24
үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес білім
алушылардың жетістігін бағалау өткізіледі.
Ауа райының қолайсыз метеожағдайларына байланысты қашықтан
оқыту «Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында білім беру ұйымдарында,
сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды
тоқтату қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы
18 қаңтардағы № 42 бұйрығына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың білім беруді басқару органының бұйрығы негізінде
ұйымдастырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30
қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министірдің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен
толықтырулар енгізілген) бекітілген
«Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары» 8-бөліміне сәйкес
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше
жағдай,
шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше
жағдайлар жарияланған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім
беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен
барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.
✓
Ақпараттық жүйені таңдау өте маңызды мәселе, себебі материалды игеру
сапасы платформадағы білім мазмұнына байланысты.
Оқыту аудиториялық, қашықтан оқытуды және білім алушылардың өзіндік
жұмысын дәстүрлі оқу-әдістемелік материалдармен үйлестіруі керек. Әрбір
білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Оқу процесі әртүрлі режимдерде өтуі керек: онлайн режимінде, оқу іс-
шаралары мен мұғаліммен қарым-қатынас АКТ-ны қолдана отырып нақты
уақытта жүзеге асырылады; асинхронды форматта, бұл балаға өзіне ыңғайлы кез
келген уақытта оқу материалын игеруге мүмкіндік береді.
✓
Оқу материалдарының сапасына сыни тұрғыдан қарау ұсынылады.
✓
Мәтіннің көлемі аз болуы керек. Егер тақырып білім алушыны қызықтырған болса,
қосымша материалдың болуы туралы ескертулер жасай отырып, мәтінде ең маңызды
нәрсені қалдыру керек.
✓
Мәтінді бөліктерге бөлу керек.
✓
Ақпараттық графикасы бар мәтіндерді қолданған жөн, өйткені визуализация
материалды жақсы түсінуге және оны есте сақтауға мүмкіндік береді.
25
✓
Тапсырмалар мен оқу блоктары көлемі мен күрделілігі бойынша теңдестірілуі тиіс
Қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін білім алушылардың
ата-аналарымен тығыз байланыс орнату қажет. Ата-аналарға қашықтан
оқытудың ерекшеліктерін түсіндіріп, нұсқаулық/жоспар әзірлеу ұсынылады,
онда мұғалім, ата-аналар, сабақ барысында оқушы орындайтын іс-әрекеттер
нақты жазылуы керек
Достарыңызбен бөлісу: