2015 жылғы қабылдау ережесі 7 нұсқа 2015ж. Өзгеріс №



Дата04.07.2016
өлшемі101.32 Kb.
#176085




Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне

2015 жылғы қабылдау ережесі

7 нұсқа

2015ж.

Өзгеріс №

КЭУК - МИ - 94-2015

Тексеру уақыты:

1 бет 7 беттен




«БЕКІТЕМІН»

Қарағанды экономикалық

университетінің қабылдау

комиссиясының төрағасы,

э.ғ.д., профессор

______________________

Е.Б.Аймағамбетов

«___» ­­­____________2015 ж.



Қазтұтынуодағы

Қарағанды экономикалық университетінің

2015 жылғы қабылдау

ЕРЕЖЕСІ

КЭУК - МИ - 94 - 2015

ҚАРАҒАНДЫ - 2015


1. Жалпы ережелер
1.Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне студенттерді қабылдау Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 4 бабы 25 тармақшасына сәйкес әзірленіп, 2012 жылғы 19 қантарда шыққан ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіліп, жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беретін ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережелеріне және 2013 жылғы 11 ақпанда № 110 ҚР Үкіметінің Типтік ережелеріне өзгерістерді еңгізуді және олардың негізінде әзірленген осы ережелерге сәйкес өткізіледі.

2.Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне (ҚҚЭУ) жалпы орта, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білім алғаннан кейінгі), жоғары ( жоғары кәсіптік) білімі бар тұлғалар қабылданады.

3.ҚҚЭУ түсетін тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттарын) орналастыру және оқу төлемін өз қаражаттары және басқа көздер есебінде іске асырылады.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматтары болмайтын қазақ ұлтты тұлғаларға ақысыз жоғары білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізінде алуға құқығы бар, егер осы деңгейдегі білімді алғашқы рет алып тұрса.

Шетел азаматтарымен конкурстық негізде ақысыз жоғары білім алу құқығы мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау ҚЭУ қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу түрінде жүзеге асырылады.

4. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне түсетін тұлғаларды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша берілген сертификаттың балдарына сәйкес конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша іске асырылады.

Техникалық және кәсіптік, орта білім алғаннан кейінгі білімі бар (колледжілер) тұлғаларды ақылы негізде қысқартылған мерзімдер бойынша шектес мамандықтарға ҚҚЭУ қабылдау кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша іске асырылады. Шектес мамандықтардың тізімі білім беру саласындағы өкілетті органымен бекітіледі.

Жоғары білімі бар тұлғаларды ақылы негізде, қысқартылған мерзімге оқуға қабылдау ҚҚЭУ қабылдау комиссиясымен жүзеге асырылады.



Университет студенттері қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажет балдардың ең төменгі деңгейі 50 балл құрайды, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 балдан кем емес, қалған пәндер бойынша – 4 балдан кем емес.
2. Кешенді тестілеуді өткізу

5.Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беретін ұйымдардың түлектері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білім алғаннан кейінгі) білім ұйымдарының түлектері, оқушыларды шетелдермен халықаралық алмасу бағыттары бойынша оқыған, ҰБТ – ға қатыспаған жалпы білім беретін мектептердің түлектері, республикалық музыка мектеп – интернаттардың түлектері, сондай – ақ шетелде оқу орындарын аяқтаған тұлғалар үшін өткізіледі.

6.Кешенді тестілеуге қатысу үшін түсушілер университеттің қабылдау комиссиясына:

-белгіленген үлгідегі бланкіде жазылған өтінішті;

-жалпы орта білім оқу орнын аяқтағандағы аттестаты немесе бастауыш кәсіптік (техникалық және кәсіптік) немесе орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) оқу орнын аяқтағандығы туралы дипломды (түпнұсқасын);

-тестілеу өткізу ақысын төлегені туралы түбіртекті;

-3x4 көлемдегі екі фотосуретті;

-086-У үлгідегі медициналық анықтаманы;

-жеке басын куәландыратын кұжаттың көшірмесін тапсырады.

7. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдауды университеттің қабылдау комиссиясы 2015 жылдың 20 маусымнан 9 шілдеге дейін жүргізеді. Кешенді тестілеу 2015 жылдың шілденің 17-нен 23-не дейін өткізіледі.

8. Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән бойынша өткізіледі:



- қазақ немесе орыс тілінен (оқыту тілі);

- Қазақстан тарихы;

- математика;

- таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі.

ҚҚЭУ-ге түсетіндер пән таңдау бойынша:



- 5В030100 «Юриспруденция», 5В0304400 «Кеден ісі» мамандықтарына – дүниежүзі тарихынан;

- 5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»; 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарына – физикадан;

- 5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығына – химиядан;

- 5В050600 «Экономика», 5В051300 «Әлемдік экономика», 5В050700 «Менеджмент», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В050900 «Қаржы», 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В051100 «Маркетинг», 5В090200 «Туризм», 5В091200 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс», 5В090800 «Бағалау»; 5В011500 «Экономика және құқық негіздері» ; «Логистика» мамандықтарына – географиядан;

5В020200 «Халықаралық қатынастар» мамандығына – шет тілінен;

5В060800 «Экология» мамандығына биологиядан тапсырады.

9. Әрбір пән бойынша тестілік тапсырмалардың саны - 25. Әрбір тестілік тапсырмаға дұрыс жауап бір балмен бағаланады. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

10. Талапкер апелляцияға өтініш бере алады. Апелляциялық комиссия әр базалық (негізгі) ЖОО құрылады. Тестілік тапсырмалардың мазмұны мен техникалық себептері бойынша даулы сұрақтарды республикалық апелляциялық комиссия қарастырады.

11. Білім беру гранттарды беруге конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2015 жылдың 23 – 31 шілдесіне дейін қабылданады.

12. Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін түсуші университеттің қабылдау комиссиясына:



-белгіленген үлгідегі бланкіде жазылған өтінішті;

-білімі туралы құжатты (түпнұсқасын);

-ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификатын;

-3x4 көлемдегі екі фотосуретті;

-086-У үлгідегі медициналық анықтаманы;

-жеке басын куәландыратын кұжаттың көшірмесін тапсырады.

Білім беру гранттарын беру өтініште қатысушы таңдаған мамндығын және ЖЖО-ң белгілейді.



13. Білім беру грантын алуға айрықша құқығы бар оқуға түсуші осы құқығын растайтын құжатын университеттің қабылдау комиссиясына тапсырады.

Шетел тілінде берілетін құжаттардың нотариалдық түрде расталған қазақ немесе орыс тіліне аудармасы болуға тиісті.

Шетел білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар белгіленген түрде нострификациялануға тиісті.

14. Жоғары білімі бар азаматтарды оқуға қабылдау ( оқу мерзімі – 2 жыл) университеттің қабылдау комиссиясымен ақылы түрде жүзеге асырылады.


  1. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне студенттер қатарына қабылдау



15. Студенттер қатарына қабылдау 2015 жылдың тамыздың 10-нан 25-не дейін жүргізіледі.

Түсушілер қабылдау туралы:



- университетке қабылдау өтніші;

- бастауыш кәсіптік (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) немесе жоғарғы білім туралы құжат қосымшасымен (түпнұсқа);

- БҰТ немесе кешеңді тестілеу сертификаты;

- 3x4 көлеміндегі 6 фотосурет;

- №086-у үлгісіндегі дәрігерлік анықтама;

- Ф-063 профилактикалық егулер картасы (түпнұсқа немесе көшірмесі);

- мемлекеттік сертификат;

- сондай-ақ білім беру гранты тағайындалғаны туралы куәлікті (егер ол бар болса) тіркейді;

- тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (ұл балаларға) тапсырады.

16. Білім беретін грантын беру туралы куәлігін алған тұлғалар куәлікте көрсетілген ЖОО қабылдау туралы өтініш береді де ректордың бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.

17. Күндізгі бөлімге студенттерді қабылдау жалпы орта білімі бар және техникалық, кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білім алғаннан кейінгі) мамандар даярлауға мемлекеттік грант орналастыру арқылы:

5В030100 «Юриспруденция»;

5В030400 «Кеден ісі»;

5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»;

5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»;

5В070300 «Ақпараттық жүйелер»;

5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»;

5В050600 «Экономика»;

5В051300 «Әлемдік экономика»;

5В050700 «Менеджмент»;

5В050800 «Есеп және аудит»;

5В050900 «Қаржы»;

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

5В051100 «Маркетинг»;

5В090200 «Туризм»;

5В091200 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»;

5В090500 «Әлеуметтік жұмыс»;

5В090800 «Бағалау»;

5В020200 «Халықаралық қатынастар» ;

5В011500 «Экономика және құқық негіздері»;

5В090900 «Логистика»;

5В060800 «Экология» мамандықтар бойынша жүргізіледі .

18. Кешкі бөлімге қабылдау бакалаврды даярлау орта білімі бар:

5В030100 «Юриспруденция»;

5В050600 «Экономика»;

5В051300 «Әлемдік экономика»;

5В050800 «Есеп және аудит»;

5В050900 «Қаржы»;

5В090200 «Туризм» мамандықтар бойынша жүргізіледі.

19. Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен немесе кешеңді тестілеу нәтижелері бойынша келесі пәндерден:



- қазақ тілі немесе орыс тілінен (оқыту тілі);

- Қазақстан тарихынан;

- математикадан;

- таңдаған пәнінен.

Кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша кем дегенде 7 балл, қалған пәндер бойынша – кем дегенде 4 бал жинаған, ағымдағы жылдың жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері мен кешенді тестілеуге қатысқандар университетке ақылы оқуға қабылданады.

20. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру несиесін ресімдеу жағдайында құжаттары қарастырылуда туралы банктен тиісті анықтаманы табыс етсе, ҚҚЭУ студенттер құрамына енгізіледі.

Білім беру қызметтерін көрсету шартында белгіленген соманы төлеу бойынша мұрсат ( мерзімін ұзарту) беріледі. Төлем студенттер қатарына енгізуге дейін жасалуға тиісті, білім беру несиесін ресімдеу кезеңіне, банктен анықтама алған сәттен төрт апта асырмай.



21. Күндізгі оқу түріде оқып білім алатын студенттерге ҚР Қарулы күштер қатарындағы қызметтен рұқсат беріледі.

22.Барлық мамандықтар бойынша қашықтықтан оқу бойынша оқыту мерзімі – жоғары кәсіптік білім базасында – 2 жыл, салалас мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім беру базасында – 3 жыл.

22. Университетте күндізгі оқу түріде барлық мамандықтар бойынша, жалпы орта білімі бар тұлғаларға, оқу мерзімі – 4 жыл, колледж базасында - 3 жыл; кешкі 5 жыл.

23. Сырттай-қашықтықтан оқытуға студенттерді қабылдау, ақылы негізде:

5В030100 «Юриспруденция»;

5В030400 «Кеден ісі»;

5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»;

5В070300 «Ақпараттық жүйелер»;

5В072700 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»;

5В050600 «Экономика»;

5В050700 «Менеджмент»;

5В050800 «Есеп және аудит»;

5В050900 «Қаржы»;

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;

5В051100 «Маркетинг»;

5В090200 «Туризм»;

5В090500 «Әлеуметтік жұмыс»;

5В090800 «Бағалау»;

5В020200 «Халықаралық қатынастар» ;

5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»;

5В051300 «Мировая экономика»;

5В091200 «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі»;

5В011500 «Экономика және құқық негіздері»;

5В090900 «Логистика»;

5В060800 «Экология» мамандықтары бойынша жүргізіледі.

24. Сырттай-қашықтықтан оқыту бойынша өтініштер 2015 жылдың 20 маусымнан 20 тамызға дейін қабылданады.

25. Студенттер қатарына қабылдау 2015 жылдың тамыздың 20-нан 25-не дейін жүргізіледі.

26. Кешеңді тестілеу нәтижелері бойынша техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білім алғаннан кейінгі) білімі бар тұлғалар салалас мамандықтарға қабылданады. Жоғары білімі дипломы бар тұлғалар университеттің студенттер қатарына қабылданады.



27. Барлық мамандықтар бойынша сырттай-қашықтықтан оқу бойынша оқыту мерзімі – жоғары кәсіптік білім базасында – 2 жыл, салалас мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім беру базасында – 3 жыл.

28. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті білім саласындағы өкілетті органға он күндік мерзімде қабылдаудың ұйымдастыруы мен өткізуі бойынша қорытынды есебін, студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін, сонымен бірге білім беру грантына иелердің, гранттан бас тартқандардың куәліктер түпнұсқаларын, ЖОО келмеген тұлғалар туралы деректерді (аты – жөні, тегі, мамандығы) береді.

Университетке оқуға түсу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсырады:

100009, Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі, 9, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті. Қабылдау комиссиясы. Анықтама үшін телефон: 8 (7212)44-15-72

Құрастырушы:

қабылдау комиссиясының

жауапты хатшысы А.К. Курманалина

Келісілген:

Стратегиялық даму

департаментының директоры С.А. Муликова

Қызметкерлерді басқару

департаментының директоры Ю.Н. Еремин





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет