2015 жылғы «22» сәуірдегі №205-592



Дата01.07.2016
өлшемі110.5 Kb.
#170981


2015 жылғы «22» сәуірдегі

205-592

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2015 жылдың 27 мамырында № 911 тіркелді
«Жерүсті су объектілері жоқ,

бірақ ауызсу сапасындағы

жерасты суларының жеткілікті

қоры бар аумақтарда ауызсу

және шаруашылық-тұрмыстық

сумен жабдықтауға байланысы жоқ

мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы
жерасты суларын пайдалануға
рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына және «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі қөрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялаумен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің сайтында орналастырумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.


3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласының әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Әкім Ә. Жақсыбеков

«Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Тұтынушылардың құқықтарын

қорғау комитетінің Астана қаласы

Тұтынушылардың құқықтарын

қорғау департаменті» республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________Н. Асылбеков

2015 жылғы «___» _____________

Астана қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «22» сәуірдегі

205-592 қаулысымен



бекітілген

«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



  1. Жалпы ережелер

1. «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана қаласының әкімдігі уәкілетті органы - Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Сарыарқа даңғылы, 13-үй мекенжайында орналасқан «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған қағаз түріндегі рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз қағаз тасығыштағы еркін нысандағы өтініш болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, құжаттар жиынтығының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 607 «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» қаулысымен бекітілген «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне талдау жасайды. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, онда өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, өтініштің кеңседе тіркелгенін растап, белгі қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жолдайды – 15 (он бес) минут ішінде;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары келіп түскен құжаттармен танысады және орындау үшін маманға жолдайды – 1 (бір) күн ішінде;

3) маман келіп түскен құжаттарды қарайды, Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 90 бабының 6 тармақшасында көрсетілген уәкілетті органдардың келісімін ескере отырып мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және қол қою үшін басшыға жолдайды – күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күн ішінде;

4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және кеңсеге жолдайды – 1 (бір) күн ішінде;

5) кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының қолына береді – 15 (он бес) минут ішінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісінде қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) қызметті берушінің басшысы;

3) қызметті берушінің жауапты маманы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы Регламентке 1-қосымшада және «Су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістері анықтамалығы 2-қосымшада келтірілген.

______________________________



«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ

ауызсу сапасындағы жерасты

суларының жеткілікті қоры бар

аумақтарда ауызсу және

шаруашылық-тұрмыстық сумен

жабдықтауға байланысы жоқ

мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы

жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау








___________________________________

«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ

ауызсу сапасындағы жерасты

суларының жеткілікті қоры бар

аумақтарда ауызсу және

шаруашылық-тұрмыстық сумен

жабдықтауға байланысы жоқ

мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы

жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

2-қосымша
«Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсу және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің

бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
скругленный прямоугольник 9скругленный прямоугольник 8скругленный прямоугольник 10скругленный прямоугольник 11

скругленный прямоугольник 21скругленный прямоугольник 18скругленный прямоугольник 17скругленный прямоугольник 15

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Стандарттың 9-тармағында белгіленген келіп түскен құжаттарды тіркейді, басшыға жолдайды



көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және маманға орындауға жолдайды

қөрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы келіп түскен құжаттарды қарайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін уәкілетті органдардың келісімін ескере отырып дайындайды және басшыға қол қоюға жолдайды




autoshape 94


ИЯ
autoshape 76



выноска 2 (с границей) 54autoshape 66autoshape 82autoshape 83

ЖОҚ
autoshape 84




құжаттардың Стандарттың 9-тармағында сәйкессіздігі



басшы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және кеңсеге жолдайды


autoshape 87

autoshape 119

autoshape 68
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және қызметті алушыға береді


autoshape 104

autoshape 120

autoshape 69

autoshape 67
autoshape 101- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы

- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ

атауы
autoshape 85

- таңдау нұсқасы

-autoshape 81 келесі рәсімге (іс-қимылға) өту

_____________________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет