Директорларды ротациялау
Ротация институтын енгізу – бұл директорларды тағайындаудың жаңа жүйесі, оларды аттестаттау, жалақыны арттыру және еңбек жағдайларымен қатар басқару сапасын арттырудың тиімді тетіктерінің бірі.
Директорларды ротациялау Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылға 31 наурыздағы №24-VII ҚРЗ негізінде жүргізіледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2100000024
Мектеп директорларын ротациялау бір әкімшілік аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырылады.
Сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2021-2022 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл;
Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл;
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл;
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл;
Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл;
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш жетекшісі, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханның туғанына – 155 жыл;
Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл;
Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл;
Көрнекті этнограф, жазушы, әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің туғанына – 80 жыл.
|
Достарыңызбен бөлісу: |