Билет №5
1. Бұлттық технологияның түрлері
2. Google компаниясы тарихы
3. Бұлттық технологиялардың кемшілігі неде
1Бұлттық технологиялардың түрлері.
Бұлттық технологиялар мақсатына қарай төрт түрге бөлінеді:
Жеке бұлттар (private cloud). Жеке бұлтты дербес басқара алатын кәсіпорынның өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым. Кәсіпорынның өзі де үшінші тараптың меншігі болуы мүмкін.
Қоғамдық бұлттар (public cloud). Көпшіліктің Интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым. Коммерциялық, ғылыми және үкіметтік
ұйымдардың меншігінде болуы мүмкін. Мысал ретінде әлеуметтік желілердегі Facebook, Twitter; Интернет желісіндегі Google, Яндекс т.с.с. қоғамдық бұлттарды аламыз.
Ортақ бұлттар (community cloud). Ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфрақұрылым. Басқару және қызмет көрсету мәселелері бойынша барлық жауапкершілік осы бұлттың иесіне жүктеледі. Кез келген компания мен жеке тұтынушы қолданушы бола алады.
Аралас бұлттар (hybrid cloud). Екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас үйлесімін атауға болады. Осы модельді географиялық түрде әр жерде орналасқан филиалдары бар немесе көптеген программалық жүйелері
бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.Көрсетілген бұлттық технологиялар мақсаттарына байланысты өмірдің
әртүрлі салаларында қолданылып келеді. Бұлттық технологиялардың қолдану салалары өте ауқымды: онлайн-аудармашылар, жедел төлемдер, видеобайланыс, мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ мәтін, кесте, фотосуретпен жұмыс істеуге
арналған әдеттегі программалар және т.б.
2Google іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жеке-меншік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты «әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру. Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны –"Don't be evil" (Қатыгез болма!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google.com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркеледі, іздеу жүйесі (2000 жылдан бастап) туған күнін 7 де және 27 қыркүйекте де атап өтеді.
Google Inc. (/ɡuːɡl/) — америкалық трансұлттық корпорация. Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі.[3] Танымалдығы бойынша бірінші орында тұр (79.65 %), айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды (нарық бөлігі 62,4 % ), 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, (2009 жылдың 15 қазанынан бастап) ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие.
3Әрине, жаңа бұлтты технологиялардың бірқатар кемшіліктері де бар.
Біріншіден, бұлтты сақтау арқылы берілетін құпия деректерді хакерлер ұстап алуы мүмкін. Интернетке қосылу сапасы өте жоғары болуы керек. Егер Интернетте үзіліс болса, «бұлттағы» деректерге қол жеткізу мүмкін болмайды. Сонымен қатар, ірі кәсіпорындарға деректерді беруді құру үшін жүйелік әкімші қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |