Анықтама. Қарама-қарсы қабырғалары қос-қостан параллель төртбұрыш параллелограмм деп аталады.
Кейін оқушылар сызғыш немесен үшбұрышты сызғышты пайдалана отырып, параллелограмм сызады да, оның төбелерін әріптермен белгілейді. Параллелограмның екі параллель қабырғалары - табандары, ал қалған екеуі – бүйір қабырғалары деп аталады. Параллелограмның параллель қабырғаларының кез келген жұбын оның табаны ретінде қабылдауға болады.
Параллелограмм анықтамасын енгізуде оқушылардың басты назарын анықтаманың мағынасына аударылады. Басқаша айтқанда, «АВСD - параллелограмм», делінсе, анықтамадан шығатын оның қаситіне сәйкес параллель қабырғаларды анықтай алуы керек: АВ||CD, ВС||АD және оларды есеп шығару кезінде пайдалануы тиіс. Бұл дағдыны қалыптастыру бүкіл тақырыпты оқып-үйрену үдерісінде өтеді.
Әдеттегідей, анықтаманы енгізгенде оқушылардың назарын барлық төртбұрыштардың ішінен параллелограмды айқындауға мүмкіндік беретін белгіге, яғни төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының параллель болу керектігіне аудару қажет.
Параллелограмның анықтамасын бекіту үшін оқушыларға дайын сызбалар бойынша төменде келтірілген ауызша есептерді ұсынуға болады.
Алғашқы екі есеп, параллелограмм анықтамасына келтіре білу (паралелограмм бұл: 1) төртбұрыш; 2) екі қабырғасы параллель және де 3) екі қабырғасы параллель болуы) дағдысын қалыптастыруға, үшінші алдымен анықтамадан салдар шығаруға, одан кейін анықтамадағы параллелограмның белгісіне сәйкес оны тани білуге, ал төртіншісі параллелограммның анықтамасынан салдар шығара (қолдана) білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
1. а және b түзулерінің c және d түзулерімен қиылысуы нәтижесінде төртбұрыш пайда болады. Егер: a) a||b, c d ; b) a||b; c||d; c)a b; c d (6.2-сурет) болса, ABCD төртбұрыш параллелограмм болатынын, болмайтынын анықтаңыздар.
a
D C
A D
6.2-сурет 6.3-сурет
2. АВС үшбұрышында АВ және СD қабырғаларына параллель DG және FG түзулері жүргізілген. AFGD төртбұрышының (6.3-сурет) түрін анықтаңыздар.
3. АВСD параллелограмының АВ қабырғасына параллель FG түзуі жүргізілген. ABFG төртбұрышының түрін анықтаңыздар (6.4-сурет).
4. АВСD параллелограмының А төбесінен шығып, ВС қабырғасын F нүктесінде қиятын биссектриса жүргізілген. ABF үшбұрышының тең бүйірлі болатынын дәлелдеңіздер (6.5-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |