2023 жылдың қыркүйек айында Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 10 «б» сыныбының ата-аналар жиналысы болып өтті



бет1/5
Дата12.11.2023
өлшемі29.97 Kb.
#483079
  1   2   3   4   5
Хаттама 9 кл


Хаттама № 1
2023 жылдың қыркүйек айында Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 10 « б » сыныбының ата-аналар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті: 24 ата-ана Қатысқаны: 12 ата-ана
Күн тәртібінде:



  1. Ата-аналар комитетін қайта құру.Мектеп-лицейінде ата-аналар академиясы «Даналық мектебі» жұмысын таныстыру.

  2. 2023-2024 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері

  3. Ағымдағы мәселелер

Тыңдалды:
Сынып жетекшісі Избасканова Г.бірінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау керек екенін айтты.Ата-аналар комитетінің мүшелерінің мақсат міндеттерін таныстыра кетті.
Шығып сөйлеушілер:
Дәрібаева Жеңіскүл: « Ата-аналар комитетінің құрамында Таскынбаева Гулдана ,Сұлтан Гүлзира,Жалғасбаева Гулмираны сайлағанды дұрыс көреміз».
Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Избасканова Г. ата-аналарға 2023-2024 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері жөнінде баяндап, пікірталас жүргізді. Сынып оқушыларының бітіруші сынып екенін айтып өтті,оқушылардың алдағы жоспарларын ата-аналармен талқылады.
Шығып сөйлеушілер:
Адилова Б: « Менің балам ағылшын пәнін таңдап отыр,бірақ ата-анасы біздер медицина мамандығын таңдағанын құп көреміз.Баламның сабақ үлгерімін барынша қадағалап отырамын».
Қабылғазиева Айнұр: «Қызым биология,химия пәндерініен дайындығын бастап кетті.Жан-жақты курстарға жазып, өзім бірге дайыындап,қадағалап отырмын.»
Үшінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Избасканова Г. келісімшартта көрсетілген ата-ана,оқушы ережелерін жан-жақты талқылады.Келісімшартта көрсетілген ережелерді ата-ана мен оқушылардың қатаң сақтауын талап етті. Оқушылардың қауіпсіздігі туралы,қазіргі заманда болып жатқан келеңсіз әрекеттердің болып жатқандығын,балаларын үнемі қадағалап жүрулерін,бөгде адамдармен араласпауын,сөйлеспеуін,бөгде адамдардан заттар (конфет,тамақ және т.б.) алмау керектігін,балаларына үнемі жол қауіпсіздігін айтып жүруін,көшеде беймезгіл уақытта жүрмеуін,үйде балаларды жалғыз қалдырмауын және де қыз балалардың қауіпсіздігін түсіндіріп айтты.Оқушыларды себепсіз сабақтан қалдырмау,кешкі мезгілде бақылаусыз көшеге жібермеу керектігін тапсырды.Балалардың сабақтарын қадағалап,қосымша сабақтарға,үйірмелерге баруын ата-аналардан талап етті.
Қаулы:
1.Ата-аналарға балаларын қатаң қадағалау міндеттелсін.
2. 10 «б» сынып оқушыларының сабақ үлгерімі мен тәртібі қадағалансын.
Жиналыс төрайымы: Избасканова Гүлжан
Хатшысы: Сұлтан Г

Хаттама № 2


2018 жылдың _______ күні Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейінің 9 « в » сыныбының ата-аналар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті: 28 ата-ана
Қатысқаны: 19 ата-ана
Күн тәртібінде:

  1. Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздарма?(тренинг)

  2. І тоқсан қорытындысы алдағы міндеттер

Тыңдалды:


Сынып жетекшісі Избасканова Г.бірінші мәселе бойынша ата-аналармен «Жүрекке нұр сыйлайық!», «Сіз және балаңыз» психологиялық тест, тренингтер ұйымдастырды.Ата-аналармен бірлесе жұмыстар орындалды.
Шығып сөйлеушілер:
Тулебаева Гулбагила: «Бізге бұл тренингтер ұнады,балалар бойынан кейбір қасиеттерді бағалауды,олардың пікірін тыңдап,ой бөлісіп жүреміз».
Екінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Избасканова Г. ата-аналарға І оқу тоқсанының қорытындысымен таныстырып өтті.Тоқсан қорытындысы бойынша үздік оқушы жоқ,екпінді оқушылар саны -9 .жалпы сапа-31 % екенін атап өтіп,кейбір пәндерді оқуда ата-ана қадағалауы мен көмегі керектігін ескертті.
Шығып сөйлеушілер:
Тажикбаева Айнұр: «Баламның оқу үлгерімімен таныстым,келесі тоқсанда баламның үздік оқушы болатынына сенемін және жаңартылған бағдарлама бойынша сабаққа қатысуын қадағалаймын».
Қаулы:
1.Ата-аналарға балаларының сабақ үлгерімін қадағалау тапсырылсын.
2. 9 «в» сынып оқушыларының сабақ үлгерімі мен тәртібі қадағалансын.
Жиналыс төрайымы: Избасканова Г
Хатшысы: Сұлтан Г


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет