«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»



бет58/141
Дата22.11.2022
өлшемі1 Mb.
#465456
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   141
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 2021-2022

Пәннің атауы

Сынып

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)



Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

апталық

жылдық

апталық

жылдық

Жаратылыстану

5

2

68

1

34

6

2

68

1

34

Физика

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34

Химия

7

1

34

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34

Биология

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34

География

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34



«Физика», «Химия», «Биология» және «География» пәндері бойынша оқу бағдарламаларында қарастырылатын зертханалық, практикалық жұмыстар, модельдеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, себебі бұл әрекет білім алушылардың ізденіс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Демонстрациялық жұмыстардан басқа барлық жұмыстар бағаланады. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез келген ақпарат көзін пайдалана алады.



«Жаратылыстану» оқу пәні
«Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектепте оқытылған «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 5-6-сыныптардың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер. Адам», «Заттар және материалдар», «Тірі және өлі табиғаттағы процестер», «Энергия және қозғалыс»,«Экология және тұрақты даму», «Әлемді өзгертетін жаңалықтар». Бағдарлама білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептері мен салдарын, табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндейетіп құрылған.
Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 41-кестеде көрсетілген.


41-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

1

2

2

6-сынып

2

1

2

2



«Биология» оқу пәні
Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір – бұл ірі органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен, заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігі туралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі екендігі туралы саналы түсінік қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.
7-9-сыныптарда «Биология» оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне арналған Үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттары мен зертханалық жұмыстардың, модельдеу сабақтарының санына байланысты айырмашылықтар бар.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар.
7-9-сыныптарда «Биология» оқу пәнінен өткізілетін зертханалық жұмыстар мен модельдеу 42-кестеде берілген.

42-кесте. Зертханалық жұмыстар мен модельдеу саны



Сынып

Оқу мақсаттарының саны

Зертханалық жұмыстар саны

Модельдеу саны

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген ҮОЖ

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген ҮОЖ

Жаңартылған мазмұндағы ҮОЖ

Төмендетілген оқу жүктемесіне ҮОЖ

7

67

46

14

12

4

3

8

73

49

14

9

2

2

9

71

45

8

5

7

3

«Биология» пәні тірі табиғат туралы ілімді үйрететін болғандықтан, тәжірибелік дағдыны дамытуға көбірек көңіл бөлінгені дұрыс, ұсыну арқылы эксперименттік жобаны нақтылауды білуі керек.


Практикалық дағдылар биологиялық білім беру мазмұнының маңызды бөлігі болып табылады.
Сабақта үлкейткіштерді қолдану, аспаптармен және препараттық инемен жұмыс, уақытша микропрепараттар дайындау, оларды микроскоппен қарап, анықтау сияқты іс-әркеттер де тәжірибелік дағдыларға жатады.
Биологиялық білімнің мазмұнында зияткерлік дағдылар қамтылған. Мысалы, таным процесін жетілдіруге бағытталған атау, сипаттау, негіздеу, анықтау, салыстыру, жалпылау және т.б. сипаттамалар бар.
Білім алушылар тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде алған деректердің негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы заңдылықтарды өз бетімен табады, деректерді өңдеу, нәтижелерді талқылау, жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап іздеу үшін өзінің зерттеу жұмысын жүргізу жұмыстарын үйренеді.
Тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде білім алушылар табиғаттағы заңдылықтарды өз бетімен табады, жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап іздеу үшін өзінің зерттеу жұмысын жүргізуді үйренеді.
Алған деректердің негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы құбылыстардың заңдылықтарын өз бетімен табады.
Келесі қадамдар арқылы білім алушының бойында тәжірибелік және зерттеушілік дағдыларды дамытуға болады:

  • ғылыми тәжірибені жоспарлау (зерттеу мақсаттарын анықтау);

  • зерттеу сұрағын дайындау;

  • зерттеу әдісі мен материалдарды таңдау;

  • деректерді жазу және өңдеу (кесте, статистикалық анализ қолдануымен диаграммалар түрінде);

  • қорытынды жасау (тәжірибе жүзінде болжамды дәлелдеу, бақылаудың негізгі нәтижелерін тұжырымдау);

  • алынған нәтижелерді талқылау (кемшіліктер және зерттеу әдістерін жетілдіру бойынша нұсұаулықтарды іздеу).

Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер», «Тамақтанудың денсаулыққа әсері», «Экологиялық этика», «Биологиялық белсенді қоспалар және олардың денсаулыққа әсері», «Жасушалар және тері», «Нанотехнология жетістіктері т.б.
Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларына байланысты өзгертілуі мүмкін.
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 43-кестеде берілген.

43-кесте. «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.





Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

7-сынып

3

3

3

3

8-сынып

3

2

3

3

9-сынып

3

3

3

3





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет