§ 26. Катушкалардың ораушысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бір уақытта күрделі қосылыстармен екі немесе одан артық сымдармен аса жоғары күрделілікті әр түрлі қаңқаларға катушкаларды және трансформаторларды орау. Әмбебап, бифилярлы, тороидалды және қадамдық орау үшін әр түрлі автоматтарда, жартылай автоматтарда және көпшпиндельдік автоматтарда тәжірибелі және сынақ үлгілерінің катушкаларын және трансформаторларын орау. Селдір қаңқаларды кез келген маркалы және диаметрлі сымдармен орау. 28 шықпа мен бұруға дейін орындаумен және түсіп кетпес үшін әрбір қабаттың шеткі орамдарын бекітумен қаңқасыз бір катушкада 14 орамға дейін қаңқасыз орау және салу. Бұрулары мен шығарларын бітеумен және ресімдеумен, сондай-ақ оларды дәнекерлеумен жартылай автоматтарда көпорамды катушкалардың номиналдарын көп жерден орау.
Білуге тиіс: әр түрлі модельдегі орау жабдығының құрылысы мен жұмыс істеу принципін және орау тәсілдерін; қолданылатын орау жабдығының ауыстырып қосу сызбаларын; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Тәжірибелі үлгілердің катушкалары– тороидалды орау.
2. Ерекше күрделі катушкалар - әмбебап орау.
3. Тарататын ФОС арналған күрделі конструкциялы катушкалар – орамдарды қолмен салумен, «жабыстырумен» немесе «біріктірумен» шаблондарда орау.
4. Сынақ трансформаторлары - тороидалды көпқабатты орау.
5. Аз габаритті тороидалды трансформаторлар – қолмен және СНТ-1,5 және СНТ-3-у станоктарында орау.
6. ТА, ТН, ТАН, ТПП,ТР, ДПП, "Фактор", "Потенциал", ДВК түрлі трансформаторлар және дроссельдер, жоғары жиілікті дроссель - орау.
§ 27. Катушкалардың ораушысы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шықпаларын жинақтау сымымен бітеумен әр түрлі диаметрлі сымдармен шағын габаритті мөлшерлерімен (ораулар мен шығарулардың көп санымен ШЛ5, ШЛ6, ШЛ8 магнитсымды қолданумен 4-5 мм орау терезесі) басу жинақтауының трансформаторларына және жоғары вольтты және жоғары жиілікті трансформаторларына арналған ерекше күрделі және ерекше тұрақты катушкаларды орау. Барлық климаттық және эскпорттық орындалған әр түрлі және ерекше қабылдауымен әр түрлі автоматтарда, жартылай автоматтарда және көпшпиндельдік автоматтарда тәжірибелі және сынақ трансформаторларын және дроссельдерін орау. Трансформаторлардың кедергілерін және индуктивтілігін айдау, қысқа тұйықталған орамдарға тексеру. Селдір қаңқаларда кез келген маркалы және диаметрлі сымдармен орау.
Білуге тиіс: қолданылатын әр түрлі үлгідегі жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу принципін, қызмет көрсету тәртібін және жөндеу тәсілдерін;; әмбебап және арнайы құралдар мен бақылау- өлшеу аспаптарының, кез келген күрделілікті жабдықтардың белгілеуін және пайдаланылуын; қолданылатын материалдардың қасиеттерін, техникалық және технологиялық сипаттамаларын; дайындалатын бұйымды орау түрлерін және ораудың техникалық шарттарын; электр- және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. "Малютка" түріндегі басу жинақтау сызбаларына арналған трансформаторлар - магнитсымдарға орау.
2. Экспорттық және барлық климаттық орындалған ерекше тұрақты трансформаторлар – катушкаларды орау.
3. Трансформаторлар - тороидалды аз габаритті түрлендіргіштер, видеотехникасына арналған аз габаритті трансформаторлар катушкаларды орау.
4. "Потенциал" түріндегі жоғары вольтты трансформаторлар - жеке дара, тәжірибелі, сынақ өндіріс жағдайларынла орау.
5. Тороидалды, тәжірибелі және сынақтық көп қабатты трансформаторлар ұсақ сериялы өндіріс жағдайларында орау.
.
§ 28. Басу сызбанегіздерінде электррадиоэлементтерді дайындау және дәнекерлеу автоматы тармағының операторы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электррадиоэлементтерді (ЭРЭ) автоматтарда, жартылай автоматтарда және қолмен ыдыстан және екінші ыдыстан орауын ашу. Құндақтарда ЭРЭ (ЭРЭ әдеттегі ыдыспен түскен жағдайда) кілтін бағдарлаумен электррадиоэлементтерді технологиялық ыдысқа (құндаққа) салу. Автоматтарды, жартылай автоматтарды және қондырғыларды пайдалану нұсқаулығына сәйкес дайындау. Флюстар мен дәнекерлемелерді ауыстыру. Жабдықтың жұмысын қадағалау. Жұмыс барысында қолданылатын жабдықты жөндеп жіберу. Дәнекерлеменің толқынымен дәнекерлеу қондырғыларында дәнекерлеу процесін жүргізу (АП-4, ГГ-1621 және басқ.). Қолмен шой балғалардың орауын ашу және иілгіш өндірістік модульді (ИӨМ) түзету. Басқару және жұмыс бағдарламаларын енгізу. Пайдалану нұсқаулығы бойынша ИӨМ жұмысқа дайындау. Басу сызбанегіздерін көзбен шолып бақылау. Шой балғаларды ауыстыру. Шой балғалардың таңбалануын электронды техника бұйымдарымен (ЭТБ) салыстырып тексеру. ИӨМ маңдайшаларының тарту торабын түзету. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтарды, жартылай автоматтарды және қондырғыларды жұмысқа дайындау тәсілдерін және құрылысын және оларды пайдалану бойынша нұсқаулықтарды; ИӨМ пайдалану бойынша құсқаулықтарды және ЭТБ автоматты құрастырудың технологиялық процесін; ИӨМ айлабұйымдарды орнату қағидасын; қызмет көрсететін ИӨМ тәсілдері мен құрылысын. ЭРЭ пайдалану қағидаларын және кілттің бағдарлауымен қолмен технологиялық құрсауларға оларды салу тәсілдерін; ЭРЭ шықпаларына қызмет көрсету және қалыпқа келтірудің технологиялық процестің талаптарын; дәнекерлемелердің, флюстардың құрамы мен белгіленуін және оларды пайдалануды; сызуларды оқу және оларды пайдалануды; ЭРЭ статикалық электр тоғынан қорғау тәсілдерін; электронды техника бұйымдарын түсті таңбалау қағидаларын және таңбалауды (баспа торабын) оқуын, ИӨМ автоматты құрастыруда олардың жарамдылығын айқындауды; электр және радиотехника негіздерін.
§ 29. Басу сызбанегіздерінде электррадиоэлементтерді дайындау және дәнекерлеу автоматы тармағының операторы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. ГГ-2631 жартылай автоматында электррадиоэлементтердің шығаруларына түтікті дәнекерлемені нығыздап келтіру. АРПМ, ГГ-2633 жартылай автоматтарында басу сызбанегіздерін автоматы дәнекерлеу. Технологиялық процесте көрсетілген биіктікке дейін флюспен және дәнекерлемемен кішкене ванналарды көтеруді реттеу. Флюстерді, желімдерді, дәнекерлерді ауыстыру. Дәнекер толқыны, инфрақызыл дәнекерлеу, термоимпульсті дінекерлеу және т.б. процесін енгізу. Дәнекерлеменің дозалары катушкаларын қайта зарядтау. Бағдарламаларды, перфокарталарды және координаталар шаблонын қайта зарядтау. Жабдықта кейіннен бекітумен шағын сызбаларды орнатудың орындарына шеткі төрт орнына микроскоптың көмегімен осьті туралау үстелінде баспа нызбанегіздерінің осін туралау. Кодтық жұқа тақтайшаларды құрастыру және оларды құрсауларға орнату, перфокарталардың кодын жұқа тақтайшаның кодымен тексеру. Әрбір құралда дәнекерлегіштердің температура шегін айқындау. Жұмыс барысында қызмет көрсетілетін автоматтарды және жартылай автоматтарды жөндеу. ЭТБ шой балғаларының атаулы мәнге сәйкестігін тексеру. Баспа торабы ЭТБ жинағының жұмыс бағдарламасына сәйкестігін тексеру. Перфоленттерді бақылау. Электронды техника бұйымдарының құю тораптарын жөндеу. ЭЕМ жұмысқа дайындау. ЭЕМ жұмыс істеген кезде қателерды сыныптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтарды және жартылай автоматтарды және ЭТБ жөндеу тәсілдері мен құрылысын; қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау және пайдалану бойынша нұсқаулықтарды; орындалатын жұмыс шегінде ЭТБ механикасын, автоматикасын, пневматикасын; ЭРЭ дәнекерлеудің және ИӨМ автоматты құрастырудың технологиялық процесін; дәнекерлемелердің, флюстардың құрамын және оларды пайдалануды; ванналарда дәнекерлемені ауыстыруқағидасын; электр- және радиотехника негіздерін.
§ 30. Басу сызбанегіздерінде электррадиоэлементтерді дайындау және дәнекерлеу автоматы тармағының операторы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. ГГ-2628, ГГ-2629, ГГ-2630, ГГ-2633, АРПМ автоматтардың және жартылай автоматтардың кешенінде басу сызбанегіздеріне электррадиоэлементтердің түйіншегін шешу, қалыпқа келтіру, қалайылау, нығыздау және дәнекерлеу процесін жүргізу. Кешенді баптау және АРПМ жанастыру. ИӨМ құю және ПУ орнын ауыстыруды талап ететін көп өткелді түрлі басу тораптарын басқару пультімен автоматты құрастыру және оларды бағдарламалық басқарумен иілгіш өндіріс модульдеріне бекіту. Есептегіш басқару құрылғыларымен жұмыс. Қызмет көрсететін ЭТБ жөндеу. Технологиялық процестің талаптарын ескерумен кешен жұмысының режимін бақылау және өлшеу. Перфоленаларда қателерді бақылау және табу. Бағдарламаларды әзірлеуге қатысу.
Білуге тиіс: басу сызбанегіздерінде электррадиоэлементтерді дәнекерлеудің автоматы тармағының құрылысы және жұмыс істеу принципін; автоматтарды, жартылай автоматтарды және бүкіл кешенді пайдалану бойынша нұсқаулықтарды; электррадиоэлементтерді дайындау және дәнекерлеу бойынша технологиялық процестің талаптарын; ЭТБ жөндеу әдістерін; ЭТБ құралдарды орнату тәсілдерін; ЭТБ қарапайым ақауларын анықтау қағидаларын, пайдаланылатын жабдықты жөндеу қағидасын; АРПМ және ГГ-2633 үшін бағдарламаларды жобалау негіздерін; электро- және радиотехника негіздерін.
§ 31. Электракустикалық өлшеулердің операторы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үні өшірілген камерада сыналатын дауыс зорайтқышты және өлшеу микрофонын орнату. Сыналатын дауыс зорайтқыштың және өлшеу микрофонының жиілікті сипаттамасын жазу. Сыналатын дауыс зорайтқыштың дыбыс катушкасына берілетін кернеуді есептеу. Электракустикалық аппаратураны және аспаптарды жұмысқа дайындау.
Білуге тиіс: электракустикалық өлшеулер кезінде қолданылатын аппаратураның, құралдар мен басқа қондығылардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін, олардың белгіленуін және оларды пайдалану қағидасын; әр түрлі аппаратура мен аспаптарды пайдаланумен электракустикалық өлшеулердің тәсілдерін; дыбыс жиілікті генераторы, лампалық вольтметр, қуатты күшейткіш; дауыс зорайтқыштарды және микрофондарды жазудың блок- сызбасын, дауыс зорайтқышының дыбыстық катушкасына электр қуатын берудің жиілік сипаттамасын жазу блок-сызбасын; дыбыс қабылдағышты зерттеуші ретінде дауыс зорайтқышы және микрофон туралы жалпы түсінікті.
§ 32. Электракустикалық өлшеулердің операторы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Гармоникалардың талдағышында дауыс зорайтқыштың гарминикалары коэффициентін өлшеу; ТЕБӨ-де (тармақтық емес бұрмалаулар өлшеуішінде) гармоникалар коэффициентін өлшеу. Микрофондар мен дауыс зорайтқыштардың толық электрлік кедергісі модулының жиіліктік сипаттамаларын және микрофондар мен дауыс зорайтқыштардың бағыттылық сипаттамаларын жазу. Дауыс зорайтқыштардың механикалық резонанс жиілігін және дауыс зорайтқыштардың толық электрлік кедергісі модулін өлшеу. Дискретті жиіліктер бойынша микрофонның жиілікті сипаттамаларын анықтау; дауыс зорайтқыштың дыбыстық қысымдарын және микрофонның, дауыс зорайтқыштың жиілікті сипаттамаларының әркелкілігін есептеу, үлгілік микрофонмен салыстыру әдісімен жазу қисықтары бойынша микрофондардың сезімталдылығының жиілікті сипаттамаларын есептеу.
Білуге тиіс: электракустикалық өлшеулер кезінде қолданылатын аппаратураның, құралдар мен басқа қондығылардың құрылысын, электрлік сызбасын, белгіленуін, жөндеу және пайдалануқағидасын, мыналардың блок- сызбасын: а) микрофонның және дауыс зорайтқыштың толық электрлік кедергісі модулының жиіліктік сипаттамаларын жазу; б) дауыс зорайтқыштың толық электрлік кедергісінің модулін өлшеу; в) дауыс зорайтқыштың механикалық резонанс жиілігін өлшеу; г) дауыс зорайтқыштың гармоникалар коэффициентін өлшеу; д) микрофондар мен дауыс зорайтқыштардың бағыттылығының сипаттамаларын жазу; е) дискретті жиіліктер бойынша микрофондардың жиілікті сипаттамаларын анықтау; ж) орташа стандартты дыбыстық қысымды анықтау; электр және радиотехника негіздерін. Жұмыс үлгілері
1. Дауыс зорайтқыштар - орташа стандартты дыбыстық қысымды және жиілікті сипаттаманы әркелкілігін есептеу.
2. Дауыс зорайтқыштар, дыбыс бағаналары – электрлік кедергіні, тармақтық бұрмалу коэффициентін есептеу, магнитті индукцияны өлшеулер.
3. Динамикалық микрофондар – толық электрлік кедергі модулінің жиілікті сипаттамасын және бағыттылықтың жиілікті сипаттамасын жазу
§ 33. Электракустикалық өлшеулердің операторы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дауыс зорайтқыш пен шу жолағы бар микрофонның жиілікті сипаттамаларын өлшеу. Микрофонның орташа сезімталдылығын және дауыс зорайтқыштың орта дыбыстық қысымын анықтау. Микрофондар мен дауыс зорайтқыштардың бағыттылығының сипаттамаларымен шу жолақтарымен жазу. Дауыс зорайтқыштардың толық электрлік кедергісінің модулінің орташа мәнін шу жолақтарымен анықтау. Қабылдағыштардың сынақтарын жүргізу: АМ және ЧМ төмен жиілікті трактінің жиілікті сипаттамаларын жазу. АМ және ЧМ төмен жиілікті трактінің гармоникалар коэффициентін анықтау. Орта стандартты дыбыстық қысымға кез келген қуат кезінде және кез келген қашықтықта сыналған дауыс зорайтқыштың орташа дыбыстық қысымының мөлшерін есептеу. Дауыс зорайтқыштың номиналды қуатына сәйкес келетін орташа дыбыстық қысымға дауыс зорайтқыштың орташа стандартты дыбыстық қысымның мөлшерін есептеу. Тармақтық емес бұрмалаулар коэффициентін өлшеген кезде дауыс зорайтқыштың дыбыстық катушкасында ұсталынатын кернеуді есептеу.
Білуге тиіс: электракустикалық аппаратура мен аспаптарды дәлдікке тексеру тәсілдері мен электрлік сызбаларын, мыналардың блок- сызбасын: а) микрофонның және дауыс зорайтқыштың жиіліктік сипаттамаларын шу жолақтарымен алу; б) микрофондардың орташа сезімталдылығын шу жолақтарын анықтау; г) микрофонның және дауыс зорайтқыштың шу жолақтарымен түзетілгендік сипаттамаларын жазу; д) дауыс зорайтқыштың толық электрлік кедергісін шу жолақтарымен модульдің орташа мәнін анықтау; е) АМ, ЧМ және НЧ трактілерінің гармоникаларының коэффициентін анықтау және жиілікті сипаттамаларын жазулар, электр және радиотехниканегіздерін. .
Жұмыс үлгілері
Дауыс зорайтқыштар – орташа дыбстық қысымның мөлшерін орташа стандартты немесе орташа номиналды дыбыстық қысымға қайта есептеу.
§ 34. Электракустикалық өлшеулердің операторы
6- разряд
Жұмыс сипаттамасы. ИЧ қуатымен дыбыс генераторымен берілетін жиіліктерді, беру біркелкілігін (дауыс зорайтқышқа жиілікті сипаттамамен жазу) және дыбысты жиіліктің генератордың тармақтық емес бұрмалау коэффициенттерін өлшеу және тексеру. Бланкіде көрсетілген жиіліктермен генератор жиіліктерінің үйлесуі. Қуатты күшейткіштің тармақтық емес бұрмалау коэффициентін өлшеу және тесеру және дауыс зорайтқышқа тиеу кезінде жиілікті сипаттаманы жазу. Аппаратураның ГОСТ талаптарына сәйкестігін тексеру. Өлшеу (микрофондық) күшейткіштің күшею коэффициентін барлық номиналды жиіліктер диапазонында тексеру және жиілікті сипаттаманың әркелкілігін анықтау. Камерада дыбыстық аймақтың құрылымын өлшеу және анықтау. Микрофондарға, дауыс зорайтқыштарға, ГОСТ-қа сәйкес қарапайым және күрделі қабылдағышқа сынаулар жүргізу. Сынақ деректері бойынша параметрлерді есептеу және сынақтар хаттамаларын құрастыру.
Білуге тиіс: электракустикалық өлшеулер кезінде қолданылатын әр түрлі аппаратура мен аспаптардың құрылымын, тексеру тәсілдері мен қағидаларын; сынақтар сипаты бойынша ерекше күрделілерді салыстыруды; ерекше күрделі өлшеулерді және сынақ жұмыстарын орындаумен байланысты есептеулерді.
Арнайы орта білім қажет.
Орта кәсіптік білім талап етіледі.
Жұмыс үлгілері
1. Дыбысты жиілікті, қуатты күшейткіштің және өлшеуді күшейткіштің геренаторлары- тексеру .
2. Дауыс зорайтқыштар - толық сынау, параметрлерді есептеу және анықтау.
3. Микрофондар - толық сынау және параметрлерді анықтау.
4. 1-ші және жоғары класты қабылдағыштар – толық сынау және параметрлерді есептеу.
§ 35. Катушкаларды қиыстырып келтіруші
..
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Катушкаларды қысқа тұйықталған орамдарға тексеру. Сызуларда көрсетілген рұқсаттар бойынша және техникалық шарттарға сәйкес индуктивтілік пен кедергілерді айдау. Сызба бойынша мүмкіндік шектерін есептеу. Контурлық катушкалардың, дроссельдердің катушкаларын, потенциометрлерді және басқа. электрлік параметрлерін тексеру және өлшеу, сондай-ақ электр өлшеу аспаптарын қолданумен оларды берілген мөлшерге дейін қиыстырып келтіру. Магнитті өзекшенің қасиеттерін және қуат кабельдерінің қосылыс сызбаларын тексеру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін радиоаппаратураның,аспаптардың жұмыс істеу принципі; бақылау- өлшеу аспаптарының және неғұрлым кеңінен таралған арнайы жабдықтардың белгіленуін, пайдалану шарттары мен қағидаларын; контурлық катушкалардың, дроссельдер- катушкалардың, трансформаторлардың, потенциометрлердің және басқалардың. электрлік шамаларын өлшеу және тексеру қағидаларын; оларды берілген мөлшерге дейін айдау тәсілдерін; бақылау- өлшеу аспаптарын қосу қағидаларын; катушкаларды ораудың тәсілдерін; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
|
1. Катушкалар - +/- 10% дейін дәлдікпен индуктивтілікті айдау.
|
2. Телефондық реле катушкалары - +/- (1 - 2)% кедергі бойынша
|
рұқсатпен кедергілер көпірінде кедергіні тексеру және айдау
|
3. Индуктивтілікті өлшеу аспаптары - +/- 10% дәлдікпен,
|
кедергі көпірінде +/- 10% рұқсатпен кедергіні тексерумен индуктивтілікті айдау.
|
.
§ 36. Катушкаларды қиыстырып келтіруші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттармен және сызулармен қарастырылған берілген рұқсаттар бойынша дәл индуктивтілікті, кедергілерді және трансформация коэффициентін айдау, индуктивтіліктің резонанстық және әмбебап көпірлрінде, трансформация коэффициентін өлшеуге арналған аспаптарда индуктивтілікті өлшеу.
Білуге тиіс: катушкаларды айдау кезінде қолданылатын әр түрлі катушкалардың және аспаптардың құрылысын, белгіленуі және айдау тәсілдерін; индуктивтілікті және кедергілерді өлшеуге арналған жұмыс орындарының сызбаларын; орау түрлері және олардың сипаттамаларын; түйіндерді орауға техникалық шарттарды; түйіндерді қабылдау қағидасын және оларды сынауды; электр және радиотехника негіздерін.
Жұмыс үлгілері
|
1. Тороидалды өзекшелерге оралған катушкалар - +/- 0,75% дейінгі
|
дәлдікпен индуктивтілікті айдау.
|
2. Альсиферде, карбонилді темірден және темірлерден жасалған өзекшелерімен катушкалар - +/- 1% дейінгі дәлдікпен айдау.
|
|
§ 37. РАДИОЭЛЕКТРОНДЫ АППАРАТУРА МЕН АСПАПТАРДЫҢ РЕТТЕУШІСІ
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және орта күрделі электр механикалық, радиотехникалық, электрондық- есептеу, гироскопиялық, гидроакустикалық механизмдер мен аспаптардың, бақылау- өлшеу аспаптарының, радио- және электрөлшеу аппаратурасының құрастыру бірліктері мен элементтерін техникалық шарттар мен арнайы нұсқаулықтар бойынша электрлік және механикалық реттеу және тексеру, сынау. Аспаптардың қозғалмалы жүйесін баланстау. Негізгі қуат көздерін реттеу. Бақылау- өлшеу аспаптарын және құралдарды қолданумен электрлік сызбалар бойынша радиоэлектрондық аппаратураның құрастыру бірліктері мен элементтерін электрлік тексеру. Тиісті жабдықтарды және айлабұйымдарды қолданумен реттелетін аппаратураны климаттық және басқа сынаулар. Құрастыру бірліктері мен блоктардың нақты емес және дұрыс емес жұмыс ітеуінің себептерін анықтау, жарамсыз түйіндері мен бөлшектерін ауыстырумен механикалық және электрлік ақауларын анықтау және жою. Қарапайым және орта күрделі реттелетін аппаратураны сынау және жатықтыру, қабылдаушыға тапсыру. Техникалық шарттарға сәйкес тиісті параметрлерге аз қаныққан жинақтаумен блоктарды баптау және реттеу.
Білуге тиіс: электрмеханикалық және радиотехникалық аспаптар мен жүйелерді, ЭЕМ аппаратурасын және сымды байланыс аппаратурасын, бақылау- өлшеу аспаптарын, орта күрделілікті электр және радио өлшеу аппаратурасының құрылысын, механикалық және электрлік реттеу әдістері мен тәсілдерін, тексеру, сынаулар және жаттықтыруларды; радиоэлектрондық аппаратураның жиілігін тұрақтандыру тәсілдері және тұрақтандыратын құрылғылардың жұмыс істеуприципін; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы мен белгіленуін, оларды пайдалану және реттелетін аппаратураға қосу ережесін; радиоэлектрондық аппаратураның өндірісі кезінде қолданылатын электроқшаулау материалдарының диэлектрлік қасиеттерін; жиіліктің температуралық коэфициентін және оның электромеханикалық сүзу жұмысына әсерін өлшеу және есептеу тәсілдерін; электромеханикалық сүзу элементтерін өлшеу және реттеу тәсілдерін; реттелетін аппаратураның ақаулықтарының негізгі түрлерін және оларды жою тәсілдерін; электр және радиотехниканың негіздерін.
Жұмыс үлгілері
1. Дозиметрикалық аппаратура – реттеу.
2. Электромеханикалық 2 класты телефон аппараты – электронды-механикалық реттеу, техникалық және бақылау сыналастыруына дайындау.
3. Толқын өлшегіш блоктары – кесте құру және шығынды айқындау.
4. Бергіш және конденсаторлардың блогы – электрлі реттеу.
5. Өлшеу блоктары – электрлік беріктікті және оқшаулау кедергісін тексеру.
6. Тұрмыстық радиоаппаратураның қуаттандыру блоктары – реттеу.
7. Теледидар блоктары: мәліметтер, қуат алулар, коллекторлар, СВП операция бойынша реттеу.
8. Толқын ағызғылары – КБВ және КСВ электрлік параметрлері бойынша тексеру және реттеу.
9. Сандық әмбебап вольтметрлер - баптау.
10. Дыбыстық генераторлар –операция бойынша электрлік тексеру және реттеу.
11. Тірек генераторлары -өлшемдері бойынша ЭРЭ іріктеу және жиілік бойынша баптау.
12. Коммутатор ұялары және кілттер - реттеу.
13. Магнитті бастиектер- индуктивтілікке және оқшаулау кедергісіне ойнатудың жиілікті сипаттамаларының арнайы стенділерінде тексеру.
14. Динамикалар – элертрлі тексеру.
15. Радиокедергілерді өлшеулер - операция бойынша реттеу.
16. Қадамдық әр түрлі жүйелердің іздегіштері - операция бойынша реттеу.
17. Тұрақты және жедел жадының құндағы – электрлі және электромагнитті өлшемдерге тексеру.
18. Кинескоптар, радиолампалар, транзисторлар - режимдерді тексеру.
19. нобайлар – қажетті өлшемдер бойынша ЭРЭ іріктеумен тапсырылған жиілікке баптау.
20. Магнитофондар – электрлік реттеу және баптау (сериялық өндіріс жағдайларында).
21. Тұрақты магниттер – тапсырылған өлшемдер бойынша жапсыру және алу.
22. Әмбебап осциллографтар – операция бойынша реттеу.
23. Пакеттік ауыстырып қосқыштар – климаттық және басқа сынақтар.
24. Жанастыра салынған конденсаторлармен ауыстырып қосқыштар, қуатты қайта құрушылар – реттеу.
25. Телефон станцияларының автоматты жинақтары релесімен сызбанегіздер – реттеу.
26. Сызбанегіздер, модульдер, құндақтар –реттеу, баптау.
27. М-4200, Э-378 түрлі электр өлшейтін қалқандық аспаптар - реттеу
28. Транзисторлық қабылдағыштар – тұрақты тоқ бойынша режимдерін анықтау және төмен жиілікті күшейткішті жөндеу.
29. Радиоөлшейтін стандартты емес пульттар – реттеу және тексеру.
30. Радиоблоктар – қосу, тұрақты тоқ бойынша режимдерді тексеру, кедергілер мен кернеулер карталарын алу.
31. Кең тарататын радиоқабылдағыштар – түйіндері мен блоктарын баптау және реттеу.
32. Электромеханикалық сүзгілердің әр түріне арналған резонаторлар –сыналастыру және резонансты жиілігін өлшеу.
33. Кернеу тұрақтандырғышы – тексеру және электрлі реттеу.
34. Теледидарлар – айналдыруды, синхрондауды баптау, жиілікті сипаттамаларын тексеру, бұрауларды шылдырлату және сауытта соңғы реттеу.
35. Түрлі-түсті және ақ-қара бейнелейтін теледидарлар - өлшемдер бойынша ЭРЭ іріктеу және аралық жиілік сүзгілерінің жиілігі бойынша баптау, П2К түріндегі тораптарды реттеу.
36. Теледидарлар, радиоқабылдағыштар, арнайы аппаратураның блоктары баптау, электрлік жүктемемен вибросілкілеу және электржаттықтыру.
37. Динамикалық, стереофондық телефондар – электрлік реттеу
38. Термостаттар, термореттеуіштер – сызбаларды баптау, температураны реттеу, толық реттеу.
39. Көпарналы телефондаудың аппаратура түйіндері - механикалық және электрлік реттеу, күшейткіштердің, модуляторлар мен демомодуляторлардың жиілікті және амплитудалық сипаттамаларын өлшеу.
40. 2 және 3 класты теледидарларда төмен жиілікті дауысты күшейткіштер – баптау.
41. Тоқ және кернеуді күшейткіштер – реттеу.
42. Антенна құрылғылары – жоғарыжиілікті жолдарды тексеру.
43. Есте сақтайтын, интегралды сызбаларда (қарапайым) цифрлы құрылғылар – ТШ сәйкес тексеру, қабылдаушыға тапсыру.
44. Қашық байланысты 1 – және 2- буындық аппараттардың сүзгілері - өшу сипаттамаларын өлшеу.
46. 43. Есептеу техникасының элементтері (трансформаторлар, логикалық кілттер, модуль ұяшықтары) - электрлік реттеу, ауыспалы тоқ бойынша режимдерді алу, механикалық және климаттық сынаулар жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |