2015 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Сәтбаев қаласы әкімінің қызметі туралы есебі



Дата03.07.2016
өлшемі55.51 Kb.
#175298
2015 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша

Сәтбаев қаласы әкімінің қызметі туралы есебі


Қаланың жергілікті мемлекеттік органдарымен мемлекеттік тізілімге кірген 89 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар:

  1. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ - 23 қызмет

  2. «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ - 18 қызмет

  3. «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ -17 қызмет

  4. «Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ - 6 қызмет

  5. «Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ - 5 қызмет

  6. «Сәтбаев қаласының тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ - 2 қызмет

  7. «Сәтбаев қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімі» ММ - 1 қызмет

  8. «Сәтбаев қаласының ветеренария бөлімі» ММ - 7 қызмет

  9. «Сәтбаев қаласының экономика және қаржылар бөлімі» ММ - 1 қызмет

  10. «Сәтбаев қаласы әкімі аппараты» ММ АХАТ бөлімі - 9 қызмет.

2015 жылғы барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 39811, оның ішінде ХҚКО арқылы – 7768 қызмет, ЭҮП арқылы – 2274 қызмет және мемлекеттік органдар арқылы – 29769 қызмет.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 18 қызмет көрсетілетін болады.

Тегін негізде қызметтің 84 түрі көрсетіледі.

Ақылы негізде «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-не 4 қызмет және «Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-не 1 қызмет көрсетіледі, сонымен қатар:


  • «Елді мекен ішінде құрылыс объектілері үшін жер телімін ұсыну»

  • «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу»

  • «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру»

  • «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру»

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында несиелер бойынша кепілдік беру»

53 мемлекеттік қызмет қағазды түрде көрсетіледі, 30 мемлекеттік қызмет қағазды түрде және электронды түрде көрсетіле береді, 6 мемлекеттік қызмет функцияларды автоматтандыру арқылы электрондық түрге ауыстырылды.

2015 жылы көбірек талап етілген қызметтер:



  • «Ветеринарлық паспортын беруімен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» - 8679 қызмет

  • "Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру" – 3525 қызмет

  • "Жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою" – 3382 қызмет

  • "Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" - 2548 қызмет

  • «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» - 2278 қызмет

  • «Ветеринариялық анықтама беру» - 2188 қызмет

  • «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру» - 2174 қызмет

Қызмет алушылар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты

бірнеше ақпарат дереккөздерінен ала алады:



  1. Әр мекемедегі ақпараттық стендтер арқылы

  2. Мемлекеттік мекеме мамандарының консультациясы арқылы

  3. БАҚ-тағы жарияланымдар және мақалалары арқылы – барлығы 36 жарияланым мен сұхбат.

  4. Қала әкімі аппаратының ресми сайтындағы жарияланымдар арқылы – барлығы 39 ақпарат.

Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобаларын көпшілік алдында сойлеу мақсатында әкім аппаратының ресми сайтында жаңа стандарттардың жобалары орнатылды. Халыққа қызмет көрсету орталығы, шеттегі мүдделі ұйымдар және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет регламенттері мен стандарттанрын талқылау бойынша дөңгелек үстелдер және 28 семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің анықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отырады. 5 семинар және жаппай оқыту, қаланың барлық мемлекеттік мекеме басшыларымен 1 кеңейтілген жиналыс өткізілді, жергілікті телекөрсетілімде 4 сұхбат берілді, БАҚ-та 6 жарияланым басылып шықты және қала әкімі аппаратының ресми сайтында 5 ақпарат орналастырылды.


2015 жылы қала әкімі аппаратында «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызметін ішінара автоматтандырған «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі енгізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандарттары мен регламенттеріне сәйкес жүргізілді.


Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкрлердің біліктілігін көтеру мақсатында 6 адам «Мемлекеттік қызмет көрсетуді стандарттау жемқорлыққа қарсы шаралардың бірі», «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқарудын негіздері» сұрақтары бойынша Қарағанды облысы бойынша Аймақтық оқыту орталығында оқытылды. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр түрлі сұрақтары бойынша барлығы 33 семинар, дөңгелек үстелдер мен жаппай оқыту жүргізілді. «НИТ» АҚ мамандарымен электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу сұрақтары бойынша семинар жүргізді. Тұрақты негізде «НИТ» АҚ және ХҚКО жұмыскерлері арқылы мемлекеттік қызмет көрсететін мамандарының жеке консультациясы өткізіліп тұрады.

Барлық мемлекеттік мекеме өз жұмыстарында заңдағы және заңға сәйкес актілердегі барлық өзгерістерді санай отырып, қазіргі заңнаманы басшылыққа алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық процесі бекітілген стандарттар мен регламенттерге, бекітілген нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мекеме басшылары жағынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізіледі. Ішкі бақылау қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар мен стандарттар уәкілетті бөлімі арқылы ай сайын жүргізіледі. Ішкі бақылау нәтижелері бойынша барлық басшыларға шара қолдану үшін ескерту анықтамасы жеткізілді.

2015 жылдың мамыр айында облыс әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерді тексеру төменде көрсетілген бағыт бойынша жүргізілді:

- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша мемлекеттік органдарымен ұсынылатын есептік ақпарат басқаруының дұрыстығы мен нақтылығы;

- жайлы және ыңғайлы жағдай жасау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, сонымен қатар ақпараттық стендтердің бар болуы;

- электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша электрондық үкімет бастамасын көпшілікке тарату бойынша жұмыс. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша шара қолданылды, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша кеңейтілген жиналыс өткізілді;

2016 жылы қаланың барлық мемлекеттік мекемесінде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуын және тиімділігін арттыру жоспарлануда. Бұл үшін 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсететін 4 маманды бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша Аймақтық оқыту орталығында оқыту жоспарланды. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша семинарлардың, кездесулер мен дөңгелек үстелдердің өтуі, қалалық газеттердегі жарияланымдар мен телекөрсетілімдегі сұхбаттар жалғастырылады. Жұмыс бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілетін болады.

Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысов



Орын.Ж.С.Серікбаева

Тел:8(71063)34909

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет