13
Білім беру ұйымдарында қалалық жалпы
білім беретін ұйымдарда
сыныптардағы білім алушылар саны 24
және одан артық, ауылдық жерлерде
білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде
жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа
бөлуге болады.
Білім беру ұйымдарында көркем
еңбек бойынша сыныптың
толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздарға сыныпты екі топқа бөлуге
болады.
Сыныпты екі топқа бөлуге қалалық білім беру ұйымдарында сыныптарда
білім алушылар саны – 24 және одан артық, ауылдықжерлерде білім алушылар
саны – 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – қазақ тілі мен әдебиеті;
2) шетел тілі;
3) технология;
4) информатика бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда
сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде
білім алушылар саны 20 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде
жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша сыныпты екі топқа
бөлуге болады.
Білім
беру
ұйымдарында
технология
бойынша
сыныптың
толымдылығына қарамастан ұлдар мен қыздарға сыныпты екі топқа бөлуге
болады.».
Ескертпе:
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сыныпты екі топқа бөлу қазақ тілінде
оқытпайтын барлық сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптарда апталық сағаттық жүктеменің өзгеруімен топтарға бөлу
сақталған.
Мектептер оқу тіліне қарамастан, мектептен тыс және жалпы мектепішілік іс-
шараларды негізінен қазақ тілінде ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: