2014 жылдың 12 айында азаматтық істерді апелляциялық тәртіпте қараудың сот тәжрибесінің талдауы



жүктеу 472.85 Kb.
бет2/2
Дата22.02.2016
өлшемі472.85 Kb.
1   2

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 20.08.2014 жылғы шешімімен талап арыз қанағаттандырылған (судья Н.А.Аманжолов).


Алайда, соттың аталған шешімі апелляциялық сатыдағы сотпен бұзылып, 13.10.2014 жылғы апелляциялық шешіммен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған.

Қазақстан Республикасының 21.07.2007 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №303-III Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 бабына сай:

1. Әлеуетті өнім беруші мынадай негіздердің бірі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылуға тиіс:

1) әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартатын, жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжат (құжаттар) ұсынбауы;

2) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына өзінің сәйкестігін, сондай-ақ ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерінің (бірлескен орындаушысының) сәйкестігін растау үшін табыс етілген құжаттарында қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісінің анықталуы;

3) біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісінің анықталуы.

2. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерін (бірлескен орындаушысын) осы баптың 1-тармағында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

Алайда, баға ұсыныстарын сұрату арқылы мемлекеттік сатып алуды жариялаған кезде талап қоюшы осы жобалау жұмысын жасау үшін техникалық, біліктілік талаптарын көрсетпеген.

Сондықтан, талап қоюшы жауапкерді, ол біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат табыс еткен тұлға деген негізбен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоя алмайды.

Бірінші сатыдағы сот талаптың шеңберінен шығып, жауапкерді басқа негіз бойынша, яғни жауапкерді мемлекеттік сатып алу туралы өздерімен жасасқан шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамағандықтан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану қажет деп тұжырымдаған.

Алайда, бірінші сатыдағы соттың бұл әрекеттері заңға қайшы, себебі ол талап шеңберінен шығып кеткен, ол жауапкерді шартты орындамағандығына байланысты мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы ретінде, ондай талап негіздемесі болмағандықтан таный алмайды.
2014 жылда қаралған «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-нің берген банктік заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арыздар бойынша облыс көлеміндегі бірінші сатыдағы соттармен бір-біріне ұқсас қателіктер жірбергендіктен сот шешімдері көптеген жағдайларда өзгертілген.

Атап айтқанда, соттармен жауапкерлерден өндірілуге жататын сыйақының мөлшері дұрыс есептелінбей, оның мөлшері негізссіз көп өндірілп отырған.

Мысал ретінде тоқталсақ, «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС жауапкер Л.А. Лозовая берген банктік заем шарты бойынша 505 167,40 теңге көлеміндегі берешекті өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Шу аудандық сотының 14.05.2014 жылғы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 431 617 теңге қарыз сомасы өндірілген. Талаптың басқа бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған (судья Заппарова Ж.Р.).

Апелляциялық сот алқасының 06.11.2014 жылғы қаулысымен сот шешімі өзгертіліп, сыйақының мөлшері төменедетілген.

04.06.2014 жылға жасалынған қарыз есебіне сай жауапкердің жалпы қарызы 505 167 теңгені, оның ішінде заемның өтелмеген сомасы – 271 289 теңге, төленбеген сыйақы сомасы – 152 156 теңге, есептелінген өсімпұл – 81 722 теңгені құрайды.

Бірінші сатыдағы сот, қарыз мөлшерін жауапкер ұсынған төлеу квитанцияларында көрсетілген соманы кесте бойынша көрсетілген жалпы қарыз сомасынан ала салып қарыз мөлшерін дұрыс анықтамаған.

Атап айтқанда, ақша қозғалысын көрсететін жеке шоттың үзіндісіне сәйкес, жауапкер негізгі қарыз үшін 328 711 теңге, сыйақы үшін 233 829 теңге төлеген, ал оны төлеу кестесіндегі көрсетілген сомадан шегерген кезде негізгі қарыз мөлшері 271 289 теңгені, сыйақы мөлшері 36 166 теңгені құраған.

Сонымен қатар, АК-нің 718 бабының 5 тармағына сәйкес, жауапкерден талап қоюшының пайдасына қайтарылмаған негізгі қарыз сомасына, ақшаны қолданған уақытқа дейін, біздің жағдайда, факторинг шарты жасалған күнге дейін, сыйақы сомасын өндіру қажет болған. Оның мөлшері 55 388 (271 289х15%/360х490) теңгені құраған. Бұл жерде 271 289 тенге – негізгі қарыз сомасы, 15% - шарт бойынша сыйақы мөлшері размер, 360 – бір жылдағы күндер саны және 490 – заем нысанымен пайдаланылған күдер саны.

Осылайша, өндірілуге жататын қарыздың жалпы көлемі төмендетілген.


Бұдан басқа, осы категориядағы істер бойынша соттармен банктік комиссия негізссіз өндіріліп отырған.

Талап қоюшы «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сотқа жауапкер Л.Б.Дуспуловаға 569 967,50 теңге көлеміндегі қарыз сомасын және сот шығындарын өндіру туралы талап арызбен жүгініп, онысын жауапкердің өзіне «Альянс банк» АҚ-нан банктік шарт бойынша алған қарызды қайтару міндеттемесін орындамағандығына, қазіргі кезде осы қарызды талап ету құқығына Қаржы компаниясы ие болғандығына негіздеген.

Байзақ аудандық сотының 11.09.2014 жылғы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 370 363 теңге қарыз сомасы, 11 111 теңге сот шығындары өндірілген. Талаптың басқа бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.

Алайда, бірінші сатыдағы соттың жауапкерден 1 111 теңге көлемінде төленбеген комиссия сомасын өндіру қажет деген тұжырымы заң талаптарына қайшы.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы №2444 Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 1-тармағына сәйкес сыйақы ставкалары мен комиссиялар, сондай-ақ банк қызметтерін көрсеткені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып дербес белгілейді.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы №19 Қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасына сай банктік қызметтерді көрсету - банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) Банктер туралы Заңының 30-бабында белгіленген банктік және өзге операцияларды жүзеге асыруы.

Заңның 30 бабын сәйкес банктік операцияларға басқалармен қатар банктік шоттарды ашу және және жүргізу жатады.

Қазақстан Республикасының «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы №237 Заңының 6-бабына сәйкес банк шоты - банк пен клиент арасында ақша қабылдау және (немесе) клиентке банктiк қызмет көрсету жөнiндегi шарттық қатынастарды көрсету тәсiлi. Банк шоттары жеке және заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң ағымдағы және жинақ шоттары, сондай-ақ банктердiң корреспонденттiк шоттары болып бөлiнедi. Осы баптың 2-1-тармағында аталған операцияларды жүргiзуге болмайтын шоттар, сондай-ақ банктердегi бухгалтерлiк есептiң позицияларын көрсететiн шоттар, баланстық шоттардың құрамдас бөлiктерi болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), соның iшiнде несие шоттары банк шоттары болып табылмайды.

Банктік қызмет көрсету үшін ссудалық шотты ашу және оны жүргізу екінші деңгейдегі банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің алдындағы міндеті болып табылады. Ссудалық шот, берілген ссудалар бойынша заем алушының қарыздарын көрсету мақсатына арналған ақша сомаларын бухгалтерлік есепке алудың тәсілі болып табылады, және ол есептесу операцияларға жатпайды. Ссудалық шот банктік шот қаратына жатпайды. Осындай шоттың ашылуын және жүргізілуін жекеленген банктік операция деп қарауға болмайды.

Сондықтан, көрсетілген комиссия сомасы жауапкерден өндірілуге жатпайтын еді.

Осылайша, апелляциялық сатыдағы соттың 30.10.2014 жылғы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, талаптың комиссияны өндіру бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.
Келсі мысалда бірінші сатыдағы сотпен сыйақының мөлшері дұрыс еспетелмеген.

Талап қоюшы «Finance» Арнайы қаржы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі М.С.Сейдилдаевқа 210 088 теңге көлеміндегі қарыз сомасын және сот шығындарын өндіру туралы талап арызбен жүгінген.

Мойынқұм аудандық сотының 24.09.2014 жылғы шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 133 055 теңге қарыз сомасы, 3 992 теңге сот шығындары өндірілген. Талаптың басқа бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған (судья Оспанова Д.К.).

Жамбыл облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі апелляциялық сот алқасының 20.11.2014 жылғы қаулысымен сот шешімі өзгеріп, сыйақы мөлшері негізсіз төмендетілгендіктен өндірілетін соманың мөлшері ұлғайтылған.

Заем шарты бойынша несиені пайдаланғаны үшін несие алушы банкке жылдық 19% мөлшерінде сыйақы төлеуге міндетті екендігіне қарамастан, бірінші сатыдағы сот, ол 7,5% мөлшерінде сыйақыны төлеу керек деп, АК-нің 718-бабының 5-тармағына сай өндірілуге жататын сыйақы мөлшерін 11 304 теңге деп дұрыс есептемеген.

Аталған нормаға сәйкес егер қарыз алушы қарыз нысанасын мерзiмiнде қайтармаса, сыйақы қарыз нысанасын пайдаланған бүкiл кезеңге төленедi. Сондықтан, осындай сыйақының мөлшері 28 636,6 (58 343 х 19%/360 х 930) теңгені құрайды.

Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып ата кететін тағы бір жай, осы жылдың 12 айында қаралған азаматтық істер бойынша сот шешімдерінің бұзылып, өзгертілуіне негіз болып отырған көбіне іске қатысты мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы және осы баптың материалдық заң нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы болып отыр.

Мәселен, Жамбыл аудандық сотының судьясы Г.А.Алимкуловамен қаралған, арызданушы "Taraz Rеst Tour" ЖШС-нің Жамбыл аудандық прокурорының іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылғын. Апелляциялық алқаның қаулысымен аталған шешім бұзылып, ҚР АІЖК-нің 247 бабының 1 тармағына сай, іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындығына байланысты өндірістен қысқартылған.

Келесі мысал, экономикалық соттың судьясы Г.М.Тажиевамен қаралған, талап қоюшы «Таразэнергоорталық» АҚ-ның жауапкер «КазТрансГазаймақ» АҚ-ның әрекетін заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі бойынша талап арызы қанағаттандырылған. Алайда, апелляциялық алқаның қаулысымен аталған шешім ҚР АІЖК-нің 247 бабының 1 тармағына сай, іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайдығына байланысты бұзылып, іс өндірісінен қысқартылды.

5. Талдау нәтижесіндегі тұжырымдар және ұсыныстар.
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару сапасын талдай келе, бірінші сатылы соттардың сот актілерінің бұзылуына немесе өзгертілуіне көбіне азаматтық іс бойынша істі сотқа әзірлеудің нашар болуы, тіпті мұндайдың болмауы да, судьялардың істерді қарау барысында материалдық және іс жүргізу нормаларының бұзылуы, іске қатысты мән-жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы, жақтармен берілген дәлелдемелердің тиісінше зерттелмеуі және істің сотта қаралу тәртібінің дұрыс сақталмауы, көтеген соттарда жүктеменің үлкендігіне байланысты істі сотқа әзірлеуге уақыттың жетіспеушілігі болып табылады.

2014 жылдың 12 айында азаматтық істерді апелляциялық тәртіпте қараудың сот тәжрибесіне жасалынған талдаудың және де айқындалған заңбұзушылықтары ескере отырып, облыс соттарына келесідей ұсыныстар келтіру қажет:

1. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде материалдық және іс жүргізу құқықтарының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының талаптарын мүлтіксіз сақтауға.

2. Азаматтық істерді сотқа әзірлеу сатысына өте үлкен көңіл бөлуге. Қиын істер бойынша міндетті түрде тараптардың барлығын шақырып, олардың дау бойынша көзқарасын анықтауға, іске қажетті дәлелдемелерді сұратуға және тағы басқа да қажетті әзірілік жұмыстар жасауды тәжрибеге алуға.

3. Азаматтық істерді қарау кезіндегі сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын көтеруге бағытталған жұмыстарды жалғастыруға.

4. Талдауда көрсетілген материалдық және іс жүргізу құқықтарды қолдану кезіндегі кемшіліктердің алдын алу мақсатында оны облыстағы аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларының назарына жеткізуге.



Жамбыл облыстық сотының

азаматтық және әкімшілік істері

жөніндегі апелляциялық сот алқасы

орын.: А.Әкетаев


1   2


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет