2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің



жүктеу 108.99 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі108.99 Kb.

2015 жылғы «21» маусымдағы № 186

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген




«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер


1. «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі


№ 139 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санаттын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санаттын беру туралы бұйрықтын көшірмесі болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

6. Көрсетілетін қызметті алушы стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының не оның сенімхат бойынша өкілінің Стандарттың 9-тармағында қарастырылған мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды қоса мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінішінің болуы болып табылады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгінеді.

1) көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚО-ға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2) ХҚО-ның жинақтау бөлімінің инспекторы пошта не курьерлік қызмет арқылы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жібереді;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды (25 (жиырма бес) минут ішінде);

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама қояды және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды (1 (бір) күнтізбелік күн ішінде);

5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын дайындауды жүзеге асырады және Спорттық разрядтар мен санаттар беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысында қарауға жолдайды (10 (он) күнтізбелік күн ішінде);

6) Комиссия көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарайды және отырыстың хаттамасын бекітеді (1 (бір) күнтізбелік күн ішінде);

7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Комиссия хаттамасының негізінде спорттық разрядтар мен санаттарды беру туралы бұйрық дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды (2 (екі) күнтізбелік күн ішінде);

8) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бұйрықтан үзінді дайындайды және мемлекеттік қызметтің нәтижесін ХҚО-ғажолдайды (5 (бес) күнтізбелік күн ішінде);

9) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға спорттық разрядты беру, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру, спорттан төреші санатын беру туралы бұйрықтан үзінді немесе спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы бұйрықтың көшірмесін береді.

9. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:

1) сұрауды тіркеу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің құжаттарды қабылдауы және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдауы;

3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілеуі және оған көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жолдауы;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру және Комиссияға жолдау;

5) ұсынылған құжаттарды қарау және Комиссияның спорттық разрядтар мен санаттар беру жөнінде ұсыныс жасауы;

6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрыққа қол қоюы;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ХҚО-ға қағаз тасығышта жіберу;

8) ХҚО қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға спорттық разрядты беру, жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға санаттар беру, спорттан төреші санатын беру туралы бұйрықтан үзіндіні немесе спорттық разрядтар мен санаттар беру туралы бұйрықтың көшірмесін беруі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

4) Комиссия.

4. ХҚКО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


11. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қадамдық әрекеттер мен шешім:

1) 1-процесс – ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдайды, құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, 20 (жиырма минут) ішінде оларды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

2) 2-процесс – егер құжаттар толық болса, ХҚКО қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде өтінішті тіркейді, көрсетілген қызметті алушыға қолхат береді;

3) 3-процесс – ХҚКО қызметкері қабылданған құжаттарды ХҚКО-ның жинақтаушы секторына береді және мәліметтерді ХҚКО ақпараттық жүйесіне 5 (бес) минут ішінде енгізеді;

4) 4-процесс – жинақтаушы сектор құжаттарды жинайды, тізілім жасақтайды және 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде құжаттарды ХҚКО хат тасушысы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

5) 5-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің әрбір рәсімінің (іс-қимыл) мазмұны осы Регламенттің 8-тармағында келтірілген;

6) 6-процесс – ХҚКО ақпаратты жинау секторының қызметкері сканерлік штрих-кодтың көмегімен көрсетілетін қызметті берушіден алынған құжаттарды ХҚКО-ның ақпараттық жүйесінде белгілейді және дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін 30 (отыз) минут ішінде инспекторға жолдайды.

7) 7-процесс - дайын құжаттарды беретін қызметкер көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін 5 (бес) минут ішінде береді. Көрсетілетін қызметті алушы қызмет нәтижесін алуға бір ай ішінде келмеген жағдайда, ХҚКО нәтижені ХҚКО мұрағатына жібереді.

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» Регламенттің (бұдан әрі - Регламент) 1–қосымшасында келтірілген

12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы Регламеттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесінің анықтамалығы, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.



13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарды және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс - қимыл диаграммасы









1-процесс

2-процесс

3-процесс

4-процесс

5-процесс

6-процесс

7-процесс






autoshape 9autoshape 24

овал 2




Орталық қызметкері

«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
«Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
скругленный прямоугольник 26скругленный прямоугольник 27скругленный прямоугольник 28скругленный прямоугольник 32скругленный прямоугольник 31скругленный прямоугольник 30скругленный прямоугольник 29

скругленный прямоугольник 38скругленный прямоугольник 37скругленный прямоугольник 36скругленный прямоугольник 35скругленный прямоугольник 34скругленный прямоугольник 33
Құжаттарды тіркеу және құжаттарды қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту жөнінде қолхат беру

Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге жолдау

Құжаттарды тіркеу және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына ұсыну

Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдау

Құжаттарды қарау және комиссияның қарауына ұсыну
скругленный прямоугольник 41



Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті берушіге разрядтар мен санаттар беру жөнінде ұсыныс беру
скругленный прямоугольник 45

прямая со стрелкой 68прямая со стрелкой 67прямая со стрелкой 66прямая со стрелкой 64прямая со стрелкой 62прямая со стрелкой 69

выноска 2 (с границей) 46выноска 2 (с границей) 58


выноска 2 (с границей) 54выноска 2 (с границей) 51


выноска 2 (с границей) 56


скругленный прямоугольник 50



Көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) беру

Бұйрықтың жобасын дайындау, көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға ұсыну

бұйрықтан үзінді дайындау және көрсетілетін қызметтің нәтижесін ХҚО-ға жолдау





выноска 2 (с границей) 57


прямая со стрелкой 70прямая со стрелкой 72прямая со стрелкой 48
выноска 2 (с границей) 55выноска 2 (с границей) 61выноска 2 (с границей) 65



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет