2020 – 2021оқу жылында жүргізілетін сынып жиналыстары



бет3/9
Дата08.04.2024
өлшемі38.8 Kb.
#497892
1   2   3   4   5   6   7   8   9
сынып жетекші хаттама

Сөйледі:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-ана Р.Жакашова сөз алды. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа  2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктерімен толық танысып шықтық. Санитарлық ережелерді сақтай отырып, балаларымызды мектепке жібереміз. Балаларымыздың мектепте білім алғаны дұрыс.
Тыңдалды:
Үшінші мәселе бойынша 9-сынып жетекшісі Р.Тузелбаева 2020-2021оқу жылында оқушылардың бағалау жүйесіне тоқталып атап көрсетті. Атап айтса:
10 балл-егер оқушы жұмысты 100% орындаса өздігінен және тапсырманың орындалуын түсіндіре алса;
 9 балл-егер оқушы жұмысты 90% орындаса, өздігінен және тапсырманың орындалуын түсіндіріп,қатемен жұмысты өздігінен жүргізе алса;
8 балл-егер оқушы жұмысты 80% орындап 1-2 қате жіберілсе;
7 балл-егер оқушы жұмысты 70% орындап, 3 қате болса;
6 балл-егер оқушы жұмысты 60% орындап,4 қат жіберсе және орта деңгейдегі тапсырманы орындай алса;
5 балл-егер оқушы жұмысты 50% орындаса, сабаққа белсенді қатыспаған жағдайда;
4 балл-егер оқушы жұмысты 40% орындаса,мұғалімнің көмегімен ғана тапсырманы орындаса;
3 балл-егер оқушы жұмысты 30% орындаса
2 балл-егер оқушы жұмысты 20% орындаса
1 балл-егер оқушы жұмысты 10% орындаса және белсенділік танытпай берілген тапсырманы түсіне алмаса. 
Пән мұғалімдері оқушылардың тапсырманы орындауларына байланысты баллдық жүйені электронды журнал Kundelik.kz-ке қойып отырады деді. Сынып жетекшісі баллдық жүйе бойынша жеке-жеке тоқталып атап көрсетті. Оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар туралы айтып кетті. Яғни, оқушылардың 2020-2021 оқу жылына қатысты міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар өзгертілді. Атап айтсақ, ата-аналар еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде балаға сабаққа ыңғайлы киім таңдай алатыны айтылды.Оқушының киімі таза, ыңғайлы, өзінің өлшеміне сай болуы керек.
Шешімі:
1) коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар күшейтілсін;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет