263 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 244



жүктеу 85.38 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі85.38 Kb.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

2009 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік) жеке және заңды тұлғалардан 263 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 244 жазбаша өтініш және ҚР электронды Үкіметі порталының блог-платформасына (бұдан әрі – блог-платформа) Агенттік Төрайымының атына келіп түскен 19 өтініш, олардың:

127 – екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – банктер) қызметіне қатысты (жалпы санының 48,29 %), 152 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 89 өтінішті қоса алғанда) – 1 негізделген (жалпы қаралған санының 0,66 %);

12 өтініш – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты (жалпы санының 4,56 %), 12 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 7 өтінішті қоса алғанда) – 1 негізделген (жалпы қаралған санының 8,33 %);

33 өтініш – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты (жалпы санының 12,55%), 40 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 29 өтінішті қоса алғанда) – 5 негізделген (қаралған өтініштердің жалпы санынан 12,50 %);

9 өтініш – бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне қатысты (жалпы санының 3,42 %), 15 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 9 өтінішті қоса алғанда) – 0 негізделген;

16 өтініш – жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – ЖЗҚ) қызметіне қатысты (жалпы санының 6,08 %), 12 қаралған өтініштің (өткен кезеңдерде келіп түскен 3 өтінішті қоса алғанда) – 0 негізделген;

39 ҚР заңнамасының нормаларына түсіндірмелер беру туралы өтініштермен және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстармен жеке және заңды тұлғалардың сұратулары (оның ішінде қаржы ұйымдардың) (жалпы санының 14,83 %);

27 өтініш Агенттіктің құзырына кірмейтін мәселелер бойынша (жалпы санының 10,27 %).

2009 жылғы қаңтардан бастап қазанға дейінгі кезеңде Агенттікке жеке және заңды тұлғалардың 3106 өтініш келіп түсті (оның ішінде «Тәуба» АҚ мүшелерінің 1299 өтініші кіретін 1 хат), оның ішінде:

1387 өтініш – банктердің қызметіне қатысты (жалпы санының 44,66 %), 1373 қаралған өтініштің (2008ж. келіп түскен өтініштерді қоса алғанда) – 93 негізделген (жалпы қаралған санының 6,77 %);

124 өтініш – банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне қатысты (жалпы санының 3,99 %), 119 қаралған өтініштің – 5 негізделген (жалпы қаралған санының 4,20 %);

334 өтініш – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметіне қатысты (жалпы санының 10,75 %), 338 қаралған өтініштің – 123 негізделген (жалпы қаралған санының 36,39 %);

85 өтініш – бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне қатысты (жалпы санының 2,74 %), 91 қаралған өтініштің негізделгені – 15 негізделген (қаралған шағымдардың жалпы санының 16,48 %);

232 өтініш – ЖЗҚ қызметіне қатысты (жалпы санының 7,47 %), 248 қаралған өтініштің – 9 негізделген (жалпы қаралған санының 3,63 %);

729 ҚР заңнамасының нормаларына түсіндірмелер беру туралы өтініштермен және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстармен жеке және заңды тұлғалардың сұратулары (оның ішінде қаржы ұйымдардың) (жалпы санының 23,47 %);

215 өтініш Агенттік реттемейтін мәселелер бойынша (жалпы санының 6,92 %).

2009 жылғы 10 ай ішінде 2169 өтініш қаралды, олардың – 245 негізделген (жалпы қаралған санының 11,30 %).


Төменде 2009 жылғы қазан айындағы ЖЗҚ бөлігіндегі өтініштер жайлы және өтініштердің жалпы көлеміндегі олардың үлес салмағы жөнінде мәліметтер келтірілген:

1-кесте



Қаржы нарығының субъектілері

(қаржы ұйымдары, акционерлік қоғамдар

Есепті кезеңде

Келіп түскен өтініштер

Қаралуы аяқталған

Есеп беру кезеңінің соңында қаралу үстінде

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы келіп түскен өтініштердің үлес салмағы, %

Саны**

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

1

«БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ

5

31.25

4

1

2

«Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ

5

31.25

1

4

3

«МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ

3

18.75

2

1

4

«АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұрынғы атауы – "Д.А. Қонаев атындағы АЖЗҚ" АҚ)

2

12.5

2

0

5

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ" АҚ

1

6.25

0

1




Жиынтығы:

16

100

9

7

*- жалпы өтініш санының үлес салмағы

** - барлық өтініштер негізделген болып табылған жоқ

Қазан айында Агенттікке ЖЗҚ қызметіне қатысты 16 өтініш келіп түскен.

Төменде алдыңғы есепті кезеңде келіп түскен өтініштерді қарау барысы туралы мәліметтер келтірілген ***.



2-кесте

р/с

Қаржы ұйымының атауы

Алдыңғы есеп беру кезеңдерінде келіп түскен және қаралуы 01.10.09 ж. дейін аяқталмаған өтініштер

Саны

Қаржы нарығының тиісті секторындағы үлес салмағы, %

Қаралуы 2009ж. қазанда аяқталды,

саны **

Есепті кезеңнің соңында қарау үстінде, саны

1

«Қазақмыс ЖЗҚ» АҚ

1

33.3(3)

1

0

2

«Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ

1

33.3(3)

1

0

3

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ" АҚ

1

33.3(3)

1

0




Жиынтығы:

3

100

3

0

**- барлық өтініштер негізделген болып табылған жоқ

***- алдыңғы есеп беру кезеңдеріндегі мәліметтер нақтыланған


Сонымен қатар 3-кестеде есепті кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қатысты қаралған шағымдар мен өтініштердің, сондай-ақ анықталған ҚР заңнамасын және/немесе бағалы қағаздар нарығында қызметтерді ұсыну жөніндегі шарттар талаптарын бұзу негізділігінің көрсеткіштері келтірілген:

3-кесте



Қаржы ұйымының атауы

Завершено рассмотрение в октябре 2009г.

Саны

негізделген шағымдар

негізделгендердің жалпы санының негізделгендер %

анықталған ҚР заңнамасын және/немесе шарттың талаптарын бұзушылықтары бар шағымдар

анықталғандардың жалпы санының анықталғандар %

1

«БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ

4

0

0.00

0

0.00

2

«Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ

1

0

0.00

0

0.00

3

«МЖЗҚ» ЖЗҚ» АҚ

2

0

0.00

0

0.00

4

«АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұрынғы атауы – "Д.А. Қонаев атындағы АЖЗҚ" АҚ)

2

0

0.00

0

0.00

5

«Қазақмыс ЖЗҚ» АҚ

1

0

0.00

0

0.00

6

«Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ

1

0

0.00

0

0.00

7

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ" АҚ

1

0

0.00

0

0.00




Жиынтығы:

12

0

0

0

0

Есепті кезеңде қаралып отырған шағымдар мен өтініштердің елеулі бөлігі мынадай мәселелерге қатысты болды:

– жинақталған зейнетақы қаражатын бір жеке зейнетақы шотында жинақтау үшін жасалған шарттарды актуалдандыру;

– «автоаударымдар» жүйесі»;

– жинақталған зейнетақы қаражатын төлеуді жүзеге асырмау.

Жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде ҚР резиденті еместердің барлық жоғарыда аталған және өзге де сұратулары бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет