2014 жылдың 12 айында азаматтық істерді апелляциялық тәртіпте қараудың сот тәжрибесінің талдауы



бет1/2
Дата22.02.2016
өлшемі472.85 Kb.
#1511
  1   2


2014 жылдың 12 айында азаматтық істерді

апелляциялық тәртіпте қараудың сот тәжрибесінің

ТАЛДАУЫ

2015 жылдың 19 қаңтары Тараз қаласы.




Талдаудың жоспары.

1. Талдаудың негіздемесі және мақсаты.

2. Статистикалық мәліметтер.

3. Нормативтік-құқықтық база.

4. Соттармен істерді қараудың сот тәжрибесінің талдауы.

5. Талдау нәтижесіндегі тұжырымдар және ұсыныстар.



1. Талдаудың негіздемесі және мақсаты.
Жамбыл облыстық сотының бірінші жарты жылдыққа арналған жоспарын орындау мақсатында 2014 жылдың 12 айында азаматтық істерді апелляциялық тәртіпте қараудың сот тәжрибесіне талдау жасалынды.

Талдаудың мақсаты азаматтық істерді апелляциялық тәртіпте қарау кезінде материалдық және іс жүргізу құқық нормаларының дұрыс қолдануын зерделеу, нормативтік-құқықтық актілерді қолдануда жіберілген қателіктерді табу, және де біркелкі сот тәжрибесін құрудағы ұсыныстарды жасау болып табылады.


2. Статистикалық мәліметтер.

2014-жылдың 12 айында Жамбыл облысының аудандық және оларға теңестірілген соттармен барлығы 22 842 азаматтық істер қаралған, оның ішінде апелляциялық және кассациялық тәртіпте 86 шешім бұзылып, ол барлық қаралған істердің 0,4 %-ын құраған, 272 шешім өзгертіліп, ол барлық қаралған істердің 1,2 %-ын құраған.

2013 жылдың ұқсас кезеңінде облыс соттарымен 16 125 іс қаралған, бұзылған шешімдердің саны 86 немесе 0,5 %, өзгертілген шешімдердің саны 186, немесе барлық қаралған істердің 1,1 %-ын құраған.

Келтірілген сатистика талданып отырған кезеңді былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азаматтық істерді соттардың қарау сапасының бұылған шешімдер бойынша жақсарғандығын көрсетсе, ал өзгертілген шешімдер бойынша істерді қарау сапасы төмендеген.

Істерді сотта қарау сапасының ең төменгі мөлшері Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында байқалған (бұзылған шешімдер саны – 42, немесе 0,8 пайыз, өзгертілген шешімдер саны – 75, немесе 1,4 пайыз, ең төменгі көрсеткіштер судьялар Н.А.Аманжоловта – 2,3 пайыз, Г.М.Кожантаевада – 0,9 пайыз, З.А.Габоевада – 0,9 пайыз), Тараз қалалық сотында байқалған (бұзылған шешімдер саны – 33, немесе 0,4 пайыз, өзгертілген шешімдер саны – 117, немесе 1,3 пайыз, ең төменгі көрсеткіштер судьялар В.Н.Мирошников – 1,7 пайыз, Э.Ж.Бекжанова – 1,3 пайыз, А.А.Нурлыбекова – 0,7 пайыз), Жамбыл аудандық сотында байқалған (бұзылған шешімдер саны – 2, немесе 0,3 пайыз, өзгертілген шешімдер саны – 7, немесе 1,0 пайыз, ең төменгі көрсеткіштер судьялар Х.А.Косалиевада – 0,3 пайыз, Г.А.Алимкуловада – 0,3 пайыз), Қордай аудандық сотында байқалған (бұзылған шешімдер саны – 3, немесе 0,3 пайыз, өзгертілген шешімдер саны – 10, немесе 1,2 пайыз, ең төменгі көрсеткіштер судья Б.Т.Турлыбаевта – 0,6 пайыз).

2014 жылдың 12 айында апелляциялық тәртіпте қарау үшін түскен барлық істердің саны – 1033, есеп беру кезеңінің басына аяқталмаған істердің қалдығы – 69, есеп беру кезеңінде аяқталған істердің барлық саны – 871, қаралмай алқадан алынған істердің саны – 33, қайтарылып алынған апелляциялық шағымдардың (наразылықтардың) саны – 55.

Талдау жүргізу кезеңінде апелляциялық тәртіпте бірінші сатыдағы соттардың 64 шешімдері бұзылса, 263 шешімдері өзгертілген. Кассациялық тәртіпте бірінші сатыдағы соттардың апелляциялық сатымен бұзылған 1 шешімі, өзгертілген 5 шешімі қалпына келтірілген (А.Е.Есенбай – 1 бұзылған шешімі, Г.А.Асылбектің – 2, Б.Т.Таласовтың, А.А.НУрлыбекованың, Е.М.Аккулиевтің бір-бір өзгертілген шешімдері).
3. Нормативтік-құқықтық база.
Азаматтық істерді апелляциялық шағым, наразылықпен қараудың тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі – АІЖК) 41-тарауымен реттеледі.

Оның ішінде, апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюдың не оны өзгертудің негіздемелері АІЖК-нің 364-бабында көрсетілген. Осы бапқа сәйкес:

1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге:

1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы;

2) бірінші сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;

3) бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі;

4) материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.

2. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күшін бір ғана үстірт пікірлер бойынша жоюға болмайды.

АІЖК-нің 365-бабына сай: «Материалдық құқық нормалары, егер сот:

1) қолданылуға тиісті заңды қолданбаса;

2) қолданылмауға тиісті заңды қолданса;

3) заңды дұрыс түсіндірмесе;

4) заңға ұқсас қалыпты немесе құқыққа ұқсас қалыпты дұрыс қолданбаса, бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі».

Ал, АІЖК-нің 366-бабына сәйкес «Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші мына жағдайларда, егер:

1) істі бұл істі қарауға құқығы жоқ судья қараса;

2) сот, істі сот отырысының уақыты мен орны хабарланбаған, іске қатысушы адамдардың біреуі болмаған жағдайда қараса;

3) істі қарау кезінде сот ісі жүргізіліп отырған тіл туралы ереже бұзылғанда;

4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелерді шешкенде;

5) шешімге судья қол қоймағанда немесе шешімде көрсетілгеннен басқа судья қол қойғанда;

6) істе сот отырысының хаттамасы болмағанда;

7) істе осы Кодекстің 255-бабына сәйкес жасалуы міндетті жеке іс жүргізу іс-әрекетінің хаттамасы болмағанда шағым, наразылық дәлелдеріне қарамастан жойылуға тиіс».

Аталған тарауда іс бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қарамай қалдыру арқылы шешімнің күшін жою негіздері қарастырылған. Яғни, АІЖК-нің 367-бабына сай: «Осы Кодекстің 247, 249-баптарында аталған негіздер бойынша іс жүргізуді қысқарту немесе арызды қарамай қалдыру арқылы сот шешімінің күші апелляциялық тәртіппен жойылуға тиіс».

Сонымен қатар, сот актілерінің қандай жағдайда негізді, заңды болатындығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешiмi туралы» №5 нормативтік қаулысында көрсетілген.
4. Соттармен істерді қараудың сот тәжрибесінің талдауы.
Жүргізілген талдау сот шешімдерінің АІЖК 364 бабының 1 бөлігінде көрсетілген барлық негіздермен бұзылғандығын және өзгертілгендігін көрсетеді, атап айтқанда:

- іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы (аталған баптың 1 тармақшасы) – 603 шешім;

- бірінші сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі (аталған баптың 2 тармақшасы) – 8 шешім;

- бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың істің мән-жайына сәйкес келмеуі (аталған баптың 3 тармақшасы) – 78 шешім;

- материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы(аталған баптың 4 тармақшасы) – 190 шешім.

Бұдан басқа, келесі негіздер бойынша шешімдер бұзылған:

- талап арызды қараусыз қалдыруға байланысты – 5 шешім;

- азаматтық істің өндірісін қысқартуға байланысты – 7 шешім, соның ішінде талаптан бас таруына байланысты – 1 шешім.

Осылайша, бірінші сатыдағы соттармен жіберілетін біркелкі қателіктер материалдық және іс жүргізу нормаларын дұрыс қолданбау, іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауымен байланысты болып отыр.

Төменде, бірінші сатыдағы сот судьяларымен жиі жіберілетін қателіктер бойынша бұзылған немесе өзгертілген шешімдердің мысалдары келтіріледі.


АК-нің 719 бабының 1 бөлігіне сәйкес заем нысанасы оны заемшығы берген немесе оның банктегі шотына тиісті ақша қаражаты есептелген кезден бастап берілген деп есептеледі.

Тараз қалалық сотының 21.10.2013 жылғы шешімімен «Борышқорлармен жұмыс істеу бюросы» ЖШС-нің А.А.Корпебаеваға 615 025 тенге көлеміндегі қарызды өндіру туралы талабы толық қанағаттандырылған. (судья Ш.Ә.Айнақұл).

Алайда, апелляциялық сатыдағы сотпен аталған шешім бұзылып 20.01.2014 жылғы №2а-2-14 апелляциялық шешіммен жауапкердің заем ретіндегі ақша қаражын алғандығы фактісі өз дәлелін таппағандықтан талапты қанағаттандырудан бас тартылған.

Дәлірек айтқанда, талап қоюшымен заемды бергендігінің дәлелі ретінде сотқа А.Корпебаеваның қолы қойылған 23.04.2007 жылғы шығын-кассалық ордерінің көшірмесі ұсынылған. Алайда, талап қоюшы сотқа аталған құжаттың түпнұсқасын ұсына алмаған. Бұл жайт АІЖК-нің 83 бабының 3 бөлігіне қарама-қайшы келеді, себебі осы нормаға сәйкес сотқа жазбаша дәлелдемелердің түпнұсқасы ұсынылуы тиіс. Егер сотқа құжаттың көшірмесі ұсынылса, қажет болған жағдайда, сот оның түпнұсқасын сұратып алуға құқылы.

Сондықтан, судьяға ұсынылып жатқан құжаттардың растығына баса көңіл аударуы қажет еді.

Тұлғаның өзінің тұрғын жайға иелік етудің заңдық негізінің жоқтығын білгендігі, оны осы мүлікке өзінің мүлкі ретінде иелік етуі деп санауға болмайды.

А.Е.Рысмагамбетова жылжымайтын мүлікке иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тану туралы талап арызбен сотқа жүгініп, онысын Тараз қаласы, 7 мөлтекаудан, 46 үй, 31 пәтерде 2003 жылдан бері тұрып келе жатқандығына, пәтердің барлық коммуналдық төлемдерін төлеп келе жатқандығына негіздеген.

Тараз қалалық сотының 24.12.2013 жылғы шешімімен талап қанағаттандырылған (судья Г.А.Асылбек).

Алайда, бірінші сатыдағы соттың талапты қанағаттандыру қажет деп тапқан тұжырымы апелляциялық сатыдағы сотпен негізссіз деп танылған.

Іс құжаттарынан көрінгендей, талап қоюшы аталған пәтерге 09.09.2003 жылы «Тұрғын жай» МКК-ның рұқсатымен орналастырылған және осы уақыттан бері сол жерде тұрып келген. Сотпен анықталғандай даулы пәтер Тараз қаласының әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысының арызы бойынша 27.05.2010 жылдан бері иесіз ретінде арнайы есепте тұрған. Сонымен қатар, тіркеуші органмен 15.06.2010 жылы «Тұрғын жай» МКК-ның директорының орынбасарының 10.06.2010 жылғы пәтерді иесіз деп есепке алу туралы хабарламасы тіркелген.

АК-нің 240 бабына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 20.04.2006 жылғы «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» №3 Нормативтік қаулысының 10 тармағына сай иеленудің адалдығын тұлғаның тұрғын үйді заңды жолмен иеленуі, яғни заңмен, өзге құқықтық актілермен тікелей танылған немесе оларға қайшы келмейтін, бірақ құқықтық ресімделмеген (мысалы, тұрғын үй иесінің сатып алу-сату, жалға беру шарттарының заңда көзделген нысандарын сақтамай беруі және тағыда басқа) әрекеттер мен оқиғалардың нәтижесінде тұрғын үйдің осы иеленушіде болуы білдіріледі.

Аталған жағдайда талап қоюшыны пәтерге заңмен танылатын жағдайлардың нәтижесінде иелік ете бастады деуге құқықтық негіздер жоқ, себебі ол пәтерде уақытша тұрған, және де онымен бастапқыда жасасқан жалға беру шарты созылмаған.
АІЖК-нің 364 бабының 1 бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға материалдық нормалардың немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы негіз болып табылады.
«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы сотқа жауапкер В.Р.Кимге газ құрылғыларының жұмыс жобасына сәйкессіздігінің салдарынан келтірлген 970 318 теңге шығынды өндіруді сұрап талап арызбен жүгінген.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 10.04.2014 жылғы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 500 000 теңге өндірлген, талаптың басқа бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған (судья А.Е.Есенбай).

Алайда, аталған сот шешім Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі апелляциялық сот алқасының (бұдан әрі – апелляциялық алқа) 23.06.2014 жылғы қаулысымен өзгертіліп, талап қоюшыға келтірілген шығын толық көлемде өндірілген.

Сот отырысында анықталғандай 05.11.2013 жылы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ының Жамбыл облыстық филиалының ішкі қадағалау бөлімі қызметкерлерімен жеке кәсіпкер В.Р.Кимге тиесілі «Респект» кафесінде тексеру жүргізіліп, ондағы газ қондырғыларының жұмыс жобасына сәйкес емес екендігі, атап айтқанда, 2 камфорлық газ пешінің (ПГ-4) орнына екі 4 камфорлық газ пешінің өз бетінше орнатылғандығы анықталған. Бұл жайт газды пайдаланудың ережелерін өрескел бұзу болып табылатындықтан, талап қоюшы артық пайдаланылған газ мөлшерін ережелерге сәйкес анықтап, оның көлемі 46 576,33 метр куб екендігін, оның ақшалай құны 970 318,45 теңге болатындығын анықтаған.

Бірінші сатыдағы сот осы жайттардың барлығын дұрыс анықтап, бірақ, қолданылуға жататын заң нормаларын дұрыс қолданбай, өндірілуге жататын шығынның көлемін негіссіз 500 000 теңгеге дейін төмендеткен.

Көрсетілген кемшіліктерді болашақта болдырмау мақсатында апелляциялық алқамен сот төрағасының атына тиісті хат жіберілді.


Соттарда мұрагерлікке қатысты істер бойынша шеуді қажет ететін белгілі бір мәселелер бар.

Егер бір жағдайда соттар, жеткілікті дәлелдемелердің бар екендігіне қарамастан мұраны қабылдаудың мерзімін қалпына келтіруден негізссіз бас тартып отырса, келесі бір жағдайларда керісінше, дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне қарамастан мұраны қабылдаудың мерзімін қалпына келтірген.



Мұрагерлердің бірінші кезегіндегі Л.К.Бишалиева, проживающая Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында тұрып жатып сотқа мұрагерлердің бірінші кезегіндегі басқа мұрагері Г.К.Баярисоваға 23.03.2013 жылы қайтыс болған әкелері К.Баярисовтан кейінгі мұраны қабылдаудың мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызбен жүгінген.

Тараз қалалық сотының 16.05.2014 жылғы шешімімен талап мерзімді өткізіп алудың дәлелді себептері жоқ деген сарынмен қанағаттандырусыз қалдырылған (Г.С.Бегимбетова).

Апелляциялық сатыдағы сотпен шешім бұзылып, оның 11.07.2014 жылғы апелляциялық шешімімен Л.К.Бишалиеваға мұраны қабылдаудың мерзімі қалпына келтірілген.

Апелляциялық сатыдағы сот өз тұжырымын талап қоюшының 2 топтағы мүгедек екендігі, адам қозғалған кезде ауыратын ауруы бар екендігі, және де ол тұлғаның басқа мемлекетте тұрып, оның жүріп-тұруына белгілі бір қаражаттың қажет екендігі мұраны уақытылы қабылдай алмағандығына себеп болғандығымен негіздеген.



Келесі жағдайда, Тараз қалалық сотының 11.07.2014 жылғы шешімімен И.И.Каратаеваның к И.В.Осиховқа, А.И.Осиховқа шешелері қайтыс болғаннан кейінгі мұраға мұраны қабылдаудың мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызы қанағаттандырылған (Э.Ж.Бекжанова).

Бұл жағдайда сот, шешімде заң нормаларына сілтеме жасай отырып өз шешімін тіпті де негіздемеген. Сот шешімінде көрсетілмеген куәлердің жауаптарына сілтеме жасай отырып сот, өтіп кеткен мерзімді қалпына келтірудің дәлелді себебі ретінде талап қоюшының заңдық сауатсыздығына негіздеген.

Алайда, апелляциялық сатыдағы сот, талап қоюшының заңды білмегендігін мұраны қабылдаудың мерзімін қалпына келтірудің дәлелді себебі ретінде танылмайтындығына баса көрсеткен.

Сонымен қатар, талап қоюшының мұраны қабылдауға оның материалдық жағдайының төмендігін де, апеллциялық сатыдағы сот мұраны қабылдауға кедергі болған жайт ретінде санамаған.

Бұған қоса, осы істер бойынша міндетті болып табылатын талап қоюшының сотқа оның мұраны қабылдауға кедергі болған жайттар жойылғаннан кейін алты айдың ішінде сотқа жүгінгендігі де өз дәлелін таппаған.

Сондықтан, аталған сот шешімі бұзылып алқаның 13.10.2014 жылғы апелляциялық шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылған.

АК-нің 944 бабының 1 тармағында көрсетілген өтемге құқығы бар азаматтың талабы бойынша оған тиесiлi төлемдердi бiр жолғы, бiрақ үш жылдан артпайтындай етiп тағайындауға негіз болатын дәлелдi себептер расталуы тиіс.

А.Муратбаева сотқа жауапкер «Alliance – страхование жизни» сақтандыру компаниясы» АҚ-на асыраушысының өліміне байланысты бір жолға аннуитеттік төлем ретінде төленетін шығынды өндіру туралы талап арызбен жүгініп, онысын аталған соманың өзіне тиесілі тұрғын-жай сатып алуға қажет екендігіне негздеген.

Тараз қалалық сотының 24.09.2014 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына асыраушысының өліміне байланысты бір жолғы аннуитеттік төлем ретінде төленетін 1 336 140 тенге мөлшеріндегі шығын өндірілген судья (Ибраева З.М.).

Алайда, соттың бұндай тұжырымдарымен апелляциялық сатыдағы сот келіспей сот шешімін бұзыпы, өзінің 08.12.2014 жылғы апелляциялық шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

Аталған шешімін апелляциялық сатыдағы сот дәйкетер мен ұсынылған дәлелдемелердің талап қоюшыға үш жылдан аспайтын уақытқа бір жолғы төлемді өндіруге дәлелді себептердің бар екендігін куәландырмайтындығына негіздеген.

Талап қоюшы 23 222 теңге көлеміндегі зейнетақы алады. Оған төленетін айсайғы аннуитеттік төлемдердің мөлшері 37 115 теңгені құрайды. Тиісінше оның ай сайынға пайдасы 60 337 теңгеге тең.

Талаптың төлемдерді бір жолғы төлем ретінде алуға жататын қаражаттың тұрғын-жай сатып алуға қажет екендігі туралы уәждері тиісті және жеткілікті дәлелдемелермен өз бекімін таппаған.

Бұған қоса, талап қоюшы өндіріп беруді сұрап отырған қаражаттың мөлшері Тараз қаласында тұрғын-жай сатып аулға жеткіліксіз.

Жоғарыда көрсетілген жайттар сотқа талап қоюшының пайдасына үш жылдан аспайтын уақытқа бір жолғы төлемді өндіруге дәлелді себептердің бар екендігі туралы тұжырым жасауға кедергі болған.
Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса ол өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.
Материалдық заңның дұрыс қолданылмауының бір мысалы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «2038 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) жауапкер жеке кәсіпкер «Айгеримді» (басшысы Салыкова Айгерим Серикбайкызы) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және шарт міндеттемесін тиісті орындамағандықтан айыппұл сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық ісін келтіруге болады.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 13.12.2013 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған (судья Г.М.Тажиева).

Алайда, апелляциялық алқаның 26.02.2014 жылғы қаулысымен соттың бұл шешімі өзгертіліп, шешімнің жауапкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талаптың қанағаттандырусыз қалдырылған бөлігінің күші жойылған, осы бөлікте талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған. Жауапкер мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған.

Іс құжаттарымен анықталғанындай, жабық конкурс тәсілі бойынша мемлекеттік сатып алу негізінде 30.01.2013 жылы Мекеме мен жауапкердің арасында шекара бөлімшілерінің кір киімін жуу қызметін көрсету жөнінде, 3 682 185 теңге мөлшерінде, №12 шарт жасалған.

Алайда, Мекемемен 17.09.2013 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу ресми сайтында мониторинг өткізу барысында жауапкердің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрғаны анықталған.

Бірінші сатылы соттың талаптың жауапкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы бөлігін талап қоюшының сотқа талап арызбен қайрылу мерзімін өткізіп алған, деген негізбен қанағаттандырусыз қалдырған тұжырымы дұрыс емес.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса ол өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.

Заңның 11-бабының 4-тармағының 2) тармақшасына сай осы Заңның 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы тізіліміне енеді.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 19.01.2012 жылғы сырттай шешімімен ЖК «Айгерим» Салыкова А.С. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп танылған. Заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде ол 25.04.2012 жылы тізілімге еніп, одан 23.08.2013 жылы шығатындығы мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілген (іс беті 17-20). Бұл факті талап қоюшыға 17.09.2013 жылы белгілі болып, ол жауапкерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа Заңда көзделген мерзімде, яғни 10 жұмыс күнінің ішінде 21.09.2013 жылы жолданған.

Осылайша, бірінші сатылы соттың іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін дұрыс анықтамауы және материалдық заң нормасын дұрыс қолданбауы анықталған.


Жауапкерді соттың орны мен уақытысы туралы жете хабардар етпегендігі сот шешімін бұзуға негіз болды.

Тараз қалалық сотының 06.01.2014 жылғы сырттай шешімімен «БТА Банк» АҚ-ның С.Р.Туганбаевқа қарызды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылған (судья Б.Қ.Манкетегі).

Апелляциялық сот сатысында келесі жайттар анықталған: 06.01.2014 жылғы сот отырысы туралы жауапкер телефонограмма арқылы хабардар болған. Телефонограммаға сәйкес, оны сот хатшысы Кайратбекулы А. 34-75-59 қызтеттік телефоны бойынша 18.12.2013 жылдың сағат 15-20-да жіберліген. 46-25-79 телефон бойынша қабылдап алған жауапкер: Нурхат.

Алайда, іс бойынша жауапкер ретінде тартылған тұлға ол С.Р.Туганбаев, осы жауапкер істің уақытысы мен орны туралы жете хабардар болды деген мәлімет азаматтық іс-құжаттарында жоқ.

18.12.2013 жылы тағайындалған сот отырысы туралы да жауапкер жете хабардар болмаған.

Аталған жайттар сот шешімін АІЖК-нің 366 бабының 1 бөлігі 2 тармақшасына сай бұзуға негіз болып табылған.

Айта кететін бір жайт, осы істі апелляциялық сатыда қарау нәтижесінде іс бойынша бірінші сатыдағы сотпен шығарылған сырттай шешім сияқты дәл сондай шешім шығарылған.
Мемлекеттік қызметке сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды қабылдауға болмайды.
Меркі аудандық сотының 17.03.2014 жылғы шешімімен А.Т.Исаеваның жұмысқа қайта орналастыру туралы талабы қанағаттандырылып, ол бұрынғы жұмыс орнына қайтадан қалпына келтірілген, лажсыз бос жүрген уақытына оның жалақысы өндірілген (судья Кенбаев Е.С.)

Іс құжаттарынан көрінгендей А.Т.Исаева 01.04.2011 года Меркі ауданының әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы лауазымына уақытша тағайындалып, ал арнайы тексерісті өткеннен кейін 25.07.2011 жылы тұрақты түрде тағайындалған. 30.12.2014 жылы Әкімнің өкімімен және де Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқарамысының рұқсатымен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы лауазымына ауыстырылған.

08.01.2014 жылы Әкімнің өкімімен бұл лауазымынан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 27 бабы 1 тармағы 7-5) тармақшасы, 10 бабының 6-2) тармақшасына сәйкес – мемлекеттік қызметке тағайындау кезінде Заңмен белгіленген талаптарына сәйкес келмегендіктен босатылған. Атап айтқанда, оның мемлекеттік қызметке түспей тұрып сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандығы анықталған.

Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандыра отырып өз тұжырымдарын келесідей негіздеген. Яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 77 бабының ережелерін басшылыққа ала отырып, соттылықтың алынып тасталынуы соттылықпен байланысты барлық құқықтық салдарды жояды деген тұжырымға келген. Өйткені Меркі аудандық сотының 12.12.2008 жылғы қаулысымен А.Т.Исаевадан оны ҚК-нің 312 бабаның 2 бөлігіндегі, яғни пара беру қылмысы бойынша соттылығы алынып тасталынған.

Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сот, талап қоюшыны жұмыстан бостау туралы бұйрық тұлғаны сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартудың заңмен белгіленген мерзімдерінен тыс шығарылған деген тұжырымға келген.

Алайда, аталған тұжырымдар апелляциялық алқамен негіссіз деп табылып, іс бойынша шығарылған сот шешімі бұзылған, 06.05.2014 жылы талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа апелляциялық шешім шығарылған.

Апелляциялық сот осындай шешім шығара отырып өз тұжырымдарын келесі жайттарға негіздеген:

Заңның 1 бабының 10) тармақшасына сай мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi.

Мемлекеттік қызмет туралы заң мемлекеттік қызметшінің мәртебесін айқындай отырып, оған құқықтық табиғаты мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметте тұрған кезінде ие бола алмайтын, құқықтармен байланысты шектеулер қояды. Заңмен белгіленген бұндай шектеулердің мемлекеттік қызметті атқарып жүргенімен қоса, осындай қызметке қабылданар кезінде де өз күші болады.

Осылайша, осындай шектеулер мемлекеттік қызметпен байланысты және олар конституциялық құрылысты, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы қажеттілігімен ақталынады.

Заңның 10 бабында белгілі бір жағдайларда азамат мемлекеттік қызметке қабылдана алмайтын, ал мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметте бола алмайтын құқықтық шектеулер қарастырылған. Бұндай жайттар сөзссіз және императивтік сипат түрінде болады, және оларды сақтау міндетті болып табылады.

Заңның 10 бабының 6-2) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметке сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды қабылдауға болмайды.

Істің құжаттарына сәйкес талап қоюшы 06.05.2008 жылғы сот үкімімен ҚК-нің 312 бабының 2 бөлігіндегі көрсетілген қылмысты жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жазаға тартылған. Бұл қылмыс сыбайлас жемқорлық қылмыстарының қатарына жатады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн мемлекеттiк лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негiз болып табылады.

Аталған жағдайда соттылықтың жойылудың құқықтық мағынасы жоқ, себебі заң шығарушымен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғалардың мемлекеттік қызметке түсудегі тиым заңмен нақты анықталған.

Жоғарыдағыларды негізге ала отырып, апелляциялық алқа, мемлекеттік қызметке тұрар кезінде А.Т.Исаева заңда белгіленген мемлекеттік қызметшіге тағылатын талаптарға сәйкес болмаған деген тұжырымға келген.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы сот шешімінің күшін жоюға негіз болып табылады (АІЖК-нің 364 бабының 1 бөлігінің 1) тармақшасы).

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 17.02.2014 жылғы шешімімен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ының жауапкер жеке кәсіпкер Д.Ж.Сарсенбаевқа газ қондырғыларының қуатын асыру нәтижесінде келтірілген 8 169 555 теңге шығынды өндіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 916 956 теңге шығын өндірлген, талаптың басқа бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған (судья Г.М.Қожантаева).

Апелляциялық алқаның 28.05.2014 жылғы қаулысымен аталған сот шешімі өзгертіліп, шешімнің жауапкерден 916 956 теңге шығын өндіру туралы бөлігі бұзылып, талаптың осы бөлігін қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарылған.

Талап арыз жауапкердің газ қондырғыларының қуатын күшейту нәтижесінде шығын келтіргендігіне негізделген. Осы дәйектермен бірінші сатыдағы сот келсікен.

Алайда, апелляциялық сот отырысында бұл жайттар өз дәлелін таппаған. Атап айтқанда, жауапкердің мекемесінде орантылған G4 маркалы газды есепке алу құрылғысының газды өткізу қуаты сағатына 6 метр кубты құрайды, ал G6 маркалы газды есепке алу құрылғысының газды өткізу қуаты сағатына 10 метр кубты құрайды. Талап қоюшының есебіне сәйкес, жауапкердің G4 маркалы газды есепке алу құрылғысына тіркеген газ қондырғыларының шекті қуаты сағатына тек 5,5 метр кубты құраса, ал G6 маркалы газды есепке алу құрылғысына тіркелген газ қондырғыларының шекті қуаты сағатына тек 8,7264 метр кубты құраған. Осылайша, газ қондырғыларының қуатын күшейту нәтижесінде шығын келтіру фактісі өз дәлелін таппаған.
Тиісті емес жауапкерге қатысты талап арызды қанағаттандыру туралы шығарылған шешім, оның бұзылуына әкеліп соқтырды.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы сотқа жеке кәсіпкер А.А.Ибрагимовға газ қондырғыларының белгіленген қуатын асыру нәтижесінде келтірілген 129 864 125,60 тенге көлеміндегі залал сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 24.02.2014 жылғы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 12 986 413 теңге шығын өндірлген, талаптың басқа бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған (судья Г.М.Қожантаева).

Алайда, азаматтық істі апелляциялық сатыда қарау кезінде тауарлық газды бөлшектеп сату туралы 03.01.2013 жылғы №150РГ/19-ЖМБ шарты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы және «Зиада» шаруа қожалығы араларында жасалынғандығы анықталған.

Осыған қарамастан талап жеке кәсіпкер А.А.Ибрагимовға бағытталған, ал сот шешімімен залал осы жауапкерден өндірілген.

Азаматтық істің құжаттарында жеке кәсіпкер А.А.Ибрагимованың жоғарыдағы шарт бойынша өзіне қандай-да бір міндеттеме алғандығы туралы мәліметтер жоқ.

Іс-құжаттарындағы талап қоюшының өкілінің жауапкерді «Зиада» шаруа қожалығына ауыстыру туралы арызына сот тарапынан баға берілмеген, бұл талап-тілек шешімін таппаған.

Осы кемшіліктердің барлығы бірінші сатыдағы соттың шешімін бұзуға негіз болып, осы шешім апелляциялық алқаның 06.05.2014 жылғы ұйғарымымен бұзылған.

Апелляциялық алқа, азаматтық істі бірінші сатыдағы соттың тәртібімен қарау барысында іске тиісті жауапкер ретінде «Зиада» шаруа қожалығын тартып, 06.06.2014 жылғы өзінің апелляциялық шешімімен шығынды осы жауапкерден өндірген.


АІЖК-нің 247-бабының 4-1) тармақшасына сай, сот, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Талап қоюшы «Қазақ әуендерінің орындаушылары» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - Бірлестік) өз талап арызында, жауапкер жеке кәсіпкер А.С.Шыныбекованың иелігіндегі «Алтын шатыр», «Ас-Мар» мейрамханаларында көпшілік алдында орындаушы Ақылбек Жеменейдің орындауындағы «Қызыл өрік» атты коммерциялық мақсатта жарияланған музыкалық шығармасы орындалып, әуендердің авторлармен шартсыз заңсыз пайдаланылып жатқандығын жазып, одан 746 400 теңге өтемақы өндіруді сұраған.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 09.04.2014 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 746 400 теңге өтемақы және мемлекет пайдасына 22 392 теңге мемлекеттік баж өндірілген (судья Есенбай А.Е.).

Аталған азаматтық істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген. Келісім бойынша «Қазақ әуендерінің орындаушылары» РҚБ-і жеке кәсіпкер А.С. Шыныбекованың иелігіндегі «Алтын шатыр» және «Ас-Мар» мейрамханаларында тұрақты жұмыс істейтін музыка қоюшылармен он күн ішінде өз алдына дербес шартқа тұрады. Шарт бойынша тиісті өтем ақыны музыка қоюшылар өздері төлейді. Егер өтем ақы шартта көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда өтем ақыны А.С. Шыныбекова кепілдікке алады.

Талап қоюшы «Қазақ әуендерінің орындаушылары» РҚБ жауапкер жеке кәсіпкер А.С. Шыныбековадан 746 400 теңге көлемінде өтем ақыны өндіру туралы талабынан бас тартады. Ал, А.С. Шыныбекова өзінің сот шешіміне берген апелляциялық шағымынан бас тартады.

Тараптардың арасында дауды реттеу туралы келісім Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 27-бабының тәртібіне сай жасбаша нысанда жасалған.

Аталған мән-жайларға байланысты Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 09.04.2014 жылғы талап қоюшы «Қазақ әуендерінің орындаушылары» республикалық қоғамдық бірлестігінің талабын қанағаттандырған шешімінің күші апелляциялық алқаның 11.06.2014 жылғы қаулысымен жойылған.

Көрсетілген жайт, бірінші сатыдағы соттардың Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының талаптарын әлі күнге сот процессіне жетклікті түрге енгізбегендінің бір көрінісі болып табылады.
Қарыз берушінің борышкерге өз талабымен жүгінуге арналған Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңының 71 бабында көрсетілген екі айлық мерзімді өткізіп алуы, оны борышкерлердің талап реестріне кіргізуден бас тартуға негіз болады.

«БТА Банк» АҚ-ы сотқа «Кир-Инвест» ЖШС-нің конкурстық басқарушысы И.Мирмановқа (бұдан әрі – Конкурстық басқарушы) «Кир-Инвест» ЖШС-нің борышкерлердің талап реестріне серіктестіктің Банк алдындағы 1 094 629 993,42 тенге қарызын енгізуді сұраған, себебі бұл қарыз әлі борышкермен төленбеген.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 09.04.2014 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, «БТА Банк» АҚ-ы «Кир-Инвест» ЖШС-нің борышкерлердің талап реестріне енгізілген.

Апелляциялық алқаның 03.02.2014 жылғы ұйғарымымен соттың аталған шешімі істі қарау кезінде дауды шешуге қажетті барлық жайттардың назарға алынбағандығына байланысты бұзылып, азаматтық іс апелляциялық сатыдағы соттың өндірісіне қабылданған.

Апелляциялық сот алқасының 03.02.2014 жылғы апелляциялық шешімімен банктің талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Сотта анықталған мән-жайларға сәйкес банк борышкерге өз талабымен жүгінуге арналған Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңының 71 бабында көрсетілген екі айлық мерзімді өткізіп алған.

Бұған қоса, банктің қазіргі кезде талап етіп отырған 1 094 629 993,42 тенге көлеміндегі қарыз сомасын даулы емес деп айтуға келмейді. Себебі, жоғарыда көрсетілген Заңның 68 бабына сәйкес борышкерді банкрот деп табу туралы сот шешімі шыққаннан кейін банкроттың барлық қарыз түрлері бойынша сыйақы және айыппұл есептеу тоқтатылады.

Алайда, банкпен борышкер 27.12.2012 жылы банкрот деп табылғанына қарамастан жоғарыда көрсетілген қарыз сомасы 16.04.2013 жылға дейін саналған.



Борышқордың кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы өте болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн.

Банктік қарыз кепіл берушіден өндірілуге жатпайды, ол тек кепіл ұстаушының алдында кепілдікке берілген мүлікімен ғана жауапты.
Заң талабының осындай өрескел бұзылуы Тараз қалалық сотының 22.04.2014 жылғы шешімін шығарарда жіберілген (судья Э.Ж.Бекжанова).

Атап айтқанда, аталған сот шешімімен «Цеснабанк» Ақ-ның жауапкерлер Л.Т.Сарыкуловаға, Л.С.Раманкуловаға 4 372 543,90 тенге көлеміндегі банктік қарызды өндіру, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы талап арызы тоқы қанағаттандырылып, осы қарыз сомасы жауапкерлердің екеуінен де өндірілген, ал талаптың кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Алайда, азамттық істе шешімді апелляциялық шағыммен қарау кезінде, жауапкер Л.С.Раманкулова шарт бойынша тек кепіл беруші екендігі, ал шарт бойынша банк алдындағы борышқор тек Л.Т.Сарыкулова екендігі анықталған.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (бұдан әрі – АК) 917-бабының талаптарына сай заем берушіге алынған қарызды тек заемшы ғана қайтаруға міндетті.

Сондықтан, апелляциялық алқаның 24.06.2014 жылғы қаулысына сәйкес соттың көрсетілген кемшілігі түзетіліп, сот шешімі өзгертілген, талаптың Л.С.Раманкуловадан 4 372 543,90 тенге көлеміндегі банктік қарызды өндіру бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.

Осы жерде тоқатала кететін бір жайт, бірінші сатыдағы сотпен талаптың кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алу туралы бөлігі дұрыс қанағаттандырусыз қалдырылған.

АК-нің 317-бабының 2-тармағына сай егер борышқордың кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi бұзуы өте болмашы болып және соның салдарынан кепiл ұстаушы талаптарының мөлшерi кепiлге салынған мүлiктiң құнына көрiнеу сәйкес келмесе, кепiлге салынған мүлiктен ақы өндiрiп алудан бас тартылуы мүмкiн.

Іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес қарыз көлемі 4 372 543,90 тенге болса, ал банк содан ақыны өндiрiп алуға сұрап отырған кепiлге салынған мүлiктің бағасы 13 646 784 теңге болған. Аталған сома талап сомасынан әлдеқайда жоғары, яғни кепілге қойылған мүліктің сомасына сай келмейді.


Іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және дұрыс айқындалмауы; бірінші сатыдағы сот белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі шешімнің өзгеруіне негіз болып табылады. (АІЖК-нің 364 бабының 1 бөлігі 1), 2) тармақтары).
Т.Рысқұлов аудандық сотының 20.12.2013 жылғы шешімімен Ш.А.Турабаевтың жауапкер С.Султанға материалдық шығын және моральдық зиянды өндіру туралы және талап қоюшы А.Д.Егембердиеваның жауапкер С.Султанға моральдық зиянды өндіру туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкер С.Султаннан талап қоюшы Ш.А.Турабаевтың пайдасына қылмыстан келтірілген материалдық шығынның өтеміне 4 680 500 теңге, моральдық зиянның өтеміне 300 000 теңге, сот шығындары мемлекеттік баж 866 теңге өндірілген. Талап қоюшы А.Д.Егембердиеваның жауапкер С.Султанға моральдық зиянды өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан толық бас тартылған (судья Б.Е.Бакирбаев).

Бірінші сатыдағы сот осы шешімін жауапкер тарапынан талап қоюшының малшысы Н.Ормановқа күш қолданамын деп қорқытып, өзiнше билiк етіп талап қоюшыға тиесілі 8 бас жылқы, 2 бас бұзаулы сиыр, 61 бас ешкі, 16 бас лақ, 60 бас қой, 20 бас қозысын алып қойғандығына; 14.06.2010 жылы, ол полиция қызметкерлерімен бірге «Қотыраш» мал жайылымына малдарын қайтарып алуға барған кезінде жауапкер С.Султан оның «УАЗ-33036» маркалы мемлекеттік номері Н 666 ЕХМ автокөлігін мылтықпен атқылап қиратып тастап 85 000 теңге шығын келтіргендігіне; осы факті бойынша С.Султанға қарсы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ары қарай – ҚК) 327 бабының 2 бөлігімен қозғалған қылмыстық ісі 21.02.2012 жылы рақымшылық актісіне байланысты қысқартылғандығына негіздей отырып шығарған.

Алайда, осы істі апелляциялық тәртіпте қарау барысында бірінші сатыдағы соттың тарапынан жіберліген заңбұзушылықтар анықталып, осы кемшіліктер шешімнің өзгертілуіне әкеліп соқтырған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі «Сот шешiмi туралы» №5 нормативтік қаулысының 13 бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк iстер жөнiндегi актiлермен және прокурордың, тергеу және анықтау органдарының актiлерiмен анықталған фактiлер мен мән-жайлардың азаматтық iстердi қарау кезiнде преюдициялық маңызы болмайды. Олар жалпы тәртiппен анықталуға тиiс.

Сондықтан, қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі рақымшылық актісіне байланысты қысқарту туралы қаулысындағы талап қоюшының жауапкермен тартып алынған мал басына қатысты жайттарды толық дәледенген факті деп айтуға заңдық негіз жоқ.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» №339 Заңының 1 бабы 3-1 тармақшасына сай ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы №2331 Қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінің 3 бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендіруге жатады.

Осылайша, республика аумағындағы барлық мал, соның ішінде талап қоюшы Ш.А.Турабаевтың барлық малы жергілікті атқару органдарында тіркеуге алынуы тиіс еді.

Көрсетілген заңнамалардың талаптарына сүйене отырып, апелляциялық сатыдағы сот, жаупкермен талап қоюшыға келтірген шығынның мөлшерін анықтаған кезде ресми орган – «Т.Рысқұлов ауданының Новосель ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің талап қоюшының мал саны туралы мәлімет бар, 22.04.2014 жылғы №123 анықтамасын негізге алған.

Аталған анықтамаға сәйке Ш.А.Турабаевтың 01.01.2010 жылға шаруашылық кітабы бойынша 1 бас бұзаулы сиыры, 50 бас саулық және тоқтысы, 25 бас қозысы, 10 бас ешкі, 10 бас лағы және 1 бас құлынды биесі тіркелген.

Осылайша барлық малдың құны – 1 770 000 теңгені құрағандықтан, келтірілген шығынның мөлшері сот өндіргенен төмендеу болған.

Сондықтан, шешімнің осы бөлігі өзгертіліп, жауапкерден талап қоюшының пайдасына өндірілген материалдық шығынның сомасы 4 628 000 теңгеден 1 770 000 теңгеге дейін төмендетілген.

Бірінші сатыдағы соттың, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 14.06.2010 жылы Ш.А.Турабаев «Қотыраш» мал жайылымына полиция қызметкерлерімен бірге малын қайтарып алуға барғанда талап қоюшы «УАЗ-33036» маркалы мемлекеттік номері Н 666 ЕХМ автокөлігін мылтықпен атқылап жарамсыз қалыпқа түсіріп, 52 500 теңге келтірген шығынды өндіру қажет деген тұжырымдары, негізссіз деп табылған.

АК-нің 9 бабының 4 тармағына сай құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.

Алайда, Ш.А.Турабаев қылмыс жасалынған кезде аталған автокөліктің меншік иесі болмағандықтан, оны талап қоюшының заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде құқығы бұзылмаған.

Апелляциялық сот алқасының отырысында талап қоюшы қылмыс жасалынған кезде автокөлік оның інісі Д.А.Турабаевтың, ал ол қайтыс болғаннан кейін 23.11.2010 жылдан бастап анасы Д.Турабаеваның атында тіркеуде болғандығын көрсеткен.

Сондықтан, талаптың бұл бөлігі тиісті емес талап қоюшымен талап берілгендіктен қанағаттандырылуға жаптауы керек еді, нәтижесінде бірінші сатыдағы соттың шешімінің аталған бөлігі бұзылып, талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарылған.
Мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiш жоғары сомаға жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Б.А.Булутбаев жауапкер Г.Д.Егимбаевадан 104 000 теңге қарызын өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, онда ол Г.Егимбаеваның 2012-2013-жылдары оның «Әсел» атты дүкенінде сатушы болып, ауызша шарт негізінде жұмыс жасап, оған 104 000 теңге қарыз болып қалғанын, ол қарызды мүмкіндігінше ай сайын өтеп беретінін айтқанын көрсетіп, соттан Г.Егимбаевадан Б.Булутбаевтың пайдасына 104 000 теңгені өндіруді сұраған.

Шу аудандық сотының 10.12.2013 жылғы шешімімен аталған талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған (Заппарова Ж.Р.).

Апелляциялық сот алқасы аталған азаматтық істі қарауда бірінші сатылы соттың тарапынан АІЖК-нің 364 бабының 2 тармағында көрсетілген кемшіліктердің орын алуына байланысты сот шешімін бұзып, 31.03.2014 жылы іс бойынша талапты қанағаттандыру туралы жаңа апелляциялық шешім шығарған.

Азаматтық іс құжаттарындағы Б.А.Булутбаев пен Г.Егимбаева арасында болған шартта, яғни 23.06.2013 жылы берген қолхаты бойынша жауапкер Г.Егимбаева талап қоюшы Б.А.Булутбаевқа 104 000 теңгені ай сайын мүмкіндігінше қайтарып отыруға міндеттелгені анық көрсетілген.

Алайда жауапкердің өзіне қолхат негізінде алып отырған міндеттемесінің орындалмауы салдарынан талап қоюшының құқығы бұзылып отыр, сол себепті бірінші сатылы соттың шешімін заңды деп тануға негіз жоқ.

Апелляциялық сот алқасында 27.01.2013 жылы сұралған куәлер Г.Д.Сыпатова мен Л.С.Сихымбекова жауапкер Г.Егимбаева «Әсел» атты дүкеніне жұмысқа тұрғанын, дүкенде сатушы болып жұмыс атқарып жүрген кезінде тексеріс (ревизия) жүргізіліп, тексеріс нәтижесі бойынша 104 000 теңге жетіспеушілік шыққанын атап көрсеткен. Ол туралы жауапкер Г.Егимбаеваның өзі қолхатты жазып бергенін растады. Ал, 31.03.2014 жылы сот отырысында сұралған куә Ә.Б.Әділхан жауапкер Г.Егимбаеваны танитынын айтып, Г.Егимбаеваның 23.12.2012 жылы «Әсел» атты дүкеніне жұмысқа орналасқанын, кейіннен жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша талап қоюшы Б.А.Булутбаевқа 104 000 теңге қарыз болып қалғандығын және ол туралы қолхат жазып бергенін растаған.

АК-нің 152-бабының 1 тармағы 2) тармақшасына сай, мәмiлелердi жасау кезiнiң өзiнде орындалатындарынан басқа, жүз есептiк көрсеткiш жоғары сомаға жазбаша түрде жасалуға тиiс.

АК-нің 272 бабына сай, міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сай тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда-іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс.

Жауапкер Г.Д.Егимбаева 23.12.2012 жылы «Әсел» атты дүкенінде сатушы болып жұмыс істеп, дүкенде кемшіліктер анықталған жағдайда жетіспеушілік сомасын қайтарып беретінідігі туралы растаған.

Азаматтық іс құжаттарындағы Б.А.Булутбаев пен Г.Егимбаева арасында болған шартта, яғни 23.06.2013 жылы берген қолхаты бойынша жауапкер Г.Егимбаева талап қоюшы Б.А.Булутбаевқа 104 000 теңгені ай сайын мүмкіндігінше қайтарып отыруға міндеттелгені анық көрсетілген.

АІЖК-нің 15 бабының 2 бөлігіне сай, жауапкер өз тарапынан ешқандай дәлелдемелер келтірмеген, жауапкер жағынан істі обьективті дұрыс шешілуіне ешқандай айғақтар ұсынылмаған және азаматтық істі сот сараптамасына жолдаған кезде де жауапкердің тарапынан ешқандай құжаттар берілмеген.

Апелляциялық сот алқасы анықталған мән-жайларды Б.А.Булутбаевтың талап арызын қанағатандыруға жеткілікті деп тапқан.


Бірінші сатыдағы соттың, жол-көлік оқиғасына бір автокөліктегі екі тұлғаның кінәлі екендігі, сондықтан, талап қоюшыға келтірілген материалдық шығынды және моральдық зиянды өндіруді осы екі жауапкерге қатар жүктеу қажеттігі туралы тұжырымдары заң талаптарына сәйкес келмейді.
Сарысу аудандық сотының 31.01.2014 жылғы шешімімен талап қоюшы М.Т.Сериевтің жауапкерлер Н.Жадыраевадан, К.Дуйсенбектен, А.Саматтан және А.Ұ.Шүкірбектен мүліктік және моральдық зиян үшін ақша өндіру туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылып, талап қоюшының пайдасына жауапкерлер К.Дуйсенбек пен А.Ұ.Шүкірбектен ортақ түрде мүліктік залал үшін 263 800 теңге, ал моральдық зиянға ортақ түрде 100 000 теңге өндірілген. Талаптың басқа бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған (судья Бекеева Ж.Т.).

Іс құжаттарынан көрінгендей, 26.06.2013 жылы Жаңатас қаласында «БМВ-520» маркалы және «Фольксваген-Пассат» маркалы автокөліктерінің соқтығысуынан болған жол-көлік оқиғасының орын алғандығы, нәтижесінде М.Т.Сериевтің әр-түрлі дене жарақатын алғандығы, оның «Фольксваген-Пассат» маркалы автокөлігіне механикалық ақаулар келтірілгендігі тараптармен жоққа шығарылып отырған жоқ, және бұл жайт іс бойынша жинақталған құжаттармен өз бекімін тауып отыр.

Бірінші сатыдағы сот жауапкерлер Н.Жадыраеваны, А.Саматты іс бойынша тиісті емес жауапкерлер деген дұрыс тұжырымға келіп, оларды заң талаптарына негіздей отыра материалдық жауапкершіліктен бостақан.

Атап айтқанда, «БМВ-520» маркалы автокөлігі жауапкер Н.Жадыраеваның атына тіркелгендігіне қарамастан сот мәжілісінде ол көлікті ұлдарына арнайы сатып алып бергендігі анықталған. Жол-көлік оқиғасы болатын күні Н.Жадыраева өзінің үлкен ұлы Абзалға көлікті құжатсыз айдауына рұқсат бермеген, ал автокөлікті бір күн бұрын сатып алғандықтан ол нотариустан сенімхат алып үлгермеген.

Бірінші сатыдағы соттың А.Шүкірбек – Н.Жадыраеваның туған баласы, яғни отбасы мүшесі, ұлымен бір үйде тұратындықтан көлікті баласынан жасырып қоюға міндетті емес әрі оның әрекетінде (әрекетсіздігінде) әкімшілік құқық бұзушылықтың белгісі барлығы анықталып, соңғы әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, ал А.Шүкірбек анасының жұмыста болатынын пайдаланған, қолжетімді жерде көрініп тұрған көліктің кілтін өз еркімен алып, көлік жүргізуге сенімхатының жоқтығын біле тұра, анасының рұқсатынсыз көлікті үйінің ауласынан айдап шыққандықтан, аталған автокөлік жауапкер Н.Жадыраеваның иеленуінен оның еркінен тыс жағдайда шығып кеткен деген тұжырымы дұрыс жасалынған.

Осылайша, Н.Жадыраеваны құқыққа қайшы әрекеттерімен жәбірленушіге мүліктік зиян келтірген деген тұлға ретінде санауға болмайды.

Сонымен қатар, жауапкер А.Самат «БМВ-520» маркалы автокөлігінде жүргізуші емес, тек жолаушы ретінде болғандықтан, оның жол-көлік оқиғасына қатыстығы анықталмағандықтан, оны талап қоюшы М.Т.Сериевтің шығындарына жауапты адам ретінде тануға заңдық негіз болмаған.

Бірінші сатыдағы соттың, жол-көлік оқиғасына кінәлі ретінде қалған екі жауапкерлер Қ.М.Дүйсенбекті, А.У.Шүкірбекті танып, талап қоюшыға келтірілген материалдық шығынды және моральдық зиянды өндіруді осы екі жауапкерге қатар жүктегендігі заң талаптарына сәйкес келмейді.

АК-нің 917 бабының ережелеріне сай, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген (мүліктік және (немесе) мүліктік емес) зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.

Аталған заң нормасының талабы бойынша талап қоюшыға келтірліген зиян тек тұлғаның кінәлі іс-әркеттері анықталған жағдайда өндірілуге тиіс. Ал, бұндай міндеттеменің туындауына басқа бір адамға зиян келтіруге әкеліп соққан азаматтық құқықбұзушылық орын алған кезде ғана негіз болады.

Тұлғаның зиян келтірген деп жауапқа тартылуы үшін келесі жағдайлардың болуы шарт: зиянның болуы; зиян келтірушінің құқыққа қарсы әрекетінің болуы; құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиянның арасындағы себепті байланыс; зиян келтірушінің кінәлі әрекеті.

Азаматтық іс-құжаттарымен анықталғандай, жол-көлік оқиғасы орын алған мезетте «БМВ-520» автокөлігі жауапкер А.Ұ.Шүкірбек басқарып отырған, ал жауапкер Қ.М.Дүйсенбек көлікте тек жолаушы ретінде болған.

Бұл жайт іске тіркелген Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 25.10.2013 жылғы А.Ұ.Шүкірбекті ӘҚБтК-нің 467 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп табу туралы қаулысымен өз бекімін тауып отыр. Аталған қаулыға сәйкес, қарастырылып отырған жол-көлік оқиғасын жасаған тұлға ретінде жауапкер А.Ұ.Шүкірбек танылған.

Бұған қоса, Сарысу аудандық сотының 08.08.2013 жылғы үкіміне сәйкес А.Ұ.Шүкірбек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251 бабының 1 бөлігіндегі көрсетілген қылмысты жасаған деп кінәлі ретінде табылған. Аталған сот үкімне сәйкес, қарастырылып отырған жол-көлік оқиғасы жасалған мезетте А.Ұ.Шүкірбек «БМВ-520» автокөлігін басқарып келе жатып, жол-көлік оқиғасына ұшырағандығы анықталған.

АІЖК-нің 71 бабының 3 бөлігіне сәйкес соттың қылмыстық іс бойынша күшіне енген талап қоюды қанағаттандыру құқығы танылатын үкімі оған қатысты соттың үкімі болған тұлға әрекеттерінің азаматтық-құқықтық салдары туралы істі қарайтын сот үшін міндетті. Заңды күшіне енген сот үкімі мұндай азаматтық істі қараған сот үшін, осы іс-әрекеттер орын алды ма және оларды осы адам жасады ма деген мәселелер бойынша, сондай-ақ үкіммен белгіленген мән-жайларға және олардың құқықтық бағасына қатысты да міндетті болып табылады.

Сондықтан, аталған жол-көлік оқиғасына кінәлі А.Ұ.Шүкірбек болғандықтан жәбірленушіге мүліктік шығын мен моральдық зиянды өтеуге тек осы жауапкер тартылып, жауапкер Қ.М.Дүйсенбек азаматтық жауапкершіліктен босатылуы тиіс еді.

Жауапкерден өндірілетін моральдық зиянның мөлшерін, сот әділеттілік пен ақылға сыйымды қажеттілікті негізге ала отырып, жол-көлік апатының абайсызда жасалғандығын, жауапкердің тұрақты жұмыс орыны мен нақты табыс көздері жоқтығын, ескеріп, жауапкерлерден ортақ түрде 100 000 теңге өндіруді қажет деген тұжырымы дұрыс жасалынған. Сондықтан, жауапкер Қ.М.Дүйсенбек азаматтық жауапкершіліктен босатылып жатқандықтан, талап қоюшының пайдасына моральдық зиян тек жауапкер А.Ұ.Шүкірбектен өндірілуі тиіс және оның көлемі 50 000 теңге мөлшерінде болуы керек.

Осылайша, апелляциялық алқаның 20.03.2014 жылғы қаулысымен аталған сот шешімі өзгертіліп, шешімнің жауапкер Дуйсенбек Куаныштан ортақ түрде мүліктік залал үшін 263 800 теңге, ал моральдық зиянға ортақ түрде 100 000 теңге өндірілсін деген бөлігі – бұзылған, талаптың осы бөлігінде талапты қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарылған.

Шешімнің талап қоюшы Шүкірбек Абзал Ұланбекұлынан ортақ түрде мүліктік залал үшін 263 800 теңге, ал моральдық зиянға ортақ түрде 100 000 теңге өндірілсін деген бөлігі өзгертіліп, Шүкірбек Абзал Ұланбекұлынан талап қоюшының пайдасына мүліктік залал үшін 254 800 теңге, ал моральдық зиян үшін 50 000 теңге, сот шығындары ретінде 3 414 теңге, жалпы сомасы 308 214 теңге өндірілген.
АК-нің 240 бабының 4 бөлігіне сәйкес иелену мерзімінің өтуі затты иеленген кезден басталады.
Жуалы аудандық сотының 06.02.2014 жылғы шешімімен талап қоюшы А.Ш.Итемановтың жауапкер «Жуалы ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тану туралы талап арызы қанағаттандырылусыз қалдырылған (судья Замбаев А.А.).

Алайда, апелляциялық алқада істі сотта қараған кезде, бірінші сатыдағы соттың тарапынан шешімді өзгертуге негіз болатын кемшіліктердің орын алғандығы анықталған.

Бірінші сатыдағы соттың Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, З.Елшібаев көшесі, №28 үй мекен-жайында орналасқан жылжымайтын мүлік мемлекеттік тіркеуде жоқ болғандықтан, оған иелену мерзіміне байланысты меншік құқығы танылмайды, деген тұжырымы негізді және заң талаптарына сай келеді. Себебі, АК-нің 236 бабына сәйкес жылжымайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.

Осылайша, дауланып отырған үй мемлекеттік тіркеуде болмағандықтан, оған меншік құқығын тану туралы сұрақты АК-нің 240 бабының нормаларына сүйене отырып шешуге болмайды, себебі аталған бап тек мемлекеттік тіркеуге алынған, оны меншік иелері тастап кеткен жылжымайтын мүліктерге қатысты қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылады.

Алайда, бірінші сатыдағы соттың даулы үйдің астында орналасқан жер теліміне иелену мерзіміне сәйкес меншік құқығын танудан бас тарту туралы тұжырымы негіссіз және ол, заң талаптары мен іс бойынша анықталған мән-жайларға қайшы келеді.

Іс-құжаттарынан белгілі болғандай, 01.06.1993 жылғы Бурный ауыл советінің халық депутаттарының №14 санды қаулысымен Б.Момышұлы ауылы, З.Елшибаев көшесі, №28 үй мекен-жайында орналасқан жер телімі Шыналиев Дилдабекке бекітіліп беріліп, соңғыға 25 ақпан 1997 жылы ЖМ№0000929 санды жерді өмір бойы мұраға қалдырып иеленуге құқық беретін мемлекеттік акт берілген.

АК-нің 240 бабының 1 бөлігіне сәйкес мүлiктiң меншiк иесi болып табылмайтын, бiрақ өзiнiң жеке қозғалмайтын мүлкiндей жеті жыл бойы, не өзге мүлiктi кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлiкке меншiк құқығын (иелену мерзiмiн) алады.

Талап арыздан көрінгендей, талап қоюшы А.Ш.Итеманов аталған даулы үйді (тіркелмеген) 1998 жылы Шыналиев Жылкыбайдан сатып алғанын, және ол үйде сол уақыттан бері тұрып жатқанын көрсеткен.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі №3 «Меншік иесімен тасталған тұрғын үйге құқық жөніндегі дауларды соттардың қарау практикасы туралы» нормативтік қаулының 10 тармағына сәйкес иелену мерзімінің ескіруі негізі бойынша тұрғын үйге меншік құқығын алу туралы талаптарды қараған кезде, АК-нің 240-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар жиынтығын, яғни тұрғын үйді өзінің жеке жылжымайтын мүлкіндей он бес жыл бойы адал, ашық және ұдайы иеленгенін ескеру қажет.

Иеленудің адалдығын тұлғаның тұрғын үйді заңды жолмен иеленуі, яғни заңмен, өзге құқықтық актілермен тікелей танылған немесе оларға қайшы келмейтін, бірақ құқықтық ресімделмеген (мысалы, тұрғын үй иесінің сатып алу-сату, жалға беру шарттарының заңда көзделген нысандарын сақтамай беруі және тағыда басқа) әрекеттер мен оқиғалардың нәтижесінде тұрғын үйдің осы иеленушіде болуы білдіріледі.

Иеленудің ашықтығын тұлғаның тұрғын үйді иелену мән-жайын жасыруға бағытталған ешқандай шара қолданбауы, тұрғын үйді ұстау ауыртпалығын көтеруі, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуі және тағы да басқа мән-жайлар білдіреді.

Иеленудің ұдайылығын тұрғын үйдің иелену құқығын үшінші тұлғаларға бермей, осы тұлғаның иелігінде он бес жыл бойы болуы білдіреді.

10.09.1998 жылы жазылған қол хатқа сәйкес Шыналиев Ділдәбектің даулы үйді Итеманов Абылхасынға 5000 долларға сатқан. Осы қолхатқа куә ретінде қол қоюшы адамдардың бірі ретінде Б.К.Айдарбекова көрсетілген.

Аталған қолхаттың нақты орын алғандығын, сотта үшіні тұлға ретінде сұралған Б.К.Айдарбекова растап берген.

Бұл жайт талап қоюшының жылжымайтын мүлікке иеленуінің адалдығын көрсетеді. Ол қолхатта жер телімін сату қарастырылмағанымен, ол бүкіл үйді жерімен бірге сатқан деген тұжырым жасауға болады, өйткені, даулы үй осы жерге салынғандықтан, жерді үйден бөлек сату мүмкін емес.

Сонымен қатар, бірінші сатыдағы сотта істі қарау кезінде куә ретінде сұралған талап қоюшының көршілері С.Даулбаев, М.Кузембаев далуы үйді талап қоюшының Шыналиев Ділдәбектен 1998 жылы сатып алғандығын, сол уақыттан бері сол жерде ұдайы тұрып келгендігін көрсеткен.

Иеленудің ашықтығын талап қойышының даулы үйді жер телімімен бірге иелену кезінде, онысын ешкімнен жасырмағандығынан көрінеді. Іске тіркелген дәлелдемелерге сәйкес талап қоюшының тұрғын үйді ұстау ауыртпалығын көтергендігін, коммуналдық қызметтерге ақы төлендігін көруге болады.

Ал, бірінші сатыдағы соттың, талап қоюшы даулы үйде 1998 жылдан тұрып келгендігіне қарамастан иелену мерзімінің басталуын меншік иесінің мұрагері, яғни оның баласы Шыналиев Жылкыбайдың қайтыс болған кезінен 2006 жылдан бастап санауы негіссіз, және бұл тұжырым заң талаптарына қайшы келеді.

АК-нің 240 бабының 4 бөлігіне сәйкес иелену мерзімінің өтуі затты иеленген кезден басталады.

Сондықтан, бұл мерзім талап қоюшы даулы мекен-жайға көшіп келіп, сол жерде тұра батқан кезден, яғни 1998 жылдан басталуы тиіс.

Меншік иесінің баласы Шыналиев Жылкыбайдың даулы жылжымайтын мүлікке еш дауы жоқ екендігі, оның әкесінің өлімінен кейін нотариусқа мұра қабылдау туралы арызбен жүгінбегендігінің дәлелі болып табылады.

Жуалы ауданының мұрағатында сақталған құжаттардан А.Ш.Итеманов отбасымен бірге даулы үйде 2001 жылдан бастап тұрып келгендігі туралы жазбалар бар. Иелену мерзімін басталуын осы кезеңнен есептейтін болсақ та одан бері сотқа жүгінгенге дейін 12 жылдан аса уақыт өткен. Жер телімі иесіз ретінде мемлекеттік құзырлы органдарда тіркеуге алынбаған.

Осылайша, іс бойынша жинақталған құжаттардың жиынтығы талап қоюшының атына дауланып отырған жер теліміне иелену мерзіміне сәйкес меншік құқығын тануға негіз бар деген тұжырым жасауға мүмкіншілік берген.

Сондықтан, апелляциялық алқаның 17.04.2014 жылғы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, шешімнің даудың аталған бөлігінде талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы жері бұзылған, талаптың бұл бөлігін қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған.


Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 36 бабына сай егер некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi немесе ерлі-зайыптылардың бірінің мүлкi не олардың кез келгенiнiң еңбегi есебiнен осы мүлiктiң құнын едәуiр арттырған салыным жасалғаны (күрделi жөндеу, реконструкциялау, қайта жабдықтау және басқаларды) анықталса, ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншiгi болып танылады.

Тараз қалалық сотының 22.04.2014 жылғы шешімімен Л.П.Никитенконың С.Н.Никитенкоға Тараз қаласы, Ахильбеков көшесінің 2 бұрылысы, 15 үйге ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншік құқығын танып, оны бөлуді, жауапкерден өз пайдасына ½ көлемндегі үлесін ақшалай түрде 3 973 583 теңгені өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылған.

Соттың шешімін бұзып, 08.09.2014 жылғы өз апелляциялық шешімін қабылдай отырып, апелляциялық сатыдағы сот өз тұжырымдарын даулы үй-жайдың жауапкердің некеге тұрғанға дейінгі меншігі екендігіне негіздеген.

Талап қоюшы сотқа сатылып алынып жатқан үй-жайға қаражат салғандығын, неке кезінде даулы үйдің құнынан асатын оның күрделі жөндеуіне, қайтасоғылуына, қайтажабдықталуына қаражат жұмсағандығына және басқа да әрекеттерді жасағандығына дәлелдер тапсырмаған.

Үйдің 05.05.2003 жылғы техникалық паспортындағы мәліметтермен талап қоюшының неке уақытысында үйдің бастапқы құнынан асатын құрылыс жүргізілді деген дәйектері теріске шығарылған, себебі, оны сатып алған кезде өздігінен соғылған ауладағы құрылыс объектілері болғандығы көрінеді.


Іс бойынша тиісті емес жауапкер тартылған жағдайда талап арыз қанағаттандырыуға жатпайды.

ЖК Ш.Р.Тулеубаев сотқа «Шу аданының әкімдігінің білім бөлімі» КММ-не 2 400 000 тенге түріндегі шығынды, 2 482 000 теңге түріндегі айыппұлды өндіруді сұраған талап арызбен жүгінген. Талабы 11.02.2013 жылы тараптардың арасында жасалынған келісім-шартқа негізделген.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 13.10.2014 жылғы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 2 400 000 тенге шығын и 240 000 тенге көлемінде айыппұл өндірілген. Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырылмаған (судья Габоева З.А.).

Апелляциядағы соттың 15.12.2014 жылғы қаулысымен аталған сот шешімі өзгертіліп, шешімнің талапты қанағаттандыру бөлігі бұзылып, бұл бөілігін қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдаған.

Іс құжаттарына көрінгендей 11.02.2013 жылғы бала бақшаға жиһаз жасау туралы шарт талап қоюшы мен КГКП «Қуаныш» бала бақшасы» КМҚМ араларында жасалынған. Ал жауапкер «Шу аданының әкімдігінің білім бөлімі» КММ-нің бұл шартқа еш қатысы жоқ. Сондықтан ол іс бойынша тиісті емес жауапкер болып табылады.
Тұрғын-жайдың бөлiгi үшiн ақшалай өтемдi толық алмаған бөлiнушiнi тұрғын-жайға қатысты меншік құқығынан айырылған деп санауға болмайды.

Талап қоюшы В.Джо сотқа И.Е.Кимге тұрғын-жайдан мәжбүрлеп шығару туралы талап арызбен жүгінген.

Тараз қалалық сотының 16.07.2014 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылған (судья Э.Ж.Бекжанова).

Алайда, апелляциялық сатыдағы сотпен бұл сот шешімі бұзылып, 16.10.2014 жылғы апелляциялық шешіммен талап арыз қанағаттандырылудан бас тартылған.

Бірінші сатыдағы сот талапты қанағаттандыру туралы тұжырымын сот арқылы тараптар арасындағы мүлік бөлініп, даулы тұрғын-жай талап қоюшы В.Джоға берілген, ал В.Джодан жауапкердің пайдасына үйдегі бөлігі үшін И.Е.Кимнің пайдасына 6 324 062 теңге көлемінде ақша өндірілген, сондықтан оның меншік құқығы өз күшін жойған деген қате тұжырымға келген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 09 шілдедегі №10 «Тұрғын үйге меншік құқы туралы заңдарды қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулының 8 тармағына сәйкес ақшалай өтем алған тұлға тұрғын жайға құқық меншiгiн, сондай-ақ меншiк иелерiнiң келiсiмiнсiз тұрғын жайда тұру құқығын жоғалтады, сондықтан, ортақ меншiк иелiгiне қатысушы кез-келген тұлғаның талабы бойынша шығарылуы мүмкiн. 

Ақшалай өтем алған тұлғаның тұрғын жайға меншiк құқығын жоғалтатындығы АК-нің 218 бабаның 5 тармағында да көрсетілген.

Іс құжаттарынан көрінгендей талап қоюшыдан жауапкердің пайдасына тұрғын үйдегі үлесі үшін өндірілген ақша сомасы осы уақытқа дейін төленбеген, сондықтан апелляциялық сатыдағы сот жауапкердің даулы үй-жайға меншік құқығы әлі күнге дейін жоғалмаған, тиісінше ол үйден шығарылуға жатпайды деген тұжырымға келген.


АІЖК-нің 219-бабының 2-бөлігіне сәйкес сот істі талап қоюшы талаптардың шегінде шешеді.

Талап қоюшы Ақтөбе қаласындағы «№34 Орта мектебі» ММ-сі жауапкер жеке кәсіпкер Ш.А.Жусиповаға мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен жүгініп, онысын жобалаушы лицензиясының санаты жобаланған нысанның деңгейіне сәйкес келмегендіктен, жауапкердің мемлекеттік сатып алуға оның біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат табыс еткендігіне негіздеген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет