7 балл - 70% - ға дейін оқу тапсырмаларын орындады, 3 қате жіберді, қателіктерді уақтылы жойды, сабақта белсенді, тапсырмаларды орындау кезінде дербестік танытады;
8 балл - оқу тапсырмаларының 80%-на дейін орындады, 1-2 елеусіз қателіктер жіберді, мұғалімнің түсініктемелері негізінде өз қателіктерін түзетеді, Белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;
9 балл - оқу тапсырмаларының 90% - на дейін орындады, тапсырмаларды орындау кезінде шамалы дәлсіздіктерге жол берді, қателермен жұмыс істейді, Белсенді, өз бетінше жұмыс жасайды;
10 балл-оқу тапсырмаларының 100% орындады, қателіктер жібермеді, белсенді, дербес жұмыс жасай алады, өз жауаптарын түсіндіре алады, негіздей алады.
4. Кеңейтілген кері байланыс үшін мұғалім оқушының электронды күнделігі арқылы түсініктемелер түрінде ұсынылатын айдарларды қолданады.
5. 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді.
6. ҚО режимінің енгізілуіне байланысты енгізілген электрондық журнал форматындағы өзгерістерді түсіндіру үшін оқу жылының басында ата-аналар мен мұғалімдерге электрондық журналды пайдалану туралы жадынама беріледі.
7. Электрондық журнал қалыптастырушы бағалау үшін орташа балды автоматты түрде шығарады және ТЖБ бағанына дейін орналастырылған жеке бағанға қояды (бұл қалыптастырушы бағалау үшін орташа балды шығаруды жеңілдетеді).
8. БЖБ және ТЖБ есептеу қолданыстағы формула бойынша есептеледі.
9. Қорытынды баға қалыптастырушы бағалау үшін орташа баллды ескере отырып шығарылады.
Критериалды бағалау сұрақтары бойынша келесі дереккөздерді пайдалануға болады:
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005191
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Жүйелік-әдістемелік кешені http://smk.edu.kz;
Критериалды бағалау бойынша әдістемелік әзірлемелер https://www.nao.kz
«Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» онлайн курсы https://academia.kz/ru/course/1.
Арнайы мектеп оқушыларын бағалау жүйесі
Оқушыларды оқыту нәтижелерін бағалауда оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесі қолданылады. Формативті бағалау барысында мұғалім білім алушылардың оқу материалын меңгерудегі қиындықтарын анықтайды және оларды жеңу жолдарын белгілейді. Оқу пәндері бойынша оқу жетістіктерін бағалау кезінде арнайы оқу бағдарламаларында немесе оқушының жеке оқу бағдарламаларында ұсынылған оқу мақсаттарына бағдарлануы қажет. Мұғалім дифференциалды және / немесе жеке бақылау тапсырмаларын қолдана алады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін ескере отырып бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізе алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды және жеке оқу бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді. Арнайы білім беру ұйымдарында және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарда білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді. Түзету компонентінің пәндері бойынша балдық бағалар қойылмайды.
Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқушыларға сараланған және жеке тәсілді қолдана отырып жүзеге асырылады. Сараланған тәсіл негізінде ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың педагогикалық жіктелуі жатыр (В.В.Воронкова бойынша). Жетістіктерді бағалау кезінде түрлі типологиялық топтарда оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейлік мақсат қою негізінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктері бес балдық шкала бойынша бағаланады. Дайындық және 1-сыныптарда баллдық бағалар қойылмайды. Оқытудағы алға жылжу нәтижесі оқушылардың өнімді қызметін талдау, сөйлеу, жазу жұмыстары, суреттер, қолөнер және сабақтардағы қызметті бақылау негізінде анықталады және сипаттама сипатында болады. Ақыл-ой кемістігі орташа білім алушылардың жетістіктерін бағалау кезінде жеке оқу бағдарламасының мазмұны негізінде сипаттамалық критериалды бағалау қолданылады. (Ақыл-есі кеміс диагнозымен білім алушыларды критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдарды білім беру ұйымдарының сайтында табуға болады. Ы.Алтынсарин (www.nao.kz). Ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп/сынып оқушылары екінші жылға қалдырылмайды.
9, 11-сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу
9 (10) және 11 (12) сыныптарды аяқтау бойынша қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.
9 (10)-сыныптың білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемалары) облыстардың, Нұр – сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, Түркістан облысының адам әлеуетін дамыту басқармасы (бұдан әрі – білім басқармасы), республикалық мектептердің 9(10) - сыныбының білім алушылары үшін және мектептердің 11 (12) - сыныбының білім алушылары үшін – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі-министрлік) дайындайды.
Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар мен күтілетін нәтижелер әрбір пән мен оқыту тілі бөлінісіндегі ерекшелікпен реттеледі.
Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын мектептер дербес әзірлейді.
Қорытынды аттестаттауды қайта тапсырған 9 (10) сыныптың білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сынып оқушылары қайта оқу жылына қалдырылады.
11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:
2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан тестілеу;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 11 (12) сынып оқушылары № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтама алады.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және ол жақта білім беру мекемелерін аяқтаған 11 (12) сыныпты бітірушілер шетелдегі оқуды аяқтаған соң 11 (12) сынып үшін Қазақстан Республикасының мектептерінде қорытынды аттестаттаудан өтеді.
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектеп комиссиясының шешімімен аталған мектеп бітірушілер «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінің пәндері бойынша аттестаттаудан өтеді.
Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі педкеңестің шешімімен белгіленеді.
Қорытынды аттестаттаудан өткен соң шетелде оқыған пәндер бойынша бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алынған жылдық және қорытынды бағаларын ескере отырып, оларға № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және онда білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде 10 (11) және 11 (12) сыныптарда оқыған уақытында оқыған пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары және қорытынды аттестаттау бағалары «5» болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білімі туралы үздік аттестат беріледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға шыққан және онда білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ Қазақстан Республикасында немесе шетелде оқу кезеңінде 5 сыныптан 11 (12) сыныпты қоса алғандағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған және қорытынды аттестаттау бағалары «5» болған бітірушілерге № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білімі туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
Білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар www.nao.kz сайтында қолжетімді.
Достарыңызбен бөлісу: |