278
Білім алушыларды күндізгі оқу нысаны бойынша аттестаттау – тоқсан
бойынша, сырттай оқу нысаны бойынша білім алушыларды аттестаттау –
жартыжылдық, білім алушыларды жеке
сырттай оқу нысаны бойынша
аттестаттау – жартыжылдықта жүзеге асырылады.
Экстернат нысанында оқытудың ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен
бекітілген экстернат нысанында оқыту қағидалары «Экстернат нысанында оқыту
және
Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында
оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22
қаңтардағы
№
61
бұйрығымен
бекітілген
(2020
жылғы
29 мамырдағы № 225 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
Экстернат нысанында оқыту қағидалары негізгі орта және жалпы орта
білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқыту тәртібін айқындайды:
1. Экстернат нысанында оқытуды әрбір жалпы білім беретін мектепте жеке
ұйымдастыру ұсынылады.
2. Ережелерде көрсетілген санаттарға сәйкес мектепке экстерн қабылдау
ұсынылады. Қандай да бір шектеулердің жоқтығына қарамастан, барлық білім
алушылар экстернат арқылы білім ала алмайды. Бірінші кезекте бұл оқытудың
осы түрінің ерекшелігіне байланысты.
Кешкі мектеп 18
жасқа толған, ҚР аумағында тұратын, жұмыс істейтін
және жұмыс істемейтін, бірақ қандай да бір себептермен орта білім алмаған және
күндізгі, сырттай, жеке, қашықтықтан оқыту
нысандары бойынша оқуға
мүмкіндігі жоқ адамдарды экстернат нысанында оқыту үшін шешімді дербес
қабылдайды.
Кешкі мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
Кешкі мектепте тәрбие жұмысы келесі негізгі бағыттар бойынша жүзеге
асырылады:
1) Қазақстандық патриотизм
мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық
тәрбие.
2) Рухани-танымдық тәрбие.
3) Ұлттық тәрбие.
4) Отбасылық тәрбие.
1 тоқсан
Достарыңызбен бөлісу: