2014 жылғы аудан бойынша демографиялық ахуал



жүктеу 10.58 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі10.58 Kb.
2014 жылғы аудан бойынша демографиялық ахуал
2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан халқының саны 45716 адамды құрады.

Халық санының өсуі немесе кемуіне табиғи және көші-қон процестері әсер етеді.

2014 жылы 620 нәресте дүниеге келді, бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 11 балаға көп. Облыстағы 4 қала және 15 аудан арасында туу деңгейі бойынша біздің аудан 18 орында.

2014 жылы 421 неке қиылды, былтырғы жылмен салыстырғанда 17 кеміген, ажырасулар былтырғы жылдан 40 көбейді, 250 құрады.

Өлім – халықтың табиғи өсімін қалыптастыратын екінші компонент. Ауданда бұл көрсеткіш жоғары және жалпы қолайсыз жағдайды ұлғайтады. Бұл көрсеткіш бойынша бірінші орындамыз.

2014 жылы 756 адам қайтыс болды, бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 11-ге кем. Өлім себептері: 135 қан айналымы жүйесінің аурулары, 78 жасөспірімдер, 83 апат оқиғалары, улану және жарақат алу, 12 кісі өлтіру, 26 өз өзіне қол жұмсау, 68 тыныс алу органдары, 99 ас қорыту органдары, 13 инфекциялық және паразитарлы аурулар және т. б.



Көші-қон алмасуының нәтижесінде 2014 жылы ауданнан 1299 адам қоныс аударды, 1056 адам келді. Көшіп кетушілердің негізгі бөлігі жақын шет елге бағытталған.

2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан халқы 379 адамға кеміді, бұл туылғандарға қарағанда, қайтыс болғандар саны 136 адамға көп, ауданға келушілерге қарағанда, қоныс аударғандар саны 243 адамға көп.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет