2014 жылғы 20 наурыз №250 Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата24.02.2016
өлшемі209.66 Kb.
#14054



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2014 жылғы 20 наурыз № 250 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 және 6-тармақтарын қоспағанда, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 250 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат):

3-тармақта:

7) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«7) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өсімпұлды оның өтініші бойынша агентке және (немесе) Орталыққа қайтару;»;

«19) төлеушілерден түскен әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударуды, артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар сомаларын және (немесе) олар бойынша өсiмпұлдарды төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру;»;

мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

«19-1) жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын төлеушіге қайтару;»;

20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«20) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей аудару;»;

мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

«20-1) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару;».

2. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:

2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Егер күнтізбелік айда әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданылатын жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болса, онда әлеуметтік аударымдар жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады.»;

4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төлейтін шығыстарын есептеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) көзделген тәртіппен жұмыс берушінің қызметкерлерге табыс түрінде төлейтін шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай үлесін қоса отырып жүргізіледі.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қорға әлеуметтік аударымдар Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 10), 12), 13) тармақшаларында көзделген төлемдер мен табыстарын қоспағанда, 155-бабының 3-тармағында, 156-бабының 1-тармағында, 357-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген табыстардан төленбейді.»;

16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Осы Ереженің 14-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеуші міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынбаған жағдайда, салық органы төлеушінің банк шоттары және кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.

Салық органдарының өкімі бойынша банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банк шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті әлеуметтік аударымдарды, зейнетақы жарналары мен салық берешегін аударуға қатысты нұсқауларды орындауға міндетті.

Салық төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады.

Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс.

Салық органының банк шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін осындай өкім шығарған салық органы банк шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

17. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің нысанын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілейді.»;

22-тармақтың 4) тармақшасында:

орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

орталық аппараттың функцияларында:

30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«30) өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;»;

мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2), 30-3), 30-4) және 30-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«30-1) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

30-2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;

30-3) салымшылардың (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларына тиісті қаржы жылындағы инфляцияның деңгейін ескере отырып мониторингті жүзеге асырады;

30-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын әзірлейді;

30-5) Құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;

35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«35) салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлейді және бекітеді;»;

46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«46) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Орталыққа салымшылармен (алушылармен) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған және қолданысын тоқтатқан шарттар жөніндегі мәліметтерді электрондық құжат айналымын пайдалана отырып ұсынуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 46-1) тармақшамен толықтырылсын:

«46-1) зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша кадрлар даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;»;

54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«54) Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларын әзірлейді;»;

ведомстволардың функцияларында:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, Орталықтан және Қордан төленетін зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемді, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және оларды төлеуді қамтамасыз ету;».

4. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 58, 791-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында:

4-тармақтың 3-тармақшасының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті сенім білдірілген адам арқылы жіберген жағдайда, сенім білдірілген адам да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымда мүддесін білдіру жөніндегі өкілеттігі қамтылса), жеке куәліктің көшірмесі мен түпнұсқасын ұсынады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) өтінішті;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсаты бар шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын ұсынады.»;

9-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушылар болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:»;

10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін Қазақстан Республикасының азаматтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) өтінішті;

2) пошта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген адам арқылы берген кезде:

Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, нотариат куәландырған және заңдастырылған Қазақстан Республикасы азаматы паспортының және кету фактісін растайтын құжаттың көшірмесін (eгep нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізілсе);

3) өзі жүгінген кезде: Қазақстан Республикасы азаматы паспортының және кету фактісін растайтын құжаттың көшірмесін және шолып қарау үшін олардың түпнұсқаларын ұсынады.»;

14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Егер алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы зейнетақы төлеміне жатпайтын жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асырғаннан кейін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, осы қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлем сомасымен бірге төленеді.

15. Өтінішті почта байланысы құралдары арқылы жіберген кезде осы Қағидалардың 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ өтініштегі алушының қолы нотариатта куәландырылады (нотариаттық куәландыруды тұратын мемлекетінде жүргізу шартымен).»;

16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сенім білдірілген адам зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген жағдайда, сенім білдірілген адам осы Қағидалардың 8, 9, 10, 11, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген құжаттардан басқа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:»;

17-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Алушының сенімхаттағы қолы алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесінде көрсетілген қолымен сәйкес келмейтіні көзбен шолып қарағанда байқалған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушыға сенімхатта көрсетілген іс-әрекетті жасауға оның ниетін растау туралы сұрау салу жібереді.»;

19-тармақтың бірінші бөлігінде:

орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесінде:

4, 5 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 тамыздағы № 736 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 29, 311-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат).»;

«8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 648 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 534-құжат).».

5. «2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қазандағы № 1058 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 58, 799-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке кодының және (немесе) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартының болмауына байланысты тұрған жері белгісіз бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналарын аудару
қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

«9-1. Орталық агенттер бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл бойынша берешек сомаларды ағымдағы шотқа келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бұрынғы қызметкерлер бойынша мәліметтерді Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі деректермен мына деректемелер: тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), ЖСН, туған күні бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімімен салыстырып тексеруді жүргізеді.

Орталық бұрынғы қызметкердің мәліметтерін сәйкестендірген кезде үш жұмыс күні ішінде агенттер бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұстап қалған және аудармаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл бойынша берешек сомаларын агенттің шотына қайтаруды жүзеге асырады.

Агент сәйкестендірілген бұрынғы қызметкерлер бойынша берешек сомалары қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде 010 – «міндетті зейнетақы жарналары» төлем тағайындау коды және 090 – «міндетті зейнетақы жарналары уақтылы аударылмағаны үшін өсімпұл» төлем тағайындау коды бойынша оларды Орталыққа аударады.

9-2. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен бұрынғы қызметкер жүгінген жағдайда, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы қызметкердің алдындағы еңбекақы төлеу жөніндегі берешек болып табылады және ол бұрынғы қызметкердің жинақ шотына немесе карт-шотына ақша аудару жолымен төленуге тиіс.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Агент бұрынғы қызметкерлердің табыстарынан ұсталған және аударылмаған міндетті зейнетақы жарналары мен 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген өсімпұл бойынша берешек сомаларын аударғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде тұратын жері (тұрғылықты жері) бойынша салық органдарына негізгі төлемдер бойынша аударылған берешекті және өсімпұл туралы мәліметтерді ұсынады, сондай-ақ салық органымен 206108 «Республикалық бюджетке түсетін өзге де салық емес түсімдері» бюджеттік сыныптама коды бойынша есептерді салыстырып тексеруді жүргізеді.».

6. «Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдері»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуінің, ұстап қалуының (есебіне жазуының) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуының тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.»;

3-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есебіне жазады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады.»;

жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалардың тізімі) сәйкес Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Агенттер, егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың табыстарынан салымшының өтініші бойынша осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептейді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұстап қалады.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Агент заңды тұлғалар ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық және қағаз жеткізгіштерде заңнамада белгіленген тәртіппен сақтайды.

Агент заңды тұлға таратылған кезде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару туралы құжаттар Мемлекеттік мұрағатқа беріледі.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) тәртібі мен мерзімдері»;

6,7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Міндетті зейнетақы жарналары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына:

1) Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 13) тармақшасында белгіленген төлемдер мен табыстарды қоспағанда (жоғалған жалақы (табыс) бөлігінде), 155-бабының 3-тармағында көрсетілген;

2) Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 10), 12), 13), 26-1) тармақшаларында белгіленген төлемдер мен табыстарды қоспағанда, 156-бабының 1-тармағында көрсетілген;

3) Салық кодексінің 357-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген;

4) Салық кодексінің 156-бабы 13) тармақшасында көрсетілген мүгедектер мен өзге де адамдар заттай нысанда немесе материалдық пайда түрінде алған төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.

Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 26) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес ұсталады.

7. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазуды міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің пайдасына меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады, Заңның 26-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен есептеледі.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес аударады.»;

11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі болмаған кезде және (немесе) егер оның деректемелерінде қателер жіберілген болса, Орталық міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын агенттің шотына қайтарады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын өз пайдасына және өз қызметкерлерінің табыстарынан ұсталған сомаларды аудара отырып (банкке қолма-қол енгізе отырып), төлем құжаттарында Орталықтың деректемелерін, ал оларға қоса берілетін тізімдерде өзі және қызметкерлер туралы мәліметтерді (жеке сәйкестендіру нөмірлерін, тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған күнін, жарналардың сомалары мен міндетті зейнетақы жарналары төленіп отыратын кезеңді (айын/айларын, жылын) көрсетуге тиiс.»;

мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

«20-1. Жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға әлеуметтік төлем тағайындалған кезде алушылардың орташа айлық табысын айқындау үшін қабылданған аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомалары қайтарылмайды.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қате есептелген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұл сомаларын электронды түрде Орталықтың өтінімінде көрсетілген міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген номиналды сомасы бойынша Орталықтың банк шотына жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен қайтаруды жүргізеді.»;

45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген хабарламаны берген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін салық органы агенттің кассасы бойынша шығыс операцияларды тоқтата тұрады.»;

көрсетілген Қағидаларға 7-қосымшада:

бірінші бөлікте орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

қазақ тіліндегі мәтінде екінші бөліктен кейін мынадай жолдармен толықтырылсын:

«Он бес жұмыс күні өткеннен кейін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өтелмеген жағдайда

________________________________________________________________

(салық органының атауы)

агенттің банк шоттары және кассасы бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.»;

«Банктік шоттар болмаған немесе банктік шоттарындағы ақша жеткіліксіз болған жағдайда _________________________________________ (салық органының атауы)

бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.» деген жолдар алынып тасталсын;

көрсетілген Қағидалар осы қаулыға 1-1-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

7. «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі».


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 250 қаулысына қосымша
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын

есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне

1-1-қосымша
Салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарын

ұстап қалу туралы



өтініші
Мен, _____________________________________________________

(Т.А.Ә., туған күні)

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға келісім беремін.
Мына деректемелерді дұрыс деп есептеуді сұраймын:

ЖСН (2013 жылғы 1 қаңтардан кейінгі кезеңге) ____________________

Т.А.Ә. _______________________________________________________

Туған күні ____________________________________________________


Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
_______________ ___________

(қолы) (күні)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет