2 директор, 4 тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары өткен. Жалпы білім беру мектептерін оқулықтармен қамту бойынша білім беру бөлімімен 3,10 сынып оқушыларына арналған жаңа буын оқулықтарын сатып алуға және басқа сынып оқулықтары қорын жинауға қаржылық бағдарлама құрылды.

Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды оқыту жалпы білім беру мектептері базасында жүзеге асырылып келеді. Мүмкіндігі шектеулі 24 бала жеке тегін және үйде оқытумен қамтамасыз етілген, мектеп жасындағы 21 бала денсаулықтарындағы түрлі ауырпалықтарына байланысты оқытуға жатпайды. Түзету- көмек көрсетуді үйлестіру денсаулығына байланысты әр түрлі ауытқулары бар балаларға көмек көрсету үшін 49 баланы қамтитын псохолого-медико-педагогикалық түзету-көмекті үйлестіру кабинеті жұмыс істейді. 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, мүгедек-балалардың оқу-жұмыс орындарын бағдарламалық-техникалық құралдармен жабдықтау мақсатында үйде оқитын дене қозғалысы аппараты бұзылған және дамуында эмоциялық-еркіндік ауытқулары бар балаларға 19 комплект құрылғылар сатып алынды.

Соматикалық аурулармен ауыратын балаларға 7 комплект құрылғылар сатып алынды. Республикалық бюджеттен осы мақсатқа барлығы 13,0 млн.теңге астам қаражат бөлініп, игерілді.

Үйде оқытуға арнайы компьютерлік құрылғыларды пайдалану, білім берудің электрондық ресурстарын қолдану, көрнекі құралдардың, интерактивті құрылғылардың элементтерін қолдану арқылы мүгедек балалардың оқу материалын жақсы қабылдауына жағдай туғызу қалыптастырылған.

5 мектепте инклюзивті оқытуға жағдай жасалған, ол 11,1 % құрайды. Ата-анасының қамқорынсыз қалған 55 бала бар. ҚР Үкіметінің 2011 жылы 1 тамыздағы № 893 қаулысына сәйкес ата-анасының қамқорынсыз қалған бабалар тізімінде тұрған 53 бала әр ай сайын 17310 теңге көлемінде ақшалай жәрдемақы алады.

Патронаттық тәрбиеде 5 бала бар. Мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды оқыту жалпы білім беру мектептері базасында жүзеге асырылып келеді. Мүмкіндігі шектеулі 24 бала жеке тегін және үйде оқытумен қамтамасыз етілген. Үйде оқытылатын 25 балаға 2,0 млн. теңгеден астам қаражатқа бағдарламалық техникалық құрылғылар сатып алынды. Ата-анасының қамқорынсыз қалған 126 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекке қойылған.

Тоқсан бойы азаматтарды қабылдау, хаттармен жұмыс және білім беру қызметіне қатысты әр түрлі мәселелер бойынша кеңес-көмектер көрсету жүзеге асырылды.

ҚР үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 «Ғылым және білім беру саласында Қазақстан Республикасының жергілікті орындаушы органдары және білім Министірлігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» қаулысына сәйкес білім беру бөлімінде 15 мемлекеттік қызмет түрі , оның ішінде бөлімде 5 мемлекеттік қызмет тікелей электрондық түрде көрсетіледі. Басқа мемлекеттік қызметтер ауданның білім беру мекемелерінде көрсетіледі: «Жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету құжаттарын жинау»; «Ата-анасының қамқорынсыз қалған бабалар туралы анықтамалар беру»; «Зейнетақы қорларына анықтамалар беру, кәмилетке жасы толмағандардың еспшотындағы салымдарды жұмсау туралы бланклер, кәмилетке жасы толмағандардың мұраларын құжаттандыру үшін анықтама, ҚР ішкі істер министірлігі жол поициясы Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне анықтама беру»; «Кәмилетке жасы толмаған балалардың меншігіндегі мүлкіне қатысты келісімдер жүргізуді құжаттау үшін ата-аналарды қамқорлыққа алу органдарына анықтама беру»; «Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезекке тұрғызу» ҚР үкіметінің қаулысымен бекітілген білім беру бағыты бойынша нақтылы стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету ережесі туралы (қазақ және орыс тілдерінде) толық ақпараттар стендісі ілінген. Білім беру бөлімінің басшысының «Білім беру бөлімі бойынша мемлекеттіқ қызмет көрсету туралы есеп беруді қалыптастыру міндеттерін жүктеу туралы» бұйрығымен нақтылы жауапты адамдар анықталған. Білім беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде алғашқы тіркеу - мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу және есептеу журналы (әр қызмет түріне) ұйымдастырылған. Мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жоғарыда айтылған мемлекеттік қызметтер 100% электрондық түрде көрсетілетін болады. (Е- әкімшілігі базасы 22.04.2013 ж. құрылған )2014 жылдың 1-тоқсаны қорытындысы бойынша барлығы 42 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілген, оның ішінде 36-сы электрондық Е-Әкімшілік түрінде көрсетілген.

1-тоқсан бойынша наурыз айында білім беру кеңесімен 3 білім беру мекемелері басшыларының кеңесі, әр ай сайын білім беру бөлімінің бастығы жанындағы аппараттық кеңес өткізіледі. Физикалық және заңды тұлғалардың қаралымдарын қарау бойынша жұмыстар ҚР 2007 ж 12 қаңтарындағы «Физикалық және заңды тұлғалардың өтінііштерін қарау ережесі туралы» № 221-ІІІ Заңнамасының талаптарына сай жүзеге асырылады.

2014 ж 1-тоқсаны бойынша аудандық білім беру бөліміне 9 өтініш түскен және қаралған, оның ішінде 9 да физикалық тұлғалардан. Барлық өтініштерге жауаптар берілген. Жауаптардың дені жұмыспен қамтуға байланысты. Азаматтардың өтініштерін қабылдау, қараудан басқа да білім беру бөлімінің басшысымен әр тоқсан сайын кестеге сәйкес әр ай сайын кемінде 1 рет азаматтарды қабылдау жүргізіледі.



Білім беру бөлімінің басшысы Ш.Мустафинова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет