2014 жылдың 17-19 сәуірінде



Дата12.07.2016
өлшемі71.19 Kb.
Жоғары оқу орындарының ректорларына

(тізім бойынша)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «2014 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында пәндік олимпиада өткізу кестесіне» сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 17-19 сәуірінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің арасында VІ Республикалық пән олимпиадасы өтеді.

Республикалық пән олимпиадасы екі кезеңнен тұрады:

1-кезең - студенттердің тіл мен әдебиеттік танымын көрсететін шығармашылық жұмыс;

2-кезең –(1-кезеңнен өткендер үшін) мамандықтың пәндері бойынша тест тапсыру.

Пән олимпиадасы қазақ тілінде жүргізіледі.

Республикалық пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының 3,4 курс студенттерінен құралған командалар қатысады. Команданың құрамы 3 студенттен аспауы тиіс.

Олимпиадаға қатысу үшін жоғары оқу орны 2014 жылдың 15 наурызына дейін міндетті түрде korkyt_kaztil@mail.ru адресіне қатысу өтінімін жіберуі тиіс.

Қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші ЖОО қаржысы есебінен төленеді.

Қатысушылардың өздерімен бірге жеке куәліктері, сынақ кітапшалары немесе студенттік билеттері болуы қажет. Олимпиадаға қатысушылардың Қызылорда қаласына келу уақыты - 2014 жылдың 17 сәуірі.

Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу өтінімі қосымшада берілген.

Оқу ісі жөніндегі проректор-

бірінші проректор А.Т.Жүнісов


Орындаған: С.Т.Тайман

байланыс тел: 8(7242) 27-80-00



5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша республикалық пән олимпиадасына қатысатындығы туралы өтінім

(барлық қатысушыларға толтырылады)



Команданың атауы




Жоғары оқу орнының атауы




Студенттің аты-жөні




Студенттің байланыс телефоны (мекен-жайы, ұялы телефоны, e-mail )




Мамандығы, курсы




Топ жетекшісінің аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны, e-mail




Қонақүйден орын брондау (иә/жоқ)




Келуі, қайтуы (күні, уақыты, көлік түрі)




Өтінім doc форматында төмендегі электронды адреске жіберіледі.


Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қызылорда қаласы, Желтоқсан к-сі, 40-үй, 204-каб., байланыс телефоны: 8(7242) 27-85-72 (жұмыс), факс: 8(7242) 26-27-14, e-mail: ksu@korkyt.kz, Ғабит Әнешұлы Тұяқбаев (87014141933), Болат Елтайұлы Боранбай (87772733494), korkyt_kaztil@mail.ru.

Республикалық пән олимпиадасының бағдарламасы мен ережесі туралы www.korkyt.kz сайтынан танысуға болады.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың

ЕРЕЖЕСІ
1 Жалпы ереже
Студенттердің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада (ары қарай - РПО) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының 2014 жылдың 27 қаңтардағы №03-2|62 хатына сәйкес өткізіледі.

1.Республикалық пәндік олимпиадасының мақсаты – болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін анықтау мақсатында өткізіледі және талантты студент жастарды қолдаудың алғышарттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін командалар құрамын іріктеу.

2.Республикалық пән олимпиадасының міндеттері:

1) студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу әрекеттерін ынталандыру;

2) студенттердің жеке кәсіби әлеуетін, шығармашылық қабілеттерін ашу, мүмкіндіктерін толық пайдалануы мен кәсіби қалыптасуына жағдай жасау;

3) студенттердің азаматтық ұстанымын орнықтыру;

4) ең дарынды студенттерді іріктеу және қолдау;

5) білім беру жүйесін жетілдіруге деген кәсіби белсенділік қатынасын қалыптастыру.


ІІ Республикалық пән олимпиадасын өткізу тәртібі
3. Республикалық пәндік олимпиада екі кезеңнен тұрады.

4. І кезең қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарында ұйымдастырылады. Жоғары оқу орындарының өз ішіндегі комиссия шешімімен үш адамнан тұратын команда іріктеліп, екінші кезеңге жіберіледі.

5. ІІ кезең Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (ҚМУ) базасында ұйымдастырылады. Республикалық пән олимпиадасына 5В011700 –қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020500 – филология мамандығының үшінші және төртінші курсында оқитын студент-бакалаврлар қатысады. Республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы келесі оқу жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студент-бакалаврлар арасында өткізілетін республикалық пәндік олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізуіне мүмкіндік алады.

6. Аталған Ереже республикалық пән олимпиадасының ІІ кезеңін өткізу мен олимпиада жеңімпаздарын анықтау тәртібін көрсетеді.

7. Республикалық пән олимпиадасын өткізу үшін ректор өкімімен ұйымдастыру комитеті құрылады.

8. Ұйымдастыру комитеті – Республикалық пән олимпиадасын өткізу туралы Ережені дайындайды.

9.Республикалық пән олимпиадасының өткізу уақытын белгілеп, өткізу жөніндегі ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ЖОО-ларға хабарлайды.

10.Республикалық пән олимпиадасын өткізуге бір ай қалғанға дейінгі уақытта ЖОО командалары қатысушыларын тіркейді.

11.Республикалық пән олимпиадасын өткізудің техникалық және ұйымдастыру жағын қамтамасыз етеді.

12.Республикалық пән олимпиадасының қазылар алқасын жасақтайды.

13.Республикалық пән олимпиадасы жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттауды ұйымдастырады.
ІІІ Республикалық пән сайысын өткізу шарттары
14. Республикалық пән олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы студенттердің тіл мен әдебиет бойынша білі мен танымын көрсететін шығармашылық жұмыс, екіншісі – тест тапсырмаларына жауап беру.

15. Шығармашылық жұмыс:

1) үй тапсырмасы – студенттің шығармашылық қабілеті мен алғырлығы тексеріледі. Мұнда әр команда атының (мәселен, жалғау; сөйлем т.б.), ұранының (команда атына сай тарқатылады), эмблемасының (команда атына сай безендірілгені жөн) мазмұндылығы сарапқа салынады. Тапсырмаларды орындау сурет салу, компьютерлік безендіру, киноға түсіру, болмаса т.б. негізде жүргізіледі. Бұл команда қабілетіне сай орындалады.

2) берілген тақырыптар бойынша эссе жазады және алдын ала дайындалған сөйлем варианттарына кешенді тілдік талдау жасайды.

16. Тест тапсырмалары:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теория мен практика ұштастырылып, қатысушының білімі тексеріледі. Қатысушыларға бірнеше дұрыс жауаптан тұратын тест беріледі (бір сұрақта 3 дұрыс жауабы болады).


ҮІ Жеңімпаздарды анықтау мен марапаттау
17.Республикалық пән олимпиадасының тапсырмалары төмендегі қағидалар бойынша бағаланады.

18. Үй тапсырмасын орындауда таныстырудағы тапқырлық, шешендік, жеткізу мәдениеті мен әдебі; эмблеманың символдық мәні (түр-түстік, дизайндік, семантикалық т.б); ұранның мазмұны, семантикасы, шешендігі.

19. Эсседе студенттің берілген тақырыпты аша алуы, өзіндік ой-пікірі, көзқарасы болуы, ойын жеткізе алуы, цитаталарды пайдалануы, жүйеліліктің, стильдің сақталуы, мәтіннің сауаттылығы т.б. мәселелер бағалауда назарға алынады. Тілдік талдауды бағалау талдау түрлерінің толық қамтылуы, дәлдігі, т.б. негізде жүргізіледі.

20. Тест тапсырмалары компьютерде орындалады және бағасы бірден шығарылады.

21. Республикалық пән олимпиадасы жеңімпаздары командалық есепте анықталады.

22. Республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары болып командалық есепте жүлделі І – ІІІ орын алғандар саналады. Жеңімпаздар ретінде республикалық олимпиаданың екі кезеңінде ең көп ұпай жинаған команда есептеледі.

23. Республикалық пән олимпиадасында төмендегідей жүлделі орындар белгіленеді:


  • бір бірінші орын;

  • екі екінші орын;

  • үш үшінші орын.



Ү. Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау
24. Пән олимпиадасының жеңімпаздары ретінде танылған команда 1, 2, 3-дәрежелі диплом мен кубокқа ие болады.

25. Басқа қатысушылар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың сертификаттарымен марапатталады.



26. Сонымен қатар пән бойынша білімі мен танымы жоғары, өзндк көзқарасымен және сауаттылығымен ерекше көзге түскен студенттер комиссия бекіткен жеке номинациялар бойынша марапатталады.
ҮІ Республикалық пәндік олимпиадасын қаржылық

қамтамасыз ету
27. Республикалық пән олимпиадасын өткізу мен ұйымдастыру шығындары ҚМУ қоры және демеушілердің көмек қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
ҮІІ Республикалық пән олимпиадасын өткізу уақыты мен орны
28. Республикалық пән олимпиадасын өткізу мен жеңімпаздарын анықтау мен марапаттау 2014 жылдың 19 сәуірінде болады. Пән олимпиадасы нәтижесі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ сайтына орналастырылады (www.korkyt.kz).

29. Республикалық пән олимпиадасы 140002, Қызылорда қ., Желтоқсан к/сі, 40-үй мекенжайда орналасқан ҚМУ-дың №1 ғимаратында өткізіледі.
Каталог: Docs
Docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
Docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
Docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
Docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
Docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет