«№266 мектеп лицей» мемлекеттік мекемесінің Жарғысы Жалпы ережелер «№266 мектеп лицей»



Дата17.07.2016
өлшемі103.37 Kb.
#205084
Қазалы ауданы әкімдігінің

2010 жылғы «30» желтоқсандағы

№389 қаулысымен бекітемін

«№ 266 мектеп - лицей» мемлекеттік мекемесінің

Жарғысы


  1. Жалпы ережелер

    1. «№ 266 мектеп - лицей» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие, оқушыларға жалпы орта білім беруді жүзеге асыратын, құқықтық нысанда құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

    2. «№ 266 мектеп - лицей» мемлекеттік мекемесі Қазалы ауданы 2010 жылғы

30 желтоқсандағы № 389 қаулысымен құрылған.

    1. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазалы ауданының әкімдігі болып табылады. «Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің басқару органы, сондай – ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субьектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

    2. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «№ 266 мектеп - лицей» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде Государственное учреждение «Школа – лицей № 266».



    1. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері:

Индекс 120400, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті, Желтоқсан көшесі № 20.


2. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

2.1. Мемлекеттік мекеме өзі мемлекеттік тіркелген сәттен бастап заңды тұлғаның құқығына ие болады.

2.2. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрлері және мөртабандары болады.

2.3. Мемлекеттік мекеме белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы берілген мекемелерді қоспағанда, басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

2.4. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы немесе уәкілетті органы жауаптылықта болады.

2.5. Мемлекеттік мекеме жасасатын азаттық - құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркеуге жатады. Шарттық міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңдарға сәйкес ұстауға бекітілген сметаның шегінде болады.




  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері




    1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – оқушыларға білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жалпы орта білім беру болып табылады.

    2. Мемлекеттік мекеме көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

3.2.1 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай – ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру.

3.2.2. Оқушыларға бейімділігі мен қабілетіне сәйкес негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің жаратылыстану – ғылыми, физика – математикалық бейіндері бойынша жалпы білім беру.

3.2.3. Жеке шығармашылық қабілетті дамытуға жағдай жасау.

3.2.4. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білімді үздіксіз қамтамасыз ету.

3.3. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі міндеттері:

3.3.1. Жалпы білім беретін мектептерге арналған стандарт бойынша құрылған жалпы білімді қамтамасыз ету.

3.3.2. Қосымша курстар мен тәртіпті игеру.

3.3.3. Жан –жақты білікті, ізденімпаз, жоғары мәдениетті, өз еркімен мамандық таңдауға және кәсіптік білім бағдарламасын игеруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

3.3.4. Оқушының толық дамуы үшін отбасымен бірлесе отырып жеке жұмыс атқару.

3.4.Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні:

3.4.1. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу.

3.4.2. Педагогикадан, жалпы және өсу психологиясы, жанұя мен білім психологиясы мәселелерімен ата – аналарға консультация беру.

3.4.3. Оқушылардың демалысын ұйымдастыру, мәдени – бұқаралық шаралар өткізу.
4. Оқу прцесіндегі негізгі мінездемелер
4.1. Мектеп – лицейде оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

4.2. Мемлекеттік мекемеде білім беру прцесі оқу жоспары негізінде және білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес құрылады және оны мемлекеттік мекемеде директор бекітеді.

4.3. Пәндерді оқытудағы сағат саны Мемлекеттік оқу жоспарына сәйкес болуы керек.

4.4. Мемлекеттік мекеменің білім беру бағдарламасы негізгі және қосымша компоненттерден тұрады.

4.5. Мемлекеттік мекеменің білім беру процесі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес үш сатыдан тұрады:

4.5.1. І саты – жалпы бастауыш мектеп – оқытудың нормативтік мерзімі 4 жыл (1-4 сыныптар).

4.5.2. ІІ саты - жалпы негізгі мектеп - оқытудың нормативтік мерзімі 5 жыл (5-9 сыныптар).

4.5.3. ІІІ саты - жалпы орта мектеп - оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл (10-11 сыныптар).

4.6. Қосымша білім беру бағдарламасы – оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеріп құрылған қолданбалы және таңдаулы курстар арқылы жүзеге асырылады.

4.7. Жаратылыстану – ғылыми бағыт бойынша математика – физика, математика – информатика, физика – информатика, химия- биология, география, ағылшын т.б. пәндерін тереңдетіп оқыту, өнер, спорт секцияларының жұмысын жүргізу көзделеді.

4.8. Білім беру процесіндегі оқыту ұзақтығы және мерзімі мектеп – лицейде бекітілген оқу жоспарына, жылдық күнтізбелік оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес ұйымдастырылады.

4.9. Мектеп – лицейде білім беру процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелерінің Базистік оқу жоспарының немесе жоғарғы саты жаратылыстану - математикалық бағыт бойынша бағдарлы білім беру Типтік оқу жоспары және сабақ кестесі негізінде жасалған мектеп – лицей өзі құрған негізгі оқу жоспарымен белгіленеді. Оқу жоспары мектеп – лицейдің педагогикалық кеңесінде қаралып, уәкілетті органмен келісіліп, мектеп – лицей директорының бұйрығымен бекітіледі.

4.10. Ғылыми және оқу - әдістемелік жұмысты ұйымдастыру:

4.10.1. Оқу – тәрбие процесін ғылымиландыруды қамтамасыз етеді және жетілдіреді.

4.10.2. Оқытудың жаңа технологияларын енгізеді.

4.10.3. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми және оқу - әдістемелік жұмысты іске асырады.


5. Оқушыларды ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау
5.1. Сыныптардағы ағымдық бақылауды Ережеге сәйкес негізгі оқу пәндерінің мұғалімдері өткізеді.

5.2. Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру сатыларында Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік аралық бақылау жүзеге асырылады.

5.3. Білім алушыларды аралық аттестаттау Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

5.4. Мемлекеттік мекемедегі негізгі және жалпы орта білім беру білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес оқу бағдарламасын игеру мектеп – лицей бітірушілерінің міндеті болып саналады және ол қорытынды аттестациясымен тұжырымдалады. Бұл аттестация Қазақстан Республикасы мектеп бітірушілердің қорытынды аттестациясын өткізу тәртібі туралы ережеге сәйкес жүргізіледі. Аттестациядан сәтті өткен бітірушілерге мемлекеттік мекеменің мөрімен заңдастырылған аттестаттар беріледі. Ал өтпегендерге «курсты тыңдады» деген анықтама береді.


6. Оқушыларды келесі сыныпқа көшіру және қабылдау, ауыстыру тәртібі.


    1. 1 - сынып оқушылары ата – аналарының келісімі және медициналық – педагогикалық комиссияның (және өзге де заңды өкілдердің) шешімдері бойынша қайта оқу жылына қалдырылмайды.

    2. Оқушыны келесі сыныпқа көшіру, қабылдау мектеп- лицей кеңесінің шешімімен үлгерім нәтижесіне байланысты Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

    3. Жалпы білім беру бағдарламасын толыққанды игерген білім алушы келесі сыныпқа көшіріледі. Педагогикалық кеңестің шешімімен «үздікке», «жақсыға» оқыған оқушылар сыныптан сыныпқа көшу емтихандарынан босатылуы мүмкін.

    4. Оқу жылының бағдарламасын жақсы игерген, көшіру емтихандары мен қорытынды емтихандарын талапқа сай тапсырған оқушылар мемлекеттік мекеме кеңесінің ұсынуымен директордың бұйрығы бойынша келесі сыныпқа көшіріледі.

    5. Оқу жылының бағдарламасын игермеген және екі немесе бірнеше пәндерден «қанағаттанарлықсыз» бағаланған білім алушы мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімімен екінші рет қайта оқуға сол сыныпта қалдырылады немесе басқа білім беру мекемелеріне ауыстырылады.

    6. Мектеп – лицей бағдарламасын игере алмаған оқушылар педагогикалық кеңестің шешімімен оқуды мектеп – лицейдің жалпы білім алатын сыныптарында жалғастырады немесе тұрғылықты жеріне байланысты жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылады.


7. Оқушылардың оқу мерзімдері

7.1. Оқу жылының мерзімі, оқу тоқсандары мен каникулдардың мерзімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің нұсқауы бойынша бекітіледі.

7.2. Мектеп – лицей алты күндік оқу аптасы бойынша жұмыс істейді. Сабақ ұзақтығы – 45 минут.

7.3. Оқу жылының ұзақтығы 34 аптадан кем болмауы тиіс. Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша апталық каникулдар беріледі.

7.4. Сабақтың ұзақтығы және олардың арасындағы үзілісті, сабақ кестесі және күн тәртібі мектеп – лицей директорының бекітуі бойынша құрылады.



  1. Сыныптардың саны мен толығуы

8.1. Мемлекеттік мекемедегі сыныптардың саны ата – аналардың берген арыздарына байланысты жалпы білім беру процесінің жүзеге асу жағдайларын есепке ала отырып, санитарлық нормаларға сәйкес мемлекеттік мекеменің директорының бұйрығы арқылы уәкілетті органның келісімімен жасақталады.

8.2. Сыныптардың шектеулі толығуы әрбір сыныпта селолық статусқа сәйкес 20 оқушыдан кем болмауы керек, қолданбалы және таңдаулы курстарда 10 оқушыдан кем болмау керек.

8.3. Селолық статусқа сәйкес орыс тілі, ағылшын тілі, информатика және есептегіш техника негізі сабақтарында оқушылар саны 20-ға толғанда немесе асып кеткенде ғана 2 топқа бөліп оқытылады.



9. Ақылы білім беру қызметтері
9.1. Мемлекеттік мекемеде білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде мынандай:

9.1.1. Қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар және жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімдері мен қызығушылықтарын дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру.

9.1.2. Оқу жоспары мен бағдарламалар бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақ циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру.

9.1.3. Пәндер (сабақтар және сабақ циклдері) бойынша білім алушылармен ғылым негіздерін тереңдетіп оқып үйренуді ұйымдастыру.

9.1.4. Әр – түрлі іс – шараларды ұйымдастыру және өткізу: білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай – ақ оқу - әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу.

9.1.5. Музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет – байланыстың қосымша қызметін ұсыну.

9.1.6. Жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс – шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету.

9.1.7. Энергия қондырғылары мен қазандықтар беретін жылу энергиясын жіберу.

9.1.8. Оқу - өндірістік шеберханалардың, оқу шаруашылықтарының, оқу тәжірибе учаскелерінің өнімдерін өндіру мен өткізуді ұйымдастыру бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсына алады.

9.2. Ақылы қызметті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі.


10.Мемлекеттік мекемені басқару
10.1. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган – аудандық білім бөлімі жүзеге асырады.

10.2. Уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

10.3. Мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді.

10.4. Мемлекеттік мекемені ұстауға арналған сметаны (шығыстардың жоспарын) бекітеді.

10.5. Мемлекеттік мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдалануы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

10.6. Мемлекеттік мекеменің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

10.7. Мемлекеттік мекеменің басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, атқаратын қызметінен босатудың негіздемесін белгілейді.

10.8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді.

10.9. Мемлекеттік мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарларын қызметке тағайындауға келісім береді.

10.10. Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді.

10.11. Заңдарға белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

10.12. Мемлекеттік мекеменің басшысын заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

10.13. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруда жеке жауаптылықта болады.

10.14. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидасына сәйкес әрекет етеді, мемлекеттік мекеменің қызметіне байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының заңдарымен осы Жарғыда белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес шешеді.

10.15. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде заңдарда белгіленген тәртіппен:

10.15.1. Мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді.

10.15.2. Барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді.

10.15.3. Заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді.

10.15.4. Шарттар жасасады.

10.15.5. Сенімхаттар береді.

10.15.6. Мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарын бекітеді.

10.15.7. Банктік шоттар ашады.

10.15.8. Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

10.15.9. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады.

10.15.10. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады.

10.15.11. Өзінің орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді.

10.15.12. Мемлекеттік мекеме басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл үшін дербес жауаптылық белгіленеді және осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі.

10.15.13. Өзіне заңдарда, осы Жарғыда және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.


11. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру мен қызметін қаржыландыру тәртібі
11.1. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған мемлекеттің берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай –ақ құны мемлекеттік мекеменің балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

11.2. Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығында тиесілі болады және коммуналдық меншікке жатады.

11.3. Егер мемлекеттік мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады.

11.4. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана жүзеге асырылады.

11.5. Мемлекеттік мекеме бугалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.

11.6. Мемлекеттік мекеменің қаржы – шаруашылық қызметін тексеруді және тексеріс жүргізуді заңдарда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.


12. Халықаралық ынтымақтастық
12.1. Мемлекеттік мекеменің өз жұмысының ерекшеліктеріне сәйкес уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарту.
13.1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет