2020 жылға дейінгі даму перспективасымен Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2011



Дата01.07.2016
өлшемі199.5 Kb.
#169121
«2020 жылға дейінгі даму перспективасымен Қазақстан Республикасында атом саласын дамытудың 2011 2014 жылдарға арналған бағдарламасын» мониторингілеу бойынша жедел есеп





Есепті кезең

2014 жыл



















Мемлекеттің органның атауы

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі








Салалық бағдарлама бекітілген құжат

Салалық бағдарламаның орындалуы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 728 қаулысы







Нысаналы индикаторлар

Өлш. бірл.

Ақпарат көзі

2014 год (жоспар)

2014 год (нақты)

Орындалмау себептері







Уран өндіру көлемін ұлғайту

тонна

ВС

23292

22829

2014 жылғы жоспарлық өндіріс көлемін орындамау келесі себептермен байланысты:

«Орталық» ЖШС. Мердігер магистралды труба жөнелткіш салу бойынша жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамаған, нәтижесінде орындалмаған көлем – 200 тоннаны құрады.

«Ыңқай» ЖШС. Өндірістің күрделі геотехнологиялық жағдайына байланысты орындалмау – 100 тоннаны құрады.

«Аппақ» ЖШС және «Семізбай-U» ЖШС. Барланған қордың расталмағанына байланысты орындалмау – 170 тоннаны құрады.




























Атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар

Нақты

Қол жеткізілу туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Мақсат Атом өнеркәсібін дамыту және жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету.

1-міндет. Атом өнеркәсібін дамыту

Ядролық-отын циклінің вертикалды-интеграцияланған компаниясын құру



Іс-шара

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалу/орындалмауы туралы ақпарат

1

Қазақстандағы уранның шикізат базасын кеңейту мақсатында іздеу және барлау жұмыстары кешенін жүргізу

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ,«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011-2020

Уранды іздеу жұмыстарын жүргізу Жобасы бойынша 2012-2015 жылдары Шу-Сарысу депрессиясы Шығыс алаңындағы Төгіскен және Шығыс-Уванас учаскелерінде іздеу жұмыстарын жүргізуге уәкілетті органмен жер қойнауын пайдалану және зерттеу бойынша шарт жасалған.

Іздеу жұмыстары шеңберінде құрамына маршруттарға алдын ала тексеру жүргізу, далалық радиоизотоптық зерттеулер, бастапқы материалдарды бұрын бұрғыланған ұңғымалар арқылы цифрлық форматқа ауыстыру, қоршаған ортаға әсерін бағалау, Жерді қашықтан зондтау әдістерін қолдану оның ішінде жылулық космосуреттерді түсіндіру материалдары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалды. Жасалған жұмыстарың нәтижесінде іздеу тиімділігін арттыруға ықпал жасайтын жаңа іздеу критерийлерінің қатары белгіленді және қолданыстағы іздеу жұмыстарын орындау әдістері жетілдірілді.

2014 жылы Буденновское (1, 3, 4 учаскелері), Солтүстік Харасан (Харасан 1, Харасан 2 учаскелері), Ыңқай (3 учаскесі), Мойынқұм (2, 3-учаскелері) кен орындарында геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілді. Алдын ала ақпарат бойынша геологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде уран қорының өсуі С1-С2 санаты бойынша 115 мың тоннаны құрайды.


2

Табиғи уран өндірісін дамыту

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ, «Қазатом-өнеркәсіп» ҰАК» АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011-2020

Өндіру бойынша жоспарлық көрсеткішті (23292) орындау 98% құрады.

2014 жылғы жоспарлық өндіріс көлемін орындамау келесі себептермен байланысты:

«Орталық» ЖШС. Мердігер магистралды труба жөнелткіш салу бойынша жұмыстарды белгіленген мерзімде орындамаған, нәтижесінде орындалмаған көлем – 200 тоннаны құрады.

«Ыңқай» ЖШС. Өндірістің күрделі геотехнологиялық жағдайына байланысты орындалмау – 100 тоннаны құрады.

«Аппақ» ЖШС және «Семізбай-U» ЖШС. Барланған қордың расталмағанына байланысты орындалмау – 170 тоннаны құрады.


3


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жылына 6000 тонна уран өндіру үлесі бар жылына 12000 тонна гексафторид болатын уранды конверсиялау жөніндегі өндірісті ұйымдастыру

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ


жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011 – 2016

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және Cameco компаниясы Аффинаждық зауыт салу бойынша жобаның шеңберінде оның экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, жобаны Тараптар үшін тиімді және рентабельдік қажетті деңгейіне шығаруда өзара тиімді нұсқаны анықтау мақсатында қаржылық және материалдық жиынтықтарды оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізді.

2014 жылы жүргізілген ауқымды жұмыс көлеміне қарамастан нәтижелер жоба көрсеткіштері оның қатысушыларының экономикалық мүдделеріне жауап бермейтіндігін көрсетті.

Қазіргі уақытта Тараптар жобаның экономикалық орындылығын және Қазақстан Республикасының мүддесін ескере отырып оны дамытудың ықтимал нұсқаларын талқалауды жүргізуде.


4


ҚР-ның 2,5 млн. ЕРР уран байыту бойынша кепілдендірілген қызмет алу үшін изотоптар бөлу жөніндегі қолданыстағы кәсіпорынға қатысуы

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011-2020

2013 жылғы 27 қыркүйекте «Урал электрохимия комбинаты» ААҚ 25% плюс 1 акция мөлшеріндегі акциясын бірлескен қазақстандық-ресейлік «УБО» ЖАҚ меншігіне алу бойынша келісім жасалды.

2014 жылдан бастап «УБО» ЖАҚ жылына 5 млн. ЖББ көлемінде уран байыту бойынша ресейлік қызметтерге рұқсат алды.

«УБО» ЖАҚ өндірістік бағдарламасына сәйкес 2014 жылы 4986 мың ЖББ көлемінде «Технабэкспорт» ААҚ мекенжайына коммерциялық өнім жеткізілімдері жасалды.


5

Батыс дизайнындағы АЭС ракторларына арналған, сондай-ақ Қазақстандағы атом энергетикасының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қажетті жылу бөлгіш құрастырмалар өндіру жөніндегі бірлескен кәсіпорындар құру

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011-2020

Жобаның басты мақсаты – Қазақстанда ЖБҚ зауытын салу жөніндегі оң шешім оның өнімін өткізуде туындаған қиындықтарға байланысты қабылданбағандықтан орындалған жоқ.

Бұл ретте, отын жобасын іске асыру мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және CGNPC компаниясы арасында осы бағытта ынтымақтастықты жылжыту жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Тараптар екі өзара байланысты жобаларды – ҚХР-ға 200т уран көлемінде кепілдендірілген нарық өтімін қамтамасыз етумен Қазақстанда жылу бөлгіш құрастырмалар өндірісі және уран ресурстарын игеру бойынша бірлескен кәсіпорындарды құруды іске асыру шарттарын қарастыратын Ядролық энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету жөніндегі келісім жобасын (бұдан әрі – Келісім) әзірледі.

2014 жылғы 4-тоқсандағы ҚХР Мемлекеттік кеңес Премьерінің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Келісімге қол қойылды.



Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының атом реакторлары мен атом саласына арналған жабдықтарды өндіруге кезең-кезеңмен қатысуы

6

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының АЭС салуға қатысуы үшін жағдайлар жасау

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ


жыл сайын
25 желтоқсанға, 2012-2020

ҚР Премьер-Министрінің 5.05.2014ж. № 60-ө өкімімен Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезекті іс-шаралар жоспары бекітілді, оған сәйкес АЭС салу жобасын іске асыру жөніндегі басқару компаниясы құрылды, оған АЭС салу жобасының ТЭН-ін әзірлеу функциялары жүктелді. АЭС салу ТЭН нәтижесі бойынша 2017 жылы ҚР Үкіметінің АЭС құрылысы туралы шешімінің жобасы дайындалатын болады.

2. Атом энергетикасын дамыту

2 Атом энергия блоктарының параметрлерін орналастыру және таңдау схемасын негіздеу. Қазақстан аумағында АЭС салу

1

ИНПРО (МАГАТЭ) әдіснамасын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ядролық-энергетикалық жүйесіне бағалау жүргізуге жұмыстарды қаржыландыру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2014-2016

ИНПРО әдіснамасын (МАГАТЭ) қолдана отырып Қазақстан Республикасының ядролық-энергетикалық жүйесін бағалауға арналған бюджеттік өтінім ҚР ҚМ жіберілді.

2015-2017 жылғы жоспарлы кезеңге жұмыстарды қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінім қолдау тапқан жоқ



2

Реактор қондырғысын орналастыратын орын мен қуатын таңдау бойынша жұмыстарды қаржыландыру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы 25 желтоқсан

Реактор қондырғысы орналасатын жер мен оның қуатын таңдау бойынша жұмыстарды қаржыландыру АЭС салу жобасының ТЭН-ін әзірлеген соң анықталады.


3

Үкіметтің АЭС салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін басқарушы компания құру туралы шешімін дайындау

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы 1-тоқсан

ҚР Премьер-Министрінің 5.05.2014ж. № 60-ө өкімімен Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезекті іс-шаралар жоспары бекітілді, оған сәйкес АЭС салу жобасын іске асыру жөніндегі басқару компаниясы құрылды, оған АЭС салу жобасының ТЭН-ін әзірлеу функциялары жүктелді.




Қазақстан Республикасында АЭС және атом саласының басқа объектілерін әзірлеу мен жобалауды ұйымдастыру

1

АЭС және атом саласының басқа да объектілерін әзірлеуге және жобалауға арналған мамандандырылған жобалау-конструкторлық ұйымдарын құру бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

(келісім бойынша)



2015 жылғы 25 желтоқсан

-

2

Бірінші атом электр станциясының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2015 жылғы 25 желтоқсан

-




Атом саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуге арналған нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеу




Атом саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуге арналған нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

ТЖМ ДСМ


2014 жылғы 25 желтоқсан

Әзірленіп жатқан «Атом энергиясын пайдалану туралы» заңның жобасы (заңға қатысты актілерімен бірге) 2014 жылы ҚР Мәжілісіне жолданды. Қазіргі уақытта жұмыс тобының отырыстары жүріп жатыр.

Атом саласы объектілерінің ядролық, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1

РАҚ және ИСК қайта өңдеу және ұзақ сақтау жөніндегі Республикалық орталық құруды одан әрі қаржыландыру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2014-2015

2014 жылы ҚР ИСМ құрылыс істері мен ТКШ жөніндегі комитетінің 2006 жылғы 14 қаңтардағы №13-ПИР бұйрығымен бекітілген, құрылысының жалпы есептік құны 4 320 400 мың теңге, соның ішінде ҚМЖ-2 356 170 мың теңгені құрайтын «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінде радиациялық-қорғау камерасы мен ұзақ сақтау пунктін құру» жобасын техника-экономикалық негіздеуді түзету жөнінде жұмыстар жүргізілді. Түзету «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК (бас жобалаушы) бекіткен жұмыстар кестесіне сәйкес жүзеге асырылды.

2

Атом саласы объектілерінің ядролық, радиациялық және өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011-2020

Атом саласының стратегиялық объектілерінің жабдығын бақылау және регламенттік қызмет көрсету орындалды. Жабдықтың жай-күйін бақылау және ағымдық жөндеу орындалды және ядролық, радиациялық және электрфизикалық қондырғылардың жұмыс істеуі мен техникалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

3

Атом саласының объектілерінде төтенше жағдайлар мен өнеркәсіп қауіпсіздігі үшін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған инспекция құру мәселесін пысықтау.

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы 25 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы» 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 Жарлығына сәйкес қайта құруға байланысты бұл іс-шараны іске асыру жөнінде жұмыстар жүргізілген жоқ.


4

Атом энергетикасы объектілерінің геологиялық-геофизикалық және сейсмикалық қауіпсіздігінің мониторинг жүйелерін құруды және дамытуды қаржыландыру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2015-2017

2015-2017 жылғы жоспарлы кезеңге жұмыстарды қаржыландыруға арналған бюджеттік өтінім қолдау тапқан жоқ

5

Чкалов, Зеренді, Восточное шығару пункттері бар Бурабай үлкен базалы сейсмикалық тобын жаңғырту жобасын іске асыру

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2016 жылғы 25 желтоқсан

«Бурабай» геофизикалық обсерваториясының (бұдан әрі- Объекті) құрылысы бойынша

2014 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сәулет және қала құрылысы бақылауы өкілдерінің қатысуымен Жұмыс комиссиясы Объектінің негізгі құрылысы мен жүйелеріне техникалық тексеру өткізуді ұсынды. Осыған байланысты Министрлікпен аттестациядан өткен сарапшылық ұйымды тарту арқылы Объектінің техникалық тексерілуі өткізілді. Тексеру қорытындылары бойынша Министрлікке техникалық есеп берілді.

Техникалық тексеру қорытындылары негізінде Министрлікпен жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын түзету жұмыстары іске асырылуда.

2014 жылғы 1 шілдеде Бурабай ауданының әкімімен Объектінің консервациялануы туралы №а-7/423 қаулысы шығарылды және Мердігерге орындау үшін жіберілді.



«Межрегионкомплект-Астана» ЖШС-тен 312,94 млн.тенге сомасы көлеміндегі алдын ала төлемді талап ету мәселесі бойынша

2014 жылғы 15 қазанда Астана қ. Прокуратура басқармасы прокурорының қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету» 176-бабы 3-бөлімінің «б» тармағына сәйкес «Межрегионкомплект-Астана» ЖШС (құрылыстың 2-кезеңі бойынша Мердігер) қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.



Атом саласының стратегиялық объектілерін физикалық қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін

әзірлеу және іске асыру

1


Атом саласының стратегиялық объектілерін физикалық қорғау және күзету жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2014-2020

ҚР ҰЯО РМК стратегиялық объектілерінің объекті ішіндегі екі физикалық қорғау жүйесіне, ЯФИ РМК стратегиялық объектісінің бір физикалық қорғау жүйесіне регламенттік қызмет көрсету және жұмысқа қабілетті күйде ұстау орындалды.

2

Атом саласының стратегиялық объектілерін физикалық қорғау және күзету жүйесін кешенді жаңғырту

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2014 -2015 ж

008 «Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде ЯФИ объектілері қоршауының негізгі периметрін физикалық қорғау жүйесін жаңғырту жобасы әзірленді, жобаға мемлекеттік сараптама қорытындысы алдынды.




БН-350 реакторын пайдаланудан қауіпсіз шығаруды қамтамасыз ету

1

БН-350 реакторын пайдаланудан қауіпсіз шығаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

(келісім бойынша)



2014-2020

БН-350-дің пайдаланылған ядролық отыны салынған контейнерлерді радиациялық қауіпсіздік, санитариялық нормалар мен ережелерге сәйкес қауіпсіз сақтау және физикалық қорғау қамтамасыз етілді. БН-350-дің сұйық радиоактивті қалдықтарының резервтік қоймасын салуды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жеке қаражаты есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылданды. ЖМТ-ны соңынан ҚР аумағында ұзақ сақтауға және көмуге жарамды химиялық және өрт қауіпсіз күйге қайта өңдеу үшін натрийді қайта өңдеу қондырғысы әзірленді.

2

БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын қауіпсіздік және физикалық қорғау талаптарын орындай отырып, ұзақ уақыт сақтауды қамтамасыз ету

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2014-2020

Конструкторлық құжаттаманың бірегей жүйесіне, радиациялық қауіпсіздік нормаларына, санитариялық нормалар мен ережелердің стандарттарына сәйкес БН-350 пайдаланылған ядролық отыны салынған 60 контейнерді «Байкал-1» ұзақ сақтау алаңында қауіпсіз сақтау және физикалық қорғау қамтамасыз етілді.

Атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту

1

Қазақстан Республикасының атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық шарттарын дайындау және жасасу

Халықаралық шарттар

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011 – 2017

Канадамен шарт

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Канаданың Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім 2014 жылғы 5 тамызда күшіне енді.



2

Курчатов қаласында Сейсмикалық мониторинг жүйесіне арналған деректер қайталаушы орталығын құру













1)

Ядролық сынақтар мониторингі, оның ішінде

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2014- 2020 гг.


Қазақстандық ядролық мониторинг жүйесінің 10 станциясы, сондай-ақ Алматы қаласындағы Деректер орталығы мен арнайы сейсмикалық ақпаратты жинақтаудың коммуникациялық арналары және деректерді өңдеу жүйелерінің қызмет етуі қамтамасыз етілді. 199,15 Гб сейсмикалық ақпарат алдынды (жылдық жоспар –190 Гб-тан кем емес). Қытай, Үндістан және Пәкістанның ядролық полигондарына жақын болған 112 сейсмикалық жағдай тіркелді және зерттелді. Сейсмологиялық бюллетендер құрылды: автоматты (11 643 жағдай), интерактивті (13 169 жағдай), жинақты (15 395 жағдай), сондай-ақ инфрадыбысты автоматтық бюллетендер (81 511 детектирлік). Деректер базасы мен мұрағаттар толықтырылды. Ақпарат пен бюллетендер веб-сайтқа жүктелді (www.kndc.kz). 6 халықаралық орталықпен, ҚР БҒМ Сейсмология институтымен, ТЖМ Кризистік орталығымен деректермен алмасуды қамтамасыз етілді.

2014 жылға қарастырылған жұмыстар толық орындалды.



2)

- Халықаралық шарттар мен келісімдерді қолдау үшін қазақстандық ядролық мониторинг жүйесі инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2014- 2020 гг.


«Курчатов қаласында қайталанатын деректер орталығын құру» іс-шарасы бойынша 2014 жылғы 18 желтоқсанда техникалық тапсырма әзірленді және бекітілді.

Үй-жайларды, инженерлік желілерді дайындау, жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді алу және орнату жұмыстары 20% орындалды.



Атом саласын кәсіби білікті кадрлармен қамтамасыз ету




Кәсіби білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, ДСМ

2015 жылғы 25 желтоқсан

-

Атом саласын дамытудың әлеуметтік мәселелері




Ғылыми және жобалау ұйымдарының қызметкерлері үшін тұрғын үй қорын құру бойынша және Курчатов қаласын, Алатау кентін (Алматы қ.) қоса алғанда, олардың орналасқан жерлерінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2014 жылғы

25 желтоқсан



ШҚО Курчатов қаласында ҚР ҰЯО РМК мамандары үшін тұрғын үй мен балабақшаны қалпына келтіру жобасы әзірленді


3 Атом саласындағы ғылымды дамыту

Іргелі және қолданбалы зерттеулер үшін атом саласының эксперименттік базасын жетілдіру

1

ВВР-К, ИВГ.1М, ИГР ядролық зерттеу реакторлары кешенін жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2014-2015

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидаларына» сәйкес, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жобаны жаңа шығындар бастамаларына енгізу жөнінде ұсыныстар жолдады (2014 жылғы 28 ақпандағы № 12-1/01-3-869 хат).

2

ВВР-К реакторын төмен байытылған уранды отынға конверсиялау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011 – 2013

2013 жылғы 21 шілдеде уран-235 төмен байытылған ВВР-КН екі реакторлық жинақтың басталған сынақтары ойдағыдай аяқталды, жоспарланған жанып біту пайызына қол жеткізілді. 2013 жылдың аяғында – 2014 жылдың басында бұзбайтын әдістермен реактордан кейінгі ЭТВС зерттеулерін өткізу жоспарланды.

3

Курчатов қаласында Қазақстандық КТМ токамак термоядролық материалтану реакторын құру

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2016 жылғы 25 желтоқсан

«Курчатов қаласында Қазақстандық КТМ термоядролық материалтану реакторын құру» жобасын техника-экономикалық негіздеу 2013 жылғы 27 тамыздағы №21 хаттама негізінде түзетілді. «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды. ТЭН-ге сәйкес қалған жұмыстардың сомасы қымбаттауды ескергенде 1,8 млрд.тг.

4

У-150 үдеткіш кешенін реконструкциялаудың инвестициялық жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2014-2015

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №34 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидаларына» сәйкес, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жобаны жаңа шығындар бастамаларына енгізу жөнінде ұсыныстар жолдады (2014 жылғы 28 ақпандағы № 12-1/01-3-869 хат)

Атом саласындағы ғылыми зерттеулер

1

«Қазақстанда атом энергетикасын дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру

ҒЗЖ туралы есептер

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011-2020

Бұрынғы ССП-ның әртүрлі биологиялық объектілері зерттелді, ИСК-мен жұмыс істейтін адамдардың сәулелену дозаларын бақылау жүйесін құру, атом энергиясын пайдалану саласындағы радиациялық қауіп-қатерді бағалауға арналған ядролық-физикалық және спектрометрлік әдістерді дамыту бойынша жұмыстар орындалды. ВВР-К реакторы мен сындық стендті төмен байытылған отынға ауыстыру, сәулеленген реактор материалдарының микроқұрылымдарының өзгеруі мен коррозиялық жағдайын зерттеу, ұзақ уақыт механикалық сынау кезінде сырғымалылық жылдамдығының температуралық тәуелділігі мен сынау температураларының бірінші және екінші буынды конструкциялық болаттардың құрылымына әсерін зерттеу бойынша жұмыстар орындалды. Қолданбалы ядролық физика саласындағы эксперименттік зерттеулердің нәтижелері алынды, жоғары температуралы газбен салқындатылатын реакторлардың бу-газ контурларының сипаттамалары зерттелді, ядролық қондырғыларды мониторингілеу және басқарудың ақпараттық технологиялары әзірленді, ядролық реактордың активті аймағындағы жылу бөлу және жылу әкету процестері, жылу тасығыштың жағдайы мен конструкциясы, ядролық отынның жұмысқа қабілеттілігі зерттелді.Медицина мен өнеркәсіпте қолданылатын радиоизотоптар алу технологияларын дамыту, нанокристалдық асқын өткізгіш қаптамалар алу технологиясы саласында зерттеулер орындалды, олардың құрылымдары мен электрофизикалық қасиеттері зерттелді. Ядролық сынақтар мен жер сілкіністерін мониторингілеу технологияларын дамыту саласында ғылыми зерттеулер орындалды, радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған геологиялық формациялардың сапасын зерделеу мен бағалау, ядролық жарылыстар салдарының бұрынғы полигондардағы тау алқаптарына әсерін зерделеу әдістері әзірленді. Атом ғылымы үшін кадрлар даярлау және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар орындалды.


2

Қазақстандық термоядролық токамак КТМ материалтану реакторын құру мен пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау

ҒЗЖ туралы есептер

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011-2020

Плазманың КТМ материалдарының беткі қабаттарымен өзара әрекеттесу әсерлеріне теориялық зерттеулер, энергетикалық термоядролық реакторлардың конструкциялық материалдарына эксперименттік зерттеулер мен сынаулар жүргізілді. КТМ кешенінде жүргізу жоспарланған материалтану зерттеулерін жүргізу үшін техникалық және әдістемелік база дайындау, плазма параметрлерін бақылауға арналған диагностика және әдістемелер жүйесін жасау, КТМ токамагының эксплуатациялық параметрлерін өңдеудің біріктірілген жүйесін жасау бойынша жұмыстар орындалды. КТМ токамагының литий диверторы макетінің жүйелері апробацияланды. КТМ токамагын пайдалану үшін персонал даярлау және термоядролық энергетика саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ғылыми кадрлар даярлау бойынша жұмыстар жүргізілді.

КТМ-нің бірінші қабырғасының материалдарының әртүрлі энергиялардың иондары әсер еткен кездегі тозаңдану коэффициенттері есептелді, плазманың атқылаушы бөлшектер ағынымен жұлынып шығуын имитациялау кезіндегі материалдардағы құрылымдық-фазалық ауысулардың ерекшеліктері анықталды. КТМ плазмасын диагностикалаудың қысқа толқынды және рентген жүйелерінің сипаттамалары мен сынауларын зерттеудің базалық әдістемелері жасалды.

3

ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші негізінде физика, химия, биология және озық технологиялар саласындағы кешенді ғылыми зерттеулер

ҒЗЖ туралы есептер

ИЖТМ

жыл сайын
25 желтоқсанға 2011-2020

Жаңа перспективалық технологияларды дамыту үшін ДЦ-60 үдеткішінде жүргізілген ауыр иондардың атомдармен және ядролармен өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижелері бойынша 2 мәліметтер базасы құрылды. Перспективалық ғылыми эксперименттерді дамыту үшін ДЦ-60 үдеткішінде 2 әдістемелік оқулық түрінде нормативтік-әдістемелік база кеңейтілді. Ағынды суларды (сұйық радиоактивті қалдықтарды) тазалау үшін тректі мембрана негізінде ВВР-К реакторында қондырғының қолданыстағы үлгісі құрылды. Аса үлкен интегралды сызбамен бірге СВЧ-сәулелену генераторының моделі әзірленді. Металл иондарының – литийдің 7Li1+ оңтайландырылған үдету режимі пысықталды.

4

Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы зерттеулерді қаржыландыру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

2014-2015

«Қазақстан Республикасында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарламасының жобасы дайындалды.

5

Экономиканы индустриялық-инновациялық дамыту үшін ядролық-физикалық әдістер мен технологияларды дамыту бойынша ғылыми-технологиялық бағдарламаны әзірлеу

ҒЗЖ туралы есептер

ИЖТМ

2015-2017

-

6

Қазақстанның аумағында ядролық объектілердің орналасу аудандарында жер сілкінісінің фокальды тетіктерінің параметрлері негізінде жер қыртысының сейсмотектоникалық өзгеру жағдайларын анықтау жөнінде ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын, 2015-2017

-

7

Қазақстандық ядролық сынақтардың инфрадыбыстық мониторингі станцияларының жазбаларын ретроспективті талдау негізінде инфрадыбыс сигналдары параметрлерінің көп жылдық өзгеруінің заңдылығын анықтау бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ

жыл сайын,
2015 -2016

-

4 Халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау

Әртүрлі үлгідегі радиациялық қауіпті объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зақымданған аумақтарды оңалту және оларды шаруашылық айналымға тарту

1

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына іргелес аумақтарда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ, ҚОСРМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2014-2020

Ауданы 340 кв.км аумақта кешенді радиоэкологиялық зерттеу материалдарының алдын ала нұсқасы дайындалды.

2

Техногенді қызмет орындарындағы радиациялық қауіпті оқиғаларды оқшаулау және жою бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын орындау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ,

ҚОСРМ


жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011-2020

Жер асты суларындағы радионуклидтер құрамы туралы ақпараттар алу үшін бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауыты (ЕХМЗ) аумағынан, радиоактивті қалдықтарды көму пункттері мен оған іргелес аумақтардан 31 сынама алынды және талданды.

3

Бұрынғы ядролық сынаулар өткізу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ,

ҚОСРМ,


ТЖМ

жыл сайын
25 желтоқсанға, 2011-2020

ССП-ның оңтүстік аумағын (800 км2) кешенді радиоэкологиялық зерттеу материалдарының қорытынды нұсқасы дайындалды, ядролық және радиоактивті материалдар бар ССП объектілеріне кіруді шектеу бойынша іс-шаралар орындалды.

"Лира" объектісінің ТК-1 және ТК-4 екі жерасты қуыстарында газды қауіпсіз қысым деңгейіне дейін күйдіру арқылы қысым түсірілді. «Лира» объектісін ұзақ қауіпсіз күйге келтіру үшін ішкі қысымсыз тасты тұз қуысындағы тұрақтылық бағаланды.

Бұрынғы «Азғыр» ядролық полигоны мен оған іргелес ауылдардан 188 сынама алынып, радионуклидтік және элементтік құрамы зерттелді. Мониторингтің 28 постында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Мониторинг нәтижелерінің 1 ақпараттық базасы жаңартылды.


Атом энергетикасының дамуына байланысты халықтың денсаулығын қорғау

1

Республикалық кешенді дозиметрия орталығын құру жобасын қаржыландыру мәселесін пысықтау

ҚР Үкіметіне ақпарат

ИЖТМ,

ҚОСРМ


2014-2015

«Республикалық кешенді дозиметрия орталығын құру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ берген ескертулерді жою аясында ҚР ҰЭМ-нің 18.11.2014 жылы № 23 санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы алынды.

2

Халық пен қызметкерлердің дозаларын мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2016 жылғы

25 желтоқсан



Халықтың дозасын есепке алу мен бақылаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік және әдістемелік база әзірленуде.

3

Алатау кентінде Ядролық медицина және биофизика орталығын (емдеу бөлімінсіз) құру

ҚР Үкіметіне
ақпарат

ИЖТМ

2015 жылғы

25 желтоқсан



2014 жылы Ядролық медицина және биофизика орталығының радиофармпрепараттар өндірісі корпусының құрылысын аяқтауға және радиациялық зарарсыздандыру корпусының құрылысын бастауға шарттар жасалды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша радиофармпрепараттар өндірісі корпусының құрылысы 99%-ға аяқталды.

2014 жылғы 6 мамырда РБК-дан жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын түзетуге рұқсат алынды. Осыған байланысты жоба түзетіліп, мемлекеттік сараптамадан өтті («Мемсараптама» РМК-нің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 01-0801/14 қорытындысы)





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет