2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет145/174
Дата29.09.2022
өлшемі3.39 Mb.
#461620
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   174
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

 
26.3-кесте. 5-11-cыныптарда «Абайтану» пәнін оқытуға бөлінген оқу 
жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Оқу пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн) 
Апталық 
Жылдық 

Абайтану 

36 

Абайтану» 

36 

Абайтану 

36 


264 

Абайтану 

72 

Абайтану 

72 
10 
Абайтану 

72
11 
Абайтану 

72
Оқу жылының ұзаруына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды 
қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға 
пайдалану ұсынылады. 
3.Үлгілік оқу бағдарламалары туралы 
«Абай мектептері» желісіндегі оқу процесі ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы «27» 
қарашадағы № 496 бұйрығына (5-10-қосымшалары) сәйкес «Негізгі және жалпы 
орта білім беру деңгейлерінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын 
гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған Абай мектептері желісінің 5-11-
сыныптарына арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Абайтану» 
пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларымен 
оқытылады.
«Абай мектептері» желісіне арналған «Қазақ тілі» пәні 
Оқу мақсаттары қазақ тілін ғылыми пән ретінде оқитын білім алушыларға 
мәтінтану мен мәтінтудыру дағдыларын жетілдіру арқылы өмірге қажет 
функционалды білім беруді көздейді. Мұның өзі орта мектеп деңгейіне сай 
лингвистикалық білім алуға негізделеді. Лингвистикалық білім әр сыныпқа 
шиыршық әдісімен беріледі. Осы жолда үш мақсат негізге алынады: мәтінтану, 
мәтін тудыру және әдеби тіл нормалары.
Мәтінтану мақсаты оқылған және тыңдалған мәтінмен жұмыс істеу 
кезінде жүзеге асады. Мәтінтану мәтін мазмұнын түсіну, ондағы негізгі және 
қосымша ойды таба білу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білумен қоса оның 
стилі мен жанрын, мәтіннің типтерін және әр типке тиісті қолданылатын тілдік 
құралдарын ажырата білуден тұрады.
Мәтінтудыру 
мақсаты 
лексика-грамматикалық, 
орфография-
орфоэпиялық, пунктуациялық нормаларға, сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс 
қолдану заңына бағынады. Мәтін тудыру мен мәтінтануды дұрыс қолдану 
барысында әдеби тіл нормаларын барынша толық меңгеру үшін 
лингвистикалық білім әр сыныпқа шиыршық әдісімен беріледі.
Лнгвистикалық білім мәтінтану мен мәтін тудырумен тығыз байланысты. 
Лингвистикалық білімді меңгерген оқушы ғана барлық жағынан сауатты 
(орфографиялық, пунктуациялық, стильдік, т.б. қателері жоқ) мәтін тудыра 
алады және кез келген мәтінді логикалық жағынан да, стильдік, жанрлық 
тұрғыдан да талдай алады.
«Абай мектептеріне» арналған жаңартылған оқу бағдарламасындағы 
грамматиканың берілуі: лексика-грамматикалық бөлім, грамматикалық 
материал, сөйлеу әрекетінің түрлері және оқыту мақсаттарынан тұрады. 
Мысалы: лексика-грамматикалық бөлім: 1. Қазақстан бейнесі. Қазақстанның
өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. 


265 
Грамматикалық материал: Ойталқы (диспут). Ғылыми стильдің тілдік 
ерекшеліктері. 
Сөйлеу әрекетінің түрлері: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым, 
әдеби тіл нормаларынан тұрады.
1) «Абай мектептерінде» грамматиканы оқытуда мәтінтануға үйрететін 
міндеттер: 
Мазмұнын тану. ҰМЖ-да мәтіндегі негізгі ойды тап, сұрақ құрастыр 
деген сияқты мазмұнды түсінуге бағытталған жаттығулар құрастырудан тұрады 
(бағдарламада нақты көрсетілген). 
Стилі мен жанрын тануда әр стильге, әр жанрға тән тілдік қолданыстарды 
ажырату үшін мәтін ішіндегі тіл құралдарын түстеп таныту арқылы орта 
мектепке сай лингвистикалық білім беру (тілдік талдаулар). 
2) Мәтін тудыру дағдысын қалыптастырудағы айтылым бөлімінде: 
айтылым кезінде ерін үндестігі мен буын үндестігін сақтау, сөйлеу техникасын 
жетілдіру, сөйлеу мәдениетін сақтау арқылы шешендік өнердің қырларын 
меңгерту (5-11).
Жазылым бөлімінде: емле мен тыныс белгі нормаларын сақтай отырып, 
қарапайым диктант, мазмұндама жазудан бастап түрлі стильдегі және жанрдағы 
мәтіндерді (эссе) жазу дағдыларын жетік меңгеру. Мәтіндерді типтей білу (5-
11-сыныптар) берілген. 
10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің базалық білім мазмұны: 
мәтінтану, мәтінтудыру, әдеби тіл нормаларын сақтау, орфографиялық норма, 
орфоэпиялық норма, пунктуациялық нормаға негізделіп құрылған.
«Абай мектептеріне» арналған жаңартылған оқу бағдарламасының 
ерекшелігі бағдарлама лексикалық тақырыптарға негізделіп жасалған. 
5-11-сыныптарға 
арналған 
оқу 
бағдарламасында 
ұлттық 
құндылықтарымызды насихаттайтын лексикалық тақырыптар грамматикалық 
тақырыптармен қатар көрініс табу арқылы оқушылардың әдеби тіл 
нормаларын толық меңгеруіне мүмкіндік беру көзделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   174




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет