24-Мощьный сочный Ануар5



бет3/29
Дата22.12.2022
өлшемі117.02 Kb.
#467760
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Уст экз каз (1) (4) (1)

Билет №3


1. Бұлтты есептеулердің негізгі ерекшеліктері
2. Email электрондық поштасы
3. Amazon компаниясы бұлттық веб-сервистері
Билет №3
1. Бұлтты есептеулердің негізгі ерекшеліктері

Бұлттық есептеу (ағыл. cloud computing) қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға(мысалы, мәлімет өткізетін желілерге, серверлерге, ақпарат сақтау құрылғыларына т.б., барлығына бірдей немесе бөлек-бөлек) қай жерде болмасын, әрі ыңғайлы қол жеткізуді (access) қамтамасыз ету моделі. Бұлттық есептеу технологиясы бойынша қажетті IT ресурстарды төменгі эксплуатациялық шығындармен қолдануға мүмкіндік береді.


Бұлтты есептеу – интернет технологиясындағы жаңару технологиясы ғана емес, сонымен қоса жаңа бизнес-моделдерді құру жолы болып табылады. ИТ технологияға негізделген өнім шығаратын кез-келген кішігірім компаниялар тұтынушыға өзінің қызметін тез ұсынуға мүмкіндік береді.


Бұлтты есептеу келесі үлгіде жұмыс жасайды: бірге иелену, қосымшаларды жіберуге арналған жеке серверлерді құру және басқару, Microsoft, Amazon, Google немесе басқа компания серверін жалға алу. Содан кейін, пайдаланушы іс жүзінде оларды өңдеуге және мәліметтерді сақтауға ғана төлем төлеу арқылы, интернет арқылы өзінің жалға алынған серверін басқарады [2].
«Бұлтты» есептеу концепциясы соңғы онжылдықтағы ақпараттық технологиялардың даму эволюциясының нәтижесінде пайда болды және қазіргі уақыттағы ақпараттық қоғамның дамуына бизнестің жауабы ретінде алуға болады. Аналитиктер Гартнер тобы (Gartner Group) бұлтты есептеу - болашақтағы ең ұтымды стратегиялық технология, 5-7 жылдықта ақпараттық технологиялардың көп бөлігі «бұлт»-қа көшеді деп болжауда. Олардың бағалауы бойынша, 2015 жылы бұлтты есептеу көлемі бойынша жасалынған қызметтер құны 200 миллиард долларға дейін жетеді.
Бұлтты есептеудің болашағы зор, сондықтан ақпараттық технологиямен байланысы бар кез келген маман осы технологияны игеруі міндетті.
Ақпараттық технологиялардың төңiректерiндегi ашық қызметте бұлтты есептеулердi қолдану туралы алғашқы идеяны белгiлi ғалым, 1960-шi жылы LISP тiлiн ойлап тапқан, профессор Джон Маккартиға (John McCarthy) Стэнфорд университетi ұсыныс жасаған. 1999 жылы бұл негiзделген бiрiншi нақты жобаның iске асыруын Salesforce.com-ның серiктестiгi орындайды. Дәл сол кезде программалық қамтамасыз етудi өнiмнiң және b2b-нiң жаңа түрiнiң бiрiншi ұсынысы бұл (Software as a Service, SaaS) сервис пайда болды.
Бұлтты есептеулер ұғымымен мұндай сервистердi жиi байланысын (Everything as a service ) көрсететiн технологиялар:
• «Инфрақұрылым тәрізді сервис» (Infrastructure as a Service немесе IaaS)
• «Платформа тәрізді сервис» (Platform as a Service, PaaS)
• «Программалық қамтамасыз ету тәрізді сервис» (Software as a Service немесе SaaS).
2. Email электрондық поштасы

Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.


Электронды поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк – технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды.


Электрондық почта жүйесі үш бөліктен тұрады:
Қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және
жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді. Тұтынушыға мәліметтерді
оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік
беретін программалар жиыны қолданушы агенті деп аталады.
Тасымалдау агенті мәліметтерді бір компьютерден екінші
компьютерге жеткізеді. Тасымалдау агенті – почтаны қолданушы
агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап,
мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге
жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны.
Жеткізу агенті мәліметтерді оны алушының почта жәшігіне салып
кетеді. Жеткізу агенті – почтаны тасымалдау агенттерінен қабылдап
алып, оны тиісті пайдаланушыларғы жеткізетін программалар тобы.
Электрондық почтаның адресі - тұтынушы аты @ домен аты (мысалы: altynai@mail.ru) @ символы – тұтынушы аты мен домен атын айырып

Электрондық почтаның қарапайым почта қызметінен


айырмашылығы:
1) Электрондық почта арқылы тасымалданатын мәліметтердің
жылдамдығы минут пен сағат бойынша өлшенеді;
2) Кез–келген құжаттың хабарын немесе мәтінін біруақытта
бірнеше адресатқа жіберуге болады;
3) Келген мәліметтерді қолданушы оқығанға дейін сақтауға
болады;
4) Мәліметтерді жөнелту тәулік бойы немесе алдын–ала
белгіленген уақыт бойынша іске асады;
5) Электрондық почта бойынша қабылданған мәліметтерді
дискте сақтауға, оны өңдеуге және қажет мөлшерде принтерден
басып шығаруға болады.

3. Amazon компаниясы бұлттық веб-сервистері


Amazon.com, Inc. (NASDAQ: AMZN) — АҚШ-тың Вашингтон штатында орналасқан халықаралық электрондық саудамен айналысатын компания. Бұл команания әлемнің ең ірі онлайн бөлшектеп сату компаниясы болып табылады.[3] Компания өнімдеріне электроника тауарлары кіреді — Amazon Kindle электронды кітап және Kindle Fire компьютер таблеті, соңғы уақытта клауд компютинг қызметтерін көрсете бастады.

Amazon Web Services – кеңінен тараған бұлттық платформа, оның әлемдегі деректерді өңдеу орталықтарына 165 толық функционалды сервисті ұсынуға мүмкіндігі бар


AWS бұлтты есептеу платформасын пайдаланып бұлтқа негізделген қолданбаларды құра аласыз. Әртүрлі инфрақұрылымдық және бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтерімен қатар, ол өңдеу қуатын, масштабталу мүмкіндігін, сенімділігін және дерекқорды қауіпсіз сақтауды ұсынады. Сіз халықаралық деңгейде ұсынатын 200 өнім мен қызметтің арқасында AWS-ті жоғары сапалы әзірлеу үшін пайдалана аласыз.


Amazon Web Services


2003 жылы Amazon AWS веб-хостингі іске қосылды. Ол Merchant.com брендімен Target and Borders бөлшек саудагерлеріне арналған өздерінің онлайн-платформаларын іске қосуға көмектесті. 2006 жылы компания Amazon S3 «бұлтта» сақтау және хостинг қызметтерін ұсынушы қызметін іске қосты. 2013 жылдан бастап екі триллионнан астам цифрлы нысандарға ие болған компанияя S3 Tumblr, Reddit, Pinterest және Dropbox негізгі сақтау провайдері ретінде пайдаланылды.
Компания Amazon Elastic Compute Cloud және Amazon Simple Queue сервисін қамтиды. 2011 жылы Amazon AWS GovCloud-ті мемлекеттік органдардың «бұлттағы» платформасын және 2015 жылы AWS IoT компаниясы Интернеттің басқарылуына арналған платформаны іске қосты. CWA-ның бұлтты сақтау қоймасын құру үшін $ 600 млн тұратын келісімшартына қол қойылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет