26 Жағдайлық сұрақ. Афферентті талшықтар- мүк тәрізді және шырмауық тәрізді



Дата21.12.2019
өлшемі29 Kb.
#447742
26. Жағдайлық сұрақ гиста

26) Жағдайлық сұрақ. Афферентті талшықтар- мүк тәрізді және шырмауық тәрізді.

Мишықтың қыртысына түсетін афферентті талшықтар екі түрлі- мүк тәрізді және шырмауық тәрізді (жоғары өрмелейтін) талшықтардан тұрады.

Мүк тәрізді талшықтардың негізі төменгі оливаның нейрондары, көпірдің ядролары, ретикулярлық формацияның бірқатар ядролары және аз деңгейлі мишықтың ядролары болып табылады. Түйіршікті қабатта мүк тәрізді талшықтың терминалі пресинапстық аяқтаманың маманданған түрін - розетканы құрайды. Кейінгіде ойыстанган аймақтар пайда болып, олар түйіршікті жасушалардың дендриттерінің саусақ тәрізді жуандаған жерлерін қармап алады. Радиусы 2,5 мм болатын синапстык кешен (мишық шумағы) пайда болып, ол жерде мүк тәрізді талшықтардың әрбір аяққы бөлімі бірнеше түйіршікті жасуша үшін пресинапстық мембрана болып табылады. Әрбір түйіршікті жасуша мүк тәрізді талшықтардан 4-5 қоздырушы сигнал алады. Мүк тәрізді талшықтардың өздері 400-600 түйіршікті жасушалармен мишықтың бірнеше жапырақтарының шеңберінде қоздырушы синапстар түзейді. Шумақтардың құрамына, сонымен қатар, униполярлы шашақты нейрондардың және Гольджидің ГАМҚ-ергиялық жасушаларының аксондары кіреді. ГАМК мүк тәрізді талшықтардың розеткаларынын ГАМК-рецепторлары үшін және жасуша-түйіршіктер үшін қарапайым тежегіш медиатор болып ықпал жасайды. Мишықтың шумағын әр түрлі негіздерден келетін қоздырушы да, тежеуші де ықпалдардың үйлесетін құрылымдық-қызметтік бірлігі ретінде қарастырады. Бұл жасуша-түйіршіктердің жұмысын реттеуді, яғни олардың Пуркинье жасушаларына ықпалын да реттеуді қамтамасыз етеді.

Шырмауық тәрізді талшықтар (жоғары өрлейтін талшықтар) жүйесі орталық жүйке жүйесінде уникалды болып табылады - Пуркинье жасушасының әрқайсысы жеке бір балшықпен жүйкеленеді. Бұл, постнаталлы дамудың 1-2 аптасында өтетін, төменгі оливаның біраз нейрондарының өлуінің нәтижесінде Пуркинье жасушаларының мультиталшықтық жүйкеленуінің

постнаталды элиминациясының салдары. Төменгі оливаның бір жасушасының әрбір талшығы Пуркинье жасушаларының 7-н жүйкелендіріп, әрбір жасушада көптеген аксотікенекті аспартатергиялық контактыларды кұрайды. Молекулярлык қабатқа енетін талшықтардың коллатералдары себет және жұлдыз тәрізді жасушалармен қоздырушы байланыстарды түзейді. Шырмауық тәрізді және мүк тәрізді талшықтардан басқа мишыктың қыртысына басқада афферентті талшықтар енеді. Олардың кейбіреулерінде әр түрлі аминдер болады, негізінен серотонин, сонымен қатар дофамин, норадреналин және нейропептидтер анықталады. Талшықтар мишықтың қабаттарында жолшыбай көптеген кеңеймелер бере отырып, кеңінен таралған. Бұл талшықтар мишықтың нейрондарында модуляциялық ықпал көрсетеді, ол сергектік және ұйқының циклдерінің реттелуімен, эмоциялық міңездің басқарылуымен айқындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет