Сыбаға-құрметті қонаққа немесе жақын-жуыққа арнап сақталған мәделі ет мүшелері, тағам. [7-122б.].
Келіншегі құйып қойған сүгірет,
Әбіл оның саусағында жүгіред...
Тілсізгеде тіл бітіген дүние-ай,
Әйелдердің бойындағы құдірет [6-86б.]
Ақын осы бір шумағы арқылы керемет дүниені жеткізе білді.
Келіншек-ауылға жаңа түскен келін, жас әйел. [7-485б].
Сонымен қатар, келіншек сөзімен үндесіп жатқан, қалыңдық сөзінің тілдік бірлігінің мағынасында айта кетуге болады.
Көңілімде көп болған соң тапшылық,
Түс көргенде-көретінім-жақсылық,
Қалыңдыққа бара жатам түсімде
Омырауыма қызыл гүлді жапсырып.
Қалыңдық- тұрмысқа шығатын бойжеткен, дәстүрлі қазақ қоғамында-айттырылған қыз. [7-509б.]
Суреттерді өткен күннің көлбеңдеп,
Шақырып жүр кетейік деп елден кеп.
Мамам марқұм алай рет айтып ед:
“Өз еліңде ақ сақалды шал бол!” – деп.
“Өз еліңде ақ сақалды шал бол!” – бата, ниет ретінде айтылған. Бата, бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұттық дәстүрі. [7-178б.]
Осы секілді хылқымыздың ұлттық салт-дәстүр, сана-сезімінен автор біршама хабар береді. Қазақ халқы үшін ежелден тұрмыс-салт, әдет-ғұрып маңызды рол атқаратыны анық.
Сонымен қатар, шығармада олжа, соғым, ақ отау, естірту, ант беру, жаназа секілді лингвомәдени бірліктер мәнін алдағы уақытта зерттейтініме сенімдімін. Автор туындысынан халқымыздың қанына сіңген көркем қасиеттерімізді көруге болады.
Ө. Нұрғалиев поэзиясында тілімізде ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлтымыздың мұрасы, тәжірибесі, салт-дәстүрі мен мәдениеті көрініс тапқан. Халқымыздың дүниетанымынан, тұрмыс-тіршілігінен мол ақпарат беретін, тағылымдық-танымдық мәні зор, парасатты ойлар мен өнегеге толы, ұлттық болмысты айрықша көрсететін жоғарыда келтірілген мысалдар – мәдениетті танудың негізі. Пайдаланылған әдебиеттер:
Карпенко М.А. Понятия «лингвокультурология», «лингвострановедение», «лингвокраеведение» и их соотношение // «Язык и культура»: доклады междунар. конф. Киев, 1997. Ч. 3. С. 89-91.
Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. – М.: Прогресс, 2001. 400 с.
Лакофф Д.Ж., Джонсон М. Метафоры, которыми мы живем // Язык и моделирование социального взаимодействия. – М., 1987. – С. 126-170.
http://madeniportal.kz/author/
http://www.bjka.kz/nurgaliev.php
Соғыстың соңғы жазы: балладалар.- Алматы: Жалын, 21-86
Қазақстан ұлттық энцеклопедиясы. Алматы. 1999. 221б. 122б-8том. 485б-4том. 509б-5том. 178б-2том.