26 дәріс тақырыбы: Сөйлеу мүшелерінің патологиясы Жоспары



бет4/8
Дата20.05.2022
өлшемі30.77 Kb.
#458116
1   2   3   4   5   6   7   8
мұрын аурулары

Бақылау сұрақтары:

  1. Сөйлеу мүшелерінің патологиясы

  1. Мұрын мен мұрын қуысының аурулары

  2. Мұрын полиптері

  3. Атрофиялық тұмау

  4. Созылмалы тұмау

  5. Өткір тұмаудың белгілері, емдеу жолы қандай?

Әдебиеттер:
1.Манжуова Л.Н. "Естукөрусөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясыпәні бойынша дәріс конспектілері/ - 2015 
2. Байдо Е. С. Анатомия, физиология и патология органа зрения: Учебное пособие. – Великий Новгород, 2001. – 85 с.
3. Байдалинова Б.А. Есту және сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы мен патологиясы. Оқу құралы. Павлодар-2012ж.

28 дәріс тақырыбы: Сөйлеу мүшелерінің патологиясы




Жоспары:



  1. Ауыз қуысының аурулары

  2. Жұтқыншақ аурулары

2. Ауыз қуысының аурулары
Дауыстың пайда болуы мен сөйлеу қабілетінің қызметіне әсер ететін ауыз қуысының ауруларының ішінен артикуляция мүшелерінің (ерін, жұмсақ және қатты таңдай, тіл, жақ пен тістер) даму аномалиялары маңызды орын алады.Ерін және таңдай дефектілері. Ерін мен таңдай дамуының жиі кездесетін аномалиялары бұл үстіңгі ерін мен таңдайдың саңылаулы дефектілері болып табылады, ол осы ауыз қуысы бөлімдерін түзетін эмбрионалды бастамалардың қосылуға үлгермеу салдарынан болады.
Эмбрионалдық даму бұзылысының байланысты аномалияның әр түрлі дәрежелерін ажыратады. Ең оңайы жоғарғы еріннің саңылаулы болуы, ол бір жақты және екі жақты болуы мүмкін. Бір жақты саңылаулану күрек тістер мен ит тістер аралықтарындағы сызықта болады, көбнесе сол жақта. Ол еріннің түгел бойынан өтіп, мұрын тесігімен қосылған кезде толық болып келеді, ал жартысын алғанда толық емес болады. Екі жақты саңылаулану көбінесе семметриялы және жоғарғы ерінді үш бөлімге бөледі – екі бүйір және бір ортаңғы
Еріннің саңылаулануы кезінде тістің орналасуы мен сандарында ауытқулар байқалады. Жоғарғы еріннің айқын түрде саңылаулану болса, онда альвеолярлы өсіндінің саңылаулану байқалады.
Ең ауыр аномалиялар - альвеолярлы өсіндінің, қатты және
жұмсақ таңдайдың, жоғарғы еріннің екі жақты саңылаулануы болып табылады. Жақаралық сүйектің бір жағы жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісімен өсіп кетсе, онда еріннің, альвеолярлы өсіндінің және таңдайдың толық саңылаулануы бір жақты болуы мүмкін (39сур.). Толық екі жақты саңылаулану кезінде жақаралық сүйек алдына қарай орналасады. Жұмсақ таңдайдың саңылаулануы орта сызықта болады. Кейде жұмсақ таңдайдың бұлшық етті қабатының дефектісі қалыпты саңылаулануын субмукозды (кілегей асты) деп атайды.
Ерін мен таңдайдың туа пайда болған саңылаулы дефектілері
нәрестенің тамақтануына кедергі болады. Бала еме алмайды, тамақ
оңай түрде мұрын қуысына түсіп, қақалып шашалады, жөтел мен құсу
пайда болады. Тамақтың тыныс алу жолдарына түсуі бронха мен
өкпенің қабынуын тудырады. Қатты және жұмсақ таңдайдың дефектілері кейде мерез (сифилис) ауруының нәтижесінде дамуы мүмкін. Осы жағдайда пайда болған саңылау ауыз қуысы мен мұрын қуысын байланыстырады және туа пайда болған таңдай дефектілері сияқты ауытқуларды тудырады. Кейінгі жылдары мерез нәтижесінде дамыған таңдай дефектілерін алдын алуға болады. Ерін мен таңдайдың саңылаулы дефектілерін тек хирургиялық жолдармен емдеуге болады. Егер белгілі бір себептерге байланысты операция жасалмайтын болса (баланың ауыр жағдайы, ата-аналардың келіспеуі және т.б.), онда қатты және жұмсақ таңдай дефектілерін жабу үшін арнайы дайындалған протездер – обтураторлар (латынның obturare – жабу) қолданылады.
Туа пайда болған дефектілер қатарына қысқарған жұмсақ таңдай, тіл және тілдің мүлдем болмауы жатады. Мұндай дефектілер қабыну процестерінің нәтижесінде туындайды.
Тіл дефектілері. Сирек кездесетін аурулардың қатарына тілдің
мүлдем болмауы – аглоссия жатады. Тілдің болмауы сөйлеу дыбыстарын айтуға мүмкіндік бермейді. Бірақ артикуляцияның басқа мүшелерінің қатысуымен арнай жаттығулар арқылы сөйлеу
дыбыстарын кішкене болса да дұрыстауға болады.
Макроглоссия бұлшық етті гипертрофияның нәтижесінде пайда болып, тіл ауыз қуысына сыймай сыртқа шығып тұрады. Кейде тілдің үлкейуі туа пайда болмай, ісіктің (лимфангиома) нәтижесінде туындайды.
Жақ пен тіс дефектілері. Жақ пен тіс қатарының даму дефектілері көбнесе тістеу аномалиясы түрінде байқалады. Тістеу бұл жақтардың жанасып тұруындағы жоғарғы және төменгі тіс қатарының сәйкестігі. Қалыпты жағдайда жоғарғы тіс доғасы төменгісінен бірнеше есе үлкен, жоғарғы тістер төменгі алдыңғы- тістерді сәл жауып тұрады, жоғарғы қатардағы барлық тістер сәйке төменгі қатардағы тістермен жанасады.
Тістеу аномалиясы әрқилы болуы мүмкін.
1. Прогнатия (гректің pro – алдына қарай және gnathos – жақ) –жоғарғы жақ және жоғарғы тіс доғасы алдына қарай, төменгі алдыңғы тістер жоғары тістерден алыс орналасқан (40сур.); осыған байланысты төменгі алдыңғы тістер ұзарып, қатты таңдайға дейін жетеді. Азу тістерінің қылыпты аралықтары сақталады.
2. Прогения (гректің pro – алдына қарай және geneios – иек)
төменгі жақтың шамадан тыс дамуымен сипатталады; төменгі жақтың
алдыңғы тістері жоғарғы жақ тістеріне қарағанда алдына қарай
орналасқан (41сур.).
3. Ашық тістелу жоғарғы және төменгі жақ тістерінің арасында
бос аралықтың болуымен сипатталады. Кейде бос аралық алдыңғы
тістер арасында пайда болады, сол кезде артқы тістер қалыпты
жанасады, оны алдыңғы ашық тістеу деп атайды (42сур.); кей
жағдайда бүйір тістер (азу тістер) арасында бос аралық қалуы мүмкін,
оны бүйірлі ашық тістеу деп атайды (43 сур.).
Тістеудің атап кеткен аномалиялардан басқа тіс қатарының құрлысындағы ауытқулар кездеседі: орталық тіс аралықтарының кең болуы, белгілі бір тістердің болмауы, тіс пішіндерінің өзгеруі, тіс шеттерінің деформациясы, қосалқы тістердің шығуы және т.б. Тістердің құрлысы мен орналасуындағы барлық кемшіліктер дыбыстың дұрыс, анық шығуын бұзады (сигматизм).
Тістеу аномалиялары мен тістердің орналасуындағы дефектілерді ортодонтия әдісімен жоюға болады (гректің ortos – түзу және odus, odontos –тіс). Тіс қатарын түзетуде арнайы сымды шиналар
немесе уақытша протездер қолданылады. 5-6 жастан 10-12 жасқа
дейін тіс қатарын түзетуге ең тиімді, өйткені осы кезеңде сүйектер
серпімді болып, механикалық әсерге оңай ұшырайды. Қосалқы тістер мен тіс қатарынан тыс өскен тістер алып тасталады. Тістердің мүлдем болмауында жасанды тістер салынады.
Ауыз қуысының барлық дефектілерін хирургиялық және ортодонтиялық емдеумен қатар арнайы логопедиялық жаттығуларды жасау қажет, әсіресе жақ пен тістердің дефектілерінде, кейде бір жаттығудан кейін дыбыстауды жақсртуға болады. Жүйке-бұлшық еттің бұзылуы.
Ерін мен беттің қалыпты қоғалысының бұзылуы көбнесе бет жүйкесі параличінің нәтижесінде байқалады. Бет жүйкесінің зақымдалуының бір себебі ортаңғы құлақтың қабынуы болып табылады. Өйткені бет жүйкесі сүйек каналы арқылы дабыл қуысының маңынан өтеді. Бет жүйкесі параличінің басқа бір себебі – механикалық зақымдану және инфекция болуы мүмкін. Кейбір жағдайда бет жүйкесінің параличі орталық жүйке жүйесінің күрделі зақымдануы болып байқалады. Бет жүйкесінің параличі бір жақты болады.
Осы кезде бет асимметриялы болып келеді; зақымдалған жүйке жағына сәйкес көз жабылмайды, қас көтерілмейді, ауыз ұшы мен бет астына түсіп, ауыз қарама-қарсы жаққа қарай тартылады. Бет жүйкесінің параличі кезінде еріндік дауыссыздар мен лабиализденген дауыстылардың дыбысталуы бұзылады.Көп жағдайда бет жүйкесінің параличі уақытшы болып, сәйкес емдеуден өткеннен кейін оның қозғалғыштығы толығымен қалпына келеді.
Кейде физиотерапияны, емдеу дене шынықтыруын және логопедиялық жаттығуларды жүргізгенмен паралич тұрақты болады.
Тіл қозғалысының бұзылуы тіл асты жүйкесінің параличі нәтижесінде туындауы мүмкін. Осындай параличтің пайда болу себебі әр түрлі болады: жарақат, ісіктің жүйкені қысып тастауы, инфекциялы аурулар, орталық жүйке жүйесінің аурулары. Тіл асты жүйкесінің параличі бір жақты болады. Арнайы логопедиялық жаттығулар арқылы сөйлеу дыбыстырының дұрыс айтылуын қалпына келтіруге әбден мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет