«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет93/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

«Қазақстан тарихы» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады.
Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты патриотизмді қалыптастыру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге дағдыландыру болып табылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі 82-кестеде көрсетілген.

82-кесте – Оқу жүктемесінің көлемі



Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық




10-сынып (ЖМБ)

Қазақстан тарихы

2

68

1

34




11-сынып (ЖМБ)

Қазақстан тарихы

2

68

1

34




«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:



  • білім алушылардың тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау дағдыларын дамыту, өткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық мәселелерге өзіндік көзқарасты қалыптастыру;

  • өлке тарихын зерделеу, өлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және жүйелеу дағдыларын дамыту;

  • әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;

  • қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

  • коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады.

Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы берілген. Сондықтан осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 83-кестеде берілген.

83-кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

10-сынып

1

1

1

1

11-сынып

1

1

1

1

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша әр тоқсанның соңында 2 сағатқа есептелген оқушылардың зерттеу жұмысын жүргізу қарастырылған. Сағат саны аса көп болмағандықтан зерттеу тақырыбының нұсқаларын оқушыларға алдын ала ескерту ұсынылады. Сыныптар бойынша зерттеу тақырыптары төменде берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет