2014 жылғЫ «kegoc» АҚ жылдық есебі «kegoc» АҚ 2014: негізгі өндірістік көрсеткіштер


ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ (жалғасы)



бет34/37
Дата24.04.2016
өлшемі3.25 Mb.
#79697
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37


28.ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ (жалғасы)

Кредиттік тәуекел


Кредиттік тәуекел - бұл Топты қаржылық залалға алып келетін тәуекел, себебі контрагенттер қаржылық құрал немесе клиенттік шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамайды. Топ банктердегі депозиттерді қоса алғанда (11,12 және 14-ескертпелер), несие тәуекелiне ең алдымен сауда-саттық дебиторлық қарыз бен қаржылық қызметке қатысты (10-ескертпе) өз операциялық қызметіне байланысты тәуекелге ұшырайды. Топтың тәуекелге ұшырауы мен оның контрагенттерінің кредиттік қабілеті ұдайы бақыланады. Кредиттік тәукелге барынша ұшырау әрбір қаржылық активтің баланстық құнымен шектелген (10, 11, 12 және 14-ескертпе).

Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесінде танылған қаржылық активтердің баланстық құны құнсыздануға арналған резервті шегергенде Топтың кредиттік тәуекелінің ең жоғарғы деңгейін білдіреді.

Клиенттермен байланысты кредиттік тәуекелдерді басқару кредиттік тәуекелдерді басқарумен байланысты Топтың саясатына, рәсімдері мен бақылауларына сәйкес жүзеге асырылады. Клиенттерден түсетін өтелмеген дебиторлық балансты Топтың басшылығы тұрақты бақылайды. 2014 жылғы 30 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топта УзбекЭнерго МАК деген бір клиент болды, оның берешегі 10.048.687 мың теңге мөлшерін құрайды, бұл дебиторлық берешектің жалпы сомасының 68%-ын құрайды (2013 жылғы 31 желтоқсанда: 5.135.171 мың теңге, бұл 60%-ды құрайды).

Құнсыздануға жасалатын талдауды Топтың басшылығы мерзімі өткен күн саны негізінде дербес түрде әр есептік күнге жүргізеді. Есеп айырысулар бұрын нақты көтерілген залалдар туралы ақпаратқа негізделеді. Есептік күнге кредиттік тәуекелге аса бейімділік 10-ескертпеде қарастырылған қаржылық активтердің әр сыныбының баланстық құнымен берілген. Топта өзіне кепілдіккке берілген мүлік жоқ.

Ақша қаражаттары мен депозиттер бойынша кредиттік тәуекел шектелген, себебі Топтың контрагенттері халықаралық рейтиингтік агенттіктер берген кредиттік рейтингтері жоғары банктер болып табылады.

Өтімділік тәуекелі

Топ басшылығы өтiмдiлік және қысқа мерзiмдi, орта мерзімді және ұзақ мерзiмдi қаржыландыруды басқарудың талаптарына сай өтiмділік тәуекелдiлігін басқарудың қажеттi жүйесін құрды. Топ бiрдей резервтер, банктiк қарыздар және қолжетімді кредит жүйелерін қолдау жолымен, болжамдалған және нақты ақша қозғалысына мониторинг жүргізу жолымен қаржы активтері мен міндеттемелерін өтеу мерзімдерін салыстыру жолымен өтімділік тәуекелін басқарады.

Топ борышты қайта қаржыландыруға қатысты тәуекелдердің шоғырлануын бағалады және бұл өте төмен болады деген пікірге келді. Топ жеткілікті түрде сан алуан қаржы көздеріне қол жеткізе алады және 12 ай ішінде өтелетін берешектер тиісті кредиторлармен жүргізілуі мүмкін.

Мына кестелерде шартты дисконтталмаған ақша ағындары негізінде Топтың қаржылық міндеттемелері бойынша Топтың келісім-шарттық мерзімдері көрсетілген.



Мың теңгемен

Қажеттілігіне дейін

1 айдан 3 айға дейін

3 айдан 1 жылға дейін

1 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан көп

Барлығы

2014 жылғы 31 желтоқсанға








































Қарыздар



4.076.231

10.895.062

56.652.174

51.083.760

122.707.227

Кредиторлық берешек



11.994.310







11.994.310







16.070.541

10.895.062

56.652.174

51.083.760

134.701.537






















2014 жылғы 31 желтоқсанға



















Қарыздар



3.008.118

9.111.297

51.220.352

42.982.662

106.322.429

Кредиторлық берешек



14.713.802







14.713.802







17.721.920

9.111.297

51.220.352

42.982.662

121.036.231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет