257 орта мектеп 1-4 сыныптарға Үлгілк тәрбие жоспары


–2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының



бет2/6
Дата03.11.2022
өлшемі33.47 Kb.
#463888
1   2   3   4   5   6
1-4 сынып тәрбие жоспары

2021–2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының
ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтар тәсілдеріне құрылады. Тәрбие жұмыстары барлық ынталы тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесідей құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;
4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
5) «Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI Заңы;
7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген 2020-2025 жылдарға арналған «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет