2015 жылдың бірінші жарты жылдығына есеп Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының



жүктеу 119.15 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі119.15 Kb.
2015 жылдың бірінші жарты жылдығына есеп
Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2015 жылдың қаңтар-маусым көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2014 жыл қаңтар-маусым

2015 жыл қаңтар-маусым

2015 жыл 2014 жылға %

Халық саны, мың адам

694,0

868,9

125,2

Өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі, млн.теңге (өнім көлемінің индексі)

107 201,0

129 039,1

102,8

Ауыл шаруашылықтың жалпы өнім көлемі, млн.теңге (өнім көлемінің индексі)

2 293,5

6 554,8

122,8

Негізгі капиталға инвестиция, млн.теңге

45 239,8

56 906,9

114,2

Бөлшек сауда айналымының көлемі, млн.теңге

77 423,7

108 076,9

103,6

Іске қосылған тұрғын үй, шаршы метр

83 343,0

56 296,0

65,2

Автомобиль көлігімен тасылған жүк, мың.тонна

30 756,9

32 824,5

106,7

Орташа айлық жалақы, теңге

81 525,0

86 308,0

105,9


2015 жылдың бірінші жартыжылдығына бюджеттің атқарылуы
Кірістер
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында қала бюджетінің кіріс бөлігі 100,7 пайызға, жоспар бойынша 18305,6 млн.теңге болса нақты бюджетке 18428,8 млн.теңге түсті немесе 123,2 млн.теңге артығымен орындалды.

Салықтық түсімдер бойынша жоспар 101,2 пайызға орындалып, 203,8 млн.теңге артығымен түсті.



Есепті кезеңге 68 кіріс көздері бойынша тек 5 түрі бойынша жоспар орындалмады, атап айтқанда ең ірілері:

  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша жоспар 91,8 пайызға орындалды;

  • заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық бойынша жоспар 95,8 пайызға;

  • мемлекеттік баж бойынша жоспар 79,5 пайызға;

  • азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсім 30,8 пайызға орындалған.

млн.теңге

Атауы

жылдық жоспар

есепті кезеңге жоспар

касса

ауытқу

%

Кірістер

39337,8

18305,5

18428,7

123,2

100,7%

Салық түсімдері

37781,7

17252

17455,8

203,8

101,2%

Салықтан тыс түсімдер

301,4

269,6

305,9

36,3

113,5%

Негізгі капиталды сатудан түскен түсім

1254,7

783,9

667

-116,9

85,1%


Шығыстар
Қала бюджетінің шығыс бөлігі 2015 жылдың 1 шілдесіне 99 пайызға орындалды. Есепті кезеңге жоспарланған 37357,1 млн.теңгенің 36972,7 млн.теңгесі игерілді, игерілмеген қаражы көлемі 384,4 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

  • республикалық бюджет бойынша 95,5 млн.теңге (жоспар 7303,6 млн.теңге игерілгені 7208,1 млн.теңге);

  • облыстық бюджет бойынша 280,1 млн.теңге (жоспар 11304,4 млн.теңге игерілгені 11024,3 млн.теңге);

  • қалалық бюджет боынша 8,8 млн.теңге (жоспар 18749,1 млн.теңге игерілгені 18740,3 млн.теңге).

млн.теңге

Атауы

нақтыланған жоспар

кассалық шығыстар

қалдық

%

жылға

есепті айға

Шығыстар

82 906,7

37 357,2

36 972,8

384,4

99,0%

Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

618,4

279,6

278,5

1,0

99,6%

Қорғаныс

98,1

24,2

24,2

0,0

100,0%

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

256,6

113,0

113,0

0,0

100,0%

Бiлiм беру

38 722,0

20 423,6

20 417,0

6,5

100,0%

Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

2 420,1

1 385,8

1 347,6

38,2

97,2%

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

24 346,9

10 161,5

9 826,8

334,8

96,7%

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

3 029,7

1 764,4

1 763,7

0,8

100,0%

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану

5 038,6

693,0

693,0

0,0

100,0%

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

256,6

134,0

131,0

3,0

97,8%

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

121,6

55,8

55,8

0,0

100,0%

Көлiк және коммуникация

6 750,9

1 907,3

1 907,3

0,0

100,0%

Басқалар

124,4

17,5

17,5

0,1

99,6%

Борышқа қызмет көрсету

0,3

0,0

0,0

0,0




Трансферттер

110,5

110,5

110,5

0,0

100,0%

Қарыздарды өтеу

1 011,9

286,9

286,9

0,0

100,0%


Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер функционалдық топ бойынша қаражаттар Шымкент қалалық мәслихат, Шымкент қаласы әкімі аппараты, қаладағы үш аудан әкімдері аппараттары мен Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімі аппараты қызметтерін қамтамасыз етуге, инвестициялық жобаларды бағалау және сараптама жүргізуге бағытталды. Жалпы аталған мақсаттарға жоспарланған қаражаттардың 278,5 млн.теңгесі игерілді (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 2,9 млн.теңге).

Қорғаныс функционалдық тобында төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға, жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар өткізуге есепті кезеңге 24,2 млн.теңге көлемінде қаражаттар бағытталды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 1,4 млн.теңге).

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне, яғни жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруға 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 113 млн.теңге жұмсалды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 0,7 млн.теңге)

Білім беру фукционалдық тобы бойынша жалпы қала бюджетінен 20417 млн.теңге көлемінде қаражаттар бағытталды.

Арнайы және жалпы типтегі балабақшаларды ұстаудағы шығындарға 4190,5 млн.теңге жоспарланып толығымен игерілді. Балабақшалар дәрі-дәрмекпен, төсек жаймамен, тұрмыстық техникамен, ойыншықтармен, жиһаздармен, ыдыс аяқтармен қамтамасыз етілді (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 2341,8 млн.теңге).

Жалпы білім беруге 10653,2 млн.теңге жоспарланып қаражаттар толығымен игерілді. Бюджет қаражаттары негізінен жалақы қорына, мекемелердің коммуналдық шығындарына, байланыс қызметтеріне, кеңсе және шаруашылық заттар сатып алуға, жоғарғы сынып оқушыларына далалық әскери дайындық іс-шаралары өткізуге, жылу жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге, тиісінше жылу жүйлеріне қысымдау жұмыстарына, жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қоры қаражаты есебінен отбасылық жағдайы төмен балаларды тамақтандыруға, киіммен қамтуға, жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге және өзге жұмыстар мен қызметтерге бағытталды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 1015 млн.теңге).

Есепті кезеңге балаларға қосымша білім беруге, кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға, оқулықтар мен оқу-әдістемелеік кешендерді сатып алуға, жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған күтіп ұстауда асыраушыларға ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдер жүргізуге және асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеу және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуге жалпы 650,3 млн.теңге жұмсалды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 28,3 млн.теңге).

Білім беру мекемелерінің күрделі шығындарына 238,7 млн.теңге бағытталды.

Білім беру нысандарының құрылысына 4662,2 млн.теңге есепті кезеңге жоспарланып толығымен игерілді (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 2187,8 млн.теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттары 50 млн.теңге, облыстық бюджет қаражаттары 1909,5 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 514,9 млн.теңге).



Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға жалпы қала бюджетінен 1347,6 млн.теңге көлемінде бағытталды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 325,4 млн.теңге, облыстық бюджет 26,2 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 996 млн.теңге).

Бюджет қаражаттары келесідей мақсаттар жұмсалды:



  • патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағуға 9,4 млн.теңге;

  • жұмыспен қамтуға 118,9 млн.теңге;

  • тұрғын үй көмегі мен жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге 171,5 млн.теңге;

  • үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге, белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеуге, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсетуге, мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуін, жеке көмекшілермен қамтамасыз етуге 122,7 млн.теңге;

  • 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жетпіс жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдауға 823,6 млн.теңге;

  • әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтерге 101,5 млн.теңге.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына жергілікті бюджеттен 9826,8 млн.теңге бағытталды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 1132,5 млн.теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттары 85,5 млн.теңге, облыстық бюджет 6001,8 млн.теңге және жергілікті бюджет қаражаттары 2607 млн.теңге).

  • жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде 2 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде, есепті кезеңде 42,3 млн.теңгесі және де жолдарды орташа жөндеуден өткізуде 18,3 млн.теңгесі игерілді;

  • тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің 340,3 млн.теңгесі, кредиттердің 382,8 млн.теңгесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттардың 85,5 млн.теңгесі есепті кезеңге жоспарланып толығымен игерілді. Сонымен қатар, аталған мақсатқа облыстық бюджеттен 2030,3 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 57,5 млн.теңге жұмсалды;

  • инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына республикалық бюджеттен 114,2 млн.теңге облыстық бюджеттен 2989,8 млн.теңге және қала бюджетінен 45,6 млн.теңге көлемінде қаражаттар бағытталды;

  • мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін алып қоюға, азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге, апатты тұрғын үйлерді сейсмонығайтуға, орын алған төтенше жағдайларды жоюға, сот шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға, коммуналдық меншіктегі жылу жүйелерін жөндеуден өткізуге есепті кезеңге бюджет қаражаттарының 533,8 млн.теңгесі игерілді;

  • ауыз су мен электрмен қамтамасыз етуге 602,7 млн.теңге бағытталды;

  • қаланы абаттандыруда, яғни қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге, нысандардың құрылысына, көшелерді жарықтандыруға, жерлеу орындарын күтіп ұстауға, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қаралған қаржаттардың 2272,2 млн.теңгесі игерілді.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiкке 2015 жылдың 1 шілдесіне 1764,4 млн.теңге жоспарланып 1763,7 млн.тегесі игерілді немесе 0,7 млн.теңгесі үнемделуден игерілмеді. Қаражаттар мәдениет, спорт, ақпараттық кеңістік саласындағы қызметтерге, сондай-ақ, осы саладағы бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен бюджеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге жұмсалды (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 30,8 млн.теңге).

Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану функционалдық топ бойынша есепрті кезеңге 693 млн.теңге көлемінде қаражаттар жоспарланып толығымен игерілді. Бюджет қаражаттары газбен және электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталды.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастарына бөлінген 134 млн.теңгенің 3 млн.теңгесі үнемделуде игерілмеді (оның ішінде республикалық бюджеттің қаражаттары 4,5 млн.теңге, облыстық бюджет бюджет қаражаттары 51,5 млн.теңге, жергілікіт бюджет қаражаттары 75 млн.теңге). Бюджет қаражаттары келесідей мақсаттарға бағытталды:

  • мал көмінділерінің (биотермиялық шұңқырлардың) жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыруға, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеуге, жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге – 80,2 млн.теңге;

  • жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға және басқа да қызметтерге – 50,8 млн.теңге.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қала бюджетінде есепті кезеңге 58,8 млн.теңге жоспарланып, қаражаттар толығымен игерілді.

Көлiк және коммуникацияға, жол, жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысысына, жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге 1549,5 млн.теңге бағытталды. Сонымен қатар, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 336,7 млн.теңге және аталған бағытта өз қызметін атқаратын бюджеттік бағдарлама әкімшісін ұстауға 21,1 млн.теңге жұмсалды.

Басқалар функуционалдық топ бойынша қаражаттар кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерге 17,5 млн.теңге бағытталды.

Трансферттер функционалдық топтағы жоспарланған 110,5 млн.теңге көлеміндегі қаражаттар, 2014 жылы жоғарғы бюджеттерден бөлініп толық игерілмеген трансферттерді қайтаруға, мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерге жұмсалды.

Қарыздарды өтеуде, яғни жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеуге (тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен алынған кредиттерді қайтаруға) 275 млн.теңге, республикалық бюджеттен бөлініп мақсатына сай пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтаруға 11,9 млн.теңге бағытталды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет