263 Бұйрығы (2007. 26. 02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы»



Дата12.06.2016
өлшемі174.24 Kb.
«Механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді мерзімді

мемлекеттік техникалық байқау туралы»

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 8 маусымдағы

263 Бұйрығы

(2007.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңының 5-1-бабы 1-тармағының 28) тармақшасы мен 10-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы «Жол жүрісі қауіпсіздігі» Заңының 19-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын:



1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланатын және белгіленген тәртіппен (бұдан әрі - көлік құралдары) тіркелген механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді, мопед, трактор мен өздігінен жүретін машиналардан басқа, мерзімді мемлекеттік техникалық байқауды (бұдан әрі - байқау) жүргізу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының ІІМ) Жол полициясы комитеті қамтамасыз етсін.

Мыналар бақылаудың негізгі міндеттері болып белгіленсін:

1) жол жүрісіне қатысатын көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен жабдықтары Жол жүрісі ережелеріне, стандарттарға және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестілігін бағалау;

2) көлік құралдарының санын, олардың тиесілігін және өзге де тіркеу құжаттарын нақтылау;

3) қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу.

ҚР Ішкі істер министрінің 2007.26.02. № 83 Бұйрығымен 2-тармақтағы екінші және үшінші абзацтар жеке 2.1-тармақ болып бөлінді және жаңа редакцияда жазылды (алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысымен бекітілген әскери-көліктік міндеттер туралы тәртіпке сәйкес, жергілікті органдардағы әскери басқарманың өкілдерінің қатысуымен көлік құралдары мерзіміне байланысты.

2-1. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын байқаудан өткізу жол полициясының тексеру пункттерінде мынадай кезеңде:

- шыққан жылын қосқанда жасы 7 жылдан асқан көлік құралын - әpбip 12 ай сайын;

шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылдан 7 жылға дейінгі көлік құралын - әpбip 24 ай сайын;

шыққан жылын қосқанда жасы 3 жылға дейінгі көлік құралын - әрбір 36 ай сайын жүргізіледі.

Бұл ретте автобустар, микроавтобустар мен такси, және де адам тасуға арнап жабдықталған жүк автомобилдері меншік түріне және шыққан жылына қарамастан мемлекеттік техникалық байқаудан әрбір 6 ай сайын өткізіледі.

ҚР Ішкі істер министрінің 2007.26.02. № 83 Бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

3. Көлік құралдарын байқау олардың тұрақты немесе уақытша тіркелген жері бойынша жүргізіледі тіркелген жері бойынша» деген сөздерден кейін «механикалық көлік құралдары мен оларға тіркемелерді техникалық байқау туралы куәлік беру үшін мемлекеттік баж төлегенін растайтын құжатты және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын құжаттар немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар ұсынған жағдайда.

Белгіленген мерзімде байқауға ұсынылмаған көлік құралдары одан әрі жол қозғалысына жіберілмейді деп танылады.

Жеке тұлғалардың көлік құралдарын байқаудың қорытындысы бойынша агрегаттың нақты нөмірлері көрсетіліп, олардың тіркелген құжаттарда көрсетілген деректерімен сәйкестігін растай отырып, біржолғы байқаудан өткендігі туралы 2 дана акті (1-қосымша) жасалады, бір данасы қалалардың (аудандардың) қорғаныс ісі басқармаларына (бөлімдеріне) жіберіледі.

Қазақстан Республикасы аумағына жаңадан әкелінген көлік құралдарын алғашқы рет тіркеу, сондай-ақ белгіленген тәртіппен қайта жабдықталған көлік құралдары жол полициясының тіркеу бөлімшелерінде байқаудан өткізуі тиіс.

Заңды тұлғалардың көлік құралдарын байқаудың қорытындысы екі данада көлік құралдарын техникалық байқаудың құрама актісімен (2-қосымша) және біржолғы байқаудан өткендігі туралы акті ресімделеді, бір данасы қалалардың (аудандардың) қорғаныс ісі басқармаларына (бөлімдеріне), ал екінші данасы - Жол полициясына жіберіледі. Актінің көшірмесі көлік құралының иесіне - заңды тұлғаға беріледі. Деректер Жол полициясының көлік құралдары туралы деректер базасына енгізіледі және «Технадзор» автоматтандырылған іздеу жүйесінде есепке алынуы тиіc.

Байқау қорытындысы бойынша барлық көлік құралдары жөніндегі мәліметтер Жол полициясының көлік құралдары туралы деректер базасына енгізіліп, сонымен бірге қалалардың (облыстардың) қорғаныс ісі басқармаларына (бөлімдеріне) жіберіледі.

ҚР Ішкі істер министрінің 2007.26.02. № 83 Бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

4. Байқаудан өткен автокөлік құралдарына Жол полициясы байқаудан өткені туралы куәлік және талон, байқаудан өткен күні (3-қосымша) беріледі. Куәлік Жол полициясы уәкілетті өкілінің қолымен және оның жеке мөртаңбасымен («Қаралды») куәландырылады. Көлік құралдарының техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер мен талондар бланкісінің есебі журналында (4-қосымша) тіркеледі.

Белгіленген мерзімде көлік құралдарын байқау жүргізетін орынға өз күшімен жеткізуге мүмкіндігі болмағанда (меңгере алмауына байланысты және т.б.), иесі Жол полициясына тиісті белгілер қою және есепке алуды жүргізу үшін жазбаша өтініші мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті ұсынуға міндетті.

Ұзақ уақытқа қойылған көлік құралдарының иесі - заңды тұлға осы көлік құралдары туралы мәліметтер көрсетілген актіні ұсынғаннан кейін, байқау жүргізіледі.

Тіркемелерді және жартылай тіркемелерді байқау автопоезд құрамында жүргізіледі.

5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бастықтары:

1) Осы бұйрықты Жол полициясы жеке құрамының зерделеуін және оларды орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

2) Қалалық, аудандық ІІО жол полициясы бөлімшелерінің байқау пункттерін ұйымдастырсын.

3) Көлік құралдары иелерін (заңды және жеке тұлғаларды) осы Ереженің талаптары туралы ақпараттандыру жөнінде іс-шаралар жүргізсін.

ҚР Ішкі істер министрінің 2007.26.02. № 83 Бұйрығымен 4) тармақша өзгертілді (алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

4) Осы Ережеде көзделген қызметтік құжаттандырудың бланкілерін, Жол полициясы байқаудан өткені туралы куәліктері мен талондарын дайындау және олармен Жол полициясы бөлімшелерін қамтамасыз етсін.



ҚР Ішкі істер министрінің 2007.26.02. № 83 Бұйрығымен 5) тармақша өзгертілді (алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

5) Жол полициясы бөлімшелерінде көлік құралдарының саны және олардың жыл сайын мемлекеттік мерзімді байқаудан өтуі туралы мәліметтерді «Технадзор» автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2003 жылғы 16 қаңтардағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2137 болып тіркелген) талаптарына сәйкес компьютерлік есепке алуды және талдауды енгізуді қамтамасыз етсін.

6. Осы бұйрықтың 5 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтары күшін жойды деп танылсын.

7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне жүктелсін.

8. Жол полициясы комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

9. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Б. Мұхамеджанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы

2006 жылғы 16 маусым

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2007.26.02. № 83 Бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)



                                            Қазақстан Республикасы

                                            Ішкі істер министрінің

                                            2006 жылғы 8 маусымдағы

                                                 № 263 бұйрығына

                                                    1-қосымша

 

Көлік құралының мемлекеттік техникалық



байқаудан өтуі туралы

АКТ

 

200___ жылғы "__"______________ жасалды. Толтырылған жері___________



Көлік құралының иеci________________________________________________

____________________________________________________________________

МНТ белгісі_____________________  Маркасы, үлгісі___________________

Шыққан жылы_____________________  Санаты____________________________

Қозғатқыш №_____________________  Шасси_____________________________

Шанақ___________________________  Tүci______________________________

Қозғатқыш көлемі (см. куб)__________________________________________

Рұқсат берілген ең ауыр салмақ, (кг)________________________________

Жүктемесіз салмағы (кг)_____________________________________________

АКҚ мақсаты__арнаулы, мамандандырылған (керектісін сыз)

КҚТК сериясы, №_____________________________________________________

Басқару органдарының орналасуы______________________________________

классификация_______________________________________________________

Отыратын орындар саны_______________________________________________

Көлік иесінің КҚТК бойынша мекен-жайы _______________________________

Сенімхат бойынша мекен-жайы _________________________________________

Жүргізуші куәлігінің сериясы, №, санаты _____________________________

Қашан және қай жерде берілген _______________________________________

Тексеру барысында анықталған ақаулар туралы ескертпелер және қосымша

ақпарат _____________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Байқаудан өтуі туралы қорытынды _____________________________________

Жол полициясы қызметкері ____________________________________________

                                              (ЖП қызметкерінің аты-жөні, қолы) мөртаңба

Техникалық байқаудан өтуі туралы берілген куәлік № __________________

Келесі техникалық байқаудан өту мерзімі 200 жылғы "___"____________.

Таныстым, көлік құралының иесі (қолы) ________________________________

 

                                            Қазақстан Республикасы



                                            Ішкі істер министрінің

                                            2006 жылғы 8 маусымдағы

                                           № 263 бұйрығына 2-қосымша

 

Көлік құралдарын мемлекеттік техникалық



байқаудағы жиынтық

Актісі

 

"_____"_________________200__ж.



Мен,________________________________________________________________

                  (Жол полициясы қызметкерлерінің лауазымы, атағы, аты-жөні)

комиссия мүшелері___________________________________________________

__________________________________________________________қатысуымен

___________________________________________________________________

                          (кәсіпорын, ұйым, ведомстволық тиесілігі)

______________балансында тұрған техникалық құралдарға (ТҚ)

техникалық байқау жүргіздім.

Байқау кезінде мыналар анықталды:

1.______________бірлік ТҚ байқауға ұсынылды

       (саны)

 




ТҚ-ның үлгісі

Моделі

Мемлекеттік нөмірлік белгісі

Шыққан жылы

№ КҚТК

Реттік нөмірі

ТБ-ден өткендігі туралы қорытынды

ТБ-ден өткендігі туралы талонның нөмірі

Қозғатқыш

Шанақ

Шасси

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________бірлік көлік құралдары техникалық байқаудан өтті

      (саны)

________________________көлік құралдары техникалық байқаудан өтпеді,

      (саны)

оның ішінде мынадай себептермен:

ағымдағы жөндеудің немесе оны күтудің салдарынан_____________бірлік;

                                                   (саны)

күрделі жөндеуге байланысты__________________________________бірлік;

                                          (саны)

қайта жабдықтауға байланысты_________________________________бірлік;

                                          (саны)

консервацияда болуына байланысты_____________________________бірлік;

                                          (саны)

байқауды өткізу талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты______бірлік.

                                                       (саны)

2.________________көлік құралдары техникалық байқауға ұсынылған жоқ.

       (саны)

 

№ р\с

Көлік құралының түрі

Моделі

Мемлекеттік нөмірлік белгісі

Техникалық байқауға ұсынбау себептері

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның басшысы________________________________________________

                                           (қолы, аты-жөні)

 

Бухгалтер (немесе есеп жүргізетін тұлға)____________________________



                                           (қолы, аты-жөні)

 

Жол полициясының қызметкері_______________________________      М.О.



                                   (қолы, аты-жөні)

 

Cаны ________________ бірлік байқаудан өткендігі туралы куәліктерді



 

кәсіпорынның өкілі алды ____________________________________________

                                (қолы)                (аты-жөні)

 

                                            Қазақстан Республикасы



                                            Ішкі істер министрінің

                                            2006 жылғы 8 маусымдағы

                                           № 263 бұйрығына 3-қосымша

 

Көлік құралдарының мемлекеттік мерзімдік байқаудан



өткені туралы куәліктің үлгісі

 


көлік құралдарының мемлекеттік байқау өткені

жөніндегі



КУӘЛІГІ

Иесі _______________________________________________

____________________________________________________

Маркасы (үлгісі)____________________________________

Мем. нөмірі _______________ Шыққан жылы ____________

Көтеретін жүгі (тн)_____Жолаушылар орнының саны ____

Қозғалтқыш көлемі

KZ                                       Z № 000000_



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иесі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі

белгісінің өзгеруі

Иесі ________________ мем. нөмірі ______________________________

________________________ МО ____________________________________

           күні                         қолы

Иесі _________________ мем. нөмірі _____________________________

_________________________  МО __________________________________

           күні                         қолы

мемлекеттік байқауды көрсетілген айда өту керек



Берілген уақыты

КҚТК №

Мөртаңба

Қолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2007.26.02. № 83 Бұйрығымен 4-қосымша өзгертілді (алғаш жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

                                            Қазақстан Республикасы

                                            Ішкі істер министрінің

                                            2006 жылғы 8 маусымдағы

                                           № 263 бұйрығына 4-қосымша

 

Көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткені

туралы куәліктердің және талондардың беруін және сақталуын тіркеу

журналы

 


Куәліктер алында

№-денN-дейін

Алушының лауазымы, аты-жөні

Алғаны туралы қолы

Берілді (саны)

№-ден №-дейін

Алушының  лауазымы, аты-жөні

Алғаны туралы қолы

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қазақстан Республикасы

                                            Ішкі істер министрінің

                                            2006 жылғы 8 маусымдағы

                                           № 263 бұйрығына 5-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күшін



жойған кейбір бұйрықтарының

тізімі

 

1. «Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 990 болып тіркелген.



2. «Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 571 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1349 болып тіркелген.

3. «Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 12 қарашадағы № 787 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1699 болып тіркелген.

4. «Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 775 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 2092 болып тіркелген.

5. «Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 13 желтоқсандағы № 722 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 2651 болып тіркелген.

6. «Автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 528 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3138 болып тіркелген.

7. «Жол полициясының қызметін жетілдіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 16 наурыздағы № 168 Бұйрығының 1-тармағы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3582 болып тіркелген.

8. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 548 Бұйрығының 1-тармағы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3893 болып тіркелген.

9. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 651 Бұйрығының 1-тармағы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3974 болып тіркелген.

10. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тіркемелерді мемлекеттік техникалық байқауды жүргізудің тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 22 қарашадағы № 587 және «Қазақстан Республикасында көлік құралдары мен олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеуден өткізу ережелерін бекіту туралы» 1998 жылғы 12 қазандағы № 343 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 16 ақпандағы № 78 Бұйрығының 1-тармағы, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4115 болып тіркелген.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 
Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd storage
mvd storage -> Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа
mvd storage -> Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының
mvd storage -> Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол полициясы жол-патрульдік қызметтің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
mvd storage -> Астанада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қарашадағы №1061 Қаулысы «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»
mvd storage -> Қызылорда қаласының №9 Нағи Ілиясов атындағы мектеп-гимназиясының «Бағдаршам» тобының ЖҚИ слетіндегі «Насихатшы» сайысының Тақырыбы: «Жол ережесі баршаға ортақ»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет