2023–2027 жылдарға арналған жастар саясатының тұжырымдамасы Астана қаласы, 2023 жыл Мазмұны



бет6/19
Дата06.07.2023
өлшемі99.67 Kb.
#475553
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
=F5 F8O 07

Жастар орталықтары
Жаһандық жастар саясатында жастар орталықтарын құру және дамыту құралы кеңінен қолданылады. Германияда мемлекет есебінен қаржыландырылатын жастар орталықтары бос уақытты өткізуге ғана емес, қажет болған жағдайда нақты көмек ұсынады. Мысалы, жас немістер кәсіптік бағдар алу жөнінде кеңес ала алады, мектептегі қақтығыстарды немесе есірткі мәселелерін қалай шешуге болатындығы туралы сұрақтар қоя алады.
Жапонияда 703-тен астам жастар орталығы жұмыс істейді. Көп жағдайда бұл орталықтар жастармен, мектептердегі ата-аналармен консультациялар өткізеді. Сонымен қатар, орталықтар қызметінің негізгі бағыттарының бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан оралған жастарды әлеуметтендіру болып табылады. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттауға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, елде орта білім туралы дипломы жоқ азаматтарға қолдау көрсететін 160-тан астам RYSS (Regional Youth Support Stations) орталықтары жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Эстонияның жастар орталықтарының әлеуетін дамыту мен сапалы пайдалану саласындағы тәжірибесі ерекше. Эстонияда жастар орталығы – бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдары ұйымдастыратын жастармен жұмыс істейтін мекеме. Сондай-ақ, Эстония университеттерінде «Жастармен жұмыс» мамандығы оқытылады.
Жастар саясатын институционализациялау деңгейі өте жоғары және жастардың проблемаларына көп көңіл бөлінетін тағы бір ел – Финляндия. Мәселен, фин жастар орталығы – 17 мыңнан астам жастарды біріктіретін елдегі ең ірі жастар ұйымдарының бірі. Фин жастар саясатының бірегей жобаларының бірі – «Мe & MyCity». Бұл жоба қоғамды, жұмыс өмірін және кәсіпкерлікті қамтитын алтыншы және тоғызыншы сынып оқушыларына бағытталған оқыту тұжырымдамасы.
4-бөлім. Жастар саясатын дамыту пайымы
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 2250 қарарында ұлттық үкіметтердің жастар саясатын әзірлеудің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қазақстанда 2020 жылға дейінгі кезеңге есептелген мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді. 2021 жылдан бастап жастарды қолдаудың
2021–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдаумен байланысты жастар саясатын іске асырудың жаңа кезеңі басталды. Сонымен қатар, жастарды қолдаудың арнайы мемлекеттік шаралары бірқатар жобалар мен бағдарламалар аясында ұсынылған. Бүгінде елімізде жастарға арналған «Дипломмен ауылға!», «Серпін», «Жастар практикасы», «Жас маман», «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» және басқалар. Сонымен қатар, елдегі және әлемдегі белгілі бір даму үрдістері жастар саясатының қолданыстағы стратегиясын жаңартуды және жаңа тұжырымдаманы әзірлеуді көздейтінін атап өткен жөн.
Сыртқы факторлардың әсері бүгінгі таңда қазақстандықтардың жас буыны жаңа жаһандық сын-қатерлер мен соған байланысты тәуекелдерге тап болуына ықпал етеді. Жаһандық деңгейде болып жатқан қоғамдық өмірдегі өзгерістер, цифрландыру, бұқаралық коммуникациялардың қарқындылығы мен тереңдігінің артуы, әскери және гибридтік қақтығыстар адамдардың қалауына, құндылық көзқарастарына және өмір салтына айтарлықтай әсер етеді. Алайда, жаңа әлемнің барлық үрдістері болашақта оң нәтиже бере алмайды. Сондықтан өзекті тұжырымдаманы қабылдау озық болуы керек.
Қазақстанда жастарды мемлекеттік қолдаудың түрлі бағдарламалары іске асырылуда. Сонымен қатар, кейбір ағымдағы жобалардың Кешенді жоспарда көзделген мақсаттары мен функциялары ұқсас. Мысалы, «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасында жұмыс істейтін жастарға арналған коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салу (сатып алу) жоспарланса, осыған ұқсас тетік Кешенді жоспарда
ұсынылған – «Жұмыс істейтін жастарды сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау»
24-тармақшасында көрсетілген. «Ұлттық Рухани жаңғыру» ұлттық жобасында NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша – NEET санатындағы жастарды 5%-ға дейін төмендету бойынша көрсеткіш бар. Кешенді жоспардың 17-тармақшасы NEET жастарын жұмыспен қамту және әлеуметтендіру жөніндегі шараларды әзірлеуді және іске асыруды көздейді.
Қазақстанда «жастарға арналған саясаттан» «жастармен саясатқа» түбегейлі көшу қажеттілігі туындады. Бұл мемлекеттік жастар саясаты объектісінен жастар мемлекеттің негізгі субъектісі мен серіктесі ұстанымдарына ауысатынын білдіреді. Мемлекеттің жастармен диалогы маңызды, оны бастамашыл және жасампаз күш ретінде қараған жөн, оның әлеуеті қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін барынша пайдаланылуы керек.
Заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу және Кешенді жоспарды іске асыру ағымдағы сын-тегеуріндер мен ықтимал қатерлерге кешенді және өзекті жауап беруді қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты заман талаптарына жауап беретін жаңа тұжырымдамалық шешімдерді әзірлеу қажеттілігінің объективтілігі атап өтіледі. Жас қазақстандықтардың ағымдағы сұраныстарына уақтылы шешімдерді қамтитын жастармен жұмыс жөніндегі жаңа бірыңғай стратегия қажет.
Жаңа тұжырымдама жастар саясатын дамытудың бірыңғай стратегиясын айқындауға және іске асырылатын бытыраңқы жобаларды тұтас жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл құжат мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын (ұлттық жобалар, мемлекеттік органдар мен өңірлердің даму жоспарлары, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары) қайта жүктеуге, жастардың әлеуетін іске асыруды ынталандырудың құқықтық өрісте бекітілген тетіктері мен құралдарын түгендеуге және біріктіруге
(НҚА мен заңға тәуелді актілерді жетілдіру) мүмкіндік береді. Тұжырымдама жастар саясатының мынадай стратегиялық пайымын айқындайды:
Жастар саясаты – бұл әлеуметтік қамсыздандыру және қолдау институттарын қайталамайтын даму және дамуға жәрдемдесу саясаты.
Тұжырымдама – Қазақстанның болашақ ұрпақтарының бейнесін және осындай бейнені тиімді құруға арналған құралдарды сипаттайтын негізгі стратегиялық құжат.
Бәсекеге қабілеттілік, жауаптылық, қатысушылық, дербестік және немқұрайлы қарамаушылық – қызмет түріне қарамастан қазақстандық жастардың басты бес қасиеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет