2014 жылдың қорытындысы бойынша Алға ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі149.5 Kb.
#8851
2014 жылдың қорытындысы бойынша Алға ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат
2014 жыл Алға ауданында мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі жүзеге асуы, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуімен сипатталады.

Аудан халқының саны 1 қаңтарға 40187 адамды құрады немесе 3 жыл ішінде 1318 адамға көбейген (2011 жылы 38869 адам).

Ауданның 32 елді мекенінің ішінде 15 елді мекен Ақтөбе агломерациясының құрамына еніп отыр: (Алға қаласы, Есет батыр Көкіұлы, Қызылту, Бестамақ, Бесқоспа, Қарақұдық, Ақай, Қарабұлақ, Самбай, Қарахобда, Үшқұдық, Маржанбұлақ, Қайыңдысай, Тамды, Қайнар), олардың ішінде 1 шағын қала (Алға қаласы) мен тіректі елді мекен (Маржанбұлақ ауылы) бар.

Қазіргі таңда Алға қаласы мен 12 ауылдық округте жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдастықтары құрылды. Олардың әрқайсысының комиссия мүшелері тағайындалып, қолма-қол кассалық шоттары ашылды. Онда түскен түсім 1130,9 мың теңгені құрады. Олардың кіріс - шығыс бюджеттері жоспарланып, 4 түрлі салық жинау /мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы және шағын бизнес субъектілеріне салынатын салық/ мүмкіндігі берілді.



Өнеркәсіп саласында өнім көлемі 2014 жыл ішінде 5,7 млрд. тг құрады /91%/. Бұл көрсеткіштің азаюы алкоголь өнімдерін шығаратын «АкРоссПищепром» кәсіпорнының желтоқсан-маусым айларында объективті себептермен өндіріс тоқтатуынан болды.

Дегенмен, аудан бюджетіне 2014 жылы 1 млрд. 739,4 млн. тг көлемінде салық түсті, жоспар /1700 млн. тг/ 102,3 % артық орындалды.

Ауыл шаруашылығы өнімдері 116,7 % өсіп, 11,9 млрд. тг құрады.

Жыл басынан 12 952 ш. м. тұрғын үй іске қосылып, 2013 жылмен /12 899 ш. м./салыстырғанда 0,4 % өсім бар. Жалпы құрылыс көлемі 2013 жылдың деңгейінен 0,7 % артып, 1 млрд. 750 млн. тг құрады.

Аудан бойынша шағын және орта бизнес субъектілер саны 1749 жетіп, оның 88% белсенділер (1540 бірл.) Олардан жыл бойына 2,3 млрд. тг көлемінде РБ мен ОБ салықтар түсті (107,5 %). Кәзіргі таңда олар бюджет түсетін салықтардың 58% қамтамасыз етіп отыр. Бұл салада 5,5 мың алғалықтар жұмыс жасауда.

2014 жылы ауданның негізгі капиталына 10,1 млрд. тг көлемінде инвестиция тартылды, бұл 2013 жылдың деңгейінен 2,2 есеге өскен.

Соңғы төрт жыл ішінде республикалық және облыстық бюджет тарапынан ауданға 7 млрд. теңге бөлініп, ауданның елді мекендерін газ, су, электрқуатымен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу және басқа да бірқатар маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша қосымша түскен салықтар есебінен аудандық бюджеттен 22,5 млн. тг бөліп, 47 жобаға құжаттама дайындалды /4 мектепке автономды жылыту жүйелерін орнату, 2 ауылдық клуб жөндеу, 3 әкімдік ғимарат салу, 1 әкімдікке күрделі жөндеу, 10 көше асфальттау, 27 көп қабатты үй аулаларын абаттандыру/.

Бұл 2015-2016 жылдары жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқаты да артып келеді. Орташа айлық жалақы 9,9 % өсіп, 68,1 мың тг құрап отыр.

Еңбек нарығындағы жағдай бір қалыпты. Тіркелген жұмыссыздар саны 62 адам, немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 0,3 % құрады.
Әрбір сала бойынша нақты атқарылған жұмыстарға тоқталатын болсақ:
Аграрлық салада 2014 ж. егістік көлемі 57,1 мың га құрады /7,3%/. Оның ішінде дәнді дақылдар көлемін қуаңшылыққа байланысты 5 мың га кемітіп, 29 мың га егілді. Есесіне жем-шөп дақылдары 26 мың га егіп, 2013 жылдан 2 есе көбейді.

Малшаруашылығы дамып келеді. 2015 жылдың 1 қаңтарына ірі қара 28 891 басты (өсім 114,9% - 2013 ж. 25139 бас/. Ұсақ мал 71396 басты құрады (өсім 110,7 % - 2013 ж. 64480 бас/.

Бұл нәтиже «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары негізінде жүзеге асырылды.

«Сыбаға» бағдарламасының мақсаты - тұқымдық түрлендіру және аналық малдардан алынатын төлдердің сапасын жақсарту. Бұл бағдарлама бойынша шаруашылықтар 7 жылға 6 пайызбен несие алады. Оператор - «Агро несие корпорациясы». Алғашқы екі жыл несие қайтару сомасы төленбейді (каникулы). Биыл асыл тұқымды бұқа - 320-350 мың тг, аналық - 190 мың тг көлемінде белгіленді. Алынған бұқаға 154 мың теңге, аналыққа 18 мың тг үкімет субсидия төлейді. 2014 жылы аудан шаруашылықтары 244 бас мал алды. Соның арқасында жоспар 110,4 %-ға орындалды.



«Құлан» - жылқы өсіруге, «Алтын асық» - асыл тұқымды қой өсіруге арналған, 2014 ж. қараша айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Олардың талаптары шаруашылықтарға тиімді, «Сыбағамен» сәйкес.

Ауылдарда сиырдан алынатын бұзаулар ұсақталып, тұқымдары нашарлады. Қазіргі уақытта ірі қара төлдерінің тұқымын жақсарту бағытында асыл тұқымды бұқалар сатып алынып жеке табындарға қосылды. Соның нәтижесінде алынған төлдердің сапасы дұрысталып оң бағасын беруде. Бұл бағытта Үшқұдықтағы «Жақсылық» ШҚ тиімді жұмыс атқарып келеді.

Жер кодексіне өзгерістер еңгізіліп, жер салығы көбейді. Қолданылмай жатқан жерлерді қайтарып, осы бағдарламалар бойынша жұмыс жасап жатқан шаруашылықтарға қосымша жерлер бөлініп, кеңейтіледі.

Қосымша аграрлық салада жұмыс жасап жатқан шаруашылықтарға «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы электр жарығы, газ, су өткізіліп, жел генераторлар орнатылды, олар:

14,4 млн.теңгеге 6 шаруа қожалығы (Маржанбұлақта «Камыспаев Р.», Карақобдада «Арна» ш/қ, «Инкар» ш/қ, Тамдыда «Алға-Ескендір» ш/қ, Самбайда «Аккорд» және «Бесата» ш/қ) күн сәулесі мен жел күшін пайдалану арқылы ток күшін өндіретін құрылғылар алды.

6,5 млн.теңге 6 шаруашылықтың инфрақұрылымын жетілдіруге берілді (Қарабұлақта «Қайр-А»ш/қ ВЛ-0,4 кВ- 390 метр, Ақайда «Тама» ш/қ -300 метр және Бестамақта «Есбергенов» ЖК ВЛ-10кВ-120 метр электр желілері өткізілді. Самбай ауылында «Қаршыға» ш/қ (290 метр) және Есет батыр Көкіұлы ауылында «Минбаева» ЖК тігін цехына (65метр) төменгі қысымды газ өткізілді, бұл жобалар 2014-2015 жылдарға жоспарланған. Биыл осы кәсіпкерліктерге су құбырлары өткізіледі).

2015 жылға Маржанбұлақта «Улукпанов» жеке кәсіпкері қоғамдық моншаға төменгі қысымды газ өткізуге ЖСҚ дайындады.

Осы бағдарлама аясында өз бизнестерін кеңейту мақсатында ауданның 32 кәсіпкеріне 65,4 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді (20 кәсіпкер мал шаруашылығын дамытуға, 1 өсімдік, 1-құс шаруашылығын дамытуға, 3 кәсіпкер тойхана ашу, кафені кеңейтуге, 2 кәсіпкер ТҚС (СТО) ашуға, 1- монша, 1 ателье, 1- жихаз цехын ашу және 1 жалюзи дайындау мен 1 жиһаз жасауға арнайы қондырғы алу).

Нәтижесінде 2014 жылы 357 жаңа жұмыс орындары ашылды (2013 жылы-233 орын).

«Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша:

«Рамазан» кәсіпорны Есет батыр ауылында суармалы егін технологиясы негізінде 7 суармалы агрегат орнатып, 1800 га арпа мен жүгері өсірді. 14 адам жұмыспен қамтылды. Инвестиция көлемі - 255 млн.тг.

«Парижская коммуна» кешенінде селекциялық-гибридті орталық салынды. Онда жылына 1200 негізгі және 12 мың гибридті аналық шошқа өсіріліп, экспортқа сатылуда. Қосымша 50 жаңа жұмыс орны ашылды. Инвестиция көлемі – 1млрд. 27,6 млн. тг.

Қарағаш ауылдық округінде «Құлагер» ШҚ аумағы 0,1 гектар жылыжайды іске қосып, өнімін Ақтөбеге өткізуде. Инвестиция көлемі -12 млн. тг, 3 жұмыс орны ашылды.

«Ырыс» бағдарламасы – ауылдарды сүт-тауарлы фермалар ашуға бағытталған. Биыл «Аманбай» ШҚ Самбай ауылында 390 бас ірі қараға арналған сүт-тауарлы фермасын іске қосады. Мұнда 2 мал базасы, жұмысшыларына 4 пәтерлі үй салынды. 32 жұмыс орны ашылады. Жалпы құны - 200 млн. тг. Енді сүт өнімдерін өңдеуге қажетті құрал-жабдықтарға сұраныс беріліп, жетіспейтін қаражат «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы бөлінеді.

«Рейімқұл» ШҚ-да жоспарын орындауда, 3 мың басқа арналған бордақылау алаңын салып, ет өңдеу комбинатының құрылысын аяқтауда.

Сонымен қатар, «Аққұс» фабрикасы сағатына 3 мың құс соятын жаңа цех құрылысын салуды жоспарлауда. Инвестиция көлемі - 1,2 млн. евро. Қазіргі таңда сағатына 1 мың бас құс сойылады.

Тағы бір тиімді мемлекеттік бағдарлама - «Бизнестің жол картасы-2020». Ол бойынша 2014 жылы 283 млн. тг 4 жоба жүзеге асырылды:

Бірінші «пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бағыты бойынша екі жобаға 106 млн. тг бөлінді. Ақай округінде «Ауылым» ШҚ 270 еділбай қойларын сатып алып, өсіруде. «Нитрохим» кәсіпорны эмульсиялық жарылғыш заттар өндіретін технологиялық құрылғылар мен бұрғы скважиналарына негізгі құралдар сатып алды.

ДКБ-ның «мемлекеттік грант» бағыты арқылы Маржанбұлақта жеке кәсіпкері Найманов 3 млн. тг 30 сүтті ешкісін сатып алып, өнімін Ақтөбеге 800 тг өткізіп отыр. Тиімділігін көріп, биыл ешкі санын 100-ге жеткізуді жоспарлап отыр.

«Инфрақұрылымды дамыту» бойынша «Рамазан» кәсіпорны 174 млн. тг суармалы фрегат сатып алды.

2014 ж. маусым айында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылып, Даму қорының 2 кеңесшісі барлық мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кеңестер беруде.

Бүгінгі күннің және келешектің негізгі мәселесі - Алға қаласында құрылатын Индустриалдық аймақ болып табылады. Бұл жұмыстар «индустриалды инфрақұрылымды дамыту» приоритетімен айқындалған өңірлерде шағын және орта бизнестің дамуы мен қосымша инвестициялардың тартылуына ықпал ететін индустриалды аймақ құру секілді Елбасының Жолдауына сәйкес атқарылып жатыр.

2014 жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес «Алға» индустриалды аймағының жобасы дайындалып, 100 га жер бөлінді. Өте күрделі, ауқымды жұмыстар жасалды (ИА-та орналастаны өнеркәсіп кәсіпорындарының тізімі, олардың инженерлік инфрақұрылымына қажеттіліктер көлемі анықталды. ИА-ң жер теліміне мемлекеттік акт жасалды. Ауыз су, техникалық су, канализация, электржабдығы, телефонмен жабдықталу бойынша техусловия алынып, археологиялық сараптама мен СЭС тұжырымдамасы жасалды, сондай-ақ, сумен, газбен және Актеп ЖШС-ға телефон торабы мен магистральды ВОЛС «Актобе-Жаңажол» КазТрансКом техусловиялары келісілді. «КазТрансГазАймақтан» «СНПС Актобемунайгаз» арқылы газ құбырын ауыстыруға келісімі алынды).

Сонымен қатар ИА нақты жүзеге асатын жобалармен толтыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жоспар инвесторлармен тікелей байланыстыруда. 7 қарашада өткен «Ақтөбе-Инвест» инвестициялық форумында Алғадағы «Нитрохим» ЖШС-да жалпы сомасы 6,5 млрд. тг құрайтын эмульсиялық жарылғыш заттар мен иниицирование құралдарын өндіру жобасының құрылысына меморандумға қол қойылды.

Қараша айында Астана қаласында өткен қазақстан-чехия бизнес форумында «Нитрохим» Чехияның «Нитроген» компаниясымен бірлесіп, 160,0 млн.доллор инвестицияны құрайтын аммиакты селитра өндіру жобасына келісімге қол қойды.

«Неохим» ЖШС жаңа цех іске қосылып ізбесөндіру жобасын кеңейтуде. Пенобетон өндіретін «Актобе ДреллингСервис» ЖШС жобалық қуатына шықты.

Алға индустриалды-техникалық колледжінде кадр-мамандар дайындау бойынша жұмыстар қарастырылуда. Осыған орай аудандық білім бөлімі мектеп бітірушілерге алдағы 3-4 жылдықта жаңа өндіріске қажеттілігі туындайтын мамандықтарды таңдауына, игеруіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуі қажет.

Біздің болжамымыз бойынша құрылатын аймақта «Нитрохим» компаниясымен жобалық қуаты жылына 12,0 мың дана гофратар өндіретін зауыт, «Асылбек» ш/қ айына 20,0 тонна қатырма қағаз шығаратын фабрика, «Курмансейітов» ЖК жылына 150 дана транформатор құрастыру бойынша цех және т.б. орналасады.

Сонымен қатар, бұл аймақта «Молочные истории» ЖШС ауылшаруашылық өнімін өңдеу жобаларын жүзеге асырмақ. Ағымдағы жылдың сәуір айында бұл серіктестікте 1,9 млрд теңгеге жобалық қуаты сағатына 15 бас ірі-қара мал соятын ет өңдеу компинатының құрылысы басталады. Германиядан құрал жабдықтары сатып алынды. Жыл соңына дейін эксплуатацияға енгізу жоспарланып отыр.

Осы жерде сағатына 150 бас ұсақ мал сойылатын ет комбинаты мен 20,0 мың тонналық жылыжай кешені (9800тн-томат, 9100 тн-салат, 370,0 тн-құлпынай) салынады.

Индустриалдық аймақ бойынша тәжірибе алу үшін ОҚО –ндағы «Оңтүстік» ИА –на біздің қызметкерлер барып келді.

2010-2014 жж индустриаландыру бағдарламасының бірінші кезеңінде 4,8 млрд.тг-ге 8 жоба жүзеге асырылып, 365 жаңа жұмыс орны құрылды.

Индустриаландырудың екінші бесжылдығында 2015-2019 жж ауданда 10 жобаны жүзеге асыру қарастырылуда. Оларды жалпы құны 11,7 млрд тг, ашылатын жұмыс орны – 924.

Бұл жоспарлар ИЗ-ны газбен қамту көлемін ұлғайтумен тығыз байланысты. Қазіргі таңда Алға қаласының тұрғын үйлері мен өндіріс кәсіпорындары сағатына 10 мың куб қуаттылығы бар АГРС-пен қамтамасыз етіліп отыр. Ол болашақта жаңа өндірістер қосылған соң аздық етеді.

Осыны ескере отырып, Елбасы Жолдауының «Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту» приоритеті негізінде Алғада сағатына 30 мың куб қуаттылығы бар станса салуды көздеп, жобасы дайындалуда. Бұл жобаны индустриалды аймақтағы жобалармен байланыстырып, облыстық энергетика басқармасымен, УМГ «Интергаз-ЦА», «Казтрансгаз-Аймақ» мекемелерімен жұмыстар атқарылуда.


Ауданның тұрғын үй құрылысы аудан әкімдігі жанынан құрылатын жаңа 5-ші шағын ауданның салынуымен байланысты болмақ.

2014 жылы осы жерге 60 пәтерлі 2 жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына жобалық сметалық құжаттама дайындалды. Бұл үйлерді «Нұрлы жол» бағдарламасына қосуға өтінім берілді.

Бұдан басқа мемлекеттік –жеке серіктестік негізінде бизнесте әлеуметтік жауапкершілік принципін іске асыру мақсатында «Нитрохим» ЖШС 45 пәтерлі тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Оның бірінші қабатында балабақша орналасады және ауласында балалардың ойын алаңы салынады. Қазіргі таңда жаңа 5-ші шағын ауданға жер бөлінді.

Қаладағы 2-ші шағын ауданда 8 пәтерлі үш үйден құралған шағын кешен салынуда. 2 үйдің құрылысы аяқталды. 1-уіне 2015 жылы 49,1 млн.тг бөлініп, жұмыстар жүргізіледі.

«Неохим» ЖШС өз жұмысшыларына арнап Алға қаласында Горький көшесінен тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерге тоқталатын болсақ: қазіргі таңда 78 үй бар Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы бойынша 2014 жылы 6 көп қабатты тұрғын үйге термомодернизация жасалды (Иманова, 65, 67, Байтурсынова 17, 17а, Айымбаева, 21, Валиханова, 21).

2015 жылға 9 үйге модернизация жүргізу жоспарлануда. Оның 2-уі Бестамақ ауылында /Есет батыр 74, Бөгенбай батыр 62/, 7-і Алғада /Байтурсынова 13, 14, 18, 19, Победы, 10, Мухамбетова, 30, Айымбаева 30/.
Газдандыру. Ауданның 40187 тұрғынының 33391 көгілдір отынды пайдалануда, бұл аудан халқының 84 %.

2014 жылы 4 ауыл газбен қамтылды (тірек ауыл Маржанбұлақ, агломерацияға енгізілген Қарабұлақ, Қайыңдысай, Бесқоспа - 339,4 млн. тг РБ, ОБ). 2013 жылы осы 4 ауылдың әлеуметтік объектілерін көмір және дизтопливо алып беруге бюджеттен 15 млн. тг жұмсалса, газды төлеуге 1 млн. 900 мың тг берілді, яғни шығын 8 есе азайды.

Биыл Қарақұдықта ауылішілік газ құбырлары салынады. Сонымен қатар, Ақай, Көлтабан, Қарақобда, Тікқайын, Көктоғай ауылдарын газбен қамтуға техникалық-экономикалық негіздеме жасалынды.

Бұл елді-мекендер газданғасын, қамтылғандар саны 36409 адамға жетеді /90,6 %/.


Сумен қамтамасыз ету. Аудан тұрғындарының 88,3 % /35477 адам/ орталықтандырылған суды пайдаланады. Ол 32 елді мекеннің 16-ы (Алға, Бестамақ, Есет батыр, Тамды, Үшқұдық, Қарабұлақ, Қарақобда, Самбай, Қайнар, Сарықобда, Болгарка, Ақай, Маржанбұлақ, Тоқмансай және ст. Тоқмансай). Ауданның жалпы су құбырлары ұзындығы 157 км құрайды. 2013 ж. - Ақай ауылы, 2014-те Маржанбұлақ /523,9 млн. тг/, Алғаның №1 тұрғын массиві /2013-2014 - 116,4 млн. тг/ сумен қамтылды.

Бесқоспа ауылына су тарту жұмыстары биыл /РБ - 168,4 млн.тг / атқарылады деп күтілуде.

Бесқоспа ауылына су жүйесі өткізілген соң 16 елді-мекеннің 35837 тұрғыны орталықтандырылған суды пайдаланатын болады /89,2 %/.
Алға қаласының жылу жүйесі – ерекше назарда, оларды жөндеу кезең-кезеңмен атқарылуда. 2013 ж. 12 км жылу желілері қайта жабдықталды. Нәтижесінде әлеуметтік объектілер мен үйлердің жылуы жақсарып, су шығыны азайды.

Ауданда 36 қазандық бар /22-газ, 13-қатты отын, 1-сұйық отын/.

Негізгісі - ол 1972 жылы салынған Алға қаласының қазандығы. 2014 жылы оған модернизация жүргізілді /390,7 млн. тг/, маусым-желтоқсан айларында жарты жыл жұмыстар жасалынып, құрал-жабдықтар толық алмастырылды. Келесі кезеңде - 2 энергоүнемдегіш қазандық орнату, 3 қазандық өткен жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, резервте тұр.

Бұның мақсаты - Алға-жылу кәсіпорнының шығындарын азайту. Себебі, кәсіпорын энергияны өте көп тартады, оған қоса 16 ауылдың су стансалары балансына беріліп, оның шығындарын көбейтуде.

Сонымен қатар, қысқы жылыту маусымы ерекше назарда, қажетті көмір /34,4 млн.тг 2816,6 тн / сатып алынып, объектілер пайдалануда.

Алғаның кәріз жүйесін жөндеу басты мәселеге айналып тұр /531 млн. тг/. Себебі, оның жағдайы индустриалдық аймақта жүзеге асырылатын жобалармен байланысты. Алға канализациясының ұзындығы - 22 км. Қосымша жаңа массив пен 5 мкрнда салынатын үйлерге қажетті желілерді тартуға биыл құжаттар дайындалды.

Бестамақ ауылының кәріз желілері /75,3 млн.тг/ мен Алғаның биотазалау ғимараттарын қайта жаңғыртуы /522,7 млн.тг/ биыл жоспарланып отыр.
Аудандағы жолдардың жалпы ұзындығы - 547 км. Оның ішіндегі маңыздысы Ақтөбе-Атырау трассасы. Елбасы Жолдауының «көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» бірінші приоритетіне бұл жобаның енуі біздің өңірге оң әсерін тигізеді.

Бұл жолдың 46 км біздің ауданнан өтеді және ақтөбе агломерациясына еніп тұрған 7 елді мекенді қамтып отыр. Сол арқылы индустриалдық аймаққа қызығушылық артады, инвесторлардың келуіне зор ықпалын тигізеді және жол қауіпсіздігі жақсарады. Жоспар бойынша ақпан айында конкурс өтіп, жобалау институты анықталған соң, олармен тығыз жұмыс жасаймыз - жолда бес көпір бар, Бестамақ пен Алғадан өту реті, Алғаның бас жоспарымен сәйкестендіру т.б. мәселелер.

Бұл саланың үлкен бөлігі - Алғаның көшелерін жөндеу. 2013-14 ж. 8 көше асфальттанды. Биыл 5 көше жөндеуге дайындалды, қаланың әрбір жағынан 2 көшеден алынды: лиманнан - Комсомольская, Ағниязов, контрабактан - Овражная, Водопроводная, кирпичныйдан - Иманов көшесі.

18 көпқабатты үйдің аулаларына асфальт төселді (4мкрн,5,6,6А,7,8, 12,14,15, Байтұрсынов,13,14,15А,16,17,17А,18, Уәлиханов,19,19А,21). Байтұрсынов пен Уәлиханов көшелеріне тротуар салынды.

Бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастыру үшін 27 ауланы абаттандыруға жобалары дайындалды (Есет батыр,25,27,28, 2 мкрн,2, Мухамбетова,30,32, Уәлиханов,10,11,12,13,14,15,16,18,20,22, Байтұрсынов,9, Фрунзе,18, ДОС,1,15; Айымбаев,30,32; Сейфуллин,19,21,22,24,28).

Ауыларалық жолдардың нашарлығы – ауыл жиындарында көтеретін мәселенің бірі. Талдау негізінде облыстық автожолдар басқармасымен бірлесіп 4 жол учаскесіне жоба дайындалды:

- Үшқұдық-Нұрбұлақ /ұзындығы 23 км - 525 млн. тг/;

- Алға-Қарабұлақ /40 км - 940 млн. тг/;

- Есет батыр-Қайнар /36 км - 920 млн. тг/;

- Маржанбұлақ ауылына кіреберіс жолы /700 м - 20,5 млн.тг/.

Бұлардың жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Ауылдың мәселелерін толықтай қамту және ауыл тұрғындарының еңсесін көтеру үшін Ақтөбе агломерациясына кіріп тұрған 5 ауылдың орталық көшелерін асфальттауға жоба дайындалды (Үшқұдық, Тамды, Маржанбұлақ, Бестамақ, Есет батыр).
Әлеуметтік инфрақұрылымның даму мәселелері Елбасы Жолдауы басымдықтарынан туындап тұр және де ауыл тұрғындарының ерекше назарын алады.

Соңғы жылы 8 білім, денсаулық сақтау және мәдениет ошақтары жөнделді, Үшқұдықта жаңа амбулатория іске қосылды, 16 ауылдың объектілерін жөндеуге жобалар дайындалды. Жоспарда:

- Бесқоспа ауылында жаңа мектептің құрылысын аяқтау,

- Қарақұдық ауылында 100 орындық орта мектеп /338,4 млн. тг/,

- Самбай ауылында 150 орындық клуб /90,6 млн. тг./,

- Алғада 100 бала интернаты бар 600 орындық мектеп /800 млн. тг/,

- Алғада 320-орындық жаңа балабақша (540 млн.тг).

Білім беру саласында. Ауданда 32 мектеп бар (19 орта, 8 негізгі және 5 бастауыш). Мұнда 6650 бала білім алуда.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын 12 балабақша (1606 бала), 20 шағын орталық (788 бала) жүзеге асыруда. 3-6 жастағы балаларды біліммен қамту аудан бойынша 98,6 пайызды құрайды (1-6 жастағылар 78 пайыз). 2014 жылы Маржанбұлақ бала бақшасы мен Алғаның № 1 мектеп бақшасында қосымша 1-1 ден топтар ашылды.

Балаларды 100 пайыздық тәрбиемен қамту үшін Алға қаласының 5-шағын ауданынан 320 орындық балабақша салу жоспарланып отыр.

Білім беру мекемелерін күрделі жөндеу «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 2013 жылы Есет батыр мектеп бақшасы мен Маржанбұлақ балабақшасына және 2014 жылы Бестамақ ОМ күрделі жөндеу жүргізілді.

Ақай, Самбай, Қарабұлақ, Тамды, Тоқмансай, Алғадағы № 2,4 ОМ, Алға қ.№1 мектеп бақшаны күрделі жөндеуге және Маржанбұлақ ОМ, Алға қ. №3ОМ және Тоқмансай балабақшасына ағымдағы жөндеу жүргізуге жобалары дайындалды.

Ауылдарды газдандыру олардағы білім ошақтарына газ қазандығын орнату қажеттілігін туындатады. 2014 жылы Қайыңдысай ауылынң газбен қамтылуына байланысты Ақырап НМ газ қазандығы орнатылды.

2015 жылы Қарабұлақ, Маржанбұлақ ОМ және Тамды аула клубына автономды газ қазандығының құрылысы жасалатын болады.

Білім беру сапасы ҰБТ нәтижесімен айқындалады. 2014 жылы ҰБТ орташа балы 79,7 құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1 –ге артқан.

Ауданның 3 мектебіне «электронды оқыту» бағдарламасы енгізілді. Олардың әрқайсысы 65 компьютермен жабдықталды. Бұл балалардың электронды форматта білім алуына жағдай туғызып, оқыту жүйесін жақсартты.

Денсаулық сақтау саласы тікелей облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы облыстық бюджеттен қаржыландырылады.

Ауданда Алға орталық аудандық ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 ФАП, 19 медпункт халыққа медициналық қызмет көрсетеді.

Нормативтерге сәйкес Ақай медпункті дәрігерлік амбулаторияға, Қарақұдық ДА- ФАП болып қайта ұйымдастырылды.

2014 жылы тегін кепілді медициналық көмекке 634,2 млн.теңге бөлініп, игерілді.

2013 жылмен салыстырғанда туберкулезден (2013 ж- 2, 2014ж-1) онкоаурулардан (2013 ж- 34, 2014ж-15) өлім деңгейі мүгедектікке шығу (81 ден 71) көрсеткіші азайды.

2014 жылы электронды медициналық көмек көрсету режимі енгізілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Үшқұдық дәрігерлік амбулаториясы салынып (36,6 млн.тг), Маржанбұлақ пен Қарқұдық ДА (16,6 млн.тг) күрделі жөнделді. Алға орталық ауруханасына реаномобиль сатып алынды. Алдағы жылдарға Аурухананың 1-2 қабаттарын күрделі жөндеу және Көктоғай ауылына медпункт салу жоспарланып отыр.
Мәдениет саласында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Тоқмансай мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, материалдық жабдықталды. Есет батыр Көкіұлы ауылындағы мәдениет үйіне автономды газ қазандығы орнатылды.

Есет батыр мемориалдық кешенінде жаңа ғимарат іске қосылып, музейі экспонаттармен жабдықталды. Мавзолейдің аумағы абаттандырылып, баспалдағы қайта қалпына келтірілді.

2015 жылы Самбай ауылында 150 орындық мәдениет үйін салу және Үшқұдық селолық клубын күрделі жөндеу жоспарлануда.

Мәдениет саласы тек жөндеумен шектелмейтіні сөзсіз. 2014 жылы Есет батыр ауылында І. Мамбетовтың 85-жылдығына арналған әдеби кеш, Тоқмансай ауылында аудандық термешілер сайысы өткізілді.

2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Конституциясына 20 жыл, сонымен қатар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы.

Оған қоса Қазақ хандығының 550 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы, Абайдың 170 жылдығы, Мустафа Шоқайдың 125 жылдығы, Мәлік Ғабдуллин мен Ільяс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойларына арналған мәдени-көпшілік шаралар өткізу қажет.

Бұл елдігімізді айшықтап беретін, тарихымызды түгендеуге арқау болатын, ауыл тұрғындарының еңсесін көтеретін, ішкі көңіл-күйін жақсартатын, ауызбіршілігімізді нығайтатын шаралар. Осы бағытта аудандық мәдениет бөлімі ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жұмыс атқарады.

Елбасының тапсырмасына сәйкес спортпен шұғылданатын азаматтардың қатары да өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 15 % артып, 9800 адам болып отыр (аудан халқының 25 %). Бұл 2013 ж. салынған 5 жаңа спорт алаңдары мен бассейнге оқушыларды қамтылуымен байланысты.



Биыл бұл көрсеткіш қарқынды өседі деп күтілуде, себебі Алғаның көркін ашатын жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Онда волейбол, баскетбол, мини-футбол, күрес, бокс, теннис және жеңіл атлетикаға арналған арнайы бес залы болады. Бұл кешеннің құрылысы осы жылы аяқталады.
Өткен жылдың қорытындысы алғалықтардың ортақ атсалысқан еңбегі мен бірлігінің нәтижесі екендігін көрсетеді. Жоғарыда аталған игі істердің өміршеңдігінің нәтижесінде ауданымыз одан әрі көркейіп, халықтың өмір сүру деңгейі артары сөзсіз.

Алға аудандық экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Ахметова



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет