«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»


Абай мектептері желісінде білім беру және оқыту процесін ұйымдастыру туралы



бет45/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

Абай мектептері желісінде білім беру және оқыту процесін ұйымдастыру туралы
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында рухани жаңғырудың басты шарты деп білім беруде тек полиглот, цифрлы қаруланған, бәсекеге қабілетті тұлғаны емес, өз тілі мен әдебиетін сүйетін, туған жерінің тарихын білетін, ұлттық коды сақталған, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді атап көрсеткен.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Семей тезистерінің»: екінші тезисінде – туған тіліміз бен әдебиетіміздің қадірін бала­лар­ға мектеп жасынан сіңірту. Алматыдағы Абай атындағы тіл-әдебиетті тереңдете оқытатын мектепке айрықша көңіл бөліп, келешекте «Абай мектебі» желісін қалыптастыру керек» деген.
Осыған орай, бүгінгі таңда ұлттық сананы жаңғырту негізінде қазақша ойлай алатын, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінетін, тілдік нормасын сақтап жаза алатын, лингвоэтика, сөйлеу мәдениеті заңдылықтарын білетін және қазақ тілін функционалды-коммуникативті аспектіде талдап, ұлттық тіл деңгейінде қолдана алатын тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы 5.1.5. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуде: «Мемлекеттік тілді басым дамыту білім беруді әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту есебінен күшейтілетін болады. Ол үшін гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқытатын Абай атындағы мектептер мен мектеп-интернаттарының желісі құрылатын болады».
Абай мектептері желісінде білім беру және оқыту процесі қазақ тілінде жүргізіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығының 7-қосымшасы негізінде «Негізгі және жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған Абай мектептері желісінің 5-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Абайтану» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламалары бойынша оқытылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 қарашасы № 496 бұйрығына 7-қосымша, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 192-1 қосымша.
Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – мемлекеттік тілді қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, шығармашылыққа үйрету, ең бастысы, орта мектепке сай лингвистикалық білім беру.
«Қазақ тілі» оқу пәнін тереңдетіп оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін Қазақстан Республикасының аумағында қоғамның барлық салаларында еркін қолдана білуі үшін білім алушының коммуникативтік дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету;
2) мәтіннің типтерін, стилін, жанрын тану үшін мәтінді құрайтын барлық тілдік құралдарды, синтаксистік құрылымдарды, лексикалық бірліктерді, сөздің дыбыстық және морфемдік құрамын тануға үйрету;
3) ауызша және жазбаша мәтінтудыру дағдыларын жетілдіру үшін орфоэпия және орфография нормаларын білу, сөйлеу мәдениетін және шешендік өнерді меңгеру, түрлі стильдер мен жанрларда мәтінтудырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;
4) мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды синтез, анализ жасау, бағалау дағыларын қалыптастыру.
«Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағат.
Оқу мақсаттары қазақ тілін ғылыми пән ретінде оқитын білім алушыларға мәтінтану мен мәтінтудыру дағдыларын жетілдіру арқылы өмірге қажет функционалды білім беруді көздейді. Мұның өзі орта мектеп деңгейіне сай лингвистикалық білім алуға негізделеді.
Оқу мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
1) мәтінтану: тыңдау және оқу арқылы мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ойды таба білу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу, әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпаратты алумен қатар, мәтіннің стилі мен жанрын, мәтіннің типтерін және әр типке тиісті қолданылатын тілдік құралдарын ажырата білуден тұрады;
2) мәтінтудыру: мәтіннің мазмұнын айту кезінде орфоэпиялық нормаларды сақтаудан бастап, тіл мәдениетінің талаптарын орындай отырып, шешен сөйлеу деңгейіне жетуді көздейді. Орфографият және пунктуация талаптарын сақтай отырып, барлық стильдер мен жанрларда мәтін жаза алу арқылы мәтінтудыру дағдысын жетілдіруді көздейді;
3) әдеби тіл нормалары: айту және жазу әрекеті кезінде лексика-грамматикалық нормаларды, оның ережелерін және ерекшеліктерін қатаң сақтауды үйретуді көздейді.
«Мәтінтану» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) мәтіннің мазмұнын тану;
2) мәтіннің стилі мен жанрын тану.
«Мәтінтудыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінде мәтінтудыру;
2) ауызекі және көркем әдебиет стилінде ауызша сөйлеу;
3) ресми стильде мәтінтудыру, сөйлеу;
4) публицистикалық стильде мәтінтудыру, сөйлеу;
5) ғылыми стильде мәтінтудыру, сөйлеу.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) лексика-грамматикалық норма;
2) орфографиялық норма;
3) орфоэпиялық норма;
4) пунктуациялық норма.
«Абай мектептері» желісіндегі оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы негізінде (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
«Абай мектептері» желісінің 5-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты – сөз өнерін мәдени мұра, ұлттық құндылық ретінде түсініп, бағалай алатын, интелектуалдық эстетикалық деңгейі, адамгершілік ұстанымы жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру.
«Абай мектептері» желісінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы шиыршық әдісімен қатар хронологиялық жүйені сақтай отырып, қарапайымнан күрделіге қарай оқыту принципіне негізделген.
Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

  1. 5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  4. 8-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;

  5. 9-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.

«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады:
1) оқу және түсіну;
2) талдау және жинақтау;
3) бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім).
«Оқу және түсіну» бөлімінде: көркем шығарманы пайымдап, мәнерлеп, талдап оқиды, мәтіндегі қолданысын түсінеді; шығарма үзінділерімен жұмыс жасайды; шығармадағы өзекті мәселе мен идеялық мазмұнын ашады және көркем шығармадағы форма мен мазмұн бірлігін ажырата алады; көркем шығарма желісі бойынша ауызша, жазбаша интерпретациялайды.
«Талдау және жинақтау» бөлімінде: әдеби шығарманың композициялық құрылымын анықтайды; көркем шығарманың образдар жүйесі мен типтік кейіпкерлерді ажыратады; көркем шығарманың тілі мен стилін біледі; көркемдік тәсілдерді талдап, қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтарды айқындайды.;

  1. «Бағалау (салыстыру) және шығармашылық (өнім)» бөлімінде: көркем шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешімді ажыратады; рухани және көркемдік құндылығын табады; әдеби шығармашылықпен айналысады; әдеби эссе мен әдеби сын жаза алады.

«Абай мектептері» желісінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында оқытылатын шығармалар тізімінде: ауыз әдебиетінің үлгілері, ертегілер, батырлар жыры, аңыз-әңгімелер, ежелгі дәуір әдебиеті, шешендік сөздер, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, соның ішінде халық ақындары, айтыс өнері, би-шешендер, сал-серілер, әнші-ақындар; ХХ ғасыр әдебиеті, соның ішінде балалар әдібиетінің өкілдері, қазіргі заман әдебиетінің авторлары мен шығармалары және әдеби жанрлар (сатира, фантастика, детектив) қамтылды.
Білім алушылар оқу мақсаттары жүйесі бойынша шығарма мәтініндегі жекелеген ұғымдардың концептілік, символдық қызметін түсініп, образдар мен мотивтердің туынды идеясымен байланысын анықтай алатын болады. Сонымен қатар туынды желісі бойынша көркем шығарманы автор ізімен баяндап жазу, шығармадағы көріністі әңгімелеп жазу, ойтолғау, хат, ертегі, өтірік өлең, әңгіме жазу, кейіпкер монологі мен диалогін жазу, әдеби эссе, блог, миниатюра, ғылыми жоба және рецензия мен әдеби сын жазумен айналыса алады. Көркем шығарманы өзге жанрда ауызша, жазбаша интерпретациялап, киносценарий, инсценировка сияқты шығармашылық жұмыстар жасай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет