2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет74/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

 
* Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекетінің екі түрі 
біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым). 
Мұғалім пән аясында білім алушының сөздік қорын кеңейту үшін үлгілік 
оқу бағдарламасында берілген лексикалық-грамматикалық минимумды негізге 
алады. Әр сабақта 2 лексикалық минимумды меңгерту ұсынылады. Лексикалық 
минимумда ортақ тақырыптар бойынша сонымен қатар күнделікті тұрмыс-
тіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын сөздер, қазақ тілін меңгерудің 
әрбір деңгейіне сәйкес келетін (1-4-сыныптар үшін А 1 қарапайым деңгей) 
шектеулі сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 1-4-сынып білім алушылары үшін 
лексикалық минимумдар саны: 752 сөз, оның ішінде:1-сыныпта – 120 сөз, 2-
сыныпта – 188 сөз, 3-сыныпта – 188 сөз, 4-сыныпта – 256 сөз. 
Пән бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін «НЗМ» ДББҰ 
әзірлеген «КазLinguа» электронды қосымшасын сабақтан тыс уақытта қолдану 
ұсынылады. Бұл қосымша кез келген Android ұялы телефондарына және 
компьютерге ақысыз жүктеліп, offline режімде қолданылады. 
Оқушы ойын түрінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазақ 
тілінде қарым-қатынас жасауға, суретті сөздіктер арқылы сөздік қорларын 
көбейте отырып, синтаксистік конструкциялар құруға дағдыланады. 
Сонымен қатар оқушы өзінің тілді меңгеру деңгейін әр тақырыптың 
соңында берілген тест сұрақтары арқылы үнемі қадағалап, бағалап отырады. 
7.5-кесте. Қазақ тілін меңгерудің лексикалық деңгейі (Т2) 
Сы- 
нып- 
тар 
Қаз-
ақ 
тілін 
мең-
геру- 
дің 
дең-
гей- 
лері 
Жыл- 
дық 
оқу 
жүк- 
теме- 
сінің 
көле- 
мі 
Бір
саб- 
ақта 
мең- 
гері- 
летін 
сөз 
саны 
Т2 меңгерудің лексикалық деңгейі 
Бір 
апта-
да 
Оқу 
жыл-
ында 
Актив сөздер саны 
Норма 
Тоқсан бойынша 




min 
maх 

А 1 
70 


120 
32 
32 
36 
32 
120 
132 

108 


188 
48 
48 
54 
48 
188 
196 

108 


188 
48 
48 
54 
48 
188 
196 

А 2 
144 


252 
64 
64 
72 
64 
252 
264 
Ескертулар
* 12 сағат (Жиынтық 
бағалау) 
*Барлығы 
2974/3098 


128 

5. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ тілі» 
пәні бойынша жүргізілетін элективтік курс тақырыптары
Элективті курстар мазмұнына қазақ тілін үйрету, ұлттық құндылықтарды 
бала бойына сіңіруге бағытталған мәтіндермен жұмыс, қазақтың салт-
дәстүрлері, тәрбиемен берілетін білім мазмұнына арналған тақырыптар 
алынады. Мысалы, 1. «Менің Қазақстаным» курсы Негіздемесі: Бұл элективті 
курс аясында «Қазақ тілін» оқытуда туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік, 
мақтаныш сезімдерін үялату, сол арқылы Отанды, елді, жерді сүйюге тәрбиелеу. 
2.«Менің отбасым» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілін»
оқытуда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын отбасына деген құрметті 
дәріптеп, білім алушының бойына сіңіру. Сол арқылы оқушының бойында 
мейірім, адамгершілік, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет, кішіпейілділік,
еңбекқорлық, бір-бірін сыйлау, туыстық жылы қарым-қатынас, отбасы 
құндылығын бойына сіңіру. «Туған жерім» курсы: Негіздемесі: Бұл элективті 
курс аясында «Қазақ тілін» оқытуда маңызды мәселелердің бірі болып 
табылатын туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілікті, білім алушының бойына 
сіңіру. Оқушының бойында патриоттық сезім, адалдық, елін, жерін сүю, 
Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу.
 
6. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
тақырыптар 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақ тілі» пәні мұғалімдерінің 
кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, 
педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) 
бойынша ұсынылатын тақырыптар
1. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау. 
2. Бастауыш сынып оқушылары «Қазақ тілі» оқу сабағында танымдық, 
тәрбиелік әрекеттерін қалыптастыруы;
3. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы; 
4. Зерттеу жұмысын жүргізу жолдары; 
5. Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі. 
6. Жаңа ақпараттық құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі; 
7. Оқыту мен оқу сапасын арттыру үшін тиімді оқу ортасын құру. 
 
7. Оқу пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу 
құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің тізімі
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі 
ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, 
оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 
жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы (өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 
2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен енгізілген
). 
8. «Қазақ тілі» пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 


129 
Пәні мазмұны білім алушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын 
дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және 
дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді.
«Қазақ тілі» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру 
барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани 
жаңғыру» 
бағдарламасын 
іске 
асыру 
жағдайындағы 
Тәрбиенің 
тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл білім 
алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті 
қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. «Рухани адамгершілік тәрбие»
бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, 
адамгершілік және азаматтық сана-сезімді, жеке ар-намысының құндылығын, 
парасаттылық пен адалдықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін 
қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет