2014 жылы «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі жұмысы туралы Облыстың мұрағат мекемелерімен бір «Мұрағаттық анықтамалар беру»



жүктеу 94.83 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі94.83 Kb.
«Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар

және құжаттама басқармасы» ММ



2014 жылы «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі жұмысы туралы
Облыстың мұрағат мекемелерімен бір «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі (2013 жылғы 18 қыркүйектегі мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі). «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ және оның 20 филиалы қызмет беруші болып табылады.

«Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» ҚР Заңына және «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандартына (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 05.03. № 183 қаулысы) сәйкес қызмет мұрағаттар арқылы (пайдаланушылар жеке жүгінген кезде, пошталық байланыс және электронды пошта арқылы), сонымен қатар балама негізінде халыққа қызмет көрсету орталығы және «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 176 қаулысымен «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілген, оған облыс әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі № 323, 2014 жылғы 11 қарашадағы № 564 қаулыларымен өзгерістер енгізілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат, сонымен электронды нысанда, мемлекеттік қызмет стандарты мен регламенті Басқарманың ведомстволық Интернет-ресурсында, қалалар мен аудандар әкімдеренің сайттарында, мемлекеттік мұрағаттар фойесіндегі ақпараттық стендтерде, «Электронды үкімет» веб-порталында, сонымен қатар «ХҚКО» РМК Интернет-ресурсында орналасқан.

Үшінші тоқсанда Аманкелді аудмеммұрағатын «Е-әкімдік» АЖ-ға қосу бойынша ұйымдастыру-техникалық жұмысы өткізілген, ауданда АЖ 2014 жылдың 09 қыркүйекгінен бастап жұмыс істейді. Сонымен 2015 жылғы 01 қаңтар бойынша «Е-әкімдік» АЖ-да қызметтің тіркелуі 21 мемлекеттік мұрағатпенн жүзеге асырылады.

2014 жылғы қаңтар - желтоқсан аралығында 33 616, соның ішінде ХКО арқылы − 45, соның ішінде «ХКО» АЖ арқылы − 7, веб-портал − 105 мемлекеттік қызмет көрсетілген, «Е-әкімдік» АЖ-да − 33 211 қызмет тіркелген.

Облыс бойынша көрсетілген қызметінің ең үлкен көлемі облыстың мемлекеттік мұрағатына келеді − жалпы көлемінен 17,3% немесе 5820 қызмет және Қостанай қалалық меммұрағатына − 11,2 % немесе 3770 қызмет.

Әрі қарай рейтинг бойынша Рудный қалалық − 9,3 % немесе 3127, Қостанай аудандық − 6,2 % немесе 2081, Арқалық аймақтық − 5,7 % немесе 1911, Мендыкара аудандық − 5,2% немесе 1737 қызмет.

Облыс бойынша ең аз көлем Жангелдин ауданында − 1,1 % немесе 384 қызмет, Аманкелді ауданында − 1,2% немесе 411 қызмет, Алтынсарин ауданында − 1,7% немесе 574 қызмет көрсетілген.

Қызметтің тиімділігін бағалау критерийлерінің бірі қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету, азаматтардың қанағаттандыру деңгейін арттыру болып келеді.

Есеп кезеңінде белгіленген мерзімдердің бұзылуымен көрсетілген қызметтер анықталмаған.

2014 жылдың 12 айында көрсетілген қызметтің сапасын мониторингілеу «жақсы» бағасымен карточкалардың ұлғаюын көрсетеді. Осылайша, толтырылған 21 115 карточкалардың ішінде «жақсы» бағасымен 21 076, «қанағаттандырылған» − 39 қызмет көрсетілген. Сонымен қатар «жаман» бағасымен карточкалар тіркелмеген. Мемлекеттік мұрағаттарда азаматтарды қабылдау орындарда пікірлер мен ұсыныстар кітабы қойылған, оларда қызметті көрсететін қызметкерлердің атына алғыс сөздер ғана тіркелген, шағымдар мен ұсыныстар жоқ.

Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы жағынан бірыңғай үйлестіру мен жалпы әдістемелік басшылық қамтылған, облыстың мұрағаттық мекемелерімен «Мұрағаттық анықтамалар беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасының ай сайынғы мониторинг және бақылау, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жоғарыда тұрған мекемелермен әрекеттесу жүргізіледі.

Осыдан басқа, Басқарма қызметкерлерінің аудандарға шығуымен ішкі бақылау мен әдістемелік көмек көрсету шеңберінде Қарабалық, Федоров, Қарасу, Жітіқара аудандық меммұрағаттардың «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ішкі бақылау іске асырылған, сонымен қатар қызметті зерделеу барысында Әулиекөл мен Науырзым меммұрағаттарда ішкі бақылау өткізілген. Қорытындылары бойынша анықтама құралған, сол анықтамада анықталған ескертулерді жою бойынша ұсыныстар берілген.

Қызметті алушыларды қол жетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету, «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемқызметін көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бойынша мемлекеттік мұрағаттардың қызметі, сонымен қатар қызметті көрсету бойынша ішкі бақылаудың нәтижелері Басқарма басшысының жанындағы отырыста және кеңейтілген Басқарма Алқасында қарастырылды (2014 ж. 15.05. № 2, 2014 ж. 03.07. № 2, 2014 ж. 23.12. № 4 хаттамалары).

Үнемі мемлекеттік қызметті көрсету саласында нормативтік құжаттардың негізгі ережелерін оқу және түсіндіру жұмыстары өткізіледі; «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары, соның ішінде «Мұрағаттық анықтамалар беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметінің стандарты мен регламенті бойынша облыстық, аймақтық және аудандық мемлекеттік мұрағаттардың мамандарына кеңес беру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің орнатылған мерзімдердің бұзуын алдын алу, көрсетілетін қызметінің сапасын және есеп ақпаратты дайындаудың тиісті сапасын арттыру мақсатында басқармамен ағымдағы жылдың 3 шілдеде мемлекеттік мұрағатардың басшыларымен өндірістік оқу өткізілген. 2014 жылдың ақпан мен желтоқсан айларында көрсетілген мемлекеттік қызмет және ішкі бақылау бойынша есеп нысанын толтыру жөнінде жадынама дайындалды және меммұрағаттарға берілген.

Есеп кезеңінде «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің сауалдарын тіркеу, дайын жауаптарды беру және сауалдар бойынша іс-қағаздардың жүргізуін қалыптастыру бойынша жадынама дайындалған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша нормативті құжаттардың сұрақтары меммұрағаттардың басшылары мен қызметкерлері аттестациясын тесттеріне енгізілді.

Ведомстволық Интернет-ресурстың «Мемқызметі» бөлімінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша облыстың мұрағаттық мекемелер қызметінің қорытындылары туралы 5 ақпарат орналастырылған (2014 жылдың 25 наурыз, 25 маусым, 01 шілде, 01 қазан жағдайы бойынша және жылдық).

Облыстың мұрағат мекемелерімен 99 әр түрлі іс-шара, соның ішінде меммұрағаттардың, халыққа қызмет көрсету орталығының, ЗТМО және басқа мүделлі мекемелері қызметкерлердің қатысуымен көрсетілетін мемқызметтің сапасын арттыру жөніндегі семинарлар, отырыстар, дөңгелек үстелдердің отырыстары, «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің стандартын және регламентін оқу бойынша өндірістік оқу сабақтары өткізілген. Облыстық және аймақтық баспа және электронды БАҚ, ведомстволық Интернет-ресурсінде және қалалар мен аудандар әкімдерінің сайттарында 59 сөз сөйлеуі, соның ішінде 3 теле- және 3 радиобағдарлама жүзеге асырылған.

Осыдан басқа, «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету сұрақтары Алтынсарин, Жітіқара, Қостанай, Қарасу, Ұзынкөл аудандары әкімі аппаратының отырыстарында қаралған.

Қазіргі уақытта «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша келесі мәселелер бар:

«НИТ» АҚ-мен қызметті берушілерге алдын ала ескертпей ақпараттық жүйеде техникалық жұмыстардың өткізілуі қызметті алушылардың өтініштерін тіркеу мерзімдерін және «Е-әкімдік» АЖ-де мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдерін бұзу тәуекелін жасайды;

«Мұрағаттық анықтмалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету ұзақ іздестіру жұмысын талап етеді, сонымен қатар қызметті алушылардың 99,5 % өтініштері қағаз негізінде түседі, оларды сканерлеу және «Е-әкімдік» АЖ-де тіркеу қосымша уақыт талап етіледі. Осыдан басқа, Ресей, Германия зейнетақы қорынан түсетін сауалдар бойынша еңбекақы мөлшері мен жұмыс өтілін растау бойынша сұралатын мәліметтер көлемі көбейді. Сонымен бірге мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерінің штаттық саны өскен жоқ.

Орынд. С.Н. Тащанова

Тел. 8(7142) 543575

Қосымша
2014 жылы облыстың мемлекеттік мұрағаттарымен «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі




№№

Мұрағаттық атауы

Барлық қызметтің саны

жалпы санынан

%


Соның іщінде ЭҮП арқылы

Соның ішінде ХҚКО арқылы

1.

Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты

5820

17,3

16

10

2.

Қостанай қалалық мемлекеттік мұрағаты

3770

11,2

3



3.

Рудный қалалық

мемлекеттік мұрағаты



3127

9,3

14

12

4.

Қостанай аудандық мемлекеттік мұрағаты

2081

6,2

6



5.

Арқалық аймақтық мемлекеттік мұрағаты

1911

5,7

30

1

6.

Мендіқара аудандық мемлекеттік мұрағаты

1737

5,2

12



7.

Лисаков аймақтық мемлекеттік мұрағаты

1660

5

2

4

8.

Әулиекөл аймақтық мемлекеттік мұрағаты

1654

4,9

4

10

9.

Жітіқара аймақтық мемлекеттік мұрағаты

1515

4,6

4



10.

Қарасу аудандық

мемлекеттік мұрағаты



1348

4

2



11.

Таранов аудандық мемлекеттік мұрағаты

1193

3,6





12.

Қарабалық аудандық мемлекеттік мұрағаты

1150

3,4

1

6

13.

Ұзынкөл аудандық мемлекеттік мұрағаты

1124

3,3

2



14.

Федоров аудандық мемлекеттік мұрағаты

1055

3,1





15.

Сарыкөл аймақтық мемлекеттік мұрағаты

1034

3

2



16.

Қамысты аудандық мемлекеттік мұрағаты

705

2,1

2



17.

Денисов аудандық мемлекеттік мұрағаты

697

2,1





18.

Науырзым аудандық мемлекеттік мұрағаты

666

2

1

2

19.

Алтынсарин аудандық мемлекеттік мұрағаты

574

1,7





20.

Аманкелді аудандық мемлекеттік мұрағаты

411

1,2

2



21.

Жангелдин аудандық мемлекеттік мұрағаты

384

1,1

2






БАРЛЫҒЫ:

33 616




105

45


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет