22 Қоскөл бөлімше кітапханасы



жүктеу 11.74 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі11.74 Kb.
22 Қоскөл бөлімше кітапханасы

Қоскөл ауылының аталу тарихында ауылдың шығыс бөлігінде үлкен көл және кіші көл болған екеуінің қосылысынан Қоскөл деген атау болған. 1958 жыл Қоскөл мәдени ошағының іргесі көтеріліп, 950 дана кітап қорымен ашылған. Бөлімше кітапханасында Қ.Сарсенова, Г.Дәулетияров, Хадиша Саметова, М.Нығметова, Гүлбарам Акимовалар әр жылдарда жұмыс жасаған. Кітапханада жұмыс жасаған мамандар кітапхананың кітап қорының толығуына назар аударып, көшпелі кітапхана жұмыстарын ұйымдастырып, халықтың ризашылығына бөленіп жемісті еңбек етті.



Қазіргі таңдағы кітап қоры - 11009 дана. 1980 жылдан бері кітапханашы болып жоғары білімді маман Хасанғали Гүлнар жұмыс жасап келеді. Кітапханада жоспарлы түрде оқырмандар конференциясы, әдеби кештер, дөңгелек үстелдер т.б. көпшілік шаралар ұйымдастырып, оқырмандарды рухани азықпен сусындатып келеді. ҚР-ның Рәміздеріне 20 жыл толуына орай «Рухты асқақтатқан рәміздер» атты әдеби кеш өткізілді. Ауыл жастары және медицина қызметкерлерінің қатысуымен «Жаңа ғасыр адамы – дені сау, рухы мықты азамат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Туған өлке шежіресі» тақырыбындағы тұрақты кітап көрмесі жаңа басылымдармен толықтырылып, көпшілік оқырмандармен кітап көрмесіне шолу өткізілді. 16желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсанды жанына жалау еткендер» атты әдеби кешпен қатар Жазушы, драматург, ҚР-ның халық жазушысы С.Шаймерденовтың туғанына 90 жыл толуына орай жасөспірім оқырмандармен бірлесіп, «Уақытпен үні ұласқан» атты тақырыптық әңгіме оздырылды.сканирование0041sam_2240


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет