2014 жылғы 30 желтоқсан №343 Астана қаласы Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»


Жарылыс жұмыстары және жарылғыш материалдарды сақтау кезінде қауіпсіз қашықтықты анықтау



бет12/13
Дата17.06.2016
өлшемі1.62 Mb.
#141528
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

1. Жарылыс жұмыстары және жарылғыш материалдарды сақтау кезінде қауіпсіз қашықтықты анықтау
1.1. Жыныстардың (топырақтың) жекелеген бөліктерінің ұшуы бойынша қауіпті аймақтарды анықтау
1. Қопсыту ұңғымалық қуаттарды жару кезіндегі қыртыстың (топырақ) жеклеген бөлектерінің ұшуы бойынша қауіпсіз ара қашықтығы.

1) қопсыту әрекетіне (бөлшектеу) есептелген ұңғымалық қуаттарды жару кезінде жекелеген бөліктердің ұшуы бойынша адамдарға қауіпті арақашықтық rұшу (м) мынадай формула бойынша айқындалады:



(1)
онда η3толтыру – жарылғыш заттармен ұңғыманы толтыру коэффициенті; ηзаб – ұңғыманы забойкамен толтыру коэффициенті; f – проф. М.М. Протодьяконовтың шкаласы бойынша жыныстардың қаттылық коэффициенті; d – жарылатын ұңғыма диаметрі, м; а – қатардағы немесе қатар арасындағы ұңғымалар арасындағы арақашықтығы, м.

Жарылғыш заттар мен ұңғыманы толтыру коэффициенті η3, L (м) бұрғыланған ұңғыма тереңдігінің l3 (м) ұңғымадағы қуат ұзындығының қатынасына тең;


.

Ұңғыманы забойкамен толтыру коэффициенті ηзаб, забойка ұңғыманың Lзаб (м) ұңғыманың қуаттардан бос жоғары бөлігінің ұзындығы (м) қатынасына тең:


.
Ұңғыманың қуаттан бос жоғары бөлігінің забойкамен толық толтырған кезде ηзаб = 1, забойкасыз жарған кезде ηзаб = 0.

Қыртыстың қаттылық коэффициенті



,

онда - дұрыс нысандағы үлгілерді стандартты сынау кезінде бір остік қысымдағы қыртыстың қаттылық шегі, кгс/см 2 (1 кгс/см 2 = 98066,5 Па).

Тау жыныстарындағы жарылыс жұмыстарын жүргізген кезде өндірістің қыртыстың () қаттылық сипаттамасы болмауы немесе жеткіліксіз болуы, қаттылық коэффициенті f мынадай формуламен айқындалады:

,

бұл жерде F – жарылатын жұмыстың топтық саны.

2) Ауыспалы параметрі а, η3, ηзаб бір диаметрі ұңғымалық қуаттарды сериялық жару кезіндегі қауіпсіз арақашықтық (1) формуласы бойынша а,ηзаб төменгі шамасымен және η3 жоғарғы шамасымен есептеледі.

Егер жарылатын учаскеде әр түрлі қаттылығы бар қыртыстар болса, есепте қыртыс қаттылығының f жоғарғы коэффициенті алынады. Параллель орналасқан ұңғымалық қуаттардың диаметрі (d) есебінде олардың эквиваленттік диаметрі алынады



бұл - жақын орналасқан ұңғымалар саны.

3) Қауіпті қашықтықты анықтаған кезде қабылданған жобалау мәнінен ұңғымалық қуаттардың a, η3, ηзаб жарудың жекелеген параметрлерінің ауытқуы бұрғы жарылыс жұмыстарын жүргізу барысында болуы мүмкіндігі ескеріледі. Сондықтан rұшу, есебі (1) формула бойынша a, ηзаб параметрлерінің мәні жарылыс жұмыстарын жүргізу барысында осы үшін минималды мүмкін болатынын қабылдай отырып, қормен белгіленген және η3, барынша болуы мүмкін мәнімен жүргізіледі.

4) Жарылыс жұмыстарын төбешіктерде жүргізу кезінде 30 метрден асатын қауіпті аймақтың шекара учаскелерінде жарылыс болатын учаскенің жоғарғы белгісін асырған жағдайдақауіпті аймақтың мөлшері rұшу баурайы бойынша төмен бағыттағанда ұлғаяды және жыныстардың жекелеген бөліктерінің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық мына формуламен есептеледі:


, (2)
Онда Rұшу – жыныстың жекелеген бөлшектерінің жарылыс учаскесінің жоғарғы белгісінен есептей отырып, 30 метр төмен орналасқан төбешіктерге немесе жергілікті жерлерге қарай ұшуы бойынша қауіпті арақашықтық; Кр – жергілікті жер рельефінің ерекшелігін ескеретін коэффициенттер.

Жарылыс жұмыстарын жүргізгенде:


, (3)
онда, β - төбешіктің көлденең қиғаштығы бұрышы, градус.

β бұрыш орнына жарылыс орнының қауіпті аймақ шекарасынан биіктігі,


(4)

онда Н – қауіпті аймақ шекарасынан жарылыс учаскесінің биіктігі, м.

Егер (1) немесе (2) формуламен есептелген қауіпті аймақтың шекарасының қандай да бір бағыты еңіс бойынша өтсе, қыртыстың жекелеген бөлшектерінің домалау мүмкіндігі ескеріледі және бұл бағытта қауіпсіз арақашықтық ұлғаяды. Сонымен қатар қыртыс бөлшектерінің алысқа ұшуыңың мүмкіндігіне жел күшінің әсері ескеріледі.

5) Қауіпті аймақтың есепті мәні 50 м есеге мәніне дейін үлкен жағына аударылады. Бұл ретте соңғы қабылданатын қауіпсіз арақашықтық осы Қағидалардың 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген ең төмен ара қашықтықтан кем болмайды.

6) Жарылыс орнынан механизмдерге, ғимараттарға, құрылыстарға қауіпсіз ара қашықтығы нақты жағдайларды ескере отырып, жобада айқындалады.

2. Ұңғымалық зарядтарды жару кезіндегі қыртыстардың жекелеген бөлшектірінің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтықты анықтау мысалдары.

1) Карьердегі қыртыстарды жару кезінде rұшу, ұңғымалық қопсыту қуаттарының мынадау сериялық параметрлері үшін айқындалады; жарылатын топырақтың қаттылық коэффициенті f = 12, төбешік биіктігі H = 8 м, ұңғыма диаметрі d = 0,15 м, ұңғыма қатарының саны 3.

Ұңғыма орналасу шамалары: қатардағы ұңғымалар арасында ара қашықтығы 4,5 м, қатарлар ара қашықтығы 5 м, қуат ұзындығы = 6 м, ұңғыма тереңдігі L =9,5 м.

Ұңғыманың жоғарғы бөлігі забойка сағасына дейін толтырылады м; = 1. Ұңғыманы жарылғыш заттармен толтыру коэффициенті:

Ұңғымалар арасындағы арақашықтық а 4,5 м тең болып алынады (Осы Қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасын қараңыз).

Есептік шама мынадай формуладан тұрады:
м
Табылған қауіпсіз арақашықтықтың есептік шамасы = 350 м.

2) горизонтына қоғаш бұрышымен төбешікте жарылу кезінде қыртыстың жекелеген бөлшектерінің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтықты айқындау. Қауіпті аймақтың радиусы = 250 м.

Жер бедерін ескеретін, коэффициент мынадай формуламен анықталады (3):
.
Қауіпсіз ара қашықтық мынадай формуламен (2) есептеледі:

м.

Формуламен (2) есептеліп анықталған шама м.

3) қауіпті аймақ шекараларының учаскелерінде жарылатын учаскелердің жоғарғы белгілерін асыру жағдайында қопсытудың ұңғымалық зарядтарының серияларын жару кезінде қыртыстың жекелеген бөлшектерінің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтықты айқындау м.

Қауіпті аймақ радиусының есептеу шамасы = 200 м..

Жер бедерін ескеретін коэффициентті мынадай формуламен (4) анықтаймыз:
.

Қыртыстың жекелеген бөлшектерінің ұшуы бойынша есептік қауіпсіз арақашықтық (2) формула бойынша м анықталады. Соңғы қауіпсіз ара қашықтық 250 м тең болады.

3. Қопсыту зарядтарына шоғырланған шығарынды, тастанды және жарылыстарда жару кезінде қыртыстардың жекелеген бөлшектерінің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтық.

1) шығарынды, тастанды және жарылыстарда жару кезінде қыртыстардың жекелеген бөлшектерінің ұшуы бойынша қауіпсіз арақашықтығы n қуаттың жарылу әрекетінің көрсеткішгтер шамаларына және төменгі кедергі жүйесіне W (ТКЖ) қарай осы Қосымшаның 4-1-кестесі бойынша айқындалады.

2) W және n әртүрлі шамаларымен зарядтардың сериялары жарылған кезде қауіпсіз аймақтың радиусы осы Қосымшаның 4-1-кестесі бойынша айқындалады. Бастапқы мөлшері бірдей п болғандағы ең жоғарғы шамасы W болып есептеледі немесе бірдей W ең жоғарғы шама п қабылданады. Егер де екі шама да (W және п) ауыспалы болса, онда W және п тіркесі осы Қосымшаның 4-1-кестесі бойынша аймақтың үлкен радиусы табады. Соңғы зарядтың осы сериясының жарылысы үшін қауіпті аймақ ретінде қабылданады.

3) Адамдар үшін қауіпті аймақ радиусы болып осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген жарылыс шарттары кестесі бойынша көрсетілгеннен кем емес шама қабылданады.


4-1-кесте


ЛНС

W. м


Адамдар үшін зарядты жару әсері көрсеткішінің қауіпті аймақтағы радиусы (м)

1,0

1,5

2,0

2,5-3,0

1,5

200

300

350

400

2

200

400

500

600

4

300

500

700

800

6

300

600

800

1000

8

400

600

800

1000

10

500

700

900

1000

12

500

700

900

1200

15

600

800

1000

1200

20

700

800

1200

1500

25

800

1000

1500

1800

30

800

1000

1700

2000

Ескертпе. Төбешіктерде немесе қауіпті аймақ шекарасының учаскесінде жарылаатын учаскнің жоғарғы белгісін арттыру жағдайывнда жару кезінде қауіпсіз арақашықтық осы Қосымшаның 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ұлғаяды.

4) W және п а айтарлықтай әртүрлі шамалардың зарядтары үшін ұзартылған шұңқыр қалыптасқан кезде (0,5 км және одан көп) адамдар үшін қауіпті аймақ радиусы оның әртүрлі учаскелері үшін әртүрлі болады.

5) Қопсытудың шоғырланған зарядатарының жарылу кезінде қыртыстың жекелеген бөлшектерінің ұшуы бойынша қауіпті аймақ радиусы (п<1) осылайша айқындалады. Осы серияның барлық қуаттардан шінен ең жоғарғы ТКЖ - таңдалады. Осы зарядқа дұрыс шығарынды заряды болып табылуы тиіс (n = 1) сол шартты ТКЖ () ұзындығы шамасы есептеледі.



шамасын қаралып отырған жағдай үшін қатынастан айқындау қабылданды

алынған шама адамдар үшін rәртүр жекелеген бөлшектердің ұшуы бойынша қауіпті аймақтың радиусын анықтау үшін жөнелту болып табылады. Радиус шамалары rәртүр осы Қосымшаның 4-1-кестесіндегі бағанда көрсетілген, олар n = 1 қуатына жатады және тиісті есептік шамасында тікелей жолда көрсетілген.

6) қыртыстардың ұшатын бөлшектерінен зардап шекееннен механизмдер, ғимараттар мен құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ететін қауіпсіз арақашықтық нақты жағдайларды ескере отырып, жобада белгінеді.

4. жарылысты жүргізу кезінде жарылған қыртыстың rәртүр жекелеген бөлшектерінің ұшуы бойынша қауіпті аймақтың радиустарын анықтау мысалдары.

1) ТКЖ W = 8-11,4 м зарядатар сериясының шығарындысына жарылыс кезіндегі rәртүр.және п =2 жарылыс әрекетінің көрсеткішін анықтау



rәртүр есептеу үшін бастапқы ТКЖ = 11,4 м шамасы алынады және оны 12 м дейін (үлкен жағына) теңестіреді.

4-1-кесте бойынша п = 2 жарылыс әрекетінің көрсеткіштерімен зарядтарға қатысты бағанда тиісті 12 м көлденең бағанда rәртүр = 900 м жарылған жекелеген бөлшектердің ұшуы бойынша адамдар үшін қауіпті аймақтың шамасын табады.

2) Әртүрлі тереңдіктің ұзындығы бойынша бар шұңқырдың қалыптасуы үшін зарядтар серисясының шығарындыға дарылыс кезіндек rәртүр анықталады.

Жобада жарылыс жүргізу жарылыс әрекеттері көрсеткіштерінің мынадай шамасы қабылданды, қуаттар үшін



W = 7-8 м, n= 2,5-мен; қуаттарға W = 9-12 м, n= 2-мен.

Алдымен W = 12 м болғанда n= 2, rәртүр анықталады. осы Қосымшаның 4-1 кестемен rәртүр көрсеткіштеріне адамдар үшін 900 м қабылданады.

Сонымен қуаттарға n= 2,5 және = 8 м rәртүр анықталады. Осы кестемен, осы көрсеткіштерге 1000 м құрайды.

Алынған шамалар rәртүр, жарылған қыртыстың бөлек түйірлерінің ұшу қауіпті аймақ радиусы болып жару жұмыстары жобасына 1000 м кем болмайды.

3) Жолды кеңейтуде жол жиегін бұзу үшін камералық қопсыту қуатын W= 11 - 16 м пайдалану керек.

Есептеу үшін rәрт заряд есебін = 16 м етіп алады және 3-тармақтың 5) тармақшасына сәйкес осы қуатқа ТКЖ анықталады: м немесе 12 м теңестіріледі.

Қауіпті аймақтың шамасына қуаттар лақтыруы 12 м тең болады және осы Қосымшаның 4 – 1 кестесіне сәйкес радиус rәртүр шамасымен n= 1 болады. Қойылған көрсеткіштерге (W= 12м) шектігі rәртүр = 500 м.

5. Қыртыстың жекелеген түрлерінің ұшу биіктігі бойынша қауіпсіз арақашықтығы.

Қыртыстың жекелеген түрлерінің ұшуының ең жоғары биіктігін анықтау кезінде п≤2 оның осы қосымшаның 1 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес белгіленген шамаларға теңестіріледі. Егер п>2 болғанда алынған шамалар 1,4 есе үлғаяды.
1.2. Жарылыс кезіндегі сейсмикалық қауіпсіз қашықтықты анықтау

6. ЖЗ шоғырланған зарядының бір мәрте жарылысты туындататын топырақтың қозғалысының арақашықтығы (м) ғимараттар мен құрылыстар үшін қауіпсіз, мынадай формуламен анықталады:


, (5)
онда - жарылыс орнынан қорғалатын ғимаратқа (имаратқа) дейінгі қашықтық, м;

- қорғалатын ғимарат (имарат) негізінде топырақтың құрамына байланысты коэффициент;

- ғимараттың (имараттың) түріне мен салыну сипатына байланысты болатын коэффициент;

- жарылыс шарттарына байланысты болатын коэффициент; Q - заряд салмағы, кг.
коэффициентінің шамасы


Тығыз жартастық жыныстар, бұзылмаған. . . . . . . . . . . . . . . . .

5

Тас қыртыстары, бұзылған, тастағы жұмсақ топырақтың терең емес қабаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

8


Тереңдігі 10 м аспайтын ылғалданбаған құмды және саз топырақтар . . . .

12

Қатқыл ылғалды топырақтар мен топырақтысу деңгейі жоғары болатын топырақтар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

15


Суға қаныққан топырақтар. . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

20

Ескертпе.

Топырақтың сипаттамасы жоғарыда көрсетілгендерге толықтай сәйкес келмейтін немесе болжалды түрде белгілі болған жағдайда, коэффициентінің жақын мәнін есептеу үшін қабылданады.
коэффициентінің шамасы


Темір-бетонды немесе металл каркасты жалғыз тұрған өндірістік мақсаттағы жалғыз ғимараттар мен имараттар . . . . . . . . .

1


Қабырғалары кірпіш немесе сол сияқты материалдан жасалған, биіктігі екі-үш қабаттан аспайтын жалғыз тұрған ғимараттар.. . . . . . . . . . . . . . . . .

1,5


Шағын тұрғын үйлі кенттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

2

Ескертпе.

Ғимарат мен имараттардан 100 м қашықтықта жарылыс жасаған кезде, жаралыстың әсері жергілікті сипатта болады да, сондықтан (5) формула арқылы анықталған заряд салмағының рұқсат етілетін шамасы төмендеу болады. Бұл салмақты қажет жағдайда көбейтуге болады.
коэффициентінің шамасы


Камуфлеттік жарылыс және іркілдету жарылысы. . . . . . . . . .

1

Лақтыру жарылысы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

0,8

Жартылау тереңдетілген зарядтың жарылысы . . . . . . . . . . .

0,5

Ескертпе:

1. Зарядты суда немесе суға қаныққан топырқтарды орналастырған кезде коэффициенттің шамасы 1,5 - 2 есеге артады.

2. Жердің үсітнде сыртқы зарядтар жарылған кезде сейсмикалық іс-әрекет ескерілмейді.

Жарылыс кезінде ғимараттар мен имараттардың сейсмикалық қауіпсіздігі олардың қалыпты жұмыс істеуін бұзатын залалдардың болмауын болжайды (жекелеген ғимараттар мен имараттарлы жеңіл зақымданудың көрінісінің мүмкіндігі 0,1-ге жуық болады).

7. Жалпы массасы Q болатын N ЖЗ зарядтары тобының бір уақытта (үздіксіз) жарған кезде қорғалатын объектіден ең жақын заряд пен ең қашық орналасқан зарядқа дейінгі арақашықтық 20 % аспайтындығымен ерекшеленеді, қауіпсіз қашықтық (м)


. (6)
Арақашықтықтағы үлкен айырмашылық болғанда күзетілетін объекті сейсмикалық қауіпті аймақтан тіс жерде болады, егер мынадай жағдай сақталса
, (7)
онда N – ЖЗ зарядтар саны; - ЖЗ жалғыз зарядының салмағы, кг; - ЖЗ жалғыз зарядынан күзетілетін объектіге дейінгі қашықтық, м.

8. Жалпы массасы Q болатын N жарылыс заттар зарядтары тобын бір мезетте емес жарған кезде күзетітілетін объектіден ең жақын заряд пен ең қашық орналасқан зарядқа дейінгі ара қашықтық 20 % аспайтын шамаға ғана ерекшеленетін болғанда, қауіпсіз қашықтық (м) келесі түрде есептеледі



. (8)
N мен Q анықтаған кезде салмақтары жарылатын топтағы зарядтардың ең көп салмағынан 3 есеге немесе одан да аз болатын зарядтарды есепке алмауға болады.

Салмағы болатын ең қашық оналасқан зарядтарының қорғалатын объектіге дейінгі арасы 20 % басқа болған жағдайда, келесі шарт орындалған жағдайда, соңғысы сейсмикалық қауіпті емес аймақта болады:


. (9)
N анықтаған кезде жарылатын топтағы зарядтардың ең көп салмағынан шамасы 3 есеге немесе одан да аз болатын зарядтарды есепке алмауға болады.

Зарядтар тобын жарған кезде әр топтағы жарылыстардың арасындағы бәсеңдету 20 мс аз болса, осындай зарядты салмағы зарядтар тобына теңеп алынатын заряд ретінде қарастырылады.



- (8), (9) формулалары арқылы анықталады, мұндағы N – топтар саны.

9. Осы Қосымшаның 6, 7, 8-тармақшаларында келтірілген қауіпсіз арақашықтықты анықтау әдістер қанағаттанарлық техникалық жағдайдағы ғимараттар жатады.

Ғимараттарда зақымданған жағдайда (қабырғаларында жарықтар және т.б.) 5 - 9 формулалары бойынша белігленген қауіпсіз арақашықтық ұлғаяды. Бұл ұлғайтулар мамандандырылған ұйымдардың қорытындысы бойынша белгіленеді. Осындай қорытындылар болмаған жағдайда қауіпсіз арақашықтықтың ұлғайтылуы 2 еседен кем болмайды.

Қауіпсіз арақашықтықты анықтаудың көрсетілген әдістері бірегей сипаттағы ғимараттар мен имараттар үшін (атомдық электр станция ғимараты, мұнаралар, биіктікті ғимараттар, монументті қоғамдық ғимараттар және тағы сол сияқты), сондай-ақ, жауапты немесе күрделі инженерлік имараттар үшін (көпірлер, әртүрлі қолданыстағы реакторлар, гидротехникалық құрылыстар, радиодіңгектер және тағы сол сияқты) қолданылмайды. Осындай объектілер үшін сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып, шешіледі.

Осы Қағидаларда көзделмеген жарылыс шарттары, сондай-ақ, үлкен қашықтықта зарядтар тобы әсерінің сейсмикалық бағыты, қайталанбалы жарылыстар кезінде ғимараттардың зақымдануы, дәрменді жарылыстардың (1000 т ЖЗ және одан жоғары) сейсмикалық әсерінің ерекшеліктері сияқты факторлар, аттестатталған сараптама ұйымдарды тарту арқылы анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет