2015 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының



Дата23.02.2016
өлшемі155.83 Kb.
#4362
«2015 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының

әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2015 жылдың 2 жартыжылдығына міндеттер туралы»
АҚПАРАТ


  1. Өнеркәсіп

2015 жылдың қаңтар-маусым айларында ауданда 22,8 млрд.теңгеге өнеркәсіптік өнім шығарылды, ол өткен жыл деңгейіне 112,5%. Табиғи көлем индексі 102,0 %, облыстық көрсеткіштен 10 пайыздық тармаққа жоғары (92,0 %), облыс бойынша 7 орын.

Тау кен саласында (жалпы көлемнен 78,7 %) өткен кезеңде сомасы 17,98 млрд.теңгеге өнім өндірілді, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 127,0 %. Қолданыстағы бағада табиғи көлем индексі – 104,2 %, облыстық көрсеткіштен 19,1 пайыздық тармаққа жоғары (85,1 %).



Өңдеу өнеркәсібі жалпы көлемнің 18,5 % құрайды. Салада сомасы 4,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілген, ол 2014 жыл деңгйіне 72,0 % құрайды. Сала бойынша ТКИ – 83,8 %, облыстық көрсеткіштен 8,4 пайыздық тармаққа төмен (92,2 %). Өндіріс көлемінің азаюының негізгі себебі тазартылған және тазартылмаған май, тоқыма өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндірудің азаюы. Себептері: нарықта РФ өндірісі өнімдерінің көп болуы (Востоксельхозпродукт ЖШС, Триумф Агро АТК), Соликамск магний зауытынан шикізат жеткізу көлемінің азаюы (ЕСЖК ЖШС).


 

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

млрд. теңге

млрд. теңге

алдыңғы айға%

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

млрд. теңге

%

Өнімнің көлемі, барлығы

4,27

2,81

65,8

4,46

158,7

4,69

105,2

2,72

58,0

3,89

143,0

ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП ТКИ

114,6




104,5




108,8




109,3




106,6




102,0

Тау кен өнеркәсібі

3,41

2,05

60,1

3,54

172,7

3,76

106,2

1,99

52,9

3,22

161,8

ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП ТКИ

120,6




105,6




112,0




113,4




111,7




104,2

Өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде

0,72

0,62

86,1

0,81

130,6

0,82

101,2

0,65

79,3

0,6

92,3

ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП ТКИ

93,7




96,3




93,6




90,7




84,2




83,8

Азық-түлік өнімдерін шығару

0,42

0,24

57,1

0,43

179,2

0,40

93,0

0,29

72,5

0,24

82,7

ЖЫЛ БАСЫНАН БАСТАП ТКИ

92,3




80,0




83,4




87,1




84,1




84,2

э/э, жылу және суды шығару және бөлу

0,134

0,129

96,3

0,112

86,8

0,108

96,4

0,073

67,6

0,071

97,3

Индустрияландыру картасы бағдарламасы аясында Шемонаиха ауданы бойынша «Автокөлік құралдары үшін тіркемелер және жартылай тіркемелерді өндіретін цех ұйымдастыру» жобасы енгізілді. Инвестициялық жобаның бастамашысы «Восток-Автопром» ЖШС. Жобаның жалпы құны 180 млн.теңге, оның ішінде 140 млн.теңге – меншік қаражат, 40 млн.теңге – «НАТР» АҚ гранты. Жобаның жобалық қуаттылығы: заттай тұлғалануы – 600 бірлік, құндық тұлғалануы – 150 млн.теңге. Аталған жобаны іске асыру есебінен құрылыс кезінде 8 жұмыс орны және пайдалануға берілген кезде 10 жұмыс орны құрылатын болады. Өнімді өткізу нарығы Қазақстан Республикасы аумағында – 85 %, Ресей Федерациясында – 15 %.

«Табиғат-Өскемен» ЖШС «Ағаш көмір өндіру» жобасын іске асыру басталды. Жоба ағаш көмір өндіру үшін пеш орнатуды (қуаттылығы 45 т/айына) ұсынады, «жасыл экономика» жобаларына жатады және негізгі ерекшеліктері болып келесілер табылады:

- жер және орман қорын тазалау;

- жаңа экологиялық таза өнім шығару;

- жаңа жұмыс орындарын құру.

Жобаның құны 12,5 млн.теңге. Қаржыландыру көзі – меншік қаражат.

Жобалық қуаттылығы 540 тонна/жылына (40,5 млн.теңге). Жұмыс орны құрылыс кезінде 10 және пайдалануға берген кезде 16.




2. Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көлемі 3,23 млрд.теңгені құрады. Табиғи көлем индексі – 100,5 %, облыстық көрсеткіштен 2,2 пайыздық тармаққа төмен (102,7 %), облыс бойынша 15 орын.

Тірідей салмақта 2 336,7 тонна (96,3%) ет, 22 040,9 тонна (102,2%) сүт, 3 980 мың дана (102,0 %) жұмыртқа өндірілді.

ІҚМ мал басы – 31 494 бас (101,2 %), оның ішінде сиыр – 10 674 (100,5%), қой және ешкі- 18 114 бас (106,5 %), шошқа – 9 920 бас (51,3%), жылқы – 3 748 бас (102,8%), құстар – 91 501 бас (103,6 %) құрады.

Төлдейтін ІҚМ басының үлес салмағы – 33,9 %.

Сүт өнідірісін дамыту үшін 2015 жыл ағымында 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған:

1) «Камышинское» ШҚ (1250 сауын бас) 350 басқа қосымша жаңа құрылыс. Құрылыс және мал сатып алу меншік қаражат есебінен. Құрал-жабдық «Қазагромаркетинг» АҚ арқылы лизингке алынады. Іске асу мерзімі: ағымдағы жылғы қыркүйек. Жобаның ағымдағы жағдайы: құрылыс материалдары сатып алынды, құрылысқа аумақты дайындау басталды, сүт өткізгіш сатып алуға келісім-шарт жасалды.

2) «Заря» ШҚ (350 сауын бас) 100 басқа дейін мал басын көбейтіп қайта құруды жүргізу жоспарланған. Жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы кешенді қаржыландырылатын болады. Іске асу мерзімі: ағымдағы жылғы желтоқсан. Жобаның ағымдағы жағдайы: сомасы 60,0 млн.теңгеге қаржыландыру үшін АШҚҚҚ өтінім берілді.

3) «Выдрихинское» ШҚ (320 сауын бас) 100 дейін мал басын көбейтіп қайта құруды жүргізу жоспарланған. Қайта құру меншік қаражат есебінен, құрал-жабдық сатып алу «Қазагромаркетинг» АҚ арқылы. Іске асу мерзімі: ағымдағы жылғы қазан. Жобаның ағымдағы жағдайы: базаны қайта құру жүргізіліп жатыр, 2 сүт өткізгіш сатып алынды.

4) «Отрадное» ШҚ (60 бас) «Қазагромаркетинг» АҚ арқылы лизингке құрал-жабдық және 40 бас мал алу. Іске асу мерзімі: ағымдағы жылғы желтоқсан. Жобаның ағымдағы жағдайы: 20 бас тайынша, сүт станциясы және ауыл шаруашылық техникасы сатып алынды.

Ауданда 221,7 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері бар, оның ішінде 139,4 мың гектар егістік жер, 64,6 мың гектар жайылым, 17,8 мың гектар табиғи шабындық.

Барлық жоспарланған алаң толық көлемде егілді.

Ауыл шаруашылық дақылдары 132,7 мың гектарға себілді:

82,87 мың га дәнді дақылдар (өткен жылға 102,9 %), оның ішінде 2,5 мың га күздік дақылдар. Егін құрылымында дәнді дақылдардың үлес салмағы 62,4 % құрады.

36,2 мың га (өткен жылға 86,4) дәнді дақылдар, оның ішінде 1,1 мың га рапс. Егін алаңының жалпы көлемінде күнбағыс 27,2 % құрады.

1,5 мың га картоп (оның ішінде тұрғындар картобы).

0,3 мың га көкөніс, 0,01 мың га бақша

11,8 мың га пішен шөптер (біржылдық, көпжылдық шөптер, сүрленген жүгері)

6,69 мың га пар.

Ағымдағы жылы 690 га суару егістігі пайдаланылды, 2014 жыл деңгейіне 142,8 % (483 га). «Қозыбаев М.Ә.» ШҚ Уба өзенінде алаңы 207 га суландыру жүйесін қалпына келтіру жобасын іске асыру есебінен ұлғайту. Суару алаңы 243-тен 450 га дейін ұлғайды. 5 «Фрегат» суару машиналары бар. Суармалы жерлерде картоп пен бидай өңдеу. Ауданда барлығы суарылатын жерлер – 2100 га, пайдаланылуы 2014 жыл – 22,9 %, 2015 жыл – 32,8 %.

Ылғал сақтау технологиясы бойынша жаздық дақылдар 85,0 мың га алаңға егілді, ол өткен жыл деңгейіне 2 есе жоғары.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық құрылымдары 250 тонна элиталы тұқым сатып алды. Зертхананың қорытындысы бойынша 18,6 мың тонна тұқым егін сапасына тексеруден өтті. Талдаманың қортындысы бойынша 16,9 мың тонна – 1 және 2 сұрыпты (90,9%).



Аудан шаруашылықтары субсидия алуға өтінім берді:

  • сомасы 93,8 млн.теңгеге тыңайтқыштар құнын арзандатуға. Аталған субсидияға ауданға 88,0 млн.теңге бөлінді.

- басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар алуға сомасы 319,6 млн.теңгеге 132 ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер өтінім берді. Аталған субсидияға ауданға 300,9 млн.теңге бөлінді.

- өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялауға өтінімдер қабылданып жатыр. Аталған субсидияға ауданға 91,0 млн.теңге бөлінді.




3. Шағын бизнес

Ауданда 240 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелген, 2013 жылғы деңгейге 102,1 % (235 бірлік).

Жұмыс істейтін кәсіпорындар саны – 169 (жалпы көлемнен 70,4 %), 2014 жылғы деңгейге – 99,4 % (170 бірлік). Оның ішінде белсенділер саны – 155 бірлік ( 2014 жылғы деңгейге 114 %), облыс бойынша 12 орын.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағыты бойынша: «Защита Уба» ЖШС «Ауыл шаруашылық техникасын және құрал-жабдықтарын сатып алу» жобасын екінші деңгейлі банк («Қазақстан Халық банкі» АҚ) мақұлдады, сомасы 145 млн.теңге.

келесі жобалар екінші деңгейлі банктердің қарауында:

ЖК «Пономарев» сомасы 12 млн.теңгеге «Шығыс тәттілерін өндіру»;

ЖК «Сулейменова» сомасы 20 млн.теңгеге «Дәмхана, дүкен, шаштараз ашу»;

«Абеков» ШҚ сомасы 10 млн.теңгеге «Автожуу және дәмхана құрылысы»;

«PRTex» ЖШС сомасы 25 млн.теңгеге «Клиникалық-диагностикалық орталықты кеңейту».

Ағымдағы жылдың тамыз айында туризм саласында Шемонаиха-Өскемен автожолының 7 км сомасы 12,0 млн.теңгеге «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының қаражаты есебінен «Наумбетов» ЖК кемпинг құрылысы аяқталатын болады. Жобаның ағымдағы жағдайы: ғимарат тұрғызылды, әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 3946,8 млн.теңгені құрады, 2014 жыл деңгейіне 101,2 %. Табиғи көлем индексі – 98,2 %, облыс бойынша 15 орын.Көлемнің азаюы тұрғындардың нақты кірісінің өсу қарқынының және соның салдарынан сатып алу белсенділігінің бәсеңдеуіне және сату ұйымдары көлемінің қысқаруына байланысты. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында облыс тұрғындары нақты кірісінің өсімі 0,9 % құрады, ал республика бойынша бұл көрсеткіш 1,2 %.
4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешендер
Бағалауға дейінгі есеппен негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2 591,3 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 56,0 %.
Құрылыс – монтаждау жұмыстарының көлемі – 604,9 млн.теңге, 2014 жыл деңгейіне 31,4 %.
Тұрғын үйді қолданысқа енгізу есептік кезеңде жалпы ауданы 4773 шаршы метрді құрады (89,3 %).


  1. Бюджет

2015 жылдың 01 шілдесіне жеке табыс бойынша аудан бюджеті 101,3 % орындалды, жоспар бойынша 676,9 млн. теңге, нақты түскені 685,7 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 110,4 %.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында аудан бюджетіне алгоритмдар аясында қосымша 6,2 млн.теңге түсті.

Облыс бойынша еңбекақы төлеу қоры 87220,2 млн.теңгені құрады, өсім 8,3 %, өткен кезеңде жеке табыс және әлеуметтік салық бойынша өсім сәйкесінше 107,6 % және 109,5 % құрады.

2015 жылдың 01 шілдесіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражаттарды игеру 99,0 % құрады, 1698,6 млн.теңге игерілді, жоспар бойынша 1715,2 млн.теңге. Шоттағы қалдықтар 16,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде ЖҚЖК 2020 бағдарламасына қатысуға ниет білдіруші жұмыссыз азаматтардың болмауынан – 1,4 млн.теңге, орындалған жұмыс актілерінің болмауынан – 5,3 млн.теңге; бос орындардан, уақытша еңбекке жарамсыз парағынан – 1,4 млн.теңге; жәрдемақы алушылар санының азаюынан – 1,3 млн.теңге; мемлекеттік сатып алулардың қорытындысынан – 6,7 млн.теңге, тұтынудың табиғи көлемінің өзгеруінен, қаржыландырудың мың теңгемен есептелуінен - 0,5 млн.теңге.



6. Халықты жұмыспен қамту

Орташа айлық еңбекақы өткен жыл деңгейіне 11,3 % өсті және 100 491 теңгені құрады. 2015 жылы аз қамтылған азаматтар саны 14 адамға азайды және 702 адамды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 96,2 % (2014 жылдың 1 шілдесіне 730 адам, 2015 жылдың 01 қаңтарына 716 адам).

2015 жылдың жартыжылдығында ресми тіркелген жұмыссыздар саны 221 адам, ол 2014 жылғы деңгейден 8 % жоғары (2014 жылдың 1 шілдесіне - 204 адам). Талданып отырған кезеңде 207 жұмыс орны құрылды, ол 2014 жылғы деңгейден 0,9 % жоғары (205 жұмыс орны).2015 жылға жоспар – 260 жұмыс орнын құру.

Атаулы әлеуметтік көмек 1,393 млн.теңге сомасында 33 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді, алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 71 адамға азайған. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 39 өтініш білдірушілерге төленді, өткен жылмен салыстырғанда алушылар саны 35 адамға азайды. «Өрлеу» пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмек 2,674 млн.теңге көлемінде 26 өтініш білдірушіге тағайындалды және төленді, өткен жылмен салыстырғанда алушылар саны 74 адамға көбейген. Тұрғын үй көмегі сомасы 4,618 млн.теңге көлемінде 311 алушыларға төленді, алушылар саны 22 адамға азайған.

Жыл басынан бастап қоғамдық жұмыстарға 202 жұмыссыз қатысты (2014 жылдың 1 шілдесіне 195 адам). Кәсіби дайындықтан 29 адам өтті (2014 жылдың 1 шілдесіне 29 адам). Оқудан кейін 20 адам жұмысқа орналастырылды (2014 жылдың 1 шілдесіне 22 адам). Жастар тәжірибесіне 12 адам (2014 жылдың 1 шілдесіне 5 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына 24 адам (2014 жылдың 1 шілдесіне 18 адам).жіберілді.

Жұмыспен қамтудың барлық бағдарламаларын іске асыру есепті кезеңге 428 өтініш білдіргендерден 282 жұмыссызды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді (65,9 %).

Жұмымпен қамту жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына 10 жұмысқа орналастырылды,кәсіби оқумен 15 адам қамтылды, олар оқудан кейін 100 % жұмысқа орнластырылатын болады, жастар тәжірибесіне 33 жас маман жіберілді.

2015 жылы мал шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы үшін мамандандырылған техника сатып алуға, корпустық жиһаз дайындау цехын кеңейтуге, жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға, сүт жинау пунктін ашуға шағын несие алу үшін сомасы 202,5 млн.теңгеге 71 өтінім берілді.



7. Білім беру
Ауданда 5169 оқушысы бар жалпы білім беретін 24 мектеп, 1466 бала бар 3 қосымша білім беретін мекеме, 1126 баланы қамтитын 48 тобы бар 3 балабақша, 409 баланы қамтитын 19 тобы бар 15 шағын орталықтар бар. 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 1-ден 6 жасқа дейін – 76,0 %, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезек 0-ден 3 жасқа дейін 563 орын.

ҰБТ орташа балы 76,4 ( 2014 жыл – 71,9).

Ағымдағы жылдың шілде айында Шемонаиха қ. 280 орынға арналған балабақша құрылысы аяқталатын болады, ол 1-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен 88,6 % қамтуға мүмкіндік береді.

Верх-Уба ауылында орта мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.


8.Денсаулық сақтау
Туберкулезбен сырқаттанушылық 10 жағдай немесе 100 мың тұрғынға 21,8 (2014 жыл – 16 жағдай, 100 мың тұрғынға 34,1), 63 % азайды.

Сәйкес кезеңде ауданда ана өлімі тіркелген жоқ.

Сәби өлімі 6 жағдай, көрсеткіш 1000 тірі туған сәбиге 22 (2014 жыл – 2 жағдай, 1000 тірі туған сәбиге 7,1).

Қатерлі ісіктен өлім-жітім 41 жағдай (2014 жыл – 34 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 89,5.

Рулиха а. құрылысы жүріп жатыр.
9. Құқықтық тәртіп

2015 жылдың қаңтар-маусым айларында аудан аумағында 296 қылмыс тіркелді, ол 2014 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 28,1 % жоғары (2014 жылдың қаңтар-маусымы – 231). Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 100 % құрайды.


10. Аумақтық даму
Ауданда келесі даму жоспарлары іске асуда:

1. Выдриха тірек ауылдық елді мекенінің 2014-2018 жылдарға Кешенді даму жоспары. Жалпы сомасы 2082,4 млн.теңгеге 59 жобаны іске асыру, 233 жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде: ауыл шаруашылығында сомасы 592,0 млн.теңгеге 11 жоба, кәсіпкерлік саласында 14,0 млн.теңгеге 4 жоба, инфрақұрылым және абаттандыру саласында сомасы 975,7 млн.теңгеге 39 жоба, әлеуметтік салада сомасы 500,7 млн.теңгеге 5 жоба.

2015 жылға Выдриха тірек ауылдық елді мекенін дамытудың кешенді жоспарында жалпы сомасы 409,2 млн.теңгеге 32 жобаны іске асыру, 60 жұмыс орнын құру жоспарланған. 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайға 4 жоба іске асты және 6 жоба іске асып жатыр, 54,2 млн.теңге игерілді, 5 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында – 5 жоба, 2 жұмыс орны құрылды, 43,5 млн.теңге игерілді; кәсіпкерлік саласында – 1 жоба, 2 жұмыс орны құрылды, 3,0 млн.теңге игерілді; инфрақұрылым және абаттандыруда – 4 жоба, 1 жұмыс орны құрылды, 7,7 млн.теңге игерілді.
2. Шығыс Қазақстан облысының ауылдық округтерінің, ауылдарының, кенттерінің орталықтарын 2014-2018 жылдары дамытудың іс-шаралар жоспары. Шемонаиха ауданы бойынша 7 орталық үй-жайлар бойынша сомасы 10 160,3 млн.теңгеге 148 жобаны іске асыру, 327 жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде: өнеркәсіп саласында 8 006,0 млн. теңге, ауыл шаруашылық саласында 159,8 млн.теңге, кәсіпкерлік саласында 55,2 млн.теңге, инфрақұрылым және абаттандыруда 1 393,5 млн. теңге, әлеуметтік салада 391,5 млн.теңге, басқа да салаларда 7,0 млн.теңге.
2015 жылға сомасы 818,3 млн. теңгеге 74 жобаны іске асыру, 159 жұмыс орнын құру жоспарланған. 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайға 6 жоба іске асты және 5 жоба іске асып жатыр, 16,8 млн.теңге игерілді, 10 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында – 4 жоба, 5,7 млн.теңге игерілді; инфрақұрылым және абаттандыруда – 6 жоба, 6 жұмыс орны құрылды, 6,1 млн.теңге игерілді, әлеуметтік салада – 1 жоба, 4 жұмыс орны құрылды, 5,0 млн.теңге игерілді.

3. Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аудандарын дамыту бойынша 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары. Шемонаиха ауданы бойынша сомасы 31444,3 млн.теңгеге іс-шаралар өткізу жоспарланған, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 561,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 793,3 млн.теңге, борыш қаражат 880,0 млн.теңге, меншік қаражат 29210,0 млн.теңге. 112 жұмыс орны құрылады.

2014 жылға сомасы 84,8 млн.теңгеге іс-шаралар іске асыру, 22 жұмыс орнын құру жоспарланған. 2015 жылғы 01 шілдедегі жағдайға 10,0 млн.теңге игерілді, 2 жұмыс орны құрылды.

4. Шемонаиха ауданының өзге де ауылдық елді мекендерін дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары. Аталған жоспарға ауданның тірек АЕМ және орталық үй-жайларына жатпайтын жоғары және орта әлеуеті бар ауылдар кірді. Іс-шаралар жоспары әрекет ететін ауыл шаруашылық құрылымдарын қолдау, шағын бизнесті дамыту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды қолдаудан тұрады. Жоспар бойынша сомасы 434,3 млн.теңгеге барлығы 66 іс-шараны іске асыру қарастырылған, меншік қаражат 162,0 млн.теңге, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында сомасы 155,9млн.теңгеге 10 іс-шара; кәсіпкерлікте сомасы 10,0 млн.теңгеге 1 іс-шара; инфрақұрылым және абаттандыруда сомасы 161,1 млн. теңгеге 44 іс-шара; әлеуметтік салада сомасы 107,3 млн.теңгеге 11 іс-шара.

2015 жылға сомасы 73,9 млн.теңгеге 26 жобаны іске асыру, 23 жұмыс орнын құру жоспарланған. 2015 жылдың 01 шілдесіндегі жағдайға 5 жоба іске асып жатыр, 30,5 млн.теңге игерілді, оның ішінде: ауыл шаруашылығы саласында – 2 жоба, 26,3 млн.теңге игерілді; кәсіпкерлік саласында – 1 жоба, 4,0 млн.теңге игерілді; инфрақұрылым және абаттандыруда – 2 жоба, 0,2 млн.теңге игерілді.

Ағымдағы жылдың маусымында Шемонаиха шағын қаласының 2016-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары әзірленді және жергілікті қауымдастық және жоғары тұрған басқармалармен келісілді. Жоспардың негізгі стратегиялық бағыттары болып экономиканы әртараптандыру және қала инфрақұрылымын дамыту табылады. Жоспарда сомасы 70,6 млрд.теңгеге іс-шаралар, 611 тұрақты және 852 уақытша жұмыс орындарын құру жоспарланған.


Экономика және бюджетті

жоспарлау бөлімінің басшысы А. Самойлова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет