2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет99/171
Дата06.09.2023
өлшемі5.81 Mb.
#476715
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   171
Снимок экрана 2023—08—10 в 2.35.29 PM

15. 
«ХИМИЯ» 
ПӘНІН 
ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 
7-11 - СЫНЫПТАР 
 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11 сыныптарда «Химия» оқу 
пәні бойынша оқытудың екі бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім 
алушылар санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, 
шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге 
жол беріледі. 
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар 
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен жүзеге асырылады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен 
бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары 
қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары, үлгілік оқу 
жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу 
жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады. Сондықтан, 
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім 
беру деңгейінде «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі 
әртүрлі болуы мүмкін. 


179 
Үлгілік оқу жоспарының түрлеріне қарай негізгі орта және жалпы орта 
білім беру деңгейлерінде «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің 
көлемі 15.1-кестеде көрсетілген. 
15.1-кесте. 7-11-cыныптарда «Химия» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің 
көлемі 
Сынып 
Оқу 
пәнінің 
атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 

Химия 

36 

36 

Химия 

72 

36 

Химия 

72 

36 
10-11 (ҚГБ) 
Химия 

36 

72 
10-11 (ЖМБ) 
Химия 

72 

108 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 
бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 7-9-сыныптарда 2 сағат 
көлемінде оқытылатын «Химия» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат 
алуға мүмкіндік берілген: 
- оқу пәндері: «Биология», «Химия» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән; 
- оқу пәндері: «Химия», «Физика» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән; 
алушылардың қажеттілігіне қарай «Қазақстан тарихы» оқу пәнін таңдай 
алады. 
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша 
711-сыныптарда вариативтік компонент есебінен білім алушылардың қажеттілігіне 
қарай инварианттық компоненттен таңдаңдалған пәндер тізімі міндетті түрде білім 
беру ұйымының педагогикалық кеңесінде бекітілуі тиіс.   
 
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
2022-2023 оқу жылында «Химия» оқу пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламалары қолданылады:


180 
2022-2023 оқу жылында «Химия» пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми 
сайтында 
https://www.uba.edu.kz
 орналастырылған Үлгілік оқу бағдарламаларын 
басшылыққа алу керек.
Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту 
мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады. Барлық оқу 
бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар мен 
бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген. Бөлімшелердің 
арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген, бірақ 
материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс. 
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім 
берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым 
министрінің бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспары (оқу жүктемесін 
қысқарта отырып) бойынша оқыған жағдайда (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 
қарашадағы № 500 бұйрығы) 10-11-сыныптарда пәнді зерделеуге бөлінетін сағат 
саны: жаратылыстану-математикалық даярлық бағыты бар сыныптарда 
аптасына 3 сағатты, қоғамдық-гуманитарлық бағытта 2 сағатты құрайды. 
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық 
бағытындағы 10-11-сыныптар үшін «Химия» пәнінен оқу жүктемесі 
төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасында базалық білім мазмұны сақталған 
және оқыту мақсаттары жүйеленген.
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Химия» 
пәнінің оқу жүктемесі Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан Республикасы 
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығымен 
өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) міндетті пәндер ретінде 
жаратылыстану-математикалық бағытта аптасына 2 сағат, қоғамдық-
гуманитарлық бағытта аптасына 2 сағат оқытылады. 
4. 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны 
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген 
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын 
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің 
үлгі қағидалары» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 
бұйрығымен енгізілген) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау 
(БЖБ) тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер тоқсанына төрт және 
одан да көп бөлімдерді оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың 
ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. 
Оны екі кезеңде өткізуге болады. 
Әр тоқсанның ұзақтығын, оқу жүктемесінің көлемін ескере отырып, жаңа 
оқу жылында 15.2-кестеде көрсетілгендей бөлімдер бойынша жиынтық бағалау 
(БЖБ) келесі саны ұсынылады. 
15.2-кесте 7-9 сыныптардағы бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 


181 
Сынып 
Үлгілік оқу жоспарлары 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
7 сынып 




8 сынып 




9 сынып 




Сынып 
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
7 сынып




8 сынып




9 сынып




Бөлім үшін жиынтық бағалауды жүргізу кезінде қағаз түрінде де, 
компьютерлік форматта да бағалау жүргізу ұсынылады. 
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда 
бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, 
қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. 
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жаратылыстану-математика бағыты 
және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр 
тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нақты саны 15.3-
кестеде көрсетілген. 
15.3-кесте  «Химия» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
Сынып 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
10-сынып, ЖМБ 




10-сынып, ҚГБ 




11-сынып, ЖМБ 




11-сынып, ҚГБ 




Үлгілік оқу бағдарламаларына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес 
жаратылыстану-математикалық бағытта және қоғамдық-гуманитарлық бағытта
оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша 
жиынтық бағалау рәсімінің нақты саны 15.4-кестеде көрсетілген. 
15.4-кесте. «Химия» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   171




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет