Акционер туралы
2014 жылдың 19 желтоқсанына дейін «KEGOC» АҚ-ның Жалғыз акционері «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы №962 қаулысына сәйкес, «Қазына» орнықты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен құрылған «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылды.
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы Заңына сай, Қордың қызметі Қор тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) арттыру, Қор тобына кіретін активтерді тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Қордың жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Қор тобының құрылымына мұнай-газ, электр энергетикасы, көлік, телекоммуникация және басқа да секторларын қоса алғанда экономиканың негізгі секторларының компаниялары кіреді. Қор компанияларының қызметі акционерлік капиталдың құнын арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын арттыруға ықпал етеді.
2014 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі № 1027 қаулысымен бекітілген «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамындағы еншілес және бағынысты ұйымдардың акциялар пакеттерін шығару бағдарламасын (одан әрі «Халықтық IPO») іске асыру шеңберінде Компанияның жәй акцияларын қазақстандық қор нарығында бастапқы орналастыру жазылымды жүргізу жолымен жүзеге асырылды.
«KEGOC» АҚ жәй акцияларының қазақстандық ұйымдастырылған қор нарығында орналасқан саны – 25 999 999 (жиырма бес миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз) дана. «KEGOC» АҚ-ның жәй акциясын орналастыру бағасы 505 (бес жүз бес) теңгені құрады.
«KEGOC» АҚ жәй акцияларын қор нарығында «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде орналастырған соң «Самұрық-Қазына» АҚ-на 90 % плюс «KEGOC» АҚ-ның 1 акциясы тиесілі, қалған 10 % минус бір акция миноритарлық акционерлерге тиесілі болады.
Директорлар кеңесі
31.12.2014ж. жай-күй бойынша «KEGOC» АҚ директорлар кеңесінің құрамы:
Бектеміров
Қуаныш Әбдіғалиұлы
|
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы, 1970 жылы дүниеге келген, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды.
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді. Атқаратын лауазымдары:
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
«Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
«Forum Muider B.V.» Директорлар кеңесінің төрағасы;
«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;
«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы;
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
|
Дәукеев
Ғұмарбек Жүсіпбекұлы
|
Тәуелсіз директор,
Алматы Энергетика және байланыс университетінің ректоры,
1948 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды;
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді,
АК, ТСК, СЖКБК;
Атқарған лауазымдары:
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
|
Лука Сутера
|
Тәуелсіз директор,
Топтың вице-президенті және Қаржы директоры (CFO Global Power & Water Division), 1971 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалған;
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді,
АК, ТСК, СЖКБК;
Атқаратын лауазымдары:
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
Jorf Lasfar Energy Company 5,6 (Abu Dhabi National Energy Company Group) – Morocco;
TAQA Energy India Ltd (Abu Dhabi National Energy Company Group) – India.
|
Спицын Анатолий Тихонович
|
Тәуелсіз директор,
Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының интеграциялау проблемаларды стратегиялық зерттеу институтының директоры,
1939 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды;
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді,
АК, ТСК, СЖКБК.
Атқаратын лауазымдары:
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі,
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
|
Сәтқалиев
Алмасадам Майданұлы
|
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы, 1970 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды;
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді. Атқаратын лауазымдары:
«Forum Muider B.V.» Директорлар кеңесінің мүшесі;
«Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі;
«Екібастұзс МАЭС-1» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі.
|
Қажиев
Бақытжан Төлеуқажыұлы
|
«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы, 1964 жылы туылған, 2012 жылғы 8 мамырда тағайындалды;
«KEGOC» АҚ және оның контрагенттерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
2014 жылдың 1 қарашасында Дәукеев Ғұмарбек Жүсіпбекұлы дүниеден өтті.
«KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі, Басқармасы және ұжымы Қазақстанда да, ТМД елдерінде де энергетиктер арасында зор беделге ие, зиялы, сауатты адамның кенеттен қайтыс болғанына қайғырып, туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Директорлар кеңесінің құрамына үш тәуелсіз директор кіреді, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы санының 50%-ын құрайды. Бұл ретте директорлар тәуелсіз деп танылды, себебі:
-
Компанияның үлестес тұлғалары болып табылмайды және Директорлар кеңесіне оларды сайлаудың алдындағы үш жыл ішінде үлестес тұлға болмаған (Компанияның тәуелсіз директоры лауазымына келген жағдайды есепке алмағанда);
-
«KEGOC» АҚ үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;
-
«KEGOC» АҚ немесе Компанияның үлестес тұлғалары-ұйымдарының лауазымды тұлғаларына бағыныстылықпен байланысты емес және оларды Директорлар кеңесіне тағайындау алдындағы үш жыл ішінде аталған тұлғаларына бағыныстылықпен байланысты болмаған;
-
«KEGOC» АҚ аудиторлар болмаған және оларды Директорлар кеңесіне тағайындау алдындағы үш жыл ішінде аудитор болмды;
-
Аудиторлық ұйым құрамында аудитор ретінде Компанияның аудитіне қатыспаған және осындай аудите Директорлар кеңесіне сайлану алдындағы үш жылда осындай аудитке қатыспаған;
-
мемлекеттік қызметші болып табылмайды.
Директорлар кеңесінің мүшелері
|
Директорлар кеңесі мүшелерінің 2014 жылғы отырыстарға қатысуы
|
24. 01.2014
|
28.02.2014
|
04.04.2014
|
22.04.2014
|
26.05.2014
|
04.07.2014
|
26.09.2014
|
03.10.2014
|
31.10.2014
|
28.112014
|
%
|
Бектеміров К.А.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100
|
Дәукеев Ғ.Ж.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
|
+
|
100
|
Спицын А.Т.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
91,6
|
Лука Сутера
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
91,6
|
Сәтқалиев А.М.
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
83,3
|
Қажиев Б.Т.
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
+
|
+
|
+
|
83,3
|
2014 жылы Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің 12 отырыс өткізді, ол отырыстарда 123 мәселе қаралды, олардың негізгілері:
Стратегиялық мәселелер және корпоративтік басқару мәселелері:
-
«KEGOC» АҚ Ұзақ мерзімді даму стратегиясын өзектендіру;
-
2012 жылы «KEGOC» АҚ Ұзақ мерзімді даму стратегиясын, инвестициялық бағдарламасын, ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есептер;
-
«KEGOC» АҚ-н қор нарығына шығаруға дайындау барысы туралы;
-
«KEGOC» АҚ-ның жәй акцияларын қор нарығында орналастыруды мақұлдау туралы, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның жарияланған акцияларын орналастыру құрылымын, бағасы мен санын анықтау туралы;
-
«KEGOC» АҚ акцияларын орналастыру, соның ішінде орналастырылатын акцияларының жарияланған акциялары саны шегіндегі саны, орналастыру тәсілі мен бағасы туралы;
-
«KEGOC» АҚ-ның 2015-2019 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы;
-
«KEGOC» АҚ-ның 2022 жылға дейінгі Ұзақ мерзімді инновациялық шеберлік даму жоспарын бекіту туралы;
-
Жоғары вольты электр жеткізу желілірінің күзету аймағында тұратын отбасыларын қайта қоныстандыру жөнінде;
-
еншілес, бағынысты және бірлесе бақыланатын ұйымдарды басқару, олардың қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің «KEGOC» АҚ қызметінің көрсеткіштеріне әсері туралы есеп;
-
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Жұмыс жоспары, ІАҚ Жылдық аудиторлық жоспары;
-
«KEGOC» АҚ-ның, Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, «KEGOC» АҚ Басқармасының жекелеген мүшелерінің, Ішкі аудит қызметінің қызметін сауалнама бағалауды жүргізу туралы;
-
«KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы;
-
«KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізуді мақұлдау туралы;
-
«KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексіне өзгерістерді мақұлдау туралы;
-
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері үшін лауазымға енгізу бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту жөнінде;
-
Корпоративтік қайшылықтарды және «KEGOC» АҚ лауазымды тұлғалалары мен еңбеккерлерінің мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатты жаңа редакцияда бекіту туралы.
Кадр саясаты мәселелері:
-
АД құрылымын және қызметкерлерінің жалпы санын, Басқарма төрағасы мен мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі қызметкерлері мен Корпоративтік хатшының лауазымдық қызметақы схемасы мен мөлшерлерін бекіту туралы;
-
«KEGOC» АҚ-ның демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету қағидаларын жаңа редакцияда бекіту туралы;
-
жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша басқарушы қызметкерлерге сыйақы төлеу туралы;
-
«KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерінің жеке ТҚК-н туралы;
-
«KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы үшін 2014 жылға ынталандыру ТҚК-н қарау туралы;
Мынадай мәмілелер бойынша мәселелерді қарау:
«KEGOC» АҚ Жарғысына сәйкес, Директорлар кеңесінің айырықша құзыретіне Жалғыз акционер шешім қабылдайтын мәмілелерді қоспағанда, ірі мәмілелерді (Компания активтерінің теңгерімдік құнының жалпы мөлшерінен 25% және одан көп) және жасалуында мүдделілік бар мәмілелерді жасау туралы шешімдер қабылдау жатады.
Мәселен, 2014 жылы «Өнеркәсіпқұрылыс-Энерго» ЖШС-мен «500 кВ Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма» құрылысын «кілтпен тапсыруды» қоса отырып ірі мәміле жасау туралы шешім қабылданды.
Жасалуында Компанияның мүдделілігі бар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен осындай мәміле деп анықталған мәмілелер бойынша шешімдер қабылдауға «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары ғана қатысады. Осылайша, 2014 жылы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары мынадай мәмілелер бойынша шешімдер қабылдады:
-
«Батыс транзит» АҚ-мен («Қазақстан ҰЭТ-на «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалындағы Ақтөбе заводының №4 цех 2-ГПП-сын жалғау» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін» иеліктен алу жолымен);
-
«Батыс транзит» АҚ-мен бағалы қағаздарды сатып алу-сату);
-
«Батыс транзит» АҚ-мен (Қазақстан БЭЖ-де электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету).
-
«Батыс транзит» АҚ-мен («Батыс транзит» АҚ тораптары бойынша электр энергиясын жеткізу жөнінде қызмет көрсету).
Директорлар кеңесі 2014 жылы қабылдаған шешімдер «KEGOC» АҚ аса тиімді дамуына, «KEGOC» АҚ қысқа, орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге анықтаған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуіне ықпал етті. Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-да корпоративтік басқаруды жетілдіруге белсенді қатысады, бизнес-үдерістердің кең шеңберіне қатысты тәуекелдерді ішкі бақылау және басқару механизмдерінің тиімділігін талдайды. Компания қызметкерлерін бұдан әрі ынталандыру және мотивациялау үшін Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның кадр саясатын айқындайды және жетілдіреді.
Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 28 қарашадағы шешімімен (№11 хаттама) Директорлар кеңесі, Директорлар кеңесінің комитеттері, Басқарма, Корпоративтік хатшы, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі мен оның басшысының жұмысы сауалнама жүргізу арқылы бағаланды. Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы отырысында Негізгі жауапкершілік аяларына кешенді талдау (бұдан әрі – Бағалау) тыңдалды.
Директорлар кеңесі бағалау нәтижелері бойынша өз жұмысын, Басқарма, Корпоративтік хатшы, «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі жұмысын оң бағалады, сонымен қатар өз қызметін жетілдіру мақсатында өзі үшін мынадай бағыттарды анықтады:
-
трансформация бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастыру, трансформация бағдарламасы үшін жауаптыларды айқындау, қатысушылар рөлдері анықталған бағдарламаның ұйымдық құрылымын бекіту, трансформация жөніндегі бас директорларды, адами ресурстарды басқару жөніндегі бас директорларды, ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директорларды тағайындау және трансформация бойынша жол картасын бекіту;
-
Компанияның корпоративтік басқару жүйесін, тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
-
ағымдық ішкі құжаттарға «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің талаптарына сәйкестігіне талдау жүргізу;
-
Компанияның 2015-2019 жылдарға арналған Даму жоспарының, инвестициялық жобаларының, Даму стратегиясының орындалу барысына бақылауды күшейту;
-
Корпоративтік хатшыға Директорлар кеңесінің мүшелері үшін Сабақтастықты жоспарлау бағдарламасын әзірлеу, бекітуге енгізу және оны Директорлар кеңесінің оңтайлы да сапалы құрамын ұдайы қолдау мақсатында белсенді пайдалану.
Директорлар кеңесінің комитеттері
Аудит жөніндегі комитет – Комитет төрағасы Лука Сутера;;
Тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитет - Комитет төрағасы Дәукеев;
Стратегиялық жоспарлау және корпоративтік басқару жөніндегі комитет - Комитет төрағасы Спицын.
Тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитет 2014 жылы 12 отырыс өткізді, онда 24 мәселе қаралды және Директорлар кеңесіне 21 мәселе бойынша ұсынымдар берілді, соның ішінде:
-
АД құрылымын және қызметкерлерінің жалпы санын, Басқарма төрағасы мен мүшелерінің, Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері мен Корпоративтік хатшының лауазымдық қызметақы схемасы мен мөлшерін бекіту жөнінде;
-
«KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысын тағайындау туралы,
-
жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша басқарушы қызметкерлерге сыйақы төлеу туралы;
-
«KEGOC» АҚ басқарушы қызметкерлерінің жеке ТҚК бекіту бойынша;
-
«KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік хатшысы үшін 2014 жылға мотивациялау ТҚК қарау туралы;
-
«KEGOC» АҚ қызметкерлерінің қызметтік іссапарлары туралы қағидаларға өзгерістерді бекіту жөнінде;
-
«KEGOC» АҚ басшы қызметкерлерінің, Ішкі аудит қызметі еңбеккерлері мен Корпоративтік хатшының еңбекақысы мен сыйлықақысын бекіту бойынша;
-
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелеріне Лауазыммен таныстыру бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту туралы;
-
Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі, Басқарманың, Басқарма төрағасының, Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі мен оның басшысының, Корпоративтік хатшының жұмысына бағалау жүргізу жөнінде.
Тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитеттің мүшелері
|
Тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитет мүшелерінің 2014 жылғы күндізгі отырысқа қатысуы
|
24.01.2014
|
28.02..2014
|
03.04.2014
|
25.05.2014
|
03.07.2014
|
28.08.2014
|
26.09.2014
|
02.10.2014
|
30.10.2014
|
%
|
Дәукеев Ғ.Ж.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100
|
Спицын А.Т.
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100
|
Лука Сутера
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
+
|
100
|
Достарыңызбен бөлісу: |